1. Қызметкердiң қызмет бабындағы iссапарда болған әр күнi үшiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлеген есептiк көрсеткiштiң 50 процентi мөлшерiнде тәулiктiк төлем белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
N 987 қаулысымен. P960987_
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнiң қызмет бабындағы iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 P990892_ қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж. N 41, 607-бап/ 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына қызмет бабындағы iссапарларға жiберiлген бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа қызметкерлерге қымбат тұрғын жайды /"Жоғарғы-А" разрядты мейманханалардың жоғарғы санаттағы номерлерiн, "Люкс"номерлерiн/ жалдауына байланысты шығыстарды өтеуге тыйым салынсын."
"қымбат тұрғын жайды жайлау шығыстарын ерекше жағдайларда бiрiншi басшының жазбаша рұқсатымен өтеуге болады."
3. "Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 423 P940423_ қаулысының 1- тармағының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы 1994 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi