Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 447 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 қазан N 1553

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 447 U000447_ Жарлығын iске асыру мақсатында және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының Z939000_ 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң күшейтiлген кезекшiлiгiн ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмдерi бойынша мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтен запасқа шығарылған әскери қызметшiлердi тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеудi республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегiнде, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тiкелей, олар ұсынған шоттар бойынша жүргiзсiн.
      6. Некеде тұратын және бiр баласы бар шақырылушыларды шақырудың шектi

 

жасына дейiн мерзiмдi әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылсын.

     7. Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы

органдары әскерге шақырылатын жастар арасында "Жалпыға бiрдей әскери

мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993

жылғы 19 қаңтардағы Заңын орындауға бағытталған профилактикалық жұмысты

жандандырсын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады