"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша N 1728

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                               Жоба



 
                     "Темір жол көлігі туралы"
 
                  Қазақстан Республикасының Заңы
 
      Осы Заң тасымалдаушылар, теміржол көлігі ұйымдары, жолаушылар, жөнелтушілер, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, мемлекеттік органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар арасында теміржол көлігімен жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждары мен почта тасымалдарын жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді.
 
                    1-тарау. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат
      1. Теміржол көлігіндегі мемлекеттік саясат тұрғындардың, мемлекет экономикасының, қорғанысының тасымалдардағы қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға жағдай жасауға бағытталды, мына қағидаларды ұстануға тиіс:
      1) көлік рыногының барлық субъектілерінің теміржол көлігі қызметіне тиімді және еркін қол жеткізуі;
      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғауы;
      3) тасымалдардың барлық қатысушыларына құқықтық және экономикалық кепілдіктің бірыңғай стандартын қолдануы;
      2. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары:
      1) тасымалдарды дамыту;
      2) тасымалдардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;
      3) темір жол көлігінде қолайлы тарифтік, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;
      4) теміржол көлігінде кәсіпкерлік еркіндігін және тасымалдаушылар мен теміржол көлігі ұйымдарының шаруашылық қызметіне мемлекет органдарының заңсыз араласпауын қамтамасыз ету;
      5) бәсекелестікті дамыту, соның ішінде халықаралық тасымалдар саласында;
      6) магистралды темiржол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;
      7) қоршаған ортаны қорғау;
      8) темiржол көлiгiн әскери даярлыққа жұмылдыру қабiлеттiгiне және әскери тасымалдарды орындауға тұрақты даяр болуына қолдау көрсету;
      9) темiржол көлiгiнiң мұқтажы үшiн импорт алмастыру өндiрiсiн дамытуға қолдау көрсету.
      3. Темiржол көлiгiн дамытуға мүмкiндiк туғызатын мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқарудың уәкiлетті органына және олардың құзырына сәйкес басқа мемлекеттiк органдарға жүктеледi.
 
      2-бап. Негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар қолданылады:
      1) багаж - жөнелтушiнiң жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы 200 килограмнан аспайтын мүлiк;
      2) тармақ иеленушi - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негізде темiржолдың кiреберiс жолдарын иеленушi тұлға;
      3) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлiктер (бұйымдар, заттар, пайдалы қазбалар, материалдар және өзгелер);
      4) жүк багажы - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы 200 килограмнан артық мүлiк;
      5) жүк жөнелтiлiмi - темiржолдық көлiктiк бiр жүк құжаттамасымен тасымалдауға тапсырылатын жүк партиясы;
      6) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында аталған жүк жөнелтушi тұлға;
      7) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында аталған жүк алушы тұлға;
      8) темiр жолдар - олар бойынша жылжымалы құрамның жүруi іске асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi: магистралдық, станциялық, кiреберiс жолдар (тар және кең табан жолдар);
      магистралдық жолдар - республика аймақтары арасында және басқа мемлекеттермен темiржол қатынасын қамтамасыз ететiн темiр жол;
      станциялық жолдар - кiреберiс жолдардан басқа темiржол станцияларының шекарасындағы темiр жолдар;
      кiреберiс жолдар - жекелеген жүк жөнелтушi мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және магистралды, станциялық, сондай-ақ басқа да кiреберiс жолдармен жанасатын темiр жол.
      9) темiржол қатынасы - жөнелтiлген және белгiленген бекеттер арасында мына түрлердi қосқанда темiржол көлігімен жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждары мен почтаны тасымалдау:
      халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi арасындағы және Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
      республикалық - Қазақстан Республикасы шегiндегі тасымал;
      қала маңындағы - қала iшiндегі және ара қашықтығы 150 километрден аспайтын қала маңындағы жолаушылар тасымалы;
      10) темiржол көлігі - темiржолдар арқылы тасымалдау қажеттiлiгін қамтамасыз ететiн көлiктің түрi;
      11) темiржол көлiгiнiң жерлерi - темiржолдар, құрылыстар, желілік-жолдық және басқа ғимараттар мен темiржол станциялары, қорғағыш ағаштар және жол құрылғылары орналасқан жер учаскелерi;
      12) клиент - жасалған шартқа сәйкес темiржол көлiгi ұйымдарының қызметiн пайдаланатын тұлға;
      13) магистралды темiржол желiсi - магистралды жолдарды пайдалануды қамтамасыз етуге қажеттi магистралды жолдарды, электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс объектiлерiн қоса алғандағы магистралды темiржол инфрақұрылымы;
      14) аз пайдаланылатын жолдар - тасымалдау көлемi аз магистралды жолдың тұйық немесе салыстырып қарағанда қысқа қосу учаскелерi;
      15) Ұлттық темiржол компаниясы - магистралды жолдар арқылы тасымалдау қызметiн ұйымдастыру үшiн құрылған ұйым, оның меншiк иесi мемлекет болып табылады;
      16) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерге байланысты тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын орындауда және сақтау кезiнде жарылысқа, өртке немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына, улануына, күйюiне немесе ауруына себеп болатын, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiретiн жүктер;
      17) магистралды темiржол желiсiнiң операторы - магистралды жолдар бойынша тасымалдау үдерiсiн басқаруды жүзеге асыратын тұлға;
      18) темiржол көлiгінiң ұйымы - магистралды темiржол желiсi тасымалдаушысы және/немесе операторы ретiнде кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ темiржол жолын иеленушi тұлға;
      19) жөнелтушi - багажды, жүк багажын немесе почтаны жөнелтушi әрi тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      20) қорғалатын аймақтар - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темiржол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң төзiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;
      21) жолаушы - жол жүру құжаттары бар және поезда жол жүретiн тұлға;
      22) тасымалдаушы - меншiгiндегi (жалға алған) жылжымалы құраммен тасымалдарды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      23) тасымалдау құжаттары - ресiмдеу жолымен тасымалдау шарттары (көлiктiк темiржол жүк Құжаттамасы, жол жүру құжаты (билет), багаждық және жүк багаждық түбiртек) жасалатын құжаттар;
      24) тасымалдау үдерiсi (тасымалдарды жүзеге асыруда орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялардың жиынтығы;
      25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багаждар мен жүк багаждарын тасымалдауға, сондай-ақ темiржол көлiгiн қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған темiржолдармен қозғалысты жүзеге асыратын тартқыш, өздерi жүретiн және көлiк құралдарының жиынтығы;
      26) алушы - багаж, жүк багажын немесе почтаны алатын және тасымалдар құжаттарында аталған тұлға;
      27) тасымалдар ережелерi - жолаушыларды, жүктердi, жүк багаждарын және почта тасымалдарын жүзеге асыруда темiржол көлiгi ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер;
      28) қол жүгi - салмағы және көлемi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын ақысыз жолаушының өзiмен тасымалданатын жеке заттары;
      29) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк багажы - жарамдылық мерзiмi қысқа және ерекше сақтау жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк багажы;
      30) арнайы тасымалдар - мемлекет және қорғаныс мұқтажына арналған арнайы жүктердi тасымалдау;
      31) тасымалдылық мерзiмi - тез бүлiнетiн жүктiң, багаждың, жүк багажының сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлгендей жолда болуының ең ақырғы мерзiмi;
      32) темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы - белгiленген құзырет шегiнде мемлекеттiк саясатты және стратегияны жүзеге асыру мақсатында темiржол көлiгi ұйымдарының қызметiне басшылық етудi және бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
 
      3-бап. Темiржол көлiгінде жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк
             багаждары мен почта тасымалын ұйымдастырудың негiздерi
      1. Темiржол көлiгiмен жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждары және пошта тасымалдары темiржол көлiгi туралы заңдармен белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тасымалдаушы осы Заңмен және халықаралық шарттармен белгiленгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе жүк, багаж, жүк багажы мен почта тасымалдарына тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымалдар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.
 
      4-бап. Темiржол көлiгi туралы заңнама
      1. Темiржол көлiгi туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерден тұрады.
      2. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және реттеу ерекшелiктерi арнайы заңнамамен реттеледi.
 
      5-бап Темiржол көлiгіндегі шарттар
      1. Тасымалдау шартының мiндетті шарттары соларға сәйкес шығарылған Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен анықталады. Тараптар тасымалдау шартының өзге де шарттарын анықтауға ерiктi.
      2. Темiржол көлiгiмен жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажын және почтаны тасымалдау Ұлттық темiржол компаниясы мен тасымалдаушылардың заңды және жеке тұлғалармен (шетелдiктердi қоса), экспедиторлармен, сондай-ақ өздерiнiң араларындағы қарым-қатынас шартының негізiнде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк органдардың олардың құзыретiне сәйкес жасаған аса маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) тасымалдаушы орындауға мiндетті. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртiбi және мерзiмi туралы мәлiметтер болуы тиiс.
      4. Халықаралық қатынаста және транзитпен темiржол көлiгiмен жолаушыларды, багажды, жүктердi және жүк багажын тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
 

     6-бап. Лицензиялау


 
       Темiр жол көлiгiндегi қызметтiң жеке түрлерi лицензиялау туралы

 



Z952200_


  заңнамаға сәйкес берiлген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.


     7-бап. Сертификаттау

     1. Темiржол көлiгiнiң қызметiне жататын өнiмдердi, жұмыстарды және

қызметтердi мiндетті сертификаттау туралы 


Z990434_


  қолданылып жүрген

заңнамамен белгіленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

     2. Шетелдiк орган берген сертификат, егер оны беру талаптары

Қазақстан Республикасында заңнамасында белгiленген стандарттар жауап берсе

Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.


             2-тарау. Темiржол көлігіндегi басқарушылық


     8-бап. Темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқару

     1. Темiр жол көлiгi саласында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

құзырына:

     1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар

қатынасына тыйым салу туралы шешiм қабылдау;


 
       2) Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан әкелу, әкету, багаж, жүк және жүк багажын тасымалдауға тыйым салу туралы шешiм қабылдау;
      3) Ұлттық темiр жол компаниясының мәртебесiн анықтау;
      4) әскери және арнайы тасымалдарды жүзеге асыру тәртiбiн анықтау;
      5) мiндеттi сертификаттауға жататын темiр жол көлiгi объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту;
      6) олардың айрықша қасиеттерiне байланысты жүктердiң жеке түрлерiн қорғауды қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлеу;
      7) магистралды темiр жол желiсiн пайдалану тәртiбiн бекiту;
      8) магистралды темiр жол желiсiне кiретiн темiржолдардың тiзбесiн бекiту, сондай-ақ темiржолдарды осындай тiзбеден шығару;
      9) темiр жол көлiгiнiң жоғары қауiптi аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болу, оларда жұмыс жүргiзу темiржолдар арқылы өту және жүру ережелерiн бекiту.
      2. Темiр жол көлiгiндегi уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) тұтынушылардың құқығын қорғау, қоғамның, қоршаған орта, азаматтардың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ көрсетiлетiн қызмет сапасын қамтамасыз ететiн темiр жол көлігінiң бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
      2) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажын және почтаны тасымалдау тәртiбiн, техникалық пайдалану тәртiбiн бекіту;
      3) жылжымалы құрамды тiркеу тәртiбiн анықтау;
      4) Жүктердi, жолаушыларды, жүк багажын және багажды тасымалдаған кезде (кедендiк, фитосанитарлық, шекаралық, ветеринарлық) бақылау және арнайы атқару функцияларын жүзеге асыратын ұлттық темiр жол компаниясының, тасымалдаушының, темiр жол көлiгi ұйымдарының мемлекеттiк органдармен өзара әрекетiнiң тәртiбiн анықтау;
      5) темiр жол көлiгiнiң жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бөлу жолағын пайдалану тәртiбiн анықтау;
      6) нысандық киiмдi және соған тиiстi әртүрлi белгiлердi тағуға құқығы бар темiр жол көлiгi жұмыскерлерiнiң (мамандығының) лауазымының тiзбесiн, сондай-ақ оларды беру тәртiбiн бекiту;
      7) көлiк туралы заңнамаға сәйкес өзге де мәселелер жатады.
      3. Темiр жол көлiгi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың құзырына:
      1) осындай шешiмдi тасымалдаушы немесе өзге де мүдделi тұлға қабылдаған жағдайдан басқа жолаушыларды қала маңындағы қатынаста тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау;
      2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдау.
 
      9-бап. Ұлттық темiржол компаниясы
      1. Ұлттық темiржол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Ұлттық темiржол компаниясы магистралды темiржол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асырады және магистралдық темiржол жүйесiнiң операторы мен тасымалдаушы қызметiн атқарады.
      3. Ұлттық темiржол компаниясының магистралдық темiржол жүйесiнiң операторы мен тасымалдаушының қызметiн орындайтын құрылымдық бөлiмшелерiнiң iшкі қаржы бөлудiң тәртiбiн және шартын темiржол көлiгiндегi мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Ұлттық темiржол компаниясы тасымалдаушысының қызметi Ұлттық темiр жол компаниясын қайта ұйымдастыру арқылы басқа тұлғаға берiлуi мүмкiн.
 
      10-бап. Тасымалдау үдерiсiн басқару
      1. Магистралдық темiржол желiсiнiң операторы магистралдық темiржол жолдарын орталықтан басқаруды және тасымалдау үдерiсiн ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен пайдалану ережелерiне сәйкес тасымалдаушылармен келiсiмшарттар жасауды жүзеге асырады.
      2. Магистралдық темiржол желiсiнiң операторы техникалық пайдалану ережелерiне сай келмейтiн жылжымалы құрамның, магистральдық темiржол желiсiмен жүруiне тыйым салуға мiндеттi.
 
      11-бап. Темiржол көлiгi ұйымдарының мемлекеттiк органдармен
              өзара iс-қимыл жасауы
      1. Ұлттық темiржол компаниясы мен тасымалдаушылардың бақылаушылық және арнаулы атқарушылық қызметтердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен (кеден, фитосанитарлық, шекара, малдәрiгерлiк және тағы басқалар) тасымалдар кезiндегi өзара iс-әрекетi темiржол көлiгiндегi уәкiлетті органының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы, айқындаған тәртiбi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасынан жүктердi транзит арқылы өткiзуге, әкелуге, шығаруға тыйым салу, темiржол көлiгi тасымалдарына шектеу енгiзу заң кесiмдерiне сәйкес қабылданады.
      Халықаралық қатынастардағы тыйым салу және шектеу жөнiндегi ескертулер Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн жүктердi, жолаушыларды, багажды, жүк багажын және почтаны бақылау мен тексерудi тиiстi мемлекеттік уәкiлетті органмен (кеден, салық, көлiктегi iшкi iстер органдары, шекара, фитосанитарлық, малдәрiгерлiк және басқалар) темiржол көлiгiндегi уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен жүзеге асырады.
 
      12-бап. Темiржол станциясы
      1. Тасымалдаушы тасымалдарды тиiстi операцияларды жүргізуге, ашық темiржол станциялары арасында жүзеге асырады.
      2. Жұмыс режимiн белгілеу, сондай-ақ барлық немесе кейбiр

 

операцияларды орындау үшiн темiр жол ашуды және жабуды тасымалдау

ережелерiне сәйкес, иеленушi жүзеге асырады.

     3. Кеден, малдәрiгерлiк, фитосанитарлық органдар өз қызметтерiн

темiржол станциясымен келiсiлген жұмыс режимiнде темiр жол станциясының

аумағында жүзеге асырады.

     4. Барлық тасымалдаушыларға жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждары

мен почтаны тасымалдау жөнiндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi

қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру

бойынша темiржол станцияларында қызмет көрсетілгенде, бiрдей мүмкiншiлiк

берiлуi тиiс.


            3-тарау. Темiржол көлігінiң қаржысы мен экономикасы


     13-бап. Тарифтер мен ақы төлеу

     1. Тасымалдаушының қызметiне бағаны, соның iшiнде тарифтi (тасымал

ақысын) тасымалдаушы белгілейдi.


 
       2. Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес тасымалдаушының көрсеткен қызметiне, соның iшiнде тарифке (тасымалдау ақысына), белгiлеген бағалары тасымалдаушының тиiмдi жұмыс істеуiне қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етуi тиiс.
      3. Тасымалдаушының көрсеткен қызметiне бағалар монополияға қарсы заңнамаға сәйкес белгiленген, ол клиенттiң ұсынысы бойынша ерекше шартпен ақылы тасымалды ұйымдастыруға құқылы.
      4. Облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары тасымалдаушының ұсынысы бойынша жолаушылардың қала маңы қатынасында жол жүру тарифтерiн белгiлейдi және реттейдi.
      5. Халықаралық қатынаста жүктердi, жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждары мен почтаны тасымалдауға тарифтi қолданудың ережесi халықаралық шарттармен белгiленедi.
 
      14-бап. Магистралдық темiржол желiсiн пайдалануға ақы төлеу
      1. Тасымалдаушылар магистралдық темiр жол желiсi бойынша тасымалдарды магистралдық темiржол желiсiн пайдалану ережелерiне сәйкес жүргізедi.
      2. Тасымалдаушы магистралды темiржол желiсiнiң операторына магистралды теміржол желісін пайдаланғаны үшiн ақыны заңнамамен белгiленген мөлшерге сәйкес төлейдi.
      3. Магистралдық темiржол желiсiн пайдаланғаны үшiн магистралды темiржол желiсiнiң операторы алған қаржылар магистралды темiржол желiсiн дамытуға, қайта жаңартуға және күтіп ұстауға жұмсалады.
 
      15-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру
      Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған тасымалға (толық көлемде орындалмаған) алдын-ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi осы тасымалға талап қою құқығын берудi, тек тасымалдаушының келiсiмiмен ғана жүргiзуге құқылы.
 
      16-бап. Темiржол көлігінiң көпшiлiк және жеке пайдаланыстағы
              объектiлерi
      1. Магистралдық темiржол желiсi мемлекеттiң меншігі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жалпы пайдаланымдағы темiр жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады.
      2. Магистралдық темiржол желiсiне жатпайтын темiр жолдар темiржол көлiгiнiң жеке пайдаланымдағы объектiсi болып табылады және жеке меншiкте болуы мүмкiн.
 
      17-бап. Магистралдық темiржол желiсi
      1. Магистралдық темiржол желiсiнiң операторы тасымалдаушыларға

 

магистралдық темiржол желiсi мен оның жабдықтарын тең құқықпен пайдалануды

қамтамасыз етуге мiндеттi.

     2. Магистралдық темiржол желiсiнiң операторы магистралдық темiржол

желiсiнiң дамытылуын, құрылысын, қайта жаңартылуын және күтiп-ұсталуын

жүзеге асырады.


     18-бап. Аз пайдаланылатын жолдар

     Мемлекеттiк меншiк болып табылатын аз пайдаланылатын жолдардың

өзiн-өзi ақтамаған жағдайында оның қызметiн тоқтатуды немесе жабуды

жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу арқылы магистралдық темiржол желiсi

операторының ұсынысы бойынша темiржол көлiгiндегi уәкiлеттi орган жүзеге

асырады.


       4-тарау. Темiржол көлігінiң жерлерi мен қорғалатын аймақтары


     19-бап. Темiржол көлiгінiң жерлерi


 
       1. Тасымалдаушыға немесе темiржол көлiгi ұйымдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін оларға пайдалануға немесе меншігіне берiлетiн жер темiржол көлiгiнiң жерлерi болып табылады.
      2. Темiржол көлiгiнiң жерлерiне, темiржолдың жолдары, әрi олармен технологиялық байланыстағы ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жерлер жатады:
      1) магистралдық жолдар және олармен технологиялық байланыстағы ғимараттар мен құрылыстар (темiржол төсемi, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
      2) кiреберiс жолдар;
      3) темiржол станциялары ғимараттарымен, энергетикалық, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация құрылыстарымен, қорғауыш және нығайту екпе ағаштарымен, темiржол көлiгiне қызмет көрсетуге арнайы тағайындалған қызметтiк және басқа да объектiлермен.
      3. Темiржол көлiгінiң жерлерi, мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен белгiленген қала құрылысын салу мен экологиялық талаптарға, заңдарға сәйкес стандарттар мен өзге де нормаларға сәйкес келуi тиiс.
      4. Тасымалдаушы, оның кiнәсiнен қоршаған табиғи ортаға келтірген зияны үшін және де темiржол көлiгiнiң жерлерiн тиiстi дәрежеде күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
 
      20-бап. Темiржол көлiгiнiң жерлерiн бөлу мен пайдаланудың тәртiбi
      1. Жер учаскелерi темiржолдар мен темiржол станцияларының жобалау-сметалық құжаттарына және даму бас сызбаларына сәйкес, темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органымен келiсу арқылы белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормалар бойынша берiледi.
      2. Жер учаскелерiн беру, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Бөлiнген жолақтағы темiржол көлiгiнiң жерлерiн пайдаланудың тәртiбiн жер заңнамасына сәйкес темiржол көлiгiндегi уәкiлеттi орган анықтайды.
 
      21-бап. Темiржол көлігінiң қорғалатын аумақтары
      1. Халықтың қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, сондай-ақ темiржол көлiгi ұйымдарының темiржол көлiгi жерлерiнiң жолақтарына ұласатын жер учаскелерi объектілерiнiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында, жер пайдаланудың ерекше шарттары арқылы қорғалатын аумақтары белгіленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына қайшы келетiн қызмет түрлерiне шек қойылады, немесе тыйым салынады.
      2. Темiржол көлігінiң қорғалатын аумақтарына: көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiлігін әрi тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғағыш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiржол көлiгiнiң жерлерiне ұласатын жер көшкiні, опырылып құлау, шайылып кету және басқа да қауiптi әсерлер болатын аймақтарда орналасқан жер учаскелерi жатады.
      3. Темiржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтары меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар оны белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
      4. Темiржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтарын белгiлеудiң тәртiбiн, олардың мөлшерiн және жерлердi пайдаланудың режимiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
 
      22-бап. Қорғалатын аумақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
      1. Темiржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтарында мыналарға тыйым салынады:
      1) меншiк иесiнен, немесе темiржол көлiгiнiң жанасып жатқан жер учаскесiн пайдаланудан жазбаша рұқсатсыз тұрақты және уақытша түрдегi құрылыс, монтаждау әрi тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
      2) орманды кесуге және жер көшкiнiнiң, шөгiннiң, сел тасқынының, сайлардың, қозғалмалы құмдардың, күртiк қардың, көшкiннiң пайда болуына әкелiп соғатын жолдармен өсiмдiк төсемiн бұзуға;
      2. Қорғалатын аумақтардың меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтарындағы жерлердi пайдаланудың тәртiбiн бұзғаны үшiн заңнамада белгіленгендей жауап бередi.
 
           5-тарау. Темiржол көлiгі қызметкерлерiнiң еңбек
                 қатынастарын реттеудiң ерекшелiктерi
 
      23-бап. Темiржол көлiгі қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары
      Темiржол көлiгi саласындағы еңбек қатынастары еңбек туралы заңнамамен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, ұжымдық шарттармен, жеке еңбек шарттарымен, iшкi еңбек тәртiбi ережелерiмен (жұмыс берушiнiң кесiмдерiмен) реттеледi.
 
      24-бап. Поездар қозғалысымен байланысты жұмысқа қабылдау
      Жұмыстары поездар қозғалысымен тiкелей байланысты темiржол көлiгiнiң қызметкерi темiржол көлiгiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен кәсiби iрiктеуден өтуi тиiс, сондай-ақ қызметтiк мiндеттердi атқаруға қажеттi дайындығы және денсаулығы болуы қажет.
      Поездар қозғалысымен тiкелей байланысты жұмысқа қабылдау алдын-ала мiндетті медициналық тексеруден өткеннен кейiн жүргізiледi.
 
      25-бап. Жұмыс уақытының режимi
      Поездар қозғалысымен тiкелей байланысты темiржол көлiгі қызметкерiнiң жұмыс режимiнiң ерекшелiгiн темiржол көлiгіндегi уәкiлетті орган белгiлейдi.
 
      26-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша темiржол көлiгі
              қызметкерiмен жеке еңбек шартын бұзудың негiздерi
      1. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша, еңбек жөнiндегі заңнамада қарастырылған жағдайлардан бөлек, поездар қозғалысымен тiкелей байланысты темiржол көлiгiнiң қызметкерiмен мынадай еңбек мiндеттерi бiр рет өрескел бұзылғанында:
      1) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесi;
      2) поездар қозғалысының және маневрлiк жұмыстың қауiпсiздiгіне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасалғанда;
      3) темiржол көлiгiнде техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың тууына әкелiп соққан әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасалғанда темiржол көлігі қызметкерiмен жеке еңбек шарты бұзылады.
      2. Жеке еңбек шарты заңсыз негiзде бұзылған жағдайда қызметкер еңбек туралы заңнамамен белгiленген тәртiп бойынша бұрынғы жұмысына қайта орналастырылады.
 
      27-бап. Темiржол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттету
      1. Темiржол көлiгiндегi уәкiлеттi органның, магистралды темiржол желiсi операторының талап етулерi бойынша жұмыс берушi магистралды темiржол желiсi операторы диспетчерлiк қызметiнiң тасымалдау процесiн басқарумен және поездар қозғалысымен байланысты берген нұсқауларын орындамаған, сондай-ақ жұмыс уақытының режимiн бұзған темiржол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
      2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
      3. Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себептердi анықтау мерзiмiне дейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
 
            6-тарау. Темiржол көлігінде жолаушыларды сақтандыру
 
      28-бап. Жолаушыны сақтандыру
      1. Тасымалдаушы жолаушының өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк қауiп-қатерiн сақтандыруға мiндеттi.
      2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушы жолаушының өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк қауiп-қатерiн мiндеттi сақтандыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың шарты бойынша жүргiзедi.
      3. Жолаушының өмiрi мен денсаулығын мiндетті сақтандырудың сақтандыру полисi болып жол жүру құжаты (билет) саналады.
 
      29-бап. Мiндеттi түрде сақтандырудың шарттары
      1. Сақтандыру уақиғасы нәтижесiнде жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, тигiзген залалдың нақты мөлшерiнде қалпына келтiрiлуi керек.
      2. Тасымалдаушының сақтандырушымен жасасқан сақтандыру шарты, шартқа қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 
      30-бап. Сақтандыру төлемдерi
      Мiндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн тасымалдаушы сақтандырушының пайдасына ай сайын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар тасымалынан түсетiн кiрiс сомасының 0,2 пайызы мөлшерiнде төлейдi.
 
      31-бап. Сақтандыру оқиғасы
      1. Тасымалдаушының, жұмыс берушiнiң азаматтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян фактiсiнiң расталуы, сақтандыру жағдайы деп танылады.
      2. Сақтандыру оқиғасы болған кезде тасымалдаушы, жұмыс берушi сақтандыру заңдарымен белгiленген нысан мен тәртiп бойынша сақтандырушының атауын және оның ең жақын орналасқан филиалының (өкiлдiгiнiң) заңды мекен-жайын мiндеттi түрде көрсетiп, кесiм жасап, әрi актiнi жолаушыға, қызметкерге, немесе олардың мұрагерлерiне, сондай-ақ сақтандырғышқа тапсыруға мiндеттi.
 
      32-бап. Сақтандыру өтемi
      1. Жолаушы, немесе оның мұрагерлерi сақтандырушыға өтiнiш жасаған кезде ол сақтандыру өтемiн төлеудi жүргiзуге мiндеттi, өтiнiшке тасымалдаушы, жұмыс берушi жасаған акт қоса тiркелуi тиiс.
      Егер қаза тапқан жолаушының мұрагерлерi болмаған жағдайда, сақтандырушы жерлеуге шығын шығарған адамдарға шығарылған шығындардың нақты мөлшерiнде өтемақы төлейдi.
      2. Жолаушының немесе оның мұрагерлерiнiң өтiнiш беруiнiң тәртiбi сақтандыру туралы заңдармен белгiленедi.
      3. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру өтемiн төлеген кезде, жолаушыға немесе оның мұрагерлерiне әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтiк қамтамасыз ету және ерiктi сақтандыру шарттары бойынша тиiстi сомалар есепке алынбайды.
      4. Сақтандырушы қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жеңiлдiкпен жүру құқығын пайдаланатын жолаушыларға (соның iшiнде 7 жасқа дейiнгi балалар) осы Заңның 31-бабының 2-тармағында көзделген кесiмнiң негiзiнде сақтандыру төлемдерiн төлеуден босатылмайды.
      5. Сақтандыру өтемiн төлеу өтiнiш тапсырылғаннан кейiн 7 банкiлiк күнде жүзеге асырылуы тиiс.
      6. Сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiнгi үш жыл ішiнде, жарақаттанушы алған жарақатынан мүгедек болса, немесе қайтыс болса, сақтандырушы бұрын жасалған төлемдердi есепке алып, төленетiн сақтандыру сомасының мөлшерiне қайта есептеу жүргiзедi.
 
       7-тарау. Қозғалыс қауiпсiздiгi, темiржол көлiгiнiң жүктерi мен
         объектiлерiн күзету, ерекше жағдайларда жұмыс ұйымдастыру
 
      33-бап. Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, темiржол
              көлігінiң көлiктiк және басқа да техникалық құралдарын
              эксплуатациялауды ұйымдастыру
      Тасымалдаушылар мен темiржол көлiгiнiң ұйымдары жолаушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз жол жүруiн, багаждың, жүктер мен жүк багаждарының қауiпсiз тасылуын, поездардың қауiпсiз қозғалуын және жылжымалы құрамның қауіпсiз пайдаланылуын, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз етулерi тиiс.
 
      34-бап. Қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi негiзгi ережелер
      1. Темiржол жолдары, темiржол станцияларының, вокзалдардың және тасымалдау үдерiсiмен байланысты темiржол көлiгi ұйымдарының басқа объектiлерiнiң аумақтары, аса қауiптi аумақтар болып табылады, әрi темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiпке сәйкес сигналдық қоршауы болуы керек.
      2. Аса қауiптi аумақтарда жолаушылардың, азаматтардың, темiржол көлігі қызметкерлерiнiң болуы мен объектiлердiң орналасуы, оларда жұмыс жүргiзу және темiржол жолдары арқылы жүрiп өту әрi өту жөнiндегi ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Темiржол көлiгiнiң объектiлерi, сондай-ақ қауiптi жүктердi шығару, тиеу, түсiру, сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер мекен-жайлардан, өндiрiстiк, ауылшаруашылық және басқа кәсiпорындардан, жеке ғимараттар мен құрылыстардан мемлекеттiк уәкiлеттi органдар белгiлеген құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қажетті қашықтыққа аулақтатылуы тиiс.
      4. Темiржол жолымен қиылысатын, немесе оларға жақын орналасқан газ, мұнай құбырлары мен басқа құрылыстарда құрылыс жүргiзуде және пайдалануда белгiленген нормативтердi сақтау, сондай-ақ аталған құрылыстарды қауiпсiз пайдалану үшiн олардың иелерi жауапты болады.
      Аталған құрылыстардың иелерi, темiржол көлiгі ұйымдарына қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн апаттық, немесе төтенше жағдайлардың туындағаны туралы дер кезiнде ақпарат беруге мiндеттi.
      5. Қауiптi жүктердi жөнелтiп және алып отыратын жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалданатындығына кепiлдiк беруге мiндетті, апаттық жағдайларды және олардың зардаптарын (соның iшiнде шарт бойынша) жоюға қажеттi құралдары мен жаппай жұмылдыру бөлiмшелерi болуы керек.
      Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде туындаған апаттық жағдайларда жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер), алушылар (жүк алушылар), тасымалдаушылар, темiржол көлігі ұйымдары аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
      6. Жөнелтушi (жүк жөнелтушi), экспедитор, тасымалдаушы олардың кiнәсiнен туындаған апаттық жағдайлар, қоршаған ортаны ластағаны, поездар қозғалысындағы үзiлiстер үшiн мүлiктік жауапкершiлiкке тартылады және де оларды жоюмен байланысты шығындарды өтейді.
      7. Қозғалыс қауiпсiздігі мен жылжымалы құрамды және темiржол көлiгi мен тасымалдау процесiмен байланысты басқа да техникалық құралдарды эксплуатациялау ережелерiн бұзғаны үшiн, кiнәлiлер заңнамамен қарастырылғанға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
 
      35-бап. Кiреберiс жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi
              талаптарының сақталуын тексеру
      1. Кiреберiс жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудiң тәртiбiн темiржол көлiгiндегi уәкiлетті орган белгiлейдi.
      2. Тасымалдаушы және магистралдық темiржол желiсiнiң операторы кiреберiс жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ тиеу, түсiру бойынша жұмыстарды жүзеге асырғанда қауiпсiздiк талаптарының сақталуын тексеруге құқылы.
 
      36-бап. Жүктердi және объектiлердi қорғау
      1. Тасымалдаушы мыналарды қамтамасыз етуге мiндеттi:
      1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;
      2) темiржол көлiгi объектiлерiн темiржол көлiгіндегі мемлекеттiк басқарудың уәкiлетті органы бекiтетiн тiзбесiне сәйкес күзетуге;
      3) темiржол көлiгiнде өрттiң алдын-алу және өрттi жою жұмыстарын жүргiзуге.
      2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы жүктiң жекелеген түрлерiн олардың ерекше қасиеттерiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе мен тәртiп бойынша олардың қорғалуын қамтамасыз етуге мiндетті.
      3. Жүк жөнелтушiлер, жүк алушы өз өкiлдерiнiң қостауымен тасымалдау ережелерiмен тiзбе және тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiнiң белгiленген тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы баппен қарастырылған тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және алып жүрудi тасымалдау ережелерiмен белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асыра алады.
      5. Темiржол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмыспен күрестi iшкi істер органдары қамтамасыз етедi.
 
      37-бап. Ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру
      1. Тасымалдаушы мен магистралды темiржол желiсiнiң операторы табиғи зiлзала мен техногендiк сипаттағы зардаптарды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға мiндетті.
      Осы шараларды жүзеге асыру және қабылдау үшiн тiзбесiн темiржол көлігіндегi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы бекiтетiн материалдық және техникалық құралдардың қажеттi қоры болуы керек.
      2. Жаппай жұмылдыру, азаматтық қорғаныс және апатты-құтқару жұмыстарының шараларын дайындаумен байланысты құқықтық қатынастар арнай заңнамамен реттеледi.
 
      38-бап. Темiржол көлігінiң ерекше жағдайлардағы iс-әрекетi
      1. Төтенше жағдайлар (әскери әрекеттер, қоршауда, жер сiлкiнiстерi, су тасқындары, өрттер, көшкiндер, эпидемиялар және басқа төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар) туындаған жағдайда, осы уақытқа мемлекеттiк органдардың, құзыретiне сәйкес шешiмдерiне байланысты тасымалдаушының шарт қатынастары шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
      2. Тасымалдауға кедергi келтiретiн төтенше жағдайлар, жеңе алмайтын күштердiң іс-әрекетi және басқа жағдайлар туындаған кезде магистралды темiржол желiсiнiң операторы жекелеген темiржол бағыттарында багаждың, жүктер мен жүк багажын тиеудi уақытша тоқтатуы немесе шектеуi мүмкiн.
      Магистралдық темiржол желiсiнiң операторы қабылданған шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органына, басқа тасымалдаушыларға және клиенттерге шұғыл түрде жазбаша хабарлама жасауға мiндеттi.
      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлардың әсерi нәтижесiнде тасымалдаушыға жүктi, жүк багажы мен багажды жеткiзiп беру мүмкiндiгiн бермейтiн кедергілер туындаған болса, егер аталған себептер бойынша шектi сақтау мерзiмi өтiп кетсе, тасымалдаушы жүктi, жүк багажы мен багажды осы Заңмен, тасымалдау ережелерiмен және басқа да нормативтi заң кесiмдерiмен белгiленген тәртiп бойынша иелiк етуге құқығы бар.
 
                8-тарау. Жүк тасымалдарын ұйымдастыру
 
      39-бап. Жүк тасымалдау шарты
      1. Жүк тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi тапсырған жүктi оның тасымалдау шарттарын сақтай отырып белгіленген темiржол станциясына дер кезiнде, әрi түгел жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге мiндеттенедi.
      2. Темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты, темiржолдың көлiктiк жүк құжаттамасын толтыру арқылы ресiмделеді.
      3. Жүк жөнелтушiге темiржолдың көлiктiк жүк құжаттамасының негiзiнде жүк қабылданғаны туралы түбiртек берiлгеннен бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп саналады.
 
      40-бап. Тасымалдау шартының шарттарын өзгерту
      1. Тасымалдау шартының шарттарын өзгерту, соның ішiнде жүктiң жөнелтiлетiн орыны ауыстыру тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кедендiк бақылаудағы жүктiң жөнелтiлетiн жерiн өзгерту тиiстi кеден органының келiсiмi бар болса жүргізiледi.
      Егер кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қозғалыс қауiпсiздiгiне, экологиялық қауiпсiздiкке, жүктiң сақталуына және сапалық күйiне қауiп төндiрген жағдайда, оларға белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде жазбаша хабарлап, жөнелтiлетiн жерiн өзгерту кеден органының келiсiмiнсiз жүзеге асырылады.
      3. Әрi қарай тасымалдау қозғалыс қауiпсiздiгiне және жүктiң сақталуына қауiп төндiрсе, тасымалдаушының жүктi қайта тиеуге құқы бар.
      4. Заң кесiмдерiмен қарастырылған жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес жүктердi тасымалдаушыдан алуы мүмкiн. Тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөнiндегі шығындары, сондай-ақ оған келтiрiлген зиян кiнәлi тұлғаның есебiнен өтеледi.
 
      41-бап. Жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi шарт
      1. Жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi шарт бойынша тасымалдаушы белгiленген мерзiмдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктердi тасымалдауға келісiлген көлемде тапсыруға мiндеттенедi.
      2. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi шартпен көлiк құралдарын пайдалануға берудiң және жүктердi тасымалдауға ұсынудың көлемдерi, мерзiмдерi, шарттары, сондай-ақ осы Заңмен әрi тасымалдау ережелерiмен көзделмеген тасымалдарды ұйымдастырудың басқа да шарттары белгiленедi.
 

 

     42-бап. Құқықтар мен мiндеттердiң ауысуы

     1. Жүктiң баратын жерiне жеткiзiлгенi жөнiнде жазбаша хабарлама

жiберiлген уақыттан бастап тасымалдар шарттары бойынша құқықтар мен

мiндеттер жүк алушыға ауысады.

     2. Жүк алушы жүк жөнелтушiден оның дұрыс емес іс-қимылдарының

салдарынан тасымалдаушыға төлеген шығындары мен зияндарын өндiрiп алуға

құқылы.


     43-бап. Жүк тасымалдау ережелерi

     Жүк тасымалдау ережелерi шарттар мен тәртiптерi белгiлейдi:

     1) тасымалдарды жоспарлау;

     2) тасымалдар жоспары орындалуының есеп карточкасын жасау;

     3) жүктi тасымалдауға қабылдау;

     4) жүктердi тапсыру;

     5) вагондар мен контейнерлердi пломбалау үшiн ілгектiк-пломбалық

құрылғыларды қолдану;

     6) жүк құжаттамасы мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу;

     7) бiр жүк құжаттамасымен жаппай тасымалданатын жүктердi бағыттар

бойынша және топ вагондармен тасымалдау;

     8) құндылығы жарияланған жүктердi тасымалдау;

     9) жүктердiң салмағын вагон таразыларында өлшеудiң дәлдiк нормасы;

     10) жүк салмағының табиғи азаюының нормасы;

     11) тасымалдар бойынша есептеулер;

     12) кiреберiс жолдарды пайдалану, кiреберiс жолдарды пайдалануға

және/немесе вагондарды беруге-жинауға шарт жасасу әрi осындай шарттардың

мiндеттерi, шарттары;

     13) тиеу және түсiру мерзiмдерi;

     14) жеткiзiп берудiң мерзiмдерi және жеткiзiп беру мерзiмдерiн

есептеп шығару ережелерi;

     15) сақтау;

     16) жүктердi ұстап қалу және мемлекеттiк органдарға тапсыру;

     17) жүктердiң жөнелтiлетiн жерiн өзгерту;

     18) үйiндi және ақтара тасымалдар;

     19) ашық жылжымалы құрамдармен жүргiзiлетiн тасымалдар;

     20) жолсерiктердiң алып баруымен жүргiзiлетiн тасымалдар;

     21) жөнелтушiнiң бағыттарымен жүргізiлетiн тасымалдар;

     22) ұсақ және аз тоннажды жөнелтiлiмдермен жүргізiлетiн тасымалдар;

     23) контейнерлермен және көлiктiк пакеттермен жүргізiлетiн тасымалдар;

     24) мұздап қатып қалатын жүктердi тасымалдау;

     25) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау;

     26) жануарлар мен құстарды тасымалдау;

     27) малдәрiгерлiк, фитосанитарлық қадағалауға жататын жүктердi

тасымалдау;

     28) тар табанды темiржол жолдары бойынша тасымалдау;

     29) актiлер жасау;

     30) вагондар, контейнерлер, алмалы-салмалы тасымалдау аспаптары

бөлiктерiнiң құны;

     31) сұйық жүктердi құйып, вагон-цистерналарда және бункерлiк жартылай

вагондарда тасымалдау;

     32) қауiптi жүктердi тасымалдау;

     33) арнайы зерттеулер мен сараптамаларды жүргiзу;

     34) заң кесiмдерiне сәйкес өзге де шарттар.


     44-бап. Жүктердi тиеу, түсiру


 
       1. Жүктердi тиеудi, түсiрудi тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) осы Заңның 63-бабында көзделген тасымалдау ережелерiнде немесе шарттарында қарастырылған тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.
      2. Жүк жөнелтушi жүктi қозғалыс қауiпсiздiгi, жүктiң және жылжымалы құрамның сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп тасымалдауға дайындауға мiндеттi.
      3. Жүк алушы оның атына келген жүктi алуға және жылжымалы құрамды босатуға мiндеттi.
      4. Тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының құралдарымен тиеуге, түсiруге вагондарды, контейнерлердi беру уақытын оларға берерден кемiнде 2 сағат бұрын жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      5. Тасымалдау ережелерiмен белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушы жүк алушыға жүктiң тағайындалған станцияға келiп жеткендiгi туралы жүк жеткiзіліп берiлген күннен кейiнгi тәулiктегi күндiзгi сағат 12-ден кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Егер тасымалдаушы жүк алушыға жүктiң келiп жеткендiгi жөнiнде жазбаша хабарламаса, онда ол жүктiң келгендігі жөнiнде жазбаша хабарлама жiберiлгенге дейiн жүктiң сақталуына және вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босатылады.
      6. Тасымалдаушы жүк алушыға оның атына жүк келе жатқандығы жөнiнде алдын-ала жазбаша хабарларды, егер ол шарт шарттарымен көзделген болса, жүзеге асыра алады.
 
      45-бап. Жүк тасымалдарын жобалау
      1. Тасымалдаушы жүк тасымалдарын тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi шарттарға және берiлген тапсырыстардың негiзiндегi тасымалдар шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Жүктердi тасымалдауға берiлетiн тапсырыстың нысаны, оны ресiмдеудiң, толтырудың, атқарудың және есепке алудың тәртiбi тасымалдау ережелерiмен бекiтiледi.
      3. Халықаралық қатынастағы тасымалдарға тапсырыстар беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      4. Тасымалдаушы осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен көзделген жағдайларда тапсырысты қабылдаудан бас тарта алады.
 
      46-бап. Темiржол көлiк жүк құжаттамасы
      1. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынғанда тасымалдаушыға әр жөнелтiлiм үшiн темiржол көлiк жүк құжаттамасын, қажетті жағдайда, заңдармен көзделген басқа да құжаттарды (сертификат, лицензия, малдәрiгерлiк куәлiк, кедендiк декларациялар) тапсыруға мiндеттi.
      2. Темiржол көлiк жүк құжаттамасы мен басқа да тасымалдау құжаттарының нысаны, оларды ресiмдеудiң тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      3. Жүк жөнелтушi жүк құжаттамасына енгізiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ олардың темiржол көлiк жүк құжаттамасында көрсетiлген мәлiметтердiң қателiгi, дәл еместiгі немесе толық еместiгi үшiн қолданылып жүрген заңдар бойынша жауап бередi.
 
      47-бап. Тасымалдау құжаттарын тексеру
      1. Тасымалдаушы темiржолдық көлiктiк жүк құжаттамасында аталған мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн мынаған құқылы:
      1) жүкке тексеру жүргізуге;
      2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан заңды тұлғаның тiркелгендiгi жөнiндегі нотариуспен куәландырылған куәлiктің көшiрмесiн алуға;
      3) жүк жөнелтушi, жүк алушы ретiнде қызмет етiп жүрген жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге.
      2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi.
      3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында аталған мәлiметтердiң қандай да болмасын өзгерiстерi жайында хабарлауға міндеттi.
 
      48-бап. Көлiк құралдарын беру
      1. Тасымалдаушы қабылданған тапсырыс және/немесе келiсiмшарт бойынша белгіленген мерзiмде жүк жөнелтушiге аталған жүктердi тиеу үшiн тасымалдауға жарамды: түзу, іші мен сырты тазаланған, қажет болған жағдайда жуылған және дезинфекцияланған көлiк құралдарын (вагондар, контейнерлер) беруге мiндетті.
      2. Вагондарға жүк тиеу тасымалдаушының құралдарымен жүзеге асырылғаннан басқа жағдайларда, коммерциялық тұрғыдан алғанда жарамды вагондар мен контейнерлердiң жарамдылығын жүк жөнелтушi белгiлейдi.
      Жүк жөнелтушi тиiстi жүктердi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.
 
      49-бап. Вагондарды, контейнерлердi пломбалау
      1. Жүк тиелген вагондар мен контейнерлер төмендегiдей пломбаланады:
      1) егер жүктi тасымалдаушы тиеген болса, оның бекiту-пломбалау құрылғыларымен;
      2) егер жүкті жүк жөнелтушi, порт, айлақ тиеген болса, онда жөнелтушiнiң, порттың, айлақтың бекiту-пломбалау құрылғыларымен;
      2. Вагондар, контейнерлер кедендiк тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекiту-пломбалау, құрылғыларымен пломбалауды кеден органдары тасымалдау ережелерiне сәйкес бекiту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады.
      3. Кеден органдары салған бекiту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының пломбаларына теңестiрiледi.
 
      50-бап. Жүк тасымалдарына ақы төлеу
      1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, болса, жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелту уақытына дейiн төлейдi.
      Және де жүк тасымалына ақы жүк тасымалы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа алынады.
      2. Жүк тасымалына байланысты соңғы есеп айырысуды жүк алушы, жүк жеткiзiлгеннен кейiн жүргізiледi.
      3. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн қарызы болса, сондай-ақ төлемдердi дер кезiнде жасамаса, тасымалдаушы ақы төленгенге дейiн вагондардың, контейнерлердiң, жүктердiң жөнелтiлуiн немесе жүктердi берудi тоқтатып қоюы, вагондарды, контейнерлердi берудi тоқтатуы, тасымалдау шартын жасасудан немесе орындаудан бас тартуы мүмкiн.
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген іс-әрекеттердi жүзеге асырғанда, кiнәлi тарап (жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор) тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн бүкiл кiдiрiс уақытына ақы төлейдi.
      5. Жүк тасымалына ақы жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткiзiлгеннен кейiн есеп айырысқанда - жазбаша хабарлама жiберiлген күнi төленедi.
 
      51-бап. Жүктердi жеткiзудiң мерзiмдерi
      1. Тасымалдаушы жүктi шартпен белгiленген мерзiмдер жеткiзуге мiндеттi.
      2. Егер тасымалдаушы жүктi жеткiзiп беру мерзiмi өткенге дейiн түсiрсе немесе жүк алушыға түсiруге (тиеуге) белгiлеген жерге түсiруге (тиеуге) жеткiзсе жүктер мерзiмінде жеткiзiлген деп есептеледi.
      3. Егер жүк түсiруге (тиеуге) берiлуi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен (түсiру фронтының бос болмауы, жүк тасымалына ақы және тасымалдаушыға тиiстi басқа да төлемдердi төлемеу, тағы басқалар) кешiктiрiлген жағдайда, жүктер мерзiмiнде жеткiзiлген деп есептеледi.
 
      52-бап. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
      1. Жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың меншiгiне жатпайтын вагондардың, контейнерлердiң оларда болған уақыты үшiн немесе жүк жөнелтушiге, жүк алушыларға тәуелдi себептер бойынша олардың берiлуiн, қабылдануын күткен мерзiм үшiн олар тасымалдаушыға вагондарды, контейнерлердi пайдаланғанына ақы төлейдi.
      2. Жүк алушы, жүк жөнелтушi тасымалдаушыға олардың меншiгiндегі немесе жалға алған вагондардың, контейнерлердiң олардың кiнәсiнен станциялық жолдарда тұрған уақытына магистралдық темiржол желiсiнiң операторына төлеген шығындарын өтеуге мiндеттi.
 
      53-бап. Жүктердi беру кезiнде тексеру
      1. Тасымалдаушы жүкті беру кезiнде мына жағдайларда жеткiзiлгенде тексередi:
      1) бұзылған вагондарда, контейнерлерде;
      2) жолай станциялардың бекiту-пломбалау құрылғылары бар, сондай-ақ бекiту-пломбалау құрылғылары бұзылған вагондарда, контейнерлерде;
      3) егер мұндай тасымалдар тасымалдау ережелерiмен көзделгенде, ашық жылжымалы құрамда немесе бекiту-пломбалау құрылғылары жоқ жабық вагондарда тасымалданғанда жетiспеу, бұзылу немесе зақымдану белгiлерi болғанда;
      4) жеткiзiп беру мерзiмi бұзылғанда немесе тез бүлiнетiн жүктерді рефрижиратор вагондарда тасымалдауда температуралық режим бұзылғанда;
      5) тасымалдаушы тиегенде;
      6) тасымалдаушы жүк түсiрудi жалпы пайдаланылатын орындарда жүзеге асырғанда.
      2. Ыдыстағы және өлшенбейтiн жүктердi тасымалдаушы тек бүлiнген жерлердегi ғана жүктiң салмағын өлшеп әрi күйiн тексередi. Ыдыстың бұзылғаны немесе жүктiң күйiне әсер ететiн басқа да жағдайлар анықталса, тасымалдаушы бұзылған жерлердегi жүкке тексеру жүргiзедi.
      3. Жүктi беру кезiндегі салмағын тексеру тәсiлi, оны тиеген кездегi тексеру тәсiлiне ұқсас түрде жүргізiледi.
      Егер жөнелту станциясында анықталған жүктiң салмағы жеткiзiлген станциядағы салмағымен салыстырғанда тасымалдау ережелерiне сәйкес белгiленген салмақтық шегiнiң ауытқу нормасынан және табиғи азаюдан аспаса, жүктiң салмағы дұрыс деп есептеледi.
      4. Жүк алушы мен тасымалдаушыда вагондық таразылар болмаған жағдайда, ақтара және үйiп тиелген жүктердiң салмақтары тексерiлмей берiледi.
 
      54-бап. Жүктiң зақымдалуының, бүлiнуiнiң және жетiспеуiнiң
              мөлшерiн анықтау
      1. Жүктiң жетiспейтiндігі, бұзылғандығы, бүлiнгендiгi немесе зақымдалғаны анықталған жағдайда, тасымалдаушы мен жүк алушы шын мәнiнде болған зиянның мөлшерiн анықтайды.
      2. Тасымалдаушының немесе жүк алушының бастамасы бойынша жүктiң жетiспеуiн, бұзылудан, бүлiнуiнен немесе зақымдалуынан шын мәнiнде болған зиянның мөлшерiн анықтау бойынша сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргізiлуi мүмкiн.
      3. Сараптама немесе өзге де қажетті зерттеу жүргiзуге байланысты шығындар кiнәлi тарапқа жүктеледi.
 
      55-бап. Төлем жасау мiндеттемелерiн қамтамасыз ету жөнiндегi
              іс-шаралар
      1. Жүк алушы жүкке ақы төлеуден және оны алудан бас тартқан жағдайда тасымалдаушының тиiстi төлемдердi қамтамасыз ету үшiн жүктi алып қалуға, сатуға құқығы бар.
      2. Соттардың және өзге де уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша (алынған, тәркiленген, иесiз деп танылған) жүктердi сату кезiнде тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты жасалған шығындары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерiн орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушы iс-әрекеттерiн жүзеге асыру жөнiндегі шығындар ретiнде өтеледi.
 
      56-бап. Жүк алушының өз мiндеттемелерiн бұзуының салдарлары
      1. Жүк алушы жүктi алу жөнiндегi мiндеттердi орындаудан бас тартқан жағдайда тасымалдаушы жүк келген сәттен 7 тәулiктен (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - 2 тәулiктен) кейiн жүк жөнелтушiге жүктi реттеудiң қажеттігi жайында жазбаша хабарлама жiбередi. Жүк жөнелтушi жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап - 4 тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - 2 тәулiк) жүктi реттеуге мiндетті.
      2. Жүк жөнелтушiден тез бүлiнетiн жүкті реттеу жөнiнде нұсқау алмаса, жүктi сақтау оның бұзылуына әкелiп соғатын болса, тасымалдаушының оны сатуға құқығы бар.
      Тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi шегергеннен кейiн, тез бүлiнетiн жүктi сатудан түскен сома жүк жөнелтушiнiң атындағы нотариустың депозитiне салынады.
      3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiден жүктi реттеу туралы нұсқау алған мезетке дейiн жүктi жүк алушыға беруге құқылы.
      4. Жүк жөнелтушiнiң жүктi реттеу туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға құқылы.
 
      57-бап. Жүктiң бөтен жүк алушының атына келiп түсуі
      1. Жүк алушының атына шартпен көзделмеген жүктiң келiп түсуi, сондай-ақ атауы темiржолдық көлiк жүк құжаттамасында көрсетiлгенге сәйкес келмейтiн жүк жеткiзiлген жағдайда:
      1) жүк алушы жүктiң келгенi жөнiнде жазбаша хабарлама алған сәттен бастап, бiр тәулiк iшiнде тасымалдаушыға ол тасымалдау шарты бойынша тиiстi жағы болып табылмайтындығы жайында жазбаша хабарлауға мiндетті;
      2) тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүктi реттеудiң қажеттiлiгi жөнiнде жедел түрде жазбаша хабарлауға мiндеттi, ал жүк жөнелтушi 4 тәулiк ішiнде (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - 2 тәулiк) жүкті реттеу жайында жазбаша нұсқау беруге мiндеттi;
      2. Темiржолдық жүк құжаттамасында аталған жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi өтеген жағдайда жүктi алуға құқығы бар.
      3. Жүк жөнелтушiнiң нұсқауын осы баптың 1-тармағымен көзделген мерзімде алмаған кезде, тасымалдаушы жүкті жүк жөнелтушіге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
 
      58-бап. Жүк тасымалдау кедергiлерi
      1. Жүк тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың кiнәсiнен туындаған кедергiлер (кеден және басқа да мемлекеттiк органдар бөгеп қалғанда) жайында және осындай жүктердi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн болмағанда, оларға кедергiлер туындаған сәттен бастап тәулiк iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер мұндай мiндеттемелер оған шартпен жүктелген болса, жүк тасымалдарының кедергiлерiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      2. Тасымалдаушыға белгiленген жүктердi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүктi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың кiнәсi бойынша кiдiрткен мерзiмге ұзартылады.
      3. Экспорттық және импорттық жүктердi кiдiрткенi үшiн кiнәлi жақ тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы мөлшерiнде, ал транзиттiк жүктердi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарт шарттарымен белгіленген мөлшерде ақы төлейдi.
      4. Жүк жөнелтушi кiдiртiлген жүктерге қатысты тасымалдаушыдан жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 8 тәулiк ішiнде (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - 4 тәулiк) шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
 
        9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк багажы мен почтаны тасымалдау
 
      59-бап. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
      1. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды тасымалдаушы жолаушылар поездары бағыттарын ұйымдастыру жөнiндегі мемлекеттік басқару органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырады.
      2. Тасымалдаушы жолаушылар тасымалын дербес, соның iшiнде мүдделi тұлғалармен тиiстi шарт жасасып ұйымдастыра алады.
      3. Тасымалдаушы жолаушылар тасымалын магистралдық темiржол желiсi операторымен келiсiлген кесте бойынша ұйымдастырады.
 
      60-бап. Жолаушыны, багаж бен жүк багажын тасымалдауға шарт
      1. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын берiп, оны тағайындалған жерiне жеткiзуге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүруiне ақы төлеуi керек.
      2. Багажды, жүк багажын тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды, жүк багажын тағайындалған жерiне жеткiзiп беруге мiндеттенедi, ал жөнелтушi (жүру құжатының болуына тәуелсiз) оны тасымалдауға белгiленген тариф бойынша ақы төлейдi.
      3. Жолаушыны тасымалдау шарты жол жүру құжатымен (билетпен), багажды тасымалдау багаждық түбiртекпен, жүк багажын тасымалдау - жүк багаждық түбiртекпен ресiмделедi.
      4. Тасымалдаушы жолаушы атаған станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндетті.
      5. Жолаушыға жол жүру құжатына сәйкес орын бермеген немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны тағайындалған жерiне жеткiзуге немесе жолаушыға шартты тиiстi орындамау арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндетті.
      6. Жүру құжаттарының нысаны, оларды сатудың тәртiбi мен қолданылу

 

мерзiмдерi тасымалдау ережелерiмен белгіленедi.


     61-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк багажын

             тасымалдау ережелерi

     Жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережелерi мыналарды

анықтайды:

     1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды, қолдану мерзiмiн ұзартуды

және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыруды;

     2) жолаушылар вагонының санатын, соның iшiнде жайлық деңгейi бойынша;

     3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда мiндеттi түрде

көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн;

     4) жолаушылардың жол жүру поезда төсек-орын жабдықтарын беру және

басқа қызметтер көрсетудiң шарттарын;

     5) жолаушының жол жүрiп бара жатқанда (10 күнге дейiн) кiдiрiс

жасауын ресiмдеудiң тәртiбiн;

     6) қол жүгiн алып жүрудiң тәртiбi мен шарттарын;

     7) багажды, жүк багажын қабылдаудың және берудiң шарттары мен

тәртiбiн;

     8) тасымалдау құжаттарының нысанын және оларды ресiмдеудiң тәртiбiн;

     9) тасымалдауға жататын жануарлардың тiзбесiн, оларды тасымалдаудың

тәртiбi мен шарттарын;

     10) поездың жүру жолында багаж бен жүк багажын берудiң тәртiбiн;

     11) багаж бен жүк багажын қайта жөнелтудiң тәртiбi мен шарттарын;

     12) багаж бен жүк багажын сақтау, алып қалу және беру тәртiбiн;

     13) қауiптi заттарды тасымалдаудың тәртiбiн;

     14) қолданылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi

қайтарудың тәртiбiн;

     15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерiн;

     16) заңнама кесiмдерiне сәйкес басқа да жағдайларды.


     62-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

     1. Жолаушы мыналарға құқылы:


 
       1) поездың жүру бағыты бойынша жолаушылар операцияларына ашық, ол баратын станцияға дейiн, қандай да болмасын поезға және қандай да болмасын вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;
      2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагонда орын алуға;
      3) егер бала жеке орынды алмаса, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi баланы ақысыз және жол жүру ақысының 50 пайызын төлеп, 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларды алып жүруге.
      Басқа мемлекеттердiң жолаушылар вагондарында және Қазақстан Республикасының жолаушылар вагондарында басқа мемлекеттердің аумағы бойынша тасымалдарда аталған құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының шарттары бойынша жүзеге асырылады;
      4) үш өлшемiнiң қосындысы бойынша габариттерi 200 см аспайтын 36 килограмнан артық болмайтын қол жүгiн ақысыз алып жүруге. Ал аталған параметрлерден артық болатын қол жүгi, багаж вагонына тапсырылуы тиiс;
      5) тасымалдау ережелерiмен белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) тапсыруға және тасымалдаушыдан жол ақы мен багаж ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк багажы тасымалының ақысын) қайтарып алуға;
      6) тасымалдау ережелерiмен бекiтiлген тәртiп бойынша жүру құжатының қолданылу мерзiмiн ұзартуға;
      7) жол жүру барысында кiдiрiс жасап тасымалдау ережелерiмен бекiтiлген тәртiп бойынша жол жүру құжатының (билеттің) қолданылу мерзiмiн 10 күннен кем болмайтын уақытқа ұзартуға;
      8) бос орындар болса және жол жүру құжатына өзгертулер енгiзiп, жүру құжатын (билет) сатып алған поездан бұрын жүретiн жолаушылар поезымен жүруге;
      9) белгіленген ақыға тасымалдауға багажын тапсыруға.
      2. Жолаушы мыналарға мiндетті:
      1) жол жүру құжатын (билеттi) сатып аларда, поезға мiнерде және жол жүру барысында жол жүру құжатын (билеттi) тексергенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
      2) поезға отырғанда және жол жүру барысында сапар аяқталғанға дейiн жүру құжатының (билеттің) болуына;
      3) қоғамдық тәртiптi, жолаушылар вагонын және вокзал үй-жайларын пайдалану ережелерiн сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкіне ұқыпты қарауға.
 
      63-бап. Багаж бен жүк багажын тасымалдау
      1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушіден багаж бен жүк багажын қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық қандай да болмасын станцияға дейiн жөнелтуге мiндеттi.
      Жөнелтушiнiң багажы, жүк багажы багаж вагоны бар таяу арада жүретiн поезбен жөнелтiледi. Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк багажын бiрiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндетті. Жолаушының жол жүру құжатында көрсетiлген бағыт бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк багажы жолаушы бара жатқан поезбен немесе багаж вагоны бар таяу арада жүретiн поезбен жөнелтiлуi тиiс.
      2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды, жүк багажын тапсырған кезде олардың құндылығын жариялауға мiндетті.
      3. Багажбен, жүк багажымен тасымалдауға өзiнiң мөлшерi, буып-түйiлгенi және қасиеттерi бойынша багаж вагонында қиындықсыз тиелетiн және орналасатын әрi тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк багажына зиян келтiрмейтін заттар мен нәрселер қабылданады.
 
      64-бап. Багаж бен жүк багажын жеткiзiп берудiң мерзiмi
      1. Багаж бен жүк багажын жеткiзiп берудiң мерзiмi тасымалдар жүзеге асырылатын поездардың тағайындалған станцияға дейiн жүру уақытымен белгіленедi.
      Егер багаж, жүк багажы жолда ауыстырылып тиелсе, жеткiзiп беру мерзiмi әр ауыстырып тиеуге тәулiктер қосылып белгiленедi.
      2. Жолаушы (жөнелтушi) егер багаж, жүк багажы жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан 7 тәулiктен кейiн тағайындалған станцияға жеткiзiлмесе, багажды жоғалған деп санауға және оның құнының өтелуiн талап етуге құқығы бар.
      3. Жолаушыға, алушыға багаж тағайындалған станцияда багаж түбiртегін және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
      4. Багажды, жүк багажын тапсыру станция жолаушылар тасымалы бойынша операцияларға ашық уақыттың iшiнде жүргiзiледi.
 
      65-бап. Сақтаудың ең ақырғы мерзiмi өтiп кеткен багаж бен жүк
              багажын реттеу
      1. Алушы (соның iшiнде жолаушы) тасымалдаушыға тәуелсiз себептер бойынша багаж бен жүк багажын алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны тағайындалған станцияда жеткiзiлген күнiнен бастап 30 күн, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк багажын 15 күн сақтауға мiндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi өткеннен кейiн, тасымалдаушы багаж бен жүк багажын белгiленген тәртiп бойынша иесiз немесе тәркiленген деп тану үшiн оларды сатуды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органдардың (салық, кеден) қарауына тапсырады. Осы сәттен бастап жөнелтушi, алушы оларға құнын өтеу немесе багажды, жүк багажын алу мәселесi бойынша сұрау салуға құқылы.
      3. Соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша (алынған, тәркiленген, иесiз деп танылған) багаж, жүк багажы сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдауға және сақтауға байланысты шеккен шығындары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлетті органдардың шешiмдерiн орындауға құзыреттi тұлғалардың атқарушы iс-әрекеттерiн жүзеге асыру жөнiндегi шығындары ретiнде өтеледi.
 

 

     66-бап. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар тасымалын ұйымдастыру

     Тасымалдаушы қала маңындағы тасымалдарды мемлекеттiк басқару

органдарының және басқа мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша тиiстi шарт

жасасу арқылы ұйымдастырады.


     67-бап. Почта тасымалы

     Почта тасымалы темiржол көлігіндегi мемлекеттiк басқарудың уәкiлетті

органы бекiткен тәртiп бойынша почта вагондарымен жүзеге асырылады.


            10-тарау. Тасымалдардан ағындайтын мiндеттер бойынша

                               жауапкершiлiк


     68-бап. Тасымалдар бойынша мiндеттердi бұзғаны үшiн

             жауапкершiлiк


 
       1. Тасымалдардан ағындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi орындамаған жағдайда тараптар осы Заңмен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, тасымалдар ережелерiмен, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасасқан шарттардың негіздерi бойынша және мөлшерiнде жауапты болады. Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапкершiлiкке тарту құқығы бұзылған тараптың талабы бойынша ғана жүргiзiледi.
      2. Тасымалдардан ағындайтын осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсаты қойылған тараптардың шарттары жарамсыз.
      Тараптар осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiктiң мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершілікті қарастыруына болады.
      3. Тасымалдар бойынша, соның iшiнде тiкелей араласқан және халықаралық қатынаста мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi орындамағаны үшiн тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi осы Заңмен, жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiмен, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы (соның iшiнде халықаралық) шарттармен белгiленедi.
      4. Тасымалды бiрнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында жүктi жоғалтқаны, бүлдiргенi, бұзғаны, жетiспеушiлiгi, жеткiзiп беру мерзiмiн асырғаны үшiн ортақ жауапты болады.
      5. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапкершiлiкке тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар.
 
      69-бап. Айыпқұн (айыппұл)
      1. Жүктер тасымалы бойынша мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi орындамағаны үшiн кiнәлi тарап айыпқұнды (айыппұлды) Азаматтық кодекспен, осы Заңмен немесе шартпен белгiленген мөлшерде төлейдi.
      2. Тасымалдаушыға тиiстi төлемдi мерзiмiн өткiзiп төлегенi үшiн Азаматтық кодекспен белгiленген бөтен адамдардың ақшалай қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлік мөлшерiнде айыпқұн алынады.
      3. Тараптардың басқа шарттары болмаса тасымалдаушы жасаған төлемнiң сомасынан ең алдымен есептелген айыпқұнның (айыппұлдың) сомаларын, ал қалған бөлігінде борыштың негiзгi сомасын өтейдi.
 
      70-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян
              үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
      Тасымалдаушы жолаушының салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Азаматтық кодекске сәйкес жауап бередi.
      Жолаушының өмiрiне, денсаулығына келтiрген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушының поезда және вокзал аумағында поезға отырған (түскен) кезiнде пайда болады.
 
      71-бап. Тасымалдаушының жүктi, багажды, жүк багажын
              жоғалтқаны, жетіспегенi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi)
              үшiн жауапкершiлiгi
      1. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк багажын тасымалдауға алған сәттен бастап жүк алушыға, алушыға тапсырған сәтке дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті.
      2. Багажды, жүк багажын жоғалтқаны, жетiспеушiлiгi, бүлдiргенi (бұзғаны) үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк оларды қабылдаған - тапсырған сәттен бастап ауысады.
      3. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған жүктi жоғалтқаны, жетiспегенi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерде жауапты болады:
      1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң құны мөлшерiнде;
      2) бұзылған (бүлiнген) жағдайда - құны төмендеген сома мөлшерiнде;
      Жүктің құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген бағаға сүйенiп, ал ол болмағанда салыстырмалы жағдайда осыған ұқсас тауарлардан алынатын баға негiзге алынып анықталады.
      4. Тасымалдауға құндылығы жарияланып тапсырылған багаж бен жүк багажының, сондай-ақ жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылығы мөлшерiнде жауапты болады.
      5. Тасымалдаушы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген зиянның орнын толтырудан басқа, егер тасымал ақысы олардың құнына кiрмеген болса, клиентке жоғалтқан, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) багажды, жүктi, жүк багажын тасымалдауға алынған тасымал төлемiн қайтарады.
      6. Жеткiзiп беру мерзiмi өткеннен 7 күннен кейiн, ал жүктердi тiкелей араласқан қатынаста тасымалдағанда - тасымалдауға қабылдаған күннен 30 күн өткеннен кейiн жүк, багаж, жүк багажы жоғалтылды деп саналады.
      Жүк, багаж, жүк багажы аталған мерзiм өткеннен кейiн жеткiзiлген жағдайда, алушы оларды қабылдап алуға, сондай-ақ оған жоғалтқаны үшiн тасымалдаушының төлеген сомасын қайтаруға мiндетті.
      7. Егер тасымалдаушы болдырмауға және оларды жоюға тәуелсiз болған жағдайлардың нәтижесiнде жоғалғанын, жетiспегенiн, бұзылғанын (бүлiнгенiн) дәлелдей алмаса, ол жүктiң, багаждың, жүк багажының сақталуына жауапты болады.
      8. Егер тасымалдаушы тиеу кезiндегi темiржол жүк құжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда, тасымалдаушы жүк алушы алдында жоғалтқаны үшiн жүктiң темiржол жүк құжатында көрсетілген құны мөлшерiнде жауапты болады.
 
      72-бап. Жүк тасымалдарының жоспары бойынша
              тапсырыстарды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Тасымалдаушы қабылданған тапсырысқа сәйкес көлiк құралын бермегенi, ал жүк жөнелтушi жүктi ұсынбағаны, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн, есептеу көрсеткiшiнiң мөлшерiнен есептелетiн айыппұл түрiнде мынадай мөлшерде мүлiктi жауапты болады:
      1) жүктердi контейнерлермен тасымалдағанда:
      брутто салмағы 5 тоннаға дейiн қоса есептелген әр контейнер үшiн 15 пайыз;
      брутто салмағы 5 тоннадан 10 тоннаға дейiн қоса есептелген әр контейнер үшiн 30 пайыз;
      брутто салмағы 10 тоннадан артық әр контейнер үшiн 60 пайыз;
      2) жүктердi рефрижератор вагондардан, транспортерлардан басқа вагондарда тасымалдағанда - әр вагон үшiн 150 пайыз;
      3) рефрижератор вагондарда, транспортерларда тасымалдағанда - әр вагон үшiн 290 пайыз.
      2. Жүктердi (вагонмен ғана тасымалдау белгiленгенде) тар табан жолы бар темiржол желiлерi бойынша тасымалдағанда - осы баптың 1-тармақшасымен қарастырылған айыппұлдардың 50 пайызы мөлшерiнде.
      3. Жүктердi тасымалдау тапсырысын орындамағаны үшiн айыппұл вагондарды, контейнерлердi пайдаланғанға ақы төлеуден тәуелсiз алынады.
 
      73-бап. Вагондар мен контейнерлерге өз еркiмен алғаны,
              бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа тұлғалар олардың меншігіне жатпайтын вагондарды, контейнерлердi меншiкті тасымалдар, жүктердi сақтау үшiн пайдалануға құқығы жоқ және оларды иеленушiлерiнiң рұқсатынсыз, егер тиiсті шарттармен көзделмесе, тиеу жұмыстарына пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Осындай талапты сақтамағаны үшiн кiнәлi тарап вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеумен қатар көлiк құралдары иесiнiң алдында вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшін төленетiн ақы мөлшерiндегi айыппұл түрiнде мүлiктi жауапты болады.
      3. Осы баптың 2-тармағымен көзделген айыппұлды өтеу кiнәлi тарапты иеленушi алдындағы Азаматтық кодекспен белгіленген мүлiктiк жауапкершiлiктен босатпайды.
 
      74-бап. Жүктi жеткiзiп берудiң мерзiмдерiн бұзғаны үшiн
              жауапкершiлiк
      1. Жүктi жеткiзiп берудiң, соның ішiнде тiкелей араласқан қатынаста тасымалдаған кезде жолдың темiржолдық бөлiгі үшiн өтіп кеткен мерзiмнiң әр тәулiгi үшiн тасымалдаушы жүк алушыға, егер мерзiмiнен өткiзiп алғаны оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, темiржол көлiгi тасымал төлемiнiң 5 пайызы мөлшерiнде, бiрақ 50 пайыздан аспайтын айыппұл төлейдi.
      Тасымалдаушының меншiгiнде емес бос вагондарды жеткiзiп берудi мерзiмiнен асырғанда тасымалдаушыдан осы мөлшерде айыппұл алынады.
      2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор өнiмдердi экспортқа, импортқа, транзитке жеткiзiп берудi ресiмдеу жөнiндегі заңдардың талаптарын бұзғаны үшiн вагондар мен контейнерлердiң кеден, шекара немесе басқа бақылау жасау органдарының түрлерiмен тоқтатылып қоюына әкелiп соққаны себептi тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдаланғанының төлемi мөлшерiнде айыппұл салынады.
 
      75-бап. Жолаушыларды, багажды жеткiзудiң мерзiмдерiн
              бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Тасымалдаушы багажды, жүк багажын жеткiзiп берудiң өтiп кеткен мерзiмдерінiң әр тәулiгi үшiн жолаушыға, алушыға, егер мерзiмiнен өткiзіп алғаны оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жол жүру ақысының 10 пайыз мөлшерiнде, бiрақ 50 пайыздан аспайтын айыппұл төлейдi.
      Жеткiзiп берудiң мерзiмiнен асып кетуi багаж, жүк багажы жеткiзiлген тәулiктiң сағат 24.00-ден бастап саналады.
      2. Багажды, жүк багажын жеткiзiп беру мерзiмiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының арызы бойынша жалпы нысандағы актiнiң негiзiнде жүргізiледi.
      3. Жөнелтiлуiн кiдiрткенi, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поезының тағайындалған темiржол станциясына кешiккенi үшiн тасымалдаушы жолаушыға кешiккен әр сағатына жол жүру құжаты құнының 3 пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, егер жолаушы қосымша шығын жасаған болса, оның орнын толтырады.
      Өтелген айыппұлдың сомасы жол жүру құжатының (билеттiң) құнынан аспауы тиiс.
      Жолаушы поезының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының арызы бойынша жүргiзiледi.
 
      76-бап. Жүктi, багажды, жүк багажын тасымалдауға тасымал
              шарттарын бұзып тапсырғаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Көлiктiк темiржол жүк құжаттамасында жүктiң атауын, оның ерекше белгісiн немесе жүк тасымалы кезiнде қажетті сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған жүктi жөнелткенi немесе оның қасиеттерiн дұрыс көрсетпегенi үшiн тасымалдаушыға аталған жағдайдан туындаған шығындарды өтеумен қатар жүк жөнелтушiден осындай жүктi тасымалдаудың барлық ара қашықтығына тасымалдау ақысының бес есе мөлшерiнде айыппұл салынады.
      2. Багажды, жүк багажын жөнелтушi тасымалдаушы алдында тасымалдауға тыйым салынған жүктi, багажды тасымалдағаны үшiн тасымалдау құнының бес есе мөлшерiндегi айыппұл түрiнде жауапкершiлiк тартады, қолданылып жүрген заңдармен көзделген жағдайда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
 
      77-бап. Жол жүру құжаты жоқ жолаушының жауапкершiлігі
      Жол жүру құжатынсыз жүрген жолаушыдан жол жүру құнынан басқа, тасымалдаушының пайдасына айлық есептеу көрсеткiшiнiң он есе мөлшерiнде айыппұл алынады.
 
      78-бап. Вагондарды, контейнерлердi асыра тиегенi үшiн
              жауапкершiлiк
      Вагонды, контейнердi жүк көтерiмдiлiгінен (сыйымдылығынан) артық тиегенi үшiн жүк жөнелтушi жол жүру ақысының 50 пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, сондай-ақ тасымалдаушыға вагонды, контейнердi артық тиеуден келтiрiлген шығындарды өтейдi.
 
      79-бап. Вагондарды, контейнерлердi жүктi түсiргеннен кейiн
              тазаламағаны үшін жауапкершiлiк
      1. Тасымалдаушы тазаланбаған вагонды, контейнердi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Вагонның, контейнердiң тазалауда тұрған уақытына жүк алушы тасымалдаушыға пайдаланғаны үшiн ақы төлейдi.
      2. Вагонды, контейнердi тазалаудан бас тартқаны үшiн жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазалау жөнiндегі жұмыс құнының екi есе мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
 
      80-бап. Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн
              тасымалдау құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны
              үшiн жауапкершiлiк
      Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау және пакеттеу құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн кiнәлi тараптан меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) пайдасына жоғалған мүлiктiң немесе қажеттi жөндеудiң құны, сондай-ақ жоғалған мүлiктiң немесе қажетті жөндеудiң құны мөлшерiнде айыппұл алынады.
 
      81-бап. Кiреберiс жолдарға вагондарды берудi, алуды
              кешiктiргенi үшiн жауапкершілік
      1. Кiреберiс жолдарға вагондарды беру және алу, пайдалану шарттары бойынша тасымалдаушы темiржол кiреберiс жолдарына тиеу және түсiру орындарына (орындарынан) вагондарды берудi, алуды, қабылдауды кешiктiргенi үшiн әр вагон үшiн сағатына 1,7 пайыз мөлшерiнде айлық есептеу көрсеткiшiнiң мөлшерiнен саналатын айыппұл түрiнде жауапкершiлiк тартады.
      Айыппұл аталған шарттарда көзделген вагондарды беру, алу мерзiмiн бұзған сәттен бастап кешiктiрiлген уақытының бәрiне есептеледi.
      2. Вагондарды 15 минуттан кем уақытқа кешiктiру есепке алынбайды. Вагондарды 15 минуттан 1 сағатқа дейiн кешiктiру толық бiр сағатқа саналады.
 
      82-бап. Жауапкершiлiктен босату
      1. Тараптар тасымалдау шартынан туындайтын мiндеттемелердi атқармағаны немесе лайықты атқармағаны үшiн жауапкершiлiктен Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексiмен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген негiздер бойынша босатылуы мүмкiн.
      2. Тараптар мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады, егер олар:
      1) қарсы тұруға болмайтын күштiң, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
      2) әскери әрекеттердiң, төтенше жағдай енгiзудiң;
      3) осы Заңмен белгiленген тәртiп бойынша жарияланған жүк тасымалын, поездар қозғалысын тоқтатудың немесе шектеудiң салдарынан болса.
 
      83-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiліктен босату
      1. Тасымалдаушы осы Заңның 82-бабының 2-тармағында аталған негіздерден басқа мына жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады:
      1) жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың кiнәсiнен мiндеттемелердi орындамағанда немесе тиiстi орындамағанда;
      2) тасымалдаушы күнтiзбелiк он күн ішiнде осы он күннiң жекелеген күндерiнде жол берген вагондарды, контейнерлердi бермеудiң орнын толтырғанда;
      3) вагондарды және контейнерлердi беру тоқтатылғанда немесе осы Заңның 52-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайда жүктердiң жөнелтiлуi тұрып қалғанда;
      4) жүк алушы жүктi дер кезiнде түсiрмеу әрi алып кетпеу салдарынан жүк бүлiнгенде және бұзылғанда;
      5) жүк, багаж, жүк багажы түзу вагонда, жөнелтушi белгiлеген түзу бекiту-пломбалау құрылғыларымен жеткiзiлгенде, немесе түзу жылжымалы құрамда жол жүру барысында артық тиеусiз түзу қорғаныш маркировкасымен немесе түзу буып-түйiлгенде, сондай-ақ жүктiң, багаждың, жүк багажының сақталғандығын куәландыратын басқа да белгiлерi болғанда;
      6) жүктiң ерекше табиғи қасиеттерiнен байланысты сақталмағанда, сондай-ақ оны тасымалдауға жол жүру құжаттарында өзгеше жағдайды талап ететiн ерекше қасиеттерiн не тасымалдауда немесе сақтағанда сақтық шараларын көрсетпей тапсырғанда;
      7) жүктер жабық вагондарға, контейнерлерге тиелгенде, түсiрiлгенде, егер тиеу немесе түсiру жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының құралдарымен жүргізiлгенде;
      8) жүктердi ашық жылжымалы құрамда тасымалдаумен байланысты табиғи себептермен сақталмағанда;
      9) жүктi жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жолсерігінiң ере жүруiмен тасымалданғанда;
      10) жүк жөнелтушi жүк құжаттамасында мәлiметтердi терiс, қате немесе жартылай көрсеткенде;
      11) жүктiң салмағындағы айырмашылық табиғи азаю нормасының шегiнде, ылғалдылығы төмендегенде және нормалардың таразы көрсеткiшiндегi айырмашылығында, сондай-ақ салмағы тасымалдаушының қатысуынсыз жөнелтушi белгілеген жүк тасымалдауға қабылданғанда;
      12) тасымалдау мерзiмiн және температуралық режимдi сақтап тасымалдағанда тез бұзылатын жүк бүлiнгенде;
      13) көлiк ыдысының немесе олардың қасиетiнiң көзге елеусiз кемшiлiктерiнен жүктiң, багаждың, жүк багажының сақталмағанында.
      2. Тасымалдаушы жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен алып жүрген багаждың сақталуына жауапты болмайды.
 
      84-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiліктен босату
      Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы Заңның 82-бабының 2-тармағында аталған негіздерден басқа мына жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады:
      1) алдын-ала келiсiмсiз берiлген вагондарды, контейнерлердi пайдаланбағанда;
      2) он күннiң жекелеген күндерi жол берiлген жүктiң жетiспеушiлігін аталған күнтiзбелiк он күн iшiнде толтырғанда;
      3) тығыздап тиеудiң нәтижесiнде тапсырыстағы вагондарды, контейнерлердi көрсетiлген мөлшерiнен аз пайдаланғанда;
      4) тасымалдаушыны вагонды, контейнердi пайдаланбайтындығы жөнiнде жүк тиейтiн күннен кем дегенде үш тәулiк бұрын ескертсе.
 
               11-тарау. Кесiмдер, талаптар, қуынымдар
 
      85-бап. Талап қоюдың шарттары мен тәртібi
      1. Тасымалдаушыға тасымалдау келiсiмшартынан туындайтын талаптарды қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
      2. Талапқа өтiнiш иесiнiң талап қоюға құқығы бар екендiгiн куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы немесе тиiстi мөр басып куәландырылған көшiрмесi қоса берiлуi тиiс.
      3. Талапқа өтiнiш иесiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқасымен қоса берiлуi тиiс:
      1) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кешiктiрiлген немесе кешiккен жағдайда - жол жүру құжаты (билет);
      2) багажды, жүк багажын жоғалтқанда, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған жағдайда - багаж, жүк багажы түбiртегі;
      3) багаж, жүк багажы жетiспеген, бүлiнген, бұзылған жағдайда багаж, жүк багажы түбiртегi мен коммерциялық кесiм;
      4) жүк жоғалған жағдайда - жүк түбiртегi;
      5) жүк жетiспеген, бүлiнген, бұзылған, тапсыру кешiктiрiлген жағдайда - көлiктік темiржол жүк құжаттамасы, сондай-ақ коммерциялық кесiм;
      6) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда - көлiктiк темiржол жүк құжаттамасы.
      4. Жүктің жоғалуына, жетiспеуiне, немесе бүлiнуiне (бұзылуына) қатысты талапқа осы баптың 3-тармақшасында аталған құжаттардан басқа меншiк құқығын және жүктің құнын растайтын құжаттар қоса берiлуi тиiс.
 
      86-бап. Талап қоюдың мерзiмдерi
      1. Тасымалдау шартынан туындайтын талаптар тасымалдаушыға үш ай iшiнде, ал айыппұлға, өсiмге және артық төленген жол жүру төлемiне қатысты талаптар - бiр ай iшiнде қойылады.
      Талап қоюдың аталған мерзiмдерi мыналарға қатысты есептеледi:
      1) жүктi, багажды, жүк багажын жоғалтқаны үшiн шығынды өтеу - жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан 7 тәулiк өткеннен кейiн;
      2) жүктiң, багаждың, жүк багажының жетiспеушiлiгiн, бұзылғанын (бүлiнгенiн), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн шығынды өтеу - алған күннен бастап;
      3) жүк, багаж, жүк багажы тасымалына артық төленген төлемдердi қайтару - жүктi алған күннен бастап;
      4) багажды және жүк багажын жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн - алған күннен бастап;
      5) жүк тасымалына қабылданған тапсырысты орындамағаны үшiн айыппұл өндiрiп алу - тасымалдау ережелерiмен тапсырысты орындау үшiн белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн;
      6) басқа жағдайларда - талап қоюға негіз болған оқиға болған күннен;
      2. Тасымалдаушы, егер талап қою мерзiмiн өткiзiп алудың себебiн орынды деп таныса қойылған талапты белгiленген мерзiм өткеннен кейiн де қарауға құқығы бар.
 
      87-бап. Талапты қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi
      1. Талап алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуы керек.
      Тiкелей араласқан қатынастағы тасымалдар бойынша талап үш айлық мерзiмде қаралуы керек, халықаралық қатынастағы тасымал бойынша талап - халықаралық шарттардың шарттарымен белгiленген мерзiмде қаралады.
      2. Талапты тасымалдаушы толығымен немесе iшiнара қанағаттандыруы немесе қабыл алмауы мүмкiн. Тасымалдаушы талапты қараудың нәтижесi бойынша өтiнiш иесiне жазбаша түрде хабарлайды.
      3. Өтiнiш иесiнiң талабын iшiнара қанағаттандырғанда немесе қабыл алмағанда тасымалдаушы жазбаша хабарламасында қабылданған шешiмге негiз болғандар көрсетiлiп, нормативтiк құқықтық құжаттарға сiлтеме жасалуы тиiс. Жазбаша хабарлама өтiнiш иесiне талапқа қоса берiлген құжаттармен бiрге жолданады.
 
      88-бап. Кесiмдер
      1. Тасымалдарды жүзеге асырғанда тасымалдаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың немесе жолаушының мүліктік жауапкершiлiгі үшiн негіз болатын жағдайлар коммерциялық кесiмдермен немесе жалпы нысандағы кесiмдермен куәландырылады.
      Коммерциялық кесiмнiң және жалпы нысанды кесiмнiң нысандары, сондай-ақ оларды жасау ережелерi тасымалдау кесiмдерiмен белгiленедi.
      2. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк багажын тапсырғанда мына жағдайларды куәландыру үшiн коммерциялық кесiм жасауға мiндетті:
      1) шын мәнiндегi атауының, сондай-ақ тасымалдау құжаттарында аталған салмағы мен орын санының сәйкес келмеуiн;
      2) бұзылуын (бүлiнуiн);
      3) тасымалдау құжатынсыз жүктi, багажды не жүк багажын немесе тасымалдау құжатын жүксiз, багажсыз не жүк багажынсыз тапқанда;
      4) тасымалдаушыға ұрланған жүктi, багажды немесе жүк багажын қайтарғанда;
      5) тасымалдаушының жүк беретiн орынға (жалпы пайдаланылатын және жалпы пайдаланылмайтын) жүктi тапсыру жөнiндегi құжаттарды ресiмдегеннен 24 сағат iшiнде бермегенде. Аталған жағдайда коммерциялық кесiм жүк алушының талабы бойынша ғана жасалады.
      Тасымалдаушы коммерциялық кесiм жасалғандығы жөнiнде тасымалдау құжаттарында белгi соғуға мiндеттi.
      3. Жалпы нысандағы кесiмдер осы баптың 2-тармағында көзделмеген жағдайлар куәландырылғанда жасалады.
      4. Коммерциялық кесiмдердi жасауға қатысқан тараптардың оларға қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ. Коммерциялық кесiмнiң мазмұнымен келiспегенде тараптардың өз пiкiрлерiн баяндауға құқығы бар.
      5. Күмәндi ақпараттан тұратын коммерциялық кесiмдi жасаған немесе қол

 

қойған тұлғалар заң кесiмдерiмен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.


     89-бап. Қуыным мерзiмдерi

     1. Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын қуыным ол талапты

қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе осы Заңның

87-бабымен белгiленген мерзiмде қойылған талапқа тасымалдаушы жауап

бермеген жағдайда жасалуы мүмкiн.

     2. Жүктi тасымалдау шарты бойынша - қуыным мерзiмi бiр жыл.

     3. Қуынымның мерзiмi қуыным жасауға негiз болған оқиғалардан соң

келесi күнi басталады.


                   12-тарау. Қорытынды ережелер


     90-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздары мен байланыс


 
       1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымал бойынша көрсетiлетiн қызметтер жөнiнде қажеттi әрi дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
      Темiржол станцияларындағы, темiржол вокзалдарындағы, поездардағы және жолаушыларға, багаждарды, жүк багаждарын жөнелтушiлер мен алушыларға, жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетiлетiн басқа жерлердегi ақпарат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн есепке алып басқа тiлдерде берiлуi мүмкiн.
      2. Жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждарын тасымалдауға тарифтердiң, сондай-ақ алымдардың өзгергендiгi жөнiндегi мәлiметтер оларды енгiзуден 10 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      3. Темiржол көлiгiндегi қызметтiк іс жүргiзу мен байланыс мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүзеге асырылады.
      4. Темiржол көлiгiндегi тасымалдау құжаттары және халықаралық

 

хабарламалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының

нормаларымен белгіленген тiлдерде жүзеге асырылады.


     91-бап. Темiржол көлiгi кәсiпорындарында есепке алу-есеп беру уақыты

     1. Темiржол көлiгiнде темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқарудың

уәкiлеттi органы белгiлеген бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақыты

қолданылады.

     2. Халықаралық қатынаста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан

Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады