Республикалық меншіктің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 23 қараша N 1753

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы мен санитарлық эпидемиялық станциясының филиалдары орналастырылған Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 175 мекен-жайы бойынша ғимарат және бұрын "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жайғасқан Алматы қаласы, Республика алаңы, 13 мекен-жайы бойынша ғимараттағы алаңы 6813 шаршы метр үй-жай Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс

Басқармасымен және Алматы қаласының әкімімен келісім бойынша заңнамада

белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ғимарат пен

үй-жайды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру жөніндегі қажетті

ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады