"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңының Z990473_ 17-бабына және "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 P000337_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Кредиторлық берешектi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi комиссия мақұлдаған мемлекеттік органдардың жалпы сомасы 924 681 792 (тоғыз жүз жиырма төрт миллион алты жүз сексен бiр мың жетi жүз тоқсан екi) теңге 61 тиын, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бойынша 360 711 592 (үш жүз алпыс миллион жетi жүз он бiр мың бес жүз тоқсан екi) теңге 08 тиын сомасында;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бойынша 275 238 775 (екi жүз жетпiс бес миллион екi жүз отыз сегiз мың жетi жүз жетпiс бес) теңге 53 тиын сомасында;
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы бойынша 32 451 283 (отыз екi миллион төрт жүз елу бiр мың екi жүз сексен үш) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бойынша 1 399 611 (бiр миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың алты жүз он бiр) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы бойынша 16 701 750 (он алты миллион жетi жүз бiр мың жетi жүз елу) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бойынша 37 621 250 (отыз жетi миллион алты жүз жиырма бiр мың екі жүз елу) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi бойынша 145 811 240 (бiр жүз қырық бес миллион сегiз жүз он бiр мың екi жүз қырық) теңге сомасында, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi бойынша 25 071 941 (жиырма бес миллион жетпiс бiр мың тоғыз жүз қырық бiр) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi бойынша 501 883 (бес жүз бiр мың сегiз жүз сексен үш) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бойынша 29 172 467 (жиырма тоғыз миллион бiр жүз жетпiс екi мың төрт жүз алпыс жетi) теңге сомасында республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешегiн өтеу есебiнен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) берушiлердiң алдындағы кредиторлық берешегiн өтеу туралы ұсыныстарына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысында бекiтілген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегi есеп
айырысуларды жүргiзудi қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.