Арыс қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 187 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 553 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 187 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5629 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 21 мамырда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2, 3 тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қуандыққа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г. Құрманбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады