Мұнай өнімдерінің ішкі рыногын тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қыркүйек N 1394

      Мемлекет мүддесiн қорғау және күзгi-қысқы кезеңде республика экономикасының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) 2000 жылдың 1 қазанынан бастап:
      Ақтау теңiз айлағы арқылы бағытпен тасымалдауларды қоспағанда, шикi мұнай мен мұнай өнiмдерiн темiр жол көлiгiмен экспорттық тасымалдауларға қолданылып жүрген тарифтердi 50 пайызға;
      Ақтау теңiз айлағы арқылы бағытпен шикi мұнай мен мұнай өнiмдерiн темiр жол көлiгiмен экспорттық тасымалдауларға қолданылып жүрген тарифтердi 25 пайызға арттыру;
      2) iшкi республикалық қатынастардағы темiр жол көлiгiмен шикi мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдауларға төмендету коэффициенттерiн енгiзу шараларын қабылдасын.
      2. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша):
      "Прииртышск - Шымкент МОС" және "Құмкөл - Шымкент МОС" бағыты учаскелерi бойынша мұнайды тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi бекiткен тарифтер бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жасалатын күнгi ресми бағамы бойынша теңгемен есептелген төлемдi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 282-бабына сәйкес жүк жөнелтушiлерден өндiрiп алсын;
      "Шымкентмұнайоргсинтез" ААҚ-да өңделген мұнай көлемдерiн тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi бекiткен тарифтер бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1999 жылғы 1 сәуiрдегi ресми бағамы бойынша теңгемен есептей отырып, жүк жөнелтушiнiң өңдеу туралы растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда, есеп айырысу жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 2000 жылдың 1 қазанынан бастап экспортқа және Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына жеткiзiп берiлетiн мұнайдың көлемi туралы тұрақты мониторинг енгiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы жұмыстың жай-күйi туралы ай сайын баяндап отырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кірiс министрлiгi

 

"ҚазТрансОйл" МТҰК ЖАҚ-нан, "Қазақстан темiр жолы" РМК-нан, мұнай

өндiретiн және мұнай өңдейтiн компаниялардан бюджетке түсетiн салықтық

түсiмдер туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне ай сайын ақпарат

ұсынсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады