Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Испания Корольдiгiнiң Yкіметi арасындағы Бiлiм және мәдениет саласындағы 2000-2003 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1606

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Испания Корольдiгiнiң Yкіметi арасындағы Бiлiм және мәдениет саласындағы 2000-2003 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Испания Корольдiгiнiң Үкiметi арасында Бiлiм және мәдениет саласындағы 2000-2003 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жасасуға өкiлеттiк берілсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


 
 
             Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Испания Корольдiгiнiң
            Үкiметi арасындағы Бiлiм және мәдениет саласындағы 2000-2003
                    жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы
 
      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Испания Корольдiгiнiң Үкiметi,
      Тараптар мемлекеттерi арасындағы мәдениет және бiлiм саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықылас және өзара мүдделiлiктi бiлдiре отырып,
      бiрлескен жобаларды, мәдени алмасуларды жүзеге асыру Тараптар мемлекеттерi арасындағы достықты нығайтуға септiгiн тигiзетiнiне сене отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi арасындағы Мәдениет, бiлiм және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 27 қазанындағы келiсiм шеңберiнде белгiленген байланыстарды нығайту мақсатында,
      төмендегi туралы келiстi:
 
                        І. Бiлiм саласындағы ынтымақтастық
 

                                   1 бап



 
       Тараптар бiлiм саласында төмендегi бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытады және ынталандырады:
      а) Тараптар мемлекеттерiндегi бiлiм беру жүйесiне, оқытудың жаңа әдiстемелерiне, педагогикалық әдебиеттер мен бiлiм туралы жарияланымдар туралы алмасуларға қатысты ақпарат алмасу;
      б) жоғарғы оқу орындары арасындағы тiкелей алмасулар;
      в) жоғарғы оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттары мамандарымен алмасу (жылына 3 адам);
      г) филология саласында сарапшылар алмасу (жылына 2 адам).
 
                          II. Бiлiм беру бағдарламалары
 

                                   2 бап



 
       Қазақстан тарабы Бағдарлама барысында Испания Корольдiгiнiң жоғарғы бiлiмi бар азаматтарына төмендегiдей бiлiм беру бағдарламаларын ұсынады.
      а) Жыл сайынғы негiзде испан тарабына Қазақстан Республикасының оқу және ғылым ұйымдарында бiр академиялық жылға қазаннан маусымға дейiн зерттеу жұмыстарын жүргiзуге немесе стажировкаға екi (2) бiлiм беру курстарын;
      б) Жыл сайынғы негiзде Қазақстан Республикасының оқу және ғылым ұйымдарындағы стажировкаларға бiр академиялық жылдан артық кезеңге бiлiм беру курстарын.
 

                                   3 бап



 
       Испан тарабы Бағдарлама барысында Қазақстан Республикасының жоғарғы бiлiмi бар азаматтарына төмендегiдей стипендиялар ұсынады:
      а) Бiр академиялық жылға зерттеу жұмыстары бойынша немесе Испания Корольдiгiнiң бiлiм және ғылым ұйымдарында стажировкаға екi (2) стипендия. Әр стипендия бiр немесе бiрнеше грант иелерiне, ең кемi үш (3) айға немесе ең ұзағы тоғыз (9) айға қазаннан маусымға дейiнгi кезеңге арналған;
      б) Мадридтегi Испан жазғы мектебiнде маусымда шетелдiктер үшiн испан тiлi мен мәдениетiн зерттеу курсына қатысу үшiн екi (2) бiр айлық стипендия. Курстарды Испания Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрлiгi және Мадридтiң Комплутенсе Университетi ұйымдастырады;
      в) Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдiгiнiң Елшілiгi арқылы

 

мәдени және ғылыми байланыстар жөнiндегi Бас Директораты ұсынатын шетелдiк

мамандар үшiн Испания Корольдiгiнiң тарихы, әдебиетi және мәдениетi

салаларындағы зерттеулiк жұмыстарға стипендиялар;

     г) Мадридтегi Дипломатиялық мектепке Халықаралық қатынастар жөнiндегi

курстарға Қазақстандық үмiткерлер үшiн, егер олар оқуға түсуге қойылатын

талаптарға жауап берсе, стипендиялар.


                    ІІІ. Мәдениет саласындағы ынтымақтастық


                                   4 бап

     Тараптар:

     а) Тараптар мемлекеттерi аумақтарында мәдени шаралар мен көрмелер

өткiзуге жәрдемдесетiн;

     б) Тараптар мемлекеттерiнiң құзырлы органдары арасында кәсiби өнер

саласында ынтымақтастықты дамытатын;


 
       в) Тараптардың бiреуi өткiзетiн бейнелеу өнерi мен өнердiң орындаушылық түрлерi, әдебиет, мұрағат iсi, кiтапхана iсi, кинематография саласындағы мәжiлiстерге испандық және қазақстандық мамандардың өзара қатысуларын ынталандыратын болады.
 

                                   5 бап



 
       Тараптар мәдениет апталықтарын Тараптар мемлекеттерi аумақтарында, киноға зор маңыз бере отырып, өзара өткiзуге жәрдемдеседi.
 

                                   6 бап



 
       Тараптар барлық салаларда интеллектуалдық меншiкке авторлық құқықты және аралас құқықты қорғау жөнiндегi ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
 

                                   7 бап



 
       Испан тарабы испан авторларының ғылыми және әдеби жұмыстарын олардың ана тілдерiне аудару және жариялау жөнiндегi Баспаларға көмек бағдарламасы туралы ақпаратты ұсынады. Бұл көмек мәдениет жөнiндегi Испан Мемлекеттiк Секретариаты арқылы жүзеге асырылады.
 

                                   8 бап



 
       Тараптар мұрағаттық құжаттар саласындағы ынтымақтастықты төмендегi бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      а) мұрағаттық құжаттарды жүргiзу саласында тәжiрибе алмасу;
      б) жарияланымдар алмасу (жол көрсеткiштер, каталогтар, мүкәммалдық парақтар және т.б.);
      в) мәдени мұраның бөлiгi болып табылатын құжаттарды сақтау, қалпына келтiру және микрофильмдеу;
      г) Тараптардың тиiстi мұрағат қызметтерiмен келiсiлген тақырыптар бойынша мұрағат құжаттарының көрмелерiн ұйымдастыру.
 

                                   9 бап



 
       Кiтап шығару және кiтап тарату мәселелерiмен айналысатын мекемелер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Тараптардың Ұлттық кiтапханалары:
      а) библиографиялық ақпарат және құжаттарға жол ашу саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      б) кiтапханаларда жаңа ғылыми технологияларды қолдану жөнiнде тәжiрибе алмасуды жүзеге асырады;
      в) Испан Ұлттық кiтапханасына қазақстан авторларының Испания туралы шығармаларын, сондай-ақ Қазақстанда жарияланған испан және латын америка авторлары шығармаларының аудармаларын сатып алуға жәрдемдеседi;
      г) библиографиялық ақпарат және құжаттарға жол ашу саласында, сондай-ақ кiтапханаларда жаңа технологияларды қолдану жөнiнде тәжiрибе алмасудағы ынтымақтастыққа ұйтқы болады, ол үшiн осы Бағдарламаның жұмыс iстейтiн кезеңiнде испан тарабы испан тiлiн бiлетiн бiр кiтапханашыны Испания Корольдiгiнiң Ұлттық кiтапханасына, ал қазақстан тарабы қазақ немесе орыс тілiн бiлетiн бiр кiтапханашыны Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасына шақырады.
 

                                    10 бап



 
       Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес Тараптардың мемлекеттiк және көпшiлiк кiтапханалары арасында ортақ тарихи-мәдени маңызы бар репродукциялармен және микрофильмдермен алмасуды жүзеге асырады.
 

                                   11 бап



 
       Тараптар:
      а) мемлекеттiк мұражайлар арасында ақпарат және құжаттар алмасуды жүзеге асыруға жәрдемдесетiн;
      б) жаңа технологияларды қолдану жөнiндегi ынтымақтастыққа және тәжiрибе алмасатын;
      в) Тараптар мемлекеттерiнiң бiрi өздерi ұйымдастырған стажировкалар туралы хабардар ете және оларға қатысуға мүмкiндiк жасай отырып, мұражай iсi саласында мамандарды оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын болады.
 

                                   12 бап



 
       Тараптар тарихи мұраларды зерттеу саласында осы салада ақпарат, мамандардың жарияланымдарын алмасу жолымен, сондай-ақ тарихи мұраларды сақтау және қалпына келтiруге қатысты жүзеге асырылатын кез келген қызмет туралы ақпарат алмасуда әрекеттестiк жасайды.
      Испания тарихи мұралар институты қазақстан тарабына мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi курстарға қатысуға мүмкiндiктер ұсынады.
 
                         IV. Жалпы және қаржылық ережелер
 

                                   13 бап



 
       Тараптар:
      а) қызметтiң түрлерi және мәдени алмасу Тараптар мемлекеттерi бюджеттерiнiң шектеулерiне сәйкес шектелетiндiгiне;
      б) осы Бағдарламада көрсетiлген мәдени алмасулар Тараптардың дипломатиялық арналары арқылы келiсулерi мүмкiн басқа да қызмет түрлерiн, сапарлар мен ұсыныстарды жоққа шығармайтындығына;
      в) көрсетiлген барлық сомалар Тараптардың мемлекеттiк бюджеттерiнде қарастырылған қаражаттарға сәйкес жыл сайын өзгеруi мүмкiн екендiгiне кепiлдiк бередi.
 

                                   14 бап



 
       Қазақстан тарабы Қазақстан Республикасының қабылдаушы жоғарғы оқу орнының қаражатынан бiлiм алып жүрген испан азаматтарына зерттеу жұмыстарын жүргiзуге 10000 (он мың) теңге және аспирантурада оқуға 14000 (он төрт мың) теңге көлемiнде ай сайынғы ақшалай қаржы төлемiн, сондай-ақ дәрiлерге, стоматологиялық қызмет көрсетуге және созылмалы ауруларды профилактикалық емдеуге төлемдер шығыстарына таратылмайтын медициналық сақтандыруды қамтамасыз етедi.
      Балама вариант ретiнде қабылдайтын оқу орнының отбасында тұруға жағдай жасауға мүмкiн.
      Испан үмiткерлерiнiң сауалнамалары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне 25 сәуiрге дейiн жiберiледi. Ұсынылған үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi соңғы шешiмдi қазақстан тарабы қабылдайды.
 

                                   15 бап



 
       Испан тарабы ұзақ мерзiмдi гранттарға ай сайын тоқсан жетi мың бес жүз песет (97,500) ұсынады, жетi (7), сегiз (8) және тоғыз (9) айларға ең iрi мөлшердегi стипендия жүз мың песет (100,000) бөлiнедi. Жетi (7) айдан кем мерзiмге бөлiнетiн гранттарға стипендиялар бөлiнбейдi. Барлық гранттар дәрiлерге, стоматологиялық қызмет көрсетуге және созылмалы ауруларды профилактикалық емдеуге төлемдер шығыстарына таратылмайтын медициналық сақтандырулармен қамтамасыз етiледi.
 

                                   16 бап



 
       Жазғы курстар бойынша испан тарабы құрамына Мадридтегi дипломатиялық мектептiң Испан жазғы мектебiнде шiлде айында курста тегiн оқу, бөлме немесе университет пансионатындағы жиhаздалған бөлме, демалыс күндерiндегi кешкi астарға, жексенбi күнi тамақтануға, мерекелерге, сондай-ақ дәрiлерге, стоматологиялық қызмет көрсету және созылмалы ауруларды профилактикалық емдеуге төлем шығыстарына таратылмайтын медициналық сақтандыру енетiн жиырма екi мың бес жүз (22,500) песет жыл сайынғы грант ұсынады.
      Қазақстандық үмiткерлердiң сауалнамалары Испания Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрлiгiне 31 наурызға дейiн ұсынылуы керек. Гранттар алуға ұсынылған үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi соңғы шешiмдi испан тарабы қабылдайды.
 

                                   17 бап



 
       Бағдарламаның барлық жағдайларында, егер басқа келiсiмге қол жеткізiлмесе, жiберушi тарап екi бағытқа да көлiк шығыстарын өтейдi. Қабылдаушы тарап жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында мемлекет iшiндегi барлық көлiк шығыстарын жабуға тиiстi.
 

                                   18 бап



 
       Алмасу бағдарламасының барлық жағдайларында испан тарабы екi (2) аптадан кем емес сапар уақытына көлемi (13,000) он үш мың песет болатын тәулiктiк қаржылай жәрдемақы, сондай-ақ дәрiлерге, стоматологиялық қызмет көрсету және созылмалы ауруларды профилактикалық емдеуге төлем шығыстарына таратылмайтын медициналық сақтандыру бередi.
 

                                   19 бап



 
       Алмасу бағдарламасының барлық жағдайларында қазақстан тарабы испан сарапшыларының Қазақстан Республикасындағы жүрiп-тұруын, көлiк шығындарын жабады және кейбiр жағдайларда дәрiлерге, стоматологиялық қызмет көрсету және созылмалы ауруларды профилактикалық емдеуге төлем шығыстарына таратылмайтын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етедi.
 

                                   20 бап



 
       Жiберушi тарап дипломатиялық арналар арқылы жоспарланған сапарға төрт ай бұрын жiберiлетiн сарапшыларға, әртiстерге қатысты төмендегiдей ақпарат жiбередi:
      а) жiберiлетiн тұлғалардың аттары, бiлiмдерi туралы мәлiметтер, төлқұжаттар нөмiрлерi, шетел тiлдерiн меңгерулерi және қабылдаушы Тарап талап еткен барлық ақпаратты;
      б) келу мақсаты (қызмет немесе оқу бағдарламасы) және алмасу iске асырылатын Бағдарлама бабы;
      в) келуiне екi апта қалғанға дейiн келудiң нақты күнiн көрсетiп, сапар мерзiмiн.
 
                             V. Қорытынды ережелер
 

                                   21 бап



 
       Тараптардың өзара уағдаласулары бойынша осы Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Бағдарламаның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
 

                                   22 бап



 
       Осы Бағдарлама Тараптардың, олар жасаған басқа халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
 

                                   23 бап



 
       Осы Бағдарламаның ережелерiн түсiндiру мен қолдануға байланысты

 

таластар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды

келiссөздер және консультациялар арқылы шешетiн болады.

     Осы Бағдарлама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 3 жыл

мерзiмге жасалған.

     _________________ қаласында 2000 жылғы "___"_________________ екi

түпнұсқа данада қазақ, испан, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды және

барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Бағдарламаның ережелерiн түсiндiруде

келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегi мәтiндi

басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасының                   Испания Корольдiгiнiң

          Yкiметi үшiн                                Үкіметі үшін






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады