Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Солтүстік Қазақстан облысының
Булаев ауданын қайта атау туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданын
қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының
9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы
болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.