"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңының 16-бабына және "Жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 маусымдағы N 862 P000862_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жалақы төлеу бойынша 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайда болған және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген кредиторлық берешекті өтеуге 142971500 (бір жүз қырық екі миллион тоғыз жүз жетпіс бір мың бес жүз) теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне 103934500 (бір жүз
үш миллион тоғыз жүз отыз төрт мың бес жүз) теңге;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 39037000 (отыз
тоғыз миллион отыз жеті мың) теңге бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер
министрлігі белгіленген тәртіппен жалақы төлеу бойынша көрсетілген
кредиторлық берешекті өтеу үшін есеп айырысулар жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.