Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Беларусь Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметi және әлеуметтiк қорғалуы туралы 1997 жылғы 23 қыркүйектегі келiсiмге Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 қазан N 1503

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Беларусь Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметi және әлеуметтiк қорғалуы туралы 1997 жылғы 23 қыркүйектегi келiсiмге Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi Анатолий Владимирович Смирновқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Беларусь Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс

 

iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметi және әлеуметтік

қорғалуы туралы 1997 жылғы 23 қыркүйектегi келісімге Өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкілеттік берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                          Хаттама


         1997 жылғы 23 қыркүйектегi Беларусь Республикасының

          аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының

          азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында

        жұмыс iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек

        қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан

         Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының

       Yкiметi арасындағы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар

                         енгiзу туралы



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi Алматы қаласында 1997 жылы 23 қыркүйекте қол қойылған Беларусь Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы Келiсiмнiң ережелерiн қосымша реттеу қажеттiгiн мойындай отырып,
      Келiсiмге төмендегi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу жөнiнде келiстi:
 
                             1-бап
 
      Осы Келiсiм мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн қолданылатын терминдердiң мынадай мағынасы бар:
      қызметкер - кету Тарабының аумағында тұрақты тұратын, өзiнiң еңбек қызметiн жұмысқа орналастыру Тарабының ұлттық заңында белгiленген тәртiппен уақытша жүзеге асыратын адам;
      жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында болатын заңды немесе жеке тұлға;
      кету Тарабы - қызметкерлер аумағында тұрақты тұратын және жұмыс табу ниетiмен сол аумақтан басқа мемлекетке қоныс аударатын мемлекет;
      жұмысқа орналастыру Тарабы - аумағында қызметкерлер өзiнiң еңбек қызметiн жеке еңбек шарты (келiсiмшарт) негiзiнде жүзеге асыратын мемлекет;
      еңбек жағдайы - еңбекке ақы төлеу еңбектi қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс режимi, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық, сондай-ақ тараптардың келiсуi бойынша жеке еңбек шартының (келiсiмшартының) өзге де жағдайлары;
      жеке еңбек шарты - ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң кесiмiмен белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты атқаруға мiндеттенетiн, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақыны және ұлттық заң мен тараптардың шартында көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытылы және толық көлемiнде төлеуге, ұлттық заңда көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенетiн қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша түрде жасалатын келiсiм.
      Келiсiмнiң бүкiл мәтiнi бойынша "жұмысқа орналастырушы Мемлекет" деген сөздер "жұмысқа орналастырушы Тарап" деген сөздермен, ал "Кету мемлекетi" деген сөздер "кету Тарабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
 
                                2-бап
 
      Келiсiмнiң 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келiсiмнiң күшi өзiнiң еңбек қызметiн жұмысқа орналастырушы Тараптың ұлттық заңы белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын кету Тарабының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне қолданылады.
      Осы Келiсiм: босқындарға, бiлiм алу мақсатымен арнайы келушi адамдарға, қысқа мерзiмге кетушi еркiн кәсiп иелерiне қолданылмайды."
 
                                3-бап
 
      Келiсiмнің 3-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызметкерлер жұмысқа орналастырушы Тараптың аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыруы үшiн жұмысқа орналастырушы Тараптың Уәкiлеттi органының жұмысқа орналастыру Тарабының ұлттық заңы белгiлеген тәртiппен және жағдайда берген рұқсатын рәсiмдеуi қажет.
      Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жұмысқа орналасуға рұқсат қызметкер мен жұмыс берушi арасында жасалған жеке еңбек шартында көзделген мерзiмге берiледi".
      Келiсiмнiң 3-бабының 3-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке еңбек шарты (келiсiмшарты) негiзiнде жұмысқа орналастырылған қызметкерлер рұқсат берiлген еңбек қызметiмен ғана айналысуға құқылы".
      Келiсiмнiң 3-бабының 4-тармағындағы "Еңбек шартына (контрактiге) қол қою" деген сөз "Еңбек шартын (келiсiмшартын) жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын.
 
                             4-бап
 
      Келiсiмнiң 5-бабының 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң жұмысқа орналастыру Тарабының аумағына келуiн, болуын және одан кетуiн жұмысқа орналастырушы Тараптың ұлттық заңы реттейдi".
 
                              5-бап
 
      Келiсiмнiң 7-бабының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызметкерлер еңбек қызметiн жүзеге асыру кезiнде жұмысқа орналастыру

 

Тарабының ұлттық заңында белгiленген құқықтарды пайдаланып, соның

мiндеттерiн орындайды".

     Келiсiмнiң 7-бабының үшiншi абзацындағы "жұмыссыздық бойынша

жәрдемақы" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ ұлттық заңда көзделген

жұмыссыздарға берiлетiн әлеуметтiк көмек" деген сөздер қосылсын.


                             6-бап


     Келiсiмнiң 8-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Қызметкерлердiң еңбек ету жағдайы жұмысқа орналастырушы Тараптың

ұлттық заңында жұмысқа орналастыру Тарабының азаматтары үшiн көзделген

жағдайлардан кем болмауға тиiстi".


                             7-бап


     Келiсiмнiң 10-бабының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Қызметкерлерге берiлетiн жәрдемақылардың барлық түрiн төлеу жұмысқа

 

орналастырушы Тараптың ұлттық заңына сәйкес жүзеге асырылады".


                              8-бап


     Келiсiмнiң 14-бабының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Егер еңбек шартында өзгеше көзделмесе, қызметкерлердiң және олардың

отбасы мүшелерiнiң мекен-жайынан баратын пунктiне дейiнгi шығындарын,

олардың ауыруына немесе стационарда емделуiне байланысты жолай шығындарын,

олардың жеке мүлкiн кету Тарабының аумағынан жұмыспен қамту

Тарабының аумағына тасымалдау шығындарын және жеке еңбек шарты

(келiсiмшарты) бiткеннен кейiн керi қайту жолындағы осы шығындарды жұмыс

берушi көтередi".


                            9-бап


     Келiсiмнiң 17-бабының екiншi абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:

     "Уәкiлеттi Органдар:

     еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және көшi-қон саласындағы ұлттық

заң туралы;

     Тараптардың еңбек рыногының жай-күйi туралы;

     кетушi (келушi) қызметкерлердiң саны мен кәсiптiк құрамы туралы

бiр-бiрiне хабарлайды".


 
       Осы Хаттама Алматы қаласында 1997 жылы 27 қыркүйекте қол қойылған Беларусь Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

 

     Осы Хаттама Тараптар оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекеттiк iшкi

процедураларды орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы

жазбаша хабарландыруды алған күннен бастап күшiне енедi.

     Астана қаласында 2000 жылдың "____"__________ екi түпнұсқалық данада,

әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды, барлық

мәтiндерiнiң

құқықтық күшi бiрдей.

     Осы хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнiн басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасының        Беларусь Республикасының

          Yкiметi үшiн                    Yкiметi үшiн



           Беларусь Республикасының аумағында жұмыс

          iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары

          мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс

          iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының

           еңбек қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау

          туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

          Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы

                          Келісім



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi, бұдан әрi Тараптар деп аталады, екi мемлекеттiң аумағында азаматтардың еңбек қызметi мен оларды әлеуметтiк қорғау саласында Тараптар арасындағы ынтымақтасты жан-жақты дамытуға ұмтыла отырып, мынаған келiстi:
 
                             1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң күшi мемлекеттердiң бiрiнiң азаматтары болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты мекен-жайы бар (бұдан әрi кететiн Мемлекет деп аталады) және өзiнiң еңбек қызметiн белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiң (бұдан әрi жұмысқа орналасатын Мемлекет деп аталады) барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындарда, ұйымдарда (бұдан әрi жұмыс берушiлер деп аталады) адамдардың және олардың отбасыларының өздерiнiң еңбек қызметiн жүзеге асырушы адамдарға (бұдан әрi қызметкерлер деп аталады) қолданылады.
      Бұл Келiсiм босқындарға, бiлiм алу мақсатымен арнайы келген адамдарға, қысқа мерзiмге кететiн еркiн кәсiп адамдарына қолданылады.
 
                             2-бап
 
      Мыналар осы Келiсiмдi iске асыруда Тараптардың өкiлдiгiн бiлдiретiн уәкiлеттi органдар (бұдан әрi Уәкiлетті Органдар) болып табылады:
      Қазақ Тарапынан - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi,
      Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi.
      Уәкiлеттi Органдардың осы Келiсiмнен туындайтын мәселелердi шешу үшiн құзырлы органдарды тарту құқығы бар.
      Осы Келiсiмдi орындауға байланысты барлық мәселелер Тараптардың Уәкiлетті Органдары арасында өзара кеңесу жолымен шешiледi. Осы мақсатпен олар екi жақты жұмыс топтарын құра алады.
 
                             3-бап
 
      1. Қызметкерлерге жұмыс алу үшiн жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң еңбек жөнiндегi тиiстi органының осы мемлекеттiк заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайда жұмысқа орналасуға рұқсаты қажет.
      2. Жұмысқа орналасуға рұқсат белгiлi бiр жұмыс берушiнiң жұмысты орындау мерзiмiне берiледi, бiрақ ол бiр жылдан аспауға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағында әңгiме болып отырған рұқсат қызметкер өзiне рұқсат етiлген қызметтен басқа ақы төленетiн ешқандай қызметпен айналыспайтын болған жағдайда ғана берiлуi.
      Егер қызметкердiң басқа бiр ақы төленетiн қызметпен айналысқаны немесе жұмыс берушiнi өзбетiнше ауыстырғаны анықталса, онда рұқсаттың күшi жойылады.
      4. Еңбек шартына (контрактiге) қол қою кезiнде қызметкер өзi рұқсат алған уақыттан ұзақ мерзiмге жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң аумағында болмаймын және осы рұқсатта көзделген жұмыстан басқа жұмысты iздемеймiн деген мiндеттеме алады.
      5. Қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру үшiн жұмыс берушi жұмысқа орналасуға рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей оны ұзарту туралы мәселенi белгiленген тәртiппен шешуi қажет.
 
                              4-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы дипломдарды бiлiмi туралы куәлiктерді, атақ, ғылыми дәрежелер, разряд, бiлiктiлiк туралы тиiстi құжаттарды және еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да құжаттарды, кететiн Мемлекет аумағында белгiленген тәртiппен куәландырылған олардың жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне көшкенiн мойындайды (жарияламастан).
 
                               5-бап
 
      1. Қызметкердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң аумағына келуi, онда болуы және одан кетуi осы мемлекеттiң заңдарымен реттеледi.
      Қызметкердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң аумағына келуiне осы мемлекеттiң құзырлы органының талаптарына сай келетiн медициналық анықтамалықтары болғанда ғана рұқсат етiледi.
      2. Қызметкерлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жеке мүлiктi, қажеттi жұмыс құралдары мен жабдықтарды жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң аумағына әкелуi, ал қайтқан кезде - кеткен Мемлекеттiң аумағына әкелуi, сондай-ақ қызметкерлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң аумағында сатып алған тауарларын әкетуi тиiстi мемлекеттiң кеден заңдарында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
 
                             6-бап
 
      Осы Келiсiм шеңберiнде бiр мемлекеттiң қызметкерлерi:
      1) жұмыс берушi мен қызметкердiң арасында белгiлi бiр мерзiмге жасасылған еңбек шарты, контракт негiзiнде;
      2) екi мемлекеттiң шаруашылық қызметтi жүргiзушi субъектiлерi арасында жасасылған шарт негiзiнде басқа мемлекеттiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыруы мүмкiн, жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң аумағында белгiлi бiр жұмыстар мен қызметтер көлемiн орындау осы шарттың мақсаты болып табылады.
      Еңбек шартын (контрактiнi) жұмыс берушi қызметкермен осы мемлекеттiң еңбек заңдарына сәйкес жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң мемлекеттiк тiлiнде немесе (және) орыс тiлiнде жасасады және қызметкерге ол жұмысқа кеткенше тапсырылады.
      Еңбек шартында (контрактiде) жұмыс берушi мен қызметкердiң негiзгi мәлiметтерi, қызметкерге қойылатын кәсiптiк талаптар, жұмыстың сипаты, еңбек және оған ақы төлеу жағдайы, одан аударымдар, жұмыс уақытының және демалыс уақытының ұзақтығы, тұру жағдайы және оған ақы төлеу, сондай-ақ еңбек шартының (контрактiнiң) шарттары, оны бұзу шарттары, жол шығындарын өтеу тәртiбi туралы мәлiметтер баяндалуға тиiс.
      Еңбек шарты (контракт) аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкердiң еңбек кiтапшасына тиiстi жазу жазады және жұмыс iстеген кезеңде ай сайынғы жалақысы туралы анықтама бередi.
      Еңбек шартын (контрактiнi) бiр жұмыс берушiден басқа жұмыс берушiге табыс етуге болмайды.
      Егер еңбек шарты (контракт) кәсiпорынның (мекеменiң, ұйымның) таратылуына немесе қайта құрылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты бұзылса, қызметкерге аталған негiздер бойынша босатылған қызметкерлер үшiн жеңiлдiктер мен өтемақы қолданылады. Бұл ретте қызметкер кеткен Мемлекеттiң аумағына жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайтуға тиiс.
 
                              7-бап
 
      Қызметкерлер жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң еңбек заңдарында белгiленген құқықтарды пайдаланып, мiндеттердi орындайды. Жұмысқа орналасқан Мемлекетте еңбек шартының (контрактiнiң) қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тұрақты тұратын жерi бойынша қызметкерге жұмысқа орналасуға құқық жалпы негiзде берiледi. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы заңдар бойынша және кеткен Мемлекеттiң есебiнен тағайындалып, төленедi.
 
                               8-бап
 
      Тараптар өздерiнiң аумағында тұратын немесе юрисдикциясына қарайтын барлық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң осы Келiсiмде көзделген құқықтарын жыныстық, нәсiлдiк, өң-түсi, тiлi, дiнi мен сенiмi, саяси көзқарастары, ұлттық, ұлыстық немесе әлеуметтiк тегi, азаматтығы, жасы, экономикалық, мүлiктiк, отбасылық жағдайы немесе басқа да кез-келген белгiсi жағынан қандай да болсын алалаусыз құрметтеп, қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
 
                                9-бап
 
      6-баптың 1-тармағында әңгiме болып отырған қызметкерлердiң еңбек табысына салық салу жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Тараптар қызметкерлердiң тапқан қаражатына қосарлы салық салуға жол бермейдi.
 
                                10-бап
 
      Қызметкерлерге мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен берiлетiн жәрдемақы мен төлемдердiң барлық түрлерi ұлттық заңдарға сәйкес және сақтандыру жарналары төленетiн мемлекеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
      Қызметкерлерге мемлекеттiк басқа көздердiң (қаражаттың) есебiнен берiлетiн жәрдемақы мен төлемдердiң барлық түрлерiн жәрдемақы алушының отбасы тұрақты тұратын мемлекет және оның ұлттық заңдарына сәйкес төлейдi.
      Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызмет көрсету жұмыс берушiлердiң есебiнен жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң азаматтарымен тең жағдайда жүзеге асырылады.
 
                            11-бап
 
      6-баптың 1-тармағында әңгiме болып отырған қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтары құқықтарының кепiлдiктерi туралы Келiсiммен 1992 жылғы 13 наурыздағы зейнетақымен қамсыздандыру саласында немесе (және) екi жақты келiсiмдермен реттеледi.
 
                            12-бап
 
      Жазатайым оқиғаларды тергеу, сондай-ақ Қызметкерлердiң 6-баптың 1-тармағында әңгiме болып отырған еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты мертiгуi не денсаулығына өзге де зақым келтiрiлуi салдарынан алған зиянды оларға өтеу мәселелерi Қызметкерлердiң өздерi тұратын мемлекеттерден тыс жерлерде жүргенде олармен өндiрiсте болған жазатайым оқиғаларды тексеру тәртiбi туралы 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Келiсiммен және Қызметкерлерге мертiгу, кәсiптiк сырқат не олардың еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу құқығын өзара тану туралы 1994 жылғы 9 қыркүйектегi Келiсiммен реттеледi, бұл келiсiмдерге Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қол қойған.
 
                             13-бап
 
      Қызметкер қайтыс болған жағдайда жұмыс берушi кеткен Мемлекеттiң аумағында қайтыс болған адамның мүрдесiн және жеке мүлкiн тасымалдауды ұйымдастырады, оларға байланысты шығындардың бәрiн көтередi, осы мемлекеттiң дипломатиялық немесе консулдық өкiлдігiне хабарлап, қайтыс болу фактiсi жөнiндегi материалдарды табыс етедi.
 
                             14-бап
 
      Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғылықты жерiнен баратын жерiне дейiнгi жолына жұмсалатын шығысты, олардың науқастануына немесе стационарда емделуiне байланысты жол шығынын, олардың жеке мүлкін кеткен Мемлекеттiң аумағынан жұмысқа орналасатын Мемлекеттiң аумағына тасымалдауға байланысты шығыстарды және еңбек шарты (контракт) аяқталғаннан кейiн қайтар жолға жұмсалатын шығыстарды да жұмыс берушi көтередi.
      Еңбек шарты (контракт) қызметкердiң бастамасымен бұзылған жағдайда аталған шығындарды соңғысы көтередi.
      Жұмыс берушi қызметкер мен оның отбасы мүшелерiне жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң заңдарына сәйкес тұрғын үй бередi.
 
                              15-бап
 
      Қызметкерлер табылған қаражатты кеткен Мемлекеттiң аумағына аударуды жұмысқа орналасқан Мемлекеттiң заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы қатысушы болып табылатын екi жақты және көп жақты келiсiмдердi ескере отырып жүзеге асырады.
 
                               16-бап
 
      Тараптар шарттық мiндеттемелердiң орындалуын мүмкiн етпейтiн немесе оны тиiмсiз ететiн дүлей апаттар, саяси ахуалдың нашарлауы (соғыс қимылдары, дипломатиялық қатынастардың үзiлуi) салдарынан қызметкерлердiң мiндеттемелердi iшiнара орындалғаны немесе толық орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк жүктелуiне келiстi.
      Жоғарыда аталған себептер бойынша мiндеттемелер уақтылы орындалмаған жағдайда орындау мерзiмi осындай мән-жайлар әрекет ететiн уақыттың барлық кезеңiне ауыстырылады немесе мiндеттемелердi орындаудың күшi жойылады.
      Мiндеттемелердi орындау мүмкiн болмайтын Тарап дәлелдердi келтiре отырып мұны басқа Тарапқа хабарлауға мiндеттi.
 
                               17-бап
 
      Тараптар осы Келiсiмнiң iске асырылуына жәрдемдесу мақсатында ынтымақтасып, өзара көмек көрсетедi.
      Уәкiлеттi органдар:
      еңбек, жұмыспен қамту, көшiп кету және көшiп келу саласындағы ұлттық заңдар мен басқа да актiлер туралы, соның iшiнде қызметкерлердiң тұрмыс жағдайы туралы;
      мемлекеттердiң еңбек рыногының жай-күйi туралы;
      кетушi (келушi) қызметкерлердiң сандық және сапалық құралы туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
      Ұлттық еңбек рыноктарындағы ахуал өзгергенде Тараптар басқа Тараптың қызметкерлерiн қабылдауға шек қоюы мүмкiн, бұл жайында дереу бiр-бiрiне хабарлайды.
      Уәкiлеттi Органдар кеткен Мемлекеттiң құзыреттi органдарының осындай қызметтi жүзеге асыруға тиiстi рұқсаты жоқ делдалдардың қызметкерлердi жұмысқа орналастыруына жол бермеу мақсатымен қажеттi шаралар қолданады.
 
                              18-бап
 
      Бiр мемлекеттiң аумағында тұратын кез-келген адам осы Келiсiмнiң iске асырылуына қатысты мәселелер бойынша тiкелей немесе тұрған жерiндегi Уәкiлеттi Орган арқылы басқа Тараптың Уәкiлеттi Органына жүгiне алады.
      Бiр Тараптың Уәкiлеттi Органы Басқа Тараптың Уәкiлеттi Органына оның сұрау салуы бойынша осы Келiсiм бойынша жәрдемақы мен төлемдер төлеу үшiн қажеттi құжаттар мен архив материалдарын табыс етедi.
 
                               19-бап
 
      1. Осы Келiсiм екi мемлекеттiң заемдарына сәйкес бекiтiлуге тиiс.
      Тараптар ноталар алмасу жолымен осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк iс-шаралардың орындалуы туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi.
      Соңғы нотаны алған күн - Келiсiмнiң күшiне енген күнi деп саналады.
      2. Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасасылады. Егер тараптардың бiрде-бiрi Келiсiмдi қолданудың тиiстi мерзiмi өтпей тұрғанда кемiнде 6 ай бұрын оның күшiн тоқтатпақ ниетте екенiн басқа Тарапқа жазбаша хабарламаса, оның күшi әрбiр келесi жылға өзiнен-өзi ұзартылады.
      Келiсiмнiң күшi тоқтатылған жағдайда оның ережелерi қызметкерлердiң

 

жұмыс берушiлермен жасасқан еңбек шарттары (контрактiлер) олардың

жасасылған мерзiмi өткенге дейiн күшiнде қалады.

     3. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың өзара келiсуi бойынша

өзгертiлiп, толықтырылуы мүмкiн, ол осы Келiсiмнiң ажырағысыз бөлiгi

болатын тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.

     Алматы қаласында 1997 жылы "23" қыркүйекте екi данада, әрқайсысы

қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды және әр тексiнiң күшi бiрдей.

Текстi талқылағанда әртүрлi пiкiрлер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi

данасы пайдаланылады.


     Қазақстан Республикасының         Беларусь Республикасының

          Үкіметi үшiн                      Үкіметі үшін



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады