Мұнай өңдеу саласына мемлекеттің ықпал ету ролін күшейту және мұнай өнімдері ішкі рыногының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ММГ" ААҚ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Павлодар мұнай химия зауыты" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ПМХЗ" ЖАҚ) жарғылық капиталының 49 пайызы мөлшеріндегі акцияларын беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен берілетін акциялар пакетіне меншік құқығын ресімдесін;
2) меншік құқығы ресімделгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген акциялардың мемлекеттік пакетін сатып алу және кепілге беру құқығынсыз "Мұнай-Импэкс" жабық акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына "ПМХЗ" ЖАҚ-ы жарғылық капиталының 49 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін беруді жүзеге асырсын.
Ескерту. 2-тармақша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.15. N 1723
қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.