Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Тiзбеге сәйкес ұйымдар Ақмола облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Ақмола облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртiппен, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген ұйымдарды тапсыру-қабылдау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды
жүзеге асырсын.
3. Ақмола облысының әкiмi Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгiленген тәртiппен, Ақмола облысының коммуналдық меншiгiне берiлген
ұйымдардың қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 19 қазандағы
N 1569 қаулысына
қосымша
Ақмола облысының коммуналдық меншiгіне берiлетiн ұйымдардың
ТIЗБЕСI
1. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Степногорск баспаханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсіпорны
2. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Жарқайың баспаханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
3. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Қорғалжын баспаханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
4. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Шортанды баспаханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
5. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Сандықтау баспаханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
6. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Есіл баспаханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
7. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Ерейментау баспаханасы"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
8. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Бұланды баспаханасы"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
9. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Аршалы баспаханасы"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
10. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Астрахан баспаханасы"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
11. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Атбасар баспаханасы"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
12. Республикалық Ақмола "Полиграфия" ӨБ-нiң "Ақкөл баспаханасы"
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.