Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы, "Мабетекс-Сиагас" пен "Мабетекс проджект инжиниринг СА" консорциумы, "Мабко" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестігi арасындағы 1997 жылғы 10 қыркүйекте жасалған келісiм бойынша қаржылық мiндеттемелердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты несиелендiру бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен несие берушiлер ұсынған шоттарға сәйкес 2000 жылғы 22 қыркүйекте төленуге тиесiлi 3 050 000 (үш миллион елу мың) АҚШ доллары мөлшерiндегi негiзгі борыштың сомасын өтеудi, 444 400 (төрт жүз қырық төрт мың төрт жүз) АҚШ доллары мөлшерiндегi сыйақыны төлеудi, сондай-ақ, кейiннен, жоғарыда көрсетiлген төлемдер кешiктірiлген жағдайда айыппұл
пайызын төлеудi жүзеге асырсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгіне жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.