Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 514

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 P001428_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен

ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының 
шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
     тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, 
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында:
     "мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары" 
деген сөздерден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің 
депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын;
     "бес есе" деген сөздер "жеті есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Жұманазарова А.Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады