Сауд Арабиясы Корольдiгi Премьер-Министрiнiң орынбасары, Қорғаныс және авиация министрi, Бас инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзiз Әл Саудтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау мен өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1618

      Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң арасындағы екiжақты ынтымақтастықты нығайту және Премьер-Министрдiң орынбасары, Қорғаныс және авиация министрi, Бас инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзiз Әл Саудтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау мен өткiзу жөніндегi ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы Iстер министрлігі Сауд Арабиясы Корольдiгi Премьер-Министрiнің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрi, Бас инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзiз Әл Саудтың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 31 қазан - 3 қарашадағы ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсiн.
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келiсiм бойынша) Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру, оларға қызмет көрсету және көлiкпен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Сауд Арабиясы Корольдігі ресми делегациясы мүшелерінің тұратын және болатын орындарында, сондай-ақ олардың жүру бағыттарында қауіпсіздігін және бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Премьер-Министрдің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудтың арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтардың қонуын, ұшуын, оларға техникалық қызмет көрсетілуін, тұрақ берілуін және жанармай құйылуын қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімі Сауд Арабиясы Корольдігінің ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Премьер-Министрдің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудты Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.
      9. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім

 

бойынша) Сауд Арабиясы Корольдігі ресми делегациясының күзетілетін

тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

     10. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                  Қазақстан Республикасы

                                                       Үкіметінің

                                                  2000 жылғы 27 қазанда

                                                     N 1618 қаулысына

                                                          қосымша


         Сауд Арабиясы Корольдігі ресми делегациясының мүшелерін

       орналастыру және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру       

                                 іс-шаралары



 
       1. Сауд Арабиясы Корольдігі ресми делегациясының мүшелерін (1+18) Астана қаласында "Астана-Интерконтиненталь" қонақ үйінде, сондай-ақ бірге жүретін адамдарды Астана қаласында орналастыру, тамақтандыру және көлікпен қамтамасыз ету.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін "Астана-Интерконтиненталь" қонақ үйінде орналастыру.
      3. 2000 жылғы 31 қазан - 3 қарашада сапарды өткізуге жұмылдырылған адамдар үшін ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
      4. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      5. Сауд Арабиясы Корольдігі делегациясының басшысы үшін кәдесыйлар мен сыйлықтар сатып алу.
      6. Сауд Арабиясы Корольдігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу рәсімдерін техникалық безендіру (VIР-зал, сусындар, шай, жалаулар, Астана қаласында делегацияның жүру бағыты бойынша қазақ және араб тілдерінде қошеметтеу транспаранттары), сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудтың Қазақстан Республикасына ресми сапарының жоспарына сәйкес ұйымдастыру-протоколдық іс-шараларын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан және

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қ.К. Тоқаевтың атынан

Премьер-Министрдің орынбасары Қорғаныс және авиация министрі, Бас

инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудтың құрметіне Астана

қаласында ресми түскі қонақ астарын ұйымдастыру.

     8. Премьер-Министрдің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас

инспектор Ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудтың ресми делегациясының

мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады