Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасының Yкiметi арасындағы Экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N 1595

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасының

 

Yкiметi арасындағы Экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын

бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу

туралы келісімге қол қойылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасының Yкiметi 

   арасындағы Экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға

       қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы

                                   КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Молдова Республикасының Үкiметi,

     өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамалары мен халықаралық мiндеттемелерiн

басшылыққа ала отырып,


 
       экономикалық қылмыстар және салық заңдарын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге, өз мемлекеттерiнiң экономикалық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелердi тиiмдi шешудегі өзара мүдделiлiкке сүйене отырып,

 

     осы мақсаттарда барлық құқықтық және басқа да мүмкiндiктердi

пайдалануға зор маңыз бере отырып,

     төмендегілер туралы келiсті:


                                   1-бап

                            Келiсiмнiң тақырыбы


     1. Тараптардың құзыретті органдарының экономикалық қылмыстарға және

салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрестi тиiмдi ұйымдастыру

мақсатындағы ынтымақтастық - осы Келiсiмнiң тақырыбы болып табылады.

     2. Осы Келiсiм Тараптардың мемлекеттерi қатысушы болып табылатын

азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы

халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен

мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.


                                   2-бап

                                 Терминдер


     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн келесi терминдер мыналарды білдiредi:

     а) "құзыретті орган"

     - Қазақстан Республикасы үшiн - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

кiрiс министрлiгінiң Салық полициясы комитетi,


 
       - Молдова Республикасы үшiн - экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күреске байланысты қызметтi жүзеге асыруға құзыреттi Орган.
      Тараптардың құзыреттi органдарының ресми атауы өзгерген жағдайда, ол туралы бiр-бiрiне дереу жазбаша түрде хабарлайды.
      б) "салық заңдарын бұзушылықтар" - оларға қарсы күрес жүргiзу Тараптардың құзыреттi органдарына жүктелген салық заңдары саласындағы қылмыс және (немесе) құқық бұзушылықтар.
      в) экономикалық қылмыстар-экономика саласындағы қылмыстар.
 

                                   3-бап



                          Ынтымақтастық нысандары



 
 
       Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде мынадай ынтымақтастық нысандарын қолданады:
      - заңды және жеке тұлғалардың экономикалық қылмыстары және салық заңдарын бұзуы туралы ақпарат алмасу;
      - салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған шараларды өткiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл;
      - заңды және жеке тұлғалардың салық салуға байланысты құжаттарының куәландырылған көшiрмесiн тиiстi үлгіде ұсыну;
      - ұлттық салық жүйесi туралы, салық заңдарының өзгерiстерi мен толықтырулары туралы ақпарат, сондай-ақ салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiндегі әдiстемелiк ұсыныстармен алмасу;
      - салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күресте қолданылатын ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде тәжiрибе алмасу;
      - жұмысшы топтарын құруды қоса алғанда, ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелер жөнiнде қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру, өкiлдер алмасу және кадрлар оқыту;
      - салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес проблемалары жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзу.
      Тараптардың құзыретті органдары ұлттық заңдарды және өз мемлекетiнiң халықаралық мiндеттерiн басшылыққа ала отырып осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.
 

                                   4-бап



 
         Экономикалық қылмыстар және салық заңдарын бұзушылықтар туралы
                               ақпаратпен алмасу
 
      1. Экономикалық қылмыстар және салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу мына мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
      - салық заңдарын бұзушылар қолданған тәсiлдердi көрсете отырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуден табыстарын жасыруы;
      - заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және коммерциялық банктерде есепшот ашуы, сондай-ақ егер оларда салықтан жасырған сомалар бар деп есептейтiн негiз бар болса осы есепшот арқылы қаражат айналымы;
      - салық салу базасының мөлшерiн айқындау және салық заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалардан алынған салық сомасы, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге байланысты.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат, ақпарат ұсыну сұрау салынушы Тараптың ұлттық заңдары мен мемлекеттік мүддесiне қайшы келмейтiн жағдайда, бiр Тараптың құзыретті органына екiншi Тараптың құзыреттi органының сұрау салуы негізiнде берiледi.
      Егер Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы қолында бар ақпаратты екiншi Тараптың құзыреттi органы үшiн қажетті деп санаса, ол бұл ақпаратты жеке бастамасы бойынша беруi мүмкiн.
 

                                   5-бап



                               Шаралар өткiзу



 
 
       Экономикалық қылмыстардан және салық заңдарын бұзушылықтан сақтандыру, оларды анықтау және жолын кесу жөнiндегі iс-шараларды өткiзу кезiнде осындай заң бұзушылық жасаған немесе жасауы мүмкiн адамдарға қатысты Тараптардың құзыретті органдарының өзара iс-қимылы бiрлесiп жоспарлауды, осы iс-шараларды өткiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды қамтиды.
 

                                   6-бап



 
                          Құжаттардың көшiрмесiн ұсыну
 
      Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне сұрау салу арқылы заңды және жеке тұлғаларға салық салуға қатысты құжаттардың (есепшоттар, фактуралар, жүк құжаттар, шарттар, келiсiм-шарттар, сертификаттар, анықтамалар және басқалар), сондай-ақ салық заңдарының бұзылуына қатысы бар мәселелер бойынша құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      Құжаттардың көшiрмелерi уәкiлеттi тұлғаның қолымен және сұрау салушы құзыреттi органының мөрiмен куәландырылады.
 

                                   7-бап



 
                     Құқықтық сипаттағы материалдармен алмасу
 
      Тараптардың құзыреттi органдары ұлттық салық жүйесi, экономикалық қылмысқа тергеу жүргiзудiң құқықтық негiздерi және салық заңдары саласындағы әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша өндiрiс туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады, жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан немесе қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей салық заңдарындағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
 

                                   8-бап



 
                     Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi
                           бойынша ынтымақтастық
 
      Тараптардың құзыреттi органдары экономика саласындағы қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрестi ұйымдастыру кезiнде ақпараттық жүйелердi құру мен олардың жұмыс iстеуiне қатысты мәселелер бойынша тәжiрибе, әдiстемелер және ғылыми материалдармен алмасуды жүзеге асырады.
 

                                   9-бап



 
              Кадрлар даярлауда тәжiрибе алмасу және көмек көрсету
 
      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң оқу орындарының базаларында кадрларды оқыту мен қайта даярлауда, экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрестiң көкейкестi мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулердi, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзуде ынтымақтасады, сондай-ақ сарапшылармен алмасады.
      Осы баптың шеңберiндегi ынтымақтастықты iске асырудың нақты нысандары, атап айтқанда, оны қаржыландыру Тараптардың құзыреттi органдарының арасында жасалатын тиiстi келiсiмдермен айқындалады.
 

                                   10-бап



 
                        Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
 
      1. Ақпарат алуға сұрау салу жазбаша немесе мәтiн берудiң техникалық

 

құралдарын пайдалану арқылы берiлуi тиiс.

     Кейiнге қалдыруды көтермейтiн жағдайларда телефон байланысы арқылы

ауызша қабылдануы мүмкiн, алайда ол кiдiрiссiз жазбаша түрде расталуы тиiс.

     Мәтiндi беруде техникалық құралдарды пайдаланған кезде, сондай-ақ

алынған сұрау салудың растығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған

жағдайда сұрау салушы құзыреттi орган жазбаша нысанда расталуын сұрай

алады.

     2. Ақпарат алуға арналған сұрау салуда:

     - сұрау салушы құзыреттi органның атауы;

     - сұрау салынған құзыреттi органның атауы;

     - сұрау салудың қысқаша мазмұны және оның негiздемесi;

     - сұраудың орындалуы үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер болуға тиiс.

     Бұған қоса қылмыстық iстер бойынша ақпарат алуға арналған сұрау

салуда:

     iс жүзiндегi мән-жайдың қысқаша сипаттамасы;

     сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес қылмыстың

саралануы;

     келтiрiлген зиянның мөлшерi көрсетiледi.



                                   11-бап



                           Сұрау салудың орындалуы



 
 
       1. Сұрау салу орындалуы үшiн кiдiрiссiз қабылданады. Сұрау салынған құзыреттi орган, егер бұл сұрау салуды орындау үшiн қажет болса, нақтылау тәртiбiмен қосымша ақпарат сұрай алады.
      2. Сұрау салуды орындауға мүмкiн болмаған жағдайда құзыреттi орган сұрау салушы құзыреттi органға ол туралы кiдiрiссiз хабарлайды.
      Сұрау салынған құзыретті орган, егер бұл мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн болса, не оның заңдарына қайшы келсе, сұрау салуды орындаудан бас тартуға құқылы.
      Сұрау салуды орындаудан бас тарту себептерi туралы сұрау салушы құзыреттi орган 10 күн iшiнде хабардар етiледi.
 

                                   12-бап



 
                   Сұрау салуды орындау кезiндегi өзара iс-қимыл
 
      Сұрау салынған құзыретті орган сұрау салушы құзыреттi органның уәкiлеттi өкiлдерiне, егер бұл оның мемлекетiнiң заңдарына қайшы келмесе, өз мемлекетiнiң аумағында сұраудың орындалуына қатысуға рұқсат етуi мүмкiн.
 

                                   13-бап



                                    Тiлi



 
 
       Ақпаратты алуға арналған сұрау салу және оған берiлетiн жауап орыс тiлiнде әзiрленедi.
      Сұрау салу басқа тiлде орындалған жағдайда оған орыс тiлiндегі куәландырылған аудармасы қоса берiледi.
 

                                   14-бап



                           Ақпараттарды пайдалану



 
 
       Тараптардың құзыреттi органдары экономика саласындағы қылмыстарды және салық заңдарын бұзушылықтан сақтандыруға, оларды анықтауға және жолын кесуге байланысты мәселелер жөнiндегі ақпараттардың құпиялығына кепiлдiк бередi.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат осы ақпаратты берген құзыреттi органның жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берiлмейдi.
 

                                   15-бап



                                  Шығыстар



 
 
       Тараптардың құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң аумағында осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығыстарды көтередi. Қосымша шығындарды талап ететiн сұрау салу алынған жағдайда оларды қаржыландыру туралы мәселенi өзара уағдаластық бойынша Тараптардың құзыреттi органдары қарайды.
      Жоспарланған кездесу кезiнде, басқа жазбаша уағдаластық болмаса, қабылдаушы құзыреттi орган өз мемлекетiнiң аумағында басқа құзыреттi органның делегациясын қабылдауға байланысты барлық шығындарды төлейдi, ал жiберушi құзыреттi орган жолақы төлемi бойынша делегация мүшелерiнiң шығындарын өтейдi.
      Кезектен тыс кездесулер өткiзген жағдайда оның бастамашысы болып табылатын құзыреттi орган барлық шығыстарды өзiне алады.
 

                                   16-бап



 
                         Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
 
      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын және жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 

                                   17-бап



                          Даулар мен келiспеушiлiктер



 
 
       Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлетiн болады.
 

                                   18-бап



 
                   Келiсiмдi iске асыру бойынша одан арғы шаралар
 
      Тараптардың құзыретті органдары, қажет болған жағдайда, осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткізедi.
 

                                   19-бап



 
                Келiсiмнiң күшiне енуi және оның қолданысын тоқтату
 
      Осы Келiсiм толық күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енеді және осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың бiрi алған

 

күннен бастап алты ай аяқталғаннан кейiн күшiн жоғалтады.


     _________________ қаласында, 2000 жылғы "___"_________________, екi

түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, молдован және орыс тiлдерiнде жасалды

және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтіндi ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының                Молдова Республикасының

           Yкiметi үшiн                             Үкіметі үшін



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады