Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарын дайындау мен өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 қараша N 1655

      Қазақстан Республикасы мен Пәкстан Ислам Республикасы арасындағы екiжақты ынтымақтастықты нығайту және Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарын дайындау мен өткiзу жөнiндегі ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі Пәкстан Ислам Республикасы Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 6-7 қарашадағы жұмыс сапарын дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша):
      2-қосымшаға сәйкес сапарды өткiзуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн;
      Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру және қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясы мүшелерiнiң тұратын және болатын жерлерде қауіпсiздiгін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Пәкстан Ислам Республикасы Атқарушы өкiмет басшысының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтың қонуын, ұшуын, оған техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ берудi және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Астана қаласының әкiмi:
      Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      Астана қаласы бойынша таныстыру экскурсиясын ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысын күтіп алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм

 

бойынша) Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясы күзетілетiн

тұлғаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.

     9. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсiн.

     10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                 Қазақстан Республикасы

                                                      Yкiметінiң

                                                2000 жылғы 2 қарашадағы

                                                   N 1655 қаулысына

                                                       1-қосымша


          Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн

       орналастыру және қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Ресми делегация мүшелерiн (1+4) Астана қаласындағы "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды орналастыру, тамақтандыру және көлiктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу, 2000 жылғы 6-7 қараша.
      4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      5. Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясының басшысы үшiн кәдесыйлар мен сыйлық сатып алу.
      6. Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIР-зал, сусындар, шай, Астана қаласының әуежайындағы жалаулар), сондай-ақ Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарының бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын дайындау мен

 

өткiзудi қамтамасыз ету.

     7. Ел басшылығының атынан Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы

өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың құрметiне Астана қаласында ресми түскi

ас ұйымдастыру.

     8. Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiмен бiрге

жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады