Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісін өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 қазан N 1492

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi: 
      2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттер Мемлекетаралық кеңесiнiң (бұдан әрi Кеңес) мәжiлiсiн өткiзуге байланысты ұйымдастыру iс-шараларын, сондай-ақ Кеңес мәжiлiсiнiң шеңберiндегi кездесулер үшiн көзделген толық көлемде iс-шараларға құжаттамалық және ақпараттық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн; 
      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң ресми делегацияларын Астана қаласының әуежайында қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастырсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша): 
      ресми делегациялардың мүшелерiн, сарапшыларды, бiрге жүретiн адамдар мен алдыңғы топтарды орналастыру және қызмет көрсету; 
      ресми делегациялар орналасқан орындарда Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерi үшiн қонақ үй нөмiрлерiн бөлу; 
      ресми делегация мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды автокөлiктермен қамтамасыз ету; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан ресми қабылдау өткiзу; 
      Астана қаласының әуежайындағы (қарсы алу және шығарып салу кезiнде) VIР залында шай үстелiн ұйымдастыру; 
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң ресми делегацияларға бекiтiлген қызметкерлерi үшiн байланыс құралдарын бөлу жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын. 
      3. Қосымшаға сәйкес Кеңеске мүше мемлекеттердiң делегацияларына қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында оларға министрлiктер бекiтiлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі: 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен Кеңес мәжiлiсiне қатысушы мемлекеттер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен кедергiсiз ұшуын қамтамасыз етсiн; 
      арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ берудi және жанармай құюды ұйымдастырсын. 
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Кеңес мәжiлiсiне қатысушы ресми делегациялардың қауiпсiздiгiн, әуежайда, олардың жол жүру бағыттары бойынша және болатын орындарында қоғамдық тәртіптi қамтамасыз етсiн. 
      6. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияларды қарсы алу және шығарып салу (делегация басшыларына гүл беру), жол жүру бағыттарын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын жергiлiкті бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кеңес мәжiлiсi шеңберiндегi iс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Кеңес мәжiлiсi шеңберiндегi iс-шараларды өткiзуге 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен қаражат бөлсiн.
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2000 жылғы 3 қазандағы   
N 1492 қаулысына     
қосымша      

  Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің делегацияларына бекітілген
             Қазақстан Республикасы министрліктерінің
                                Тізімі
     ______________________________________________________________
     Беларусь Республикасы           Қазақстан Республикасының
                                     Мемлекеттік кіріс министрлігі
                                     (З.Қ. Кәкімжанов)
     ______________________________________________________________
     Қырғыз Республикасы             Қазақстан Республикасының
                                     Экономика министрлігі
                                     (Ж.А.Күлекеев)
     ______________________________________________________________
     Ресей Федерациясы               Қазақстан Республикасының
                                     Энергетика, индустрия және
                                     сауда министрлігі
                                     (В.С. Школьник)
     ______________________________________________________________
     Тәжікстан Республикасы          Қазақстан Республикасының
                                     Қаржы министрлігі
                                     (М.Т. Есенбаев)
     ______________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады