Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына келтіру жобасын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1612

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылатын "Алматы қаласының әкiмi аппаратының күрделi құрылыс кәсiпорны" (бұдан әрi - "Заемшы") коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының мемлекеттiк емес заемы қаражатының есебiнен қаржыландырылатын Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына келтiру жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      кредиторларға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер беретiн лимит шегiнде тартылатын мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелердi Заем алушының орындауын қамтамасыз етуi ретiнде жиыны 15000000 (он бес миллион) АҚШ доллары сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
      заемшылармен көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi берумен байланысты туындайтын мiндеттемелердi қамтамасыз ету туралы тиiстi келiсiм жасассын.
      3. Заемшы заңнамада белгiленген тәртiппен:
      мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етсiн;
      көрсетiлген заемды өтеуге және қызмет көрсетуге арналған қаражатты 2001 жылдан бастап, жергiлiктi бюджетке енгiзу жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемесiн ұсынсын.
      4.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963
               қаулысымен. P001963_
      5. "Азаматтық авиация қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар

 

және "Эйр Қазақстан топ" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 желтоқсандағы N 1904 


P991904_



қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 539-құжат):

     5-тармақ алынып тасталсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады