Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қазан N 1526. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      1999 жылғы 15 желтоқсанда Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) қол қойылған Еуропалық Қауымдастық (ЕҚ) пен КБЕБ туралы халықаралық келісімдерде көрсетілген болат бұйымдарының Қазақстаннан ЕҚ-ға экспортына қатысты сандық шектеулерсіз қосарлы бақылау жүйесін белгілейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Бірлестік арасындағы хат алмасу нысанындағы келісімді іске асыру және Қазақстан мен ЕҚ арасындағы өзара сауданы кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) мынадай мазмұндағы 8-қосымшамен толықтырылсын: 

                                            "Қазақстан Республикасы                                               Үкіметінің 1997 жылғы 
                                              30 маусымдағы
                                              N 1037 қаулысына 
                                              8-қосымша

             Экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық 
           міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар
               бойынша жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі
--------------------------------------------------------------------
     Тауардың атауы       СЭҚ ТН коды            Негіздеме     
--------------------------------------------------------------------
           1                   2                      3
--------------------------------------------------------------------

Ені 500 мм-ден            7211 23 990     1999 жылғы 15 желтоқсанда

аспайтын                  7211 29 500     Брюссель қаласында (Бельгия 

орамдардағы               7211 29 900     Корольдігі) қол қойылған

көміртекті болаттан       7211 90 900     Еуропалық Қауымдастық (ЕҚ) 

жасалған жалпақ прокат                    пен КБЕБ туралы халықаралық

                                          келісімдерде көрсетілген болат

                                          бұйымдарының Қазақстаннан

                                          ЕҚ-ға экспортына қатысты

                          7211 23 910     сандық шектеулерсіз қосарлы

Бағдарланбаған                            бақылау жүйесін белгілейтін

түйіршікті электр-        7225 19 100     Қазақстан Республикасының      

техникалық болаттан                       Үкіметі мен Еуропалық

жасалған жалпақ                           Бірлестік арасындағы хат алмасу

прокат                    7226 19 100     нысанындағы келісім

                          7226 19 300

                          7226 19 900

 

Бағдарланған              7226 11 900

түйіршікті электр-

техникалық

кремнийлі болаттан

жасалған жалпақ прокат";          

     2) 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

 
      "экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі (8-қосымша)". 
      3) 3-тармақта: 
      "тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар" деген сөздерден кейін ", экспортқа құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "2-6 деген цифрлардан кейін ",8" деген цифрмен толықтырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 

 

күшіне енгендігі туралы ЕҚ-ны хабардар етсін және Еуропалық Қауымдастық 

комиссиясына пайдаланылатын мөрлер мен қол қою үлгілерін қоса алғанда, 

экспортқа арналған құжаттарды беруге және тексеруге уәкілеттік берілген 

Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының атаулары мен 

мекен-жайларын жіберсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі

 

Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.

     

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады