Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнің аграрлық бейіндегi кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын коммуналдық меншiкке беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қыркүйек N 1465

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мыналар:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Зеренді" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Ақмола облысының коммуналдық меншiгiне;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Талдықорған" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Жабайы шөптер өсiру жөнiндегi тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Куликов тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Шөладыр" тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Құс өсiру жөнiндегi эксперименттiк шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы облысының коммуналдық меншiгiне;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Павлодар тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Павлодар облысының коммуналдық меншiгiне "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының "Бескөл" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
       2. Ақмола, Алматы, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен, Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінің ұсынысы бойынша ғылыми зерттеулердi тәжiрибелiк эксперименттiк қамтамасыз ету үшiн:
      "Қазақтың А.И. Бараев атындағы Еңбек Қызыл Ту ордендi астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына - "Зерендi" мемлекеттiк кәсiпорнының;
      "Қазақтың В.Р. Вильямс атындағы егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына "Талдықорған" мемлекеттiк кәсiпорнының;
      "Қазақтың жемшөп өндiру және жайылым ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына "Жабайы шөптер өсiру жөнiндегi тәжiрибе шаруашылығы" мемлекеттiк кәсiпорнының;
      "Қазақтың құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына - "Құс өсiру жөнiндегi эксперименттiк шаруашылығы" мемлекеттiк кәсiпорнының;
      "Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына - "Павлодар тәжiрибе шаруашылығы" мемлекеттiк кәсiпорнының;
      "Солтүстiк мал шаруашылығы және малдәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына - "Бескөл" мемлекеттiк кәсiпорнының жерлерiнен жер учаскелерiн берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар етіп қайта атауды қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады