Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 9 қазан N 1508

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi

 

арасындағы отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастық туралы

меморандумның жобасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Даниал

Кенжетайұлы Ахметовке Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында

отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

жасасуға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

          Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы

        Yкіметiнің арасындағы отын-энергетикалық кешен саласындағы

                      ынтымақтастық туралы меморандум


        (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 6, 59-құжат)

     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi

мен Ресей Федерациясының Үкiметi,


 
       Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шарт негiзiнде тең құқықтық және өзара тиiмдi сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрi дамыту және нығайту қажеттiлiгiн негізге ала отырып,
      отын-энергетикалық кешендердi ықпалдастыру жөнiндегі келiсiлген жоспарлы жұмысты жүргізе отырып және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қ. Тоқаевтың және Ресей Федерациясының Үкiметi төрағасының Бiрiншi орынбасары М. Касьяновтың 2000 жылғы 19 қаңтардағы келiссөздерiнің қорытындылары жөнiндегі Хаттаманы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық комиссияның 2000 жылғы 15 ақпандағы төртiншi мәжілісінің Хаттамасын орындау үшін,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы отын-энергетикалық кешендерде өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту үшiн мынадай нақты қадамдар жасауға келiстi.
 
                     Электр энергетикасы саласында
 
      Тараптар 2000 жылғы маусымда екi елдің экономикасын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету үшiн маңызды элемент болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмысы қалпына келтiрiлгенiн қанағаттанарлықпен атайды.
      Тараптар электр энергетикасы саласындағы электр энергиясы мен жүйесiнің ашық, тең құқықтық және бәсекелесуге қабiлеттi мемлекетаралық рыногын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұзақ мерзiмдi өзара тиiмдi ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді.
      Тараптар тиiсті уәкiлеттi органдарға:
      2000 жылдың аяғына дейiн "Екiбастұз ГРЭС-2" ашық акционерлiк қоғамының мүлiктiк кешенiнің негізінде бiрлескен қазақстандық-ресейлiк компания құруды аяқтауды, акциялардың қосымша эмиссиясын және стратегиялық инвесторды тартуды қосқанда, оның жұмысының тиімділігін арттыруға арналған негізгі іс-шараларды жүзеге асыруды бастауды;
      жер қойнауын пайдалануға берілген құқықтар үшін шарттар анықтауды және өтем төлеуді қамтамасыз етуді;
      "Северный" қимасының 1-4 учаскелерінің санитарлық жұмыстардың өткізілетініне байланысты экологиялық іс-шараларды жүзеге асыру үшін шарттар анықтауды және дотациялар мен жеңілдіктер беруді және 2000 жылдың 4 тоқсанында "Ресей БЭЖ" Ресейлік энергетика және электрификация акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Ресей БЭЖ" РАҚ) және "Аксесс Индастриз Инк" компаниясымен келісілген шеңберде "Северный" қимасының жер қойнауын пайдалану келісім-шартына қол қоюды;
      2000 жылдың аяғына дейін, Тараптар мүдделерінің теңдігін сақтай отырып, бірлескен компанияның акцияларының 50%, солтүстік өндірістік-көліктік басқармасының мүлігін, "Трудовая" және "Ударная" станцияларын "Ресей БЭЖ" РАҚ-ның меншігіне беру, сондай-ақ "Северный қимасы" ЖШС-нің қарыздарын өтеу арқылы "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ-нің аталған қоғамның алдындағы қарыздарын қайта құрылымдау және өтеу тетігін толық жүзеге асыруды;
      2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның бесінші мәжілісінде қарау үшін Қазақстанның электр желілік тарату компанияларының "Ресей БЭЖ" РАҚ-ның алдындағы қарыздарын өтеу жөніндегі келісілген іс-шараларды әзірлеуді;
      Орал электр станцияларының және Екібастұз көмір кен орны қималарының негізінде құрылатын "Орал ЖЭК" компаниясына "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорнының қатысуының экономикалық ұтымдылығын қарастыруды;
      2000 жылғы 31 желтоқсанға дейін ол арқылы электр қуатының берілуін ұйымдастыру үшін 1150 кВ кернеудегі мемлекетаралық электр қуатын беру желісін қалпына келтіруді және оны Қазақстан мен Ресейдің электр жүйелерінің жұмысына қосуды қамтамасыз етуді;
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының электр жүйелерінің қатар жұмыс режиміндегі электр қуатының ағынын кедендік ресімдеу мен бақылаудың ерекше оңайлатылған тәртібін әзірлеуді, келісуді және оны 2000 жылдың 1 тоқсанында іске қосуды тапсырады.
      Тараптар мынадай мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастырады:
      қатар жұмыс істеу жағдайында электр энергиясы мен қуатын өндіру, беру және тарату балансы;
      энергетикалық жүйелердің қатар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қуаттың авариялық резервтерін келісілген көлемдерде ұстап тұру;
      бір Тараптың энергия өндірушілерінің екінші Тараптың электр энергиясының ішкі рыногына тең негізде қол жеткізуін қамтамасыз ететін электр энергиясы мен қуатының ашық, тең құқықтық және бәсекелестікке қабілетті мемлекетаралық рыногының қалыптасуы және дамуы;
      авариялық, табиғи-апаттар және басқа да төтенше жағдайларда бір-біріне жедел көмек көрсету;
      екібастұздық көмірдің ресейлік рыноктағы бәсекелестікке қабілеттілігін көтеруге арналған бағдарламаны әзірлеу және оның жүзеге асуын қамтамасыз ету, соның ішінде оның тасымалына арналған теміржол тарифтерін төмендету арқылы;
      энергетика саласындағы нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру.
 
                         Мұнай өнеркәсібінде
 
      Тараптар "ҚазТрансОйл" МТҰК жабық акционерлік қоғамы арқылы Кеңқияқ-Орск мұнай құбырымен Орск мұнай өңдеу зауытына ауыстыру тәсімі негізінде жеткізілетін көлемдерді қосқанда, ресейлiк мұнай құбырлары жүйесi бойынша экспортқа шығатын қазақстандық мұнай транзитiнiң көлемiн, оның ішінде Атырау-Самара мұнай құбырының өткiзгіштiк қабiлетiн жылына 15 млн. тоннаға дейiн кеңейту арқылы одан әрi арттыруды көздейтiндiктерiн қуаттайды.
      Тараптар Атырау-Самара, Кеңқияқ-Орск және Махачкала-Тихорецк-Новороссийск мұнай құбырларымен экспортқа шығарылатын мұнай транзитінің тоқсан сайынғы кестелерін қалыптастыру кезінде келісілген жеткізілімдердің бағыттары бойынша іс жүзінде пайдаланбаған транзиттік көлемдерді қалған тоқсандар бойынша тең құқықтық тарату қағидатына сүйенетініне міндеттенеді.
      "ҚазТрансОйл" ЖАҚ Бірыңғай бағыттар орнату жүйесінің шарттарына сәйкес қазақстандық мұнай компанияларының мүдделерін қорғайтын, Атырау-Самара, Кеңқияқ-Орск және Махачкала-Тихорецк-Новороссийск мұнай құбырлары бойынша мұнай транзитін ұйымдастыру, оған байланысты шарттарды, келісім-шарттарды және басқа да құжаттарды ресімдеу бойынша Қазақстан Тарапынан бірыңғай оператор болып табылады.
      Тараптар Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгіне мұнайдың тиiсті көлемдері жеткiзілімінің, оның тасымалын қамтамасыз етудің кепілдіктері, қазақстандық мұнайдың ресейлiк мұнай құбырлары жүйесiмен, сондай-ақ Атырау-Самара мұнай құбыры бойынша ұзақ мерзiмдi транзиті туралы бiрлескен құжаттың жобасын әзiрлеудi тапсырады.
      Тараптар КҚК мұнай құбырының құрылысын және оны пайдалануға берілуін аяқтауды көздейді.
      Тараптар ресейлік Балтық мұнай құбыры жүйесіне шығу және Бургас-Александруполис мұнай құбыры жүйесін салу жобасына қазақстандық компаниялардың қатысуы арқылы қазақстандық мұнайды экспортқа жеткізу мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.
      Тараптар Махачкала-Тихорецк-Новороссийск мұнай құбырын жүктеудi арттыру және оны ұтымды пайдалануға ықпал ететiн болады.
      Тараптар Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгiне Орск мұнай өңдеу зауытына ұзақ мерзiмде мұнай жеткiзiп тұру туралы келiсiм жасау жөнінде тиiстi шаруашылық субъектiлермен келiссөздер жүргізудi тапсырады.
 
                             Газ саласында
 
      Тараптар Қазақстан Республикасының аумағында "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамы мен "Газпром" РАҚ-ын қатыстыра отырып, қазақстандық арналы газ құбырларын басқару жөнiнде бiрлескен кәсiпорын құруды қолдайды.
      Тараптар қазақстандық газдың Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орнынан Ресей Федерациясына және ресейлiк газдың Қазақстан Республикасының солтүстiк және орталық облыстарына өзара алмасу сызбасы бойынша жеткiзудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады.
      Тараптар Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгiне:
      Қарашығанақ кен орнынан ұзақ мерзiмдi кезеңге тұрақты емес газ конденсаты мен шикi газды Орынбор газ өңдеу зауытына жыл сайын жеткiзiп тұру мүмкiндiгін қарастыруды;
      Қазақстан мен Ресейдің аумақтарындағы газ көздерiнен Астана қаласын газбен жабдықтау нұсқаларының жасалуын тездетуді;
      "Газпром" РАҚ-ның қатысуымен газды Қытайға және басқа елдерге тасымалдау саласындағы, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы түрікмендік газдың транзиті бойынша бiрлескен ықтимал жобалар жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi тапсырғанды ұтымды деп есептейдi.
      Тараптар:
      екi мемлекеттiң аумақтары бойынша мұнай мен газды құбыр және темiржол көлiгімен транзиттеудiң;
      өзара ұтымды негізде Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ үшінші елдердің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай химиялық кешендерінде көмірсутегі шикізатын қайта өңдеудің;
      Тараптардың шаруашылық субъектiлерiне екi мемлекеттiң аумақтарында мұнай мен сұйытылған көмiрсутегiлердi қабылдаудың, сақтаудың, үйiп-төгудiң өндiрiстiк инфрақұрылым объектiлерi бар теңiз терминалдарының құрылысын жүргізуде көмектесудiң;
      екi мемлекеттің, сондай-ақ үшінші мемлекеттердің мұнай газ кешендерiнiң объектiлерiндегі жұмыстарға қазақстандық және ресейлік мамандандырылған құрылыс және сервистiк ұйымдарды тартудың мәселелерi бойынша бiрыңғай саясат жүргізетiн болады.

 

     Тараптар осы Меморандумның ережелерiн орындауды қамтамасыз ететiн

қажетті ұйымдық іс-шараларды жүргiзетiн болады, және оларды орындау

барысын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы

ынтымақтастық жөніндегi Үкiметаралық комиссияның бесiншi мәжілісінде

қарайтын болады.

     Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда екi данада, әрқайсысы қазақ

және орыс тiлдерiнде жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының                  Ресей Федерациясының

            Үкiметi үшін                            Үкіметі үшін


     Мамандар:

       Багарова Ж.А.

       Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады