Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.18 N 514 қаулысымен.
     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.    
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі  


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
N 1428 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын
мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi
қызметтік iссапарлары туралы
ЕРЕЖЕ
     Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.18 N 514 қаулысымен.
     Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
     Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жеке еңбек шарты (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығы) негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1-1. Мемлекеттік органдар өзінің қызметтік іссапарларға жіберудің ішкі тәртібін қызмет ерекешелігін ескере отырып дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.
     Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi:
     1) баратын жерi мен ұйымның атауы;
2) iссапарда болу мерзiмi;
     3) іссапардың мақсаты;
4) іссапар шығыстарын өтеу шарттары:
     тәулікақыны өтеу үшін күндер саны;
тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны);
     бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеменiң басшысы жүргiзедi.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы анықтайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болмаса) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк болған жағдайда iссапар мерзiмi орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
     Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.
      5. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.
      8. Іссапардың бүкiл уақыты бойы іссапарға жiберiлген қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен iссапар уақытында, оның iшiнде, жолда жүру уақытында жалақысы сақталады.
     Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерi үшiн сақталады.
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталғанға дейін келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты туралы мәселе әкiмшiлiкпен уағдаластық бойынша шешiледi.
     Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
1-қосымша
     Ескерту. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының
шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы
ережеге
2-қосымша
     Ескерту. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
N 1428 қаулысына
қосымша
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
     ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 607-кұжат).
     2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 1, 20-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 65-құжат).
     4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 тамыздағы N 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 33, 381-құжат).
5. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 549-құжат).
     6. "Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі N 423
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 19, 189-құжат).
     7. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 35, 383-құжат).
     8. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).

Об утверждении Правил о служебных командировках в пределах Республики Казахстан работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета, а также депутатов Парламента Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2000 года N 1428.

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.04.2001 N 514.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила о служебных командировках в пределах Республики Казахстан работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета (далее - Правила).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 22 сентября 2000 года N 1428

Правила
о служебных командировках в пределах Республики
Казахстан работников государственных учреждений,
содержащихся за счет средств государственного
бюджета, а также депутатов Парламента Республики Казахстан

      Настоящие Правила определяют порядок командирования работников государственных учреждений Республики Казахстан, направляемых в служебные командировки в пределах Республики Казахстан.

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 11.05.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Служебной командировкой (далее – командировка) является поездка работника по распоряжению руководителя аппарата центрального государственного органа, а в случаях отсутствия такового – руководителя государственного учреждения на определенный срок для выполнения трудовых обязанностей вне места его постоянной работы, а также для повышения и переподготовки профессионального уровня и квалификации.

      В тех случаях, когда подразделения, входящие в состав государственного учреждения, находятся в другой местности, местом постоянной работы считается то структурное подразделение, работа в котором обусловлена индивидуальным трудовым договором (приказом данного государственного учреждения).

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1-1. Государственные органы с учетом специфики их деятельности могут самостоятельно разрабатывать и утверждать внутренний порядок направления в служебные командировки.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 1-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 934 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Направление работников государственных учреждений в командировку производится руководителем аппарата центрального государственного органа, а в случаях отсутствия такового – руководителем этого государственного учреждения на основании приказа (распоряжения) с указанием:

      1) места назначения и наименования организации;

      2) срока нахождения в командировке;

      3) цели командировки;

      4) условий возмещения командировочных расходов:

      количества дней для возмещения суточных;

      количества дней для возмещения расходов по найму жилого помещения (при командировании в несколько населенных пунктов указывается количество дней нахождения в каждом населенном пункте);

      вида транспорта, по которому возмещаются расходы по проезду с указанием маршрута.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Срок командировки работников определяется руководителем аппарата центрального государственного органа, а в случаях отсутствия такового – руководителем государственного учреждения, однако он не может превышать 40 дней, не считая времени нахождения в пути (за исключением направления на повышение и переподготовку профессионального уровня квалификации, а также если командировка связана с оперативно-розыскной деятельностью). В случае служебной необходимости, срок командировки может быть продлен соответствующим приказом руководителя аппарата центрального государственного органа, а в случаях отсутствия такового – руководителя данного государственного учреждения.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Срок командировки работников в вышестоящие в порядке подчиненности организации не должен превышать 5 дней, не считая времени нахождения в пути. Продление срока командировки допускается в исключительных случаях (отсутствие транспортных средств или срочность командировки) не более чем на 5 дней путем издания соответствующего приказа данной организации.

      5. Исключен постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 934 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Исключен постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 934 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. На командированных работников распространяется режим рабочего времени и времени отдыха тех государственных учреждений, в которые они командированы.

      8. За командированными работниками в течение всего времени командировки сохраняются место работы (должность) и заработная плата за время командировки, в том числе и за время нахождения в пути.

      Заработная плата за время нахождения работника в командировке сохраняется за все рабочие дни недели по графику, установленному по месту постоянной работы.

      При возвращении работника из командировки на место постоянной работы до окончания рабочего дня вопрос о времени явки на работу в этот день решается по договоренности с администрацией.

      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 29.12.2018 № 934 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Исключен постановлением Правительства РК от 11.05.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Исключен постановлением Правительства РК от 11.05.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен постановлением Правительства РК от 11.05.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Исключен постановлением Правительства РК от 11.05.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам о служебных
командировках
работников государственных
учреждений
и предприятий в пределах
Республики Казахстан

Журнал
Учета работников, выбывающих в командировки

      Сноска. Приложение 1 исключено постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 934 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 2
к Правилам о служебных командировках
работников государственных учреждений
и предприятий в пределах
Республики Казахстан

Журнал
Учета работников, прибывающих в командировки

      Сноска. Приложение 2 исключено постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 934 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 22 сентября 2000 года N 1428

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства республики Казахстан

      1. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 октября 1992 года N 892 "О служебных командировках работников государственных объединений, предприятий и организаций Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 41, ст. 607).

      2. Пункт 1 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 января 1993 года N 27 "О внесении изменения и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 1 ст. 20).

      3. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 февраля 1993 года N 158 "О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 октября 1992 г. N 892" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 5, ст. 65).

      4. Пункт 2 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 августа 1993 года N 728 "О признании утратившими силу и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 33, ст. 381).

      5. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 ноября 1993 года N 1175 "О нормах расходов на служебные командировки" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 46, ст. 549).

      6. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 апреля 1994 года N 423 "О расходах на служебные командировки" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 19, ст. 189).

      7. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 августа 1994 года N 906 "О нормах расходов на служебные командировки" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 35, ст. 383).

      8. Пункт 14 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 1996 года N 987 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 33, ст. 313).