Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есiрткiлiк және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1563


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 11 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi арасындағы 
Ұйымдасқан қылмысқа, есiрткiлiк және психотроптық заттардың заңсыз 
айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi 
ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
           Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасы
          Үкiметiнiң арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есiрткiлер мен
          психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және
        қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы
                                    КЕЛIСIМ* 
     
        2001 жылғы 21 тамыздан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
               шарттары бюллетені, 2002 ж., N 3, 30-құжат. 
     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi 
мен Литва Республикасының Үкiметi,


      ұйымдасқан қылмыстан, атап айтқанда, есiрткiлердiң заңсыз айналымынан, терроризмнен, мемлекеттiк шекара арқылы адамдардың, көлiк құралдарының, жүктердiң заңсыз өтуінен және қылмыстың өзге де түрлерiнен сақтандыру, сондай-ақ оларға қарсы тиiмдi күрес жүргiзу мақсатында ынтымақтастық жасаудың маңызы зор екенiне көз жеткiзе отырып,
      бүкiл дүние жүзiнде есiрткiлер мен психотроптық заттарды тұтынудың және олардың заңсыз айналымының ұлғаюына алаңдаушылық бiлдiре отырып,
      терроризммен тиiмдi күрес жүргізудегi өздерiнiң ортақ тiлектерiн қуаттай отырып,
      заңсыз көшi-қонмен күрес жүргiзу жөнiнде тиiмдi iс-шаралар қабылдауға ниет бiлдiре отырып,
      қылмыспен күрестегi халықаралық ынтымақтастыққа зор маңыз бере отырып,
      1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек көрсету мен құқықтық қатынастар туралы шарттың және 1997 жылғы 7 наурыздағы оның Хаттамасының ережелерiн назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

     1-бап
     1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарының, сондай-ақ өздерi 
қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың шеңберiнде 
сақтандыруды, жолын кесудi, ашуды және тексерудi қоса алғанда, ұйымдасқан 
қылмысқа, қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрес саласында ынтымақтастық 
жасайды.
     2. Осы Келiсiм қылмыстық iстер мен ұстап беру бойынша құқықтық көмек 
көрсету мәселелерiн қозғамайды.
     2-бап
     1. Тараптар:
     1.1. ұйымдасқан қылмысқа;
     1.2. терроризмге;
     1.3. атыс қаруының, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш құрылғылардың, жарылғыш 
және улы заттардың, сондай-ақ радиоактивтi материалдардың заңсыз 
айналымына;
     1.4. есiрткiлер мен психотроптық заттардың, сондай-ақ прекурсорлардың 
(бұдан әрi мәтiн бойынша - есiрткiлер) заңсыз айналымына;
     1.5. адамның өмiрi мен денсаулығына қарсы қылмыстарға;
     1.6. меншiкке қарсы қылмыстарға;
     1.7. экономика саласындағы қылмыстарға;
     1.8. кепiлдiкке адамдар ұстауға;
     1.9. контрабандаға;
     1.10. заңсыз қаржы операцияларына және қылмыстық әрекеттiң 
нәтижелерiнде алынған кiрiстердi заңдастыруға;
     1.11. ақша белгiлерiн, бағалы қағаздарды, несие карточкаларын, ресми 
құжаттарды қолдан жасауға, сондай-ақ оларды заңсыз тарату мен пайдалануға;
     1.12. мәдени және тарихи құндылықтарға қылмыстық қол сұғушылыққа;
     1.13. автокөлік құралдарымен заңсыз операциялар жасауға;
     1.14. жезөкшелiкке және адамдарды сатуға байланысты заңсыз 
әрекеттерге;
     1.15. заңсыз көші-қонға;
     1.16. экологиялық қылмыстарға қарсы күрес жүргiзуде ынтымақтастықты 
жүзеге асырады.
     2. Тараптар, сондай-ақ мынадай салаларда:
     2.1. көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде;
     2.2. кадрлар даярлауда, ғылыми және ақпараттық байланыстарды дамытуда 
ынтымақтастық жасайды.
     3. Тараптар өзара мүдделiлiк бiлдiретiн басқа да бағыттар бойынша 
ынтымақтастықты жүзеге асыра алады.
     3-бап
     1. Тараптар ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асыратын болады:
     1.1. өтiнiштердi орындау;
     1.2. жедел, iздестiру, анықтамалық, криминалистикалық және мұрағаттық 
ақпараттармен алмасу;
     1.3. жедел iс-шаралар келiсiп жүргiзу;
     1.4. қылмыспен күресу саласындағы жұмыс тәжірибелерiмен алмасу;


      1.5. қылмыспен күресудiң әртүрлi салаларындағы және криминалистикалық

техника жөнiнде өзара ақпараттар алу үшiн мамандармен алмасу;
     1.6. қылмыспен күресу саласында заңнамалық және өзге де нормативтiк 
құқықтық кесiмдермен алмасу;
     1.7. ғылыми зерттеулердiң, оның iшiнде криминалистика және 
криминология саласындағы нәтижелермен алмасу;
     1.8. кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн 
арттыруда өзара тиiмдi негiзде көмек көрсету.
     2. Ынтымақтастықтың көлемi мен нақты нысандары қажеттiлiктер мен 
жағдайлардың өзгеруі, сондай-ақ басқа да маңызы бар жайттар ескерiле 
отырып, орталық құзыреттi органдардың келiсiмi бойынша белгiленедi. 
Тараптар осы Келісімдi орындау мақсатында бiр-бiрiне ақысыз көмек көрсете 
алады.
     4-бап
     Тараптар есiрткiлердің заңсыз айналымымен күресу мақсатында ең 
алдымен:


      1.1. есiрткiлердiң заңды айналымын бақылау жөнiндегi жұмыс тәжiрибелерiмен, сондай-ақ есiрткiлердiң заңды өндiрiстен шығып кету тәсiлдерi туралы ақпаратпен алмасады;
      1.2. есiрткiлердiң заңды айналымнан заңсыз шығып кетуiн болдырмауға бағытталған шараларды бiрлесiп жүзеге асырады;
      1.3. есiрткiлердi дайындау мен контрабандалауға немесе олармен сауда жасауға қатысы бар адамдар туралы деректермен, есiрткiлердi жасырудың жаңа тәсiлдерi мен оларды табу әдiстерi, олардың заңсыз тасымалдану бағыттары мен арналары туралы ақпаратпен алмасады;
      1.4. бiр-бiрiне есiрткiлердiң жаңа түрлерiнiң үлгiлерiн ұсынады, сондай-ақ олардың қасиеттерi туралы, оларды жасырын дайындауда пайдаланылатын жабдықтар мен технологиялар туралы ақпаратпен алмасады;

      5-бап

      1. Терроризммен күресу мақсатында Тараптардың орталық құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өзара тиiмдi мүддесi бар ақпаратпен алмасу арқылы ынтымақтасады, оның iшiнде:
      1.1. жекелеген адамдардың, топтардың немесе ұйымдардың басқа бiр Тараптың мемлекетіне қатысты террорлық акт жасамақ пиғылдарының анықталғаны туралы;
      1.2. шетел мемлекеттерінiң мемлекет, үкiмет басшыларына және халықаралық ұйымдардың мүшелерiне қарсы бағытталған дайындалып жатқан террорлық актiлер туралы ақпараттар.
      2. Ақпарат алмасу мүдделi Тараптың көмек көрсету туралы өтiнiшiнiң негiзiнде немесе мұндай ақпарат басқа бiр Тарап үшiн қызығушылық танытады деп болжаған Тараптың бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

      6-бап

      Заңсыз көшi-қонмен күресу мақсатында Тараптар:

      1.1. басқа бiр Тараптың мемлекет азаматтарының тарапынан болған мемлекеттiк шекараны бұзу фактiлерi туралы;
      1.2. басқа бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары есiрткiлердi, қаруды,

оқ-дәрiлердi, жарылғыш, улы және радиоактивтi заттарды заңсыз алып өтуге 
әрекет жасағаны үшiн ұстау фактiлерi туралы;
     1.3. Тараптардың мемлекеттерi азаматтарының мемлекеттiк шекараны 
кесiп өту құқығын беретiн жалған құжаттар жасаудың орын алған фактiлерi 
туралы ақпаратпен алмасады.
     7-бап
     1. Ұйымдасқан қылмыспен күресу саласында ынтымақтасу мақсатында 
Тараптар:
     1.1. ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адамдар туралы деректермен 
алмасады;


      1.2. ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қауымдастықтар, олардың құрамы, ұйымдастырушылары, құрылымы, қызмет аясы және қылмыстық байланыстары туралы ақпаратпен алмасады;
      1.3. ұйымдасқан топтар мен қауымдастықтар жасаған қылмыстардың жайттары туралы, атап айтқанда қылмыстардың жасалу уақыты, орны, ерекшелiктерi мен тәсiлдерi, қол сұғылған объектiлер, сондай-ақ олардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң қылмыстық-құқықтық бiлiктiлiгi туралы ақпаратпен алмасады;
      1.4. жедел iс-шаралар жүргiзу кезiнде өзара iс-қимыл жасайды және осы мақсатта келісiлген әрекеттердi жүзеге асырып, өзара кадрлық, материалдық және ұйымдық көмек көрсетедi;
      1.5. бiрлесiп немесе өзара тиiмдi түрде кәсiби бiлiктiлiктi арттыру үшiн ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстың басқа да түрлерiмен күресу саласының мамандарымен алмасуды жүзеге асырады;
      1.6. қажет болған жағдайларда бiрлескен iс-шараларды әзiрлеу және жүргiзу үшiн алдын ала тергеу сатысындағы нақты қылмыстық iстер бойынша жұмыс кездесулерiн өткiзедi.
      2. Деректермен және ақпараттармен алмасу әрбiр нақты жағдайда қоғамдық қауiпсiздiкке елеулi қатер төндiретiн қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу және тергеу үшiн жүргiзiледi.

      8-бап

      1. Ақпарат ұсынуды және осы Келiсiмнiң 3-бабында көзделген өзге де әрекеттердi жазбаша өтiнiштерге сәйкес Тараптардың орталық құзыреттi органдары жүзеге асырады.
      2. Осы баптың 1-бөлiгiнде көзделген өтiнiште мыналар мазмұндалуы тиіс:
      2.1. ол бойынша өтiнiш жiберiлiп отырған iстiң мәнi туралы, осы iс бойынша өтетiн немесе оған қатысы бар адам немесе адамдар, ол туралы ақпарат талап етілетiн фактiлер, заттар мен құжаттар туралы мейлiнше толық мәлiметтер;
      2.2. қолдану себептерi және оның орындалуы талап етiлетiн нақты рәсiмнiң толық сипаттамасы;
      2.3. қажет болғанда оның iшiнде өтiнiштің орындалуы күтiлiп отырған мерзiмдердi көрсету.
      3. Қажет болған жағдайда өтiнiшке оның орындалуын жеңiлдiк беретiн құжаттардың расталған көшiрмелерi немесе олардың қысқаша жазбалары тиiстi түрде қоса берiледi.
      4. Өтiнiш және оған қоса берiлетін құжаттар осы Келiсiмнiң 14-бабындағы талаптарға сәйкес рәсiмделедi, оған тиiстi лауазымды адамдар қол қояды және елтаңба мөрмен расталады.
      5. Осы Келiсiмнiң 3-бабымен көзделген ақпаратты, егерде ол басқа бiр Тарапқа қызығушылық танытады деп болжалатын болса, жеке өзiнiң бастамасы бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары бiр-бiрiне жiберуi мүмкiн.
      6. Өтiнiштi орындау мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуы тиiс. Қажет болған жағдайда Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары өтiнiштiң орындауын жеңiлдiк беретiн қосымша мәлiметтерге сұрау салуға құқылы.

      9-бап

      1. Егер өтiнiштi орындау адам құқықтарының бұзылуына әкелiп соғатын болса, мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне зиян келтiретiн болса не сұрау салынатын Тараптың заңнамаларына немесе халықаралық мiндеттемелерiне қарсы оны қанағаттандырудан толық немесе жартылай бас тартылуы мүмкiн.
      2. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда Тараптар мемлекеттерiнiң орталық құзыреттi органдары бас тартудың себебiн көрсете отырып, ол туралы бiр-бiрiне жазбаша хабарлайды.

      10-бап

      1. Егер бұл ақпарат мәлiметтердiң жабық сипатта болса немесе берушi Тарап, оның жария болуын тiлемейтiн болса, Тараптардың орталық құзыреттi органдары ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Бұл тең дәрежеде техникалық құралдарға да, жабдықтар мен материалдарға да қатысты.
      2. Осы Келісiм шеңберiнде алынған ақпаратты, техникалық құралдарды, жабдықтар мен материалдарды үшiншi тарапқа беру қажет болған жағдайда оларды ұсынған орталық құзыреттi органдардың жазбаша келiсiмi талап етiледі.
      3. Тараптардың жеке тұлғалар туралы алған мәлiметтерi осы Келiсiммен белгiленген мақсаттарда ғана пайдаланылуы мүмкiн. Берушi Тарап мұндай мәліметтердiң дұрыстығын, сондай-ақ қажет болғанда тиiстi өзгерiстер мен толықтыруларды дер кезiнде берудi қамтамасыз етедi. Жеке тұлғалар туралы ақпараттарды қабылдау, тiркеу, сақтау, пайдалану және жою Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Барлық жағдайларда Тараптар деректердi бөгде адамдардың қол жеткiзуiнен, оларды санкциясыз өзгертуден, жоюдан немесе жариялаудан тиiмдi қорғауды қамтамасыз етедi.

      11-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiнде көзделген ынтымақтастыққа ықпал жасау және оны баға беру үшiн екi Тараптың да орталық құзыреттi органдарының баспа қызметкерлерi қатарынан Бiрлескен Комиссия құра алады. Комиссияның құрамы туралы Тараптар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы хабар бередi. Қажет болғанда Бiрлескен Комиссия өзi арнайы тағайындайтын сарапшыларды тарта алады. Комиссияның отырыстары қажеттiлiкке қарай жүргiзiп тұрады.
      2. Бiрлескен Комиссияның өкiлеттiлiктерi мен жұмыс тәртiбiн Тараптар

жеке келiсiмдер арқылы белгiлейтiн болады.
     12-бап
     1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында барлық байланыстар 
Тараптардың орталық құзыреттi органдарының арасында олардың Тарап 
мемлекеттерінің заңнамаларымен белгіленген құзыреттерiнiң шегiнде тiкелей 
жүзеге асырылатын болады.
     2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін мыналар орталық құзыреттi органдар 
болып табылады:
     Қазақстан Республикасы үшiн:
     - Бас Прокуратура,
     - Iшкi iстер министрлiгi,
     - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi,
     - Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi,
     - Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi,
     Литва Республикасы үшiн:
     - Iшкi iстер министрлiгi,
     - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Полиция департаментi,
     - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Шекара полициясы департаментi,
     - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Салық полициясы департаментi,
     - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Арнайы тергеу қызметi,
     - Қаржы министрлiгi жанындағы Кеден департаментi.


      3. Тараптардың әрқайсысы өздерiнiң орталық құзыреттi органдардың тiзбесiндегi өзгерiстер туралы басқа бiр Тарапқа дереу хабарлайды.

      13-бап

      1. Осы Келiсiмдi орындау жөнiндегi шығындарды Тараптар дербес олар өз мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi шекте көтередi.
      2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келiсiмнен туындайтын iс-қимылдарды жүзеге асыру үшiн бiрлескен шығындарды көтередi, ол әрбiр нақты жағдайда өзара тиiмдi келiсiмдермен рәсiмделедi.
      3. Өзара келiсiм бойынша Тараптар қажет болған жағдайда осы Келiсiмнiң 2-бабында айтылған қылмыстардың жолын кесу жөнiндегi нақты мiндеттердi шешу үшiн қажеттi жабдықтар мен материалдарды беру жөнiнде бiр-бiрiне ақысыз көмек көрсетуi мүмкiн.

      14-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру Тараптар орыс тiлiндегi аудармаларын қоса беру арқылы өздерiнiң мемлекеттiк тiлдерiн пайдаланады.

      15-бап

      1. Ынтымақтастықтың осы Келiсiмнiң ережелерiмен көзделген өзге де бөлiктерiн Тараптар немесе олардың уәкiлеттiк беруi бойынша орталық құзыреттi органдар жеке келiсiмдер арқылы белгiлей алады.
      2. Тараптардың келiсімi бойынша осы Келiсiмге өзгерiсi мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен рәсiмделедi.

      16-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты түсiнiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер және кеңесулер арқылы шешедi.
      2. Қажет болған жағдайда Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнiң тең санынан даулы мәселелердi реттеу жөнiндегi мiндеттер жүктелетiн келiсiм комиссиясы құрылады. Тараптардың өкiлеттi өкiлдерi қол қойған келiсiм комиссиясының мәжiлiс хаттамасын екi Тарапта орындауға қабылдайды.

      17-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттары бойынша мiндеттемелерін қозғамайды және Тараптарға ынтымақтастықтың өзге де өзара тиімді нысандарын әзiрлеу мен дамытуда бөгет жасамайды.

      18-бап

      1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi

мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны 
алған уақыттан бастап күшiне енедi.
     2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiреуi 
оның қолданысын тоқтату ниетi туралы басқа бiр Тарапты жазбаша хабардар 
еткенге дейiн күшiнде болады. Бұл ретте осы Келiсiм басқа бiр Тарап мұндай 
хабарламаны алғаннан кейiн алты ай өткеннен кейiн өз қолданысын тоқтатады.
     2000 жылғы 11 мамырдан Астана қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, 
литва және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
     Осы Келісiмдi түсiндiрудiң мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн 
пайдаланады.
     Қазақстан Республикасының               Литва Республикасының
          Yкiметi үшiн                           Үкіметі үшін
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады