Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Өзара саудада жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 қазан N 1504

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

арасында Өзара саудада жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы

келісім жасалсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



               Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

              Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы

                  Өзара саудада жанама салықтарды

                  өндіріп алу қағидаттары туралы


                          Келісім


     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi

мен Ресей Федерациясының Үкiметi,


 
       1994 жылғы 15 сәуiрдегі Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмнiң

 

және 1994 жылғы 15 сәуiрдегі Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге

Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың ережелерін басшылыққа

ала отырып,

     экономикалық ықпалдасуды одан әрі тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi

субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктер жасауға және адал ниетті бәсекелестiк

жағдайларын орнатуға ұмтыла отырып,

     халықаралық сауданың жалпы жұрт таныған нормалары мен ережелерiн

назарға ала отырып,

     мына төмендегiлер туралы келiсті:


                         1-бап

                   Жалпы айқындамалар


     Осы Келісiмнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады:

     "жанама салықтар" - қосымша күн салығы және акциз;


 
       "нөлдік ставка" - тауарларды (көрсетiлген қызметтердi) әкету кезiнде акциздерден босатуды және қосымша құн салығының нөл пайызға тең ставкасын бiлдiредi. Нөлдiк ставканы қолдану салық төлеушiге материалдық ресурстар бойынша қосымша құн салығын есептеуге (өтеуге), сондай-ақ, алдағы

 

төлемдердiң есебiнен төленген салықтарды есепке алуға немесе олардың

өтелуiне құқық бередi;

     "нысаналы елi " - кедендiк аумағына тауарларды (көрсетiлетiн

қызметтердi) әкелу жүзеге асырылатын мемлекет;

     "шаруашылық жүргізушi субъектiлер" - Тараптар мемлекеттерiнiң салық

төлеушiлерi.


                       2-бап

                  Келiсiмнің мәнi



 
       Осы Келiсiмнiң мәнi Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң арасында сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алу қағидатын белгiлеу болып табылады.
 
                       3-бап
          Тауарларды әкету кезiнде салық салу қағидаты
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан әкетiлетiн және екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнетiн, экспорттың кедендік режимiнде орналастырылатын тауарларға Тараптардың ұлттық салық заңдарына сәйкес нөлдiк ставка бойынша жанама салықтар салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi газ конденсатын қоса алғанда, табиғи газға, мұнайға қолданылмайды.
 
                        4-бап
         Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
 
      1. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында санамаланғандарды қоспағанда, екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлiп, бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға нысаналы елінде оның ұлттық заңдарына сәйкес жанама салықтар салынады.
      2. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында санамаланған және бiр Тарап мемлекетiнен шығарылатын тауарлар осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттiң кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнген жағдайда, осы екiншi Тарап мемлекетiнің кеден аумағында оның ұлттық заңдарына сәйкес жанама салықтар салынады.
 
                          5-бап
         Қызметтерді көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi
 
      1. Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi жеке хаттамамен ресiмделедi. Осындай хаттаманың күшiне енуiне дейiн көрсетiлген қызметтерге Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес жанама салықтар салынады, оларға мынадай қызмет көрсетулер жатпайды:
      а) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөнiндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлетiн тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегі қызметтер;
      б) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөніндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, тауарларды жөнелту немесе нысаналы пункттерi Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан жағдайда, транзиттiк тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
      в) екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына бiр Тарап мемлекетінің

 

кеден аумағынан жолаушылар мен жүктердi тiкелей және керi бағытта

тасымалдау жөнiндегi қызметтер.

     2. Осы баптың 1-тармағының "а", "б" және "в" тармақшаларында

санамаланған қызметтерге, оларды Тараптар белгілейтiн тәртiптерге сәйкес

көрсету фактiсi расталған жағдайда, осындай қызмет көрсететiн салық

төлеушiлердiң мемлекетiнде нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы

салынады.


                         6-бап

           Тауарлардың өткiзiлуiн және жанама

            салықтардың төленуiн бақылау



 
       1. Тауарлардың өткiзiлуiн, есеп жүргiзуге және ақпарат алмасуға бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметiнің тауарлық номенклатурасын (ТМД СЭҚ ТН) пайдаланатын болады.
      2. Екiншi Тарап мемлекетінің кеден аумағына бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан тауарларды әкелу (әкету) кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алуды және олардың төленуi жөнiнде бақылау жасауды осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден және салық органдары жүзеге асырады.
 
                         7-бап
                   Келiсімнің орындалуы
 
      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты

 

келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешетiн болады.

     2. Тараптар қажет болған жағдайда, осы Келiсiмдi iске асыру барысын

бағалауға және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгізудің орындылығына

консультациялар жүргізетiн болады.


                         8-бап

         Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу


     Тараптар өзара келiсiм жағдайында осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар

мен өзгерiстер енгiзедi, олар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын

жеке Хаттамалармен ресiмделедi.


                          9-бап

               Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi


     1. Осы Келiсiмнің күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсімдердi

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейiн

2001 жылдың 1 шiлдесiнен бастап осы Келiсiм күшiне енедi.

     2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiреуi

кезектi мерзiм аяқталардан кемiнде 6 ай бұрын оның қолданылуын тоқтату

ниетi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарламаса, келесi

бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.


     _____________ қаласында 2000 жылғы "___"________ әрқайсысы қазақ және

орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және екi мәтiннiң күшi

бiрдей.


     Қазақстан Республикасының           Ресей Федерациясының

            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады