Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кеден комитетінің арасындағы Контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылықтарға, сондай-ақ қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қараша N 1765

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кеден комитетінің арасындағы Контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылықтарға, сондай-ақ қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі мен Тәжікстан Республикасы Үкiметi жанындағы Кеден комитетінің арасындағы контрабанда және кеден ережелерiн бұзушылықтарға, сондай-ақ қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы
Келісім

      (2000 жылғы 27 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi,
      қару-жарақ, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар контрабандасын болдырмау, тергеу және жолын кесу жөнiндегi iс-әрекеттердi жеделдету мақсатында,
      осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң атынан осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi құзыреттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi болып табылады.
      Тәжік Тарапынан осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi болып табылады.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабарланатын болады.

2-бап

      Тараптар, тең құқылық және өзара сыйластық принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес және осы Келiсiм шеңберiнде контрабанда мен кеден ережелерiн бұзушылықтың, сондай-ақ қару-жарақтың, оқ-дәрілердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымын болдырмау, тергеу және жолын кесу мақсатында ынтымақтасатын болады.

3-бап

      Тараптар жүк және жолаушылар қатынастарындағы және почталық айырбастағы кедендiк бақылауды жеделдетуге, сондай-ақ көлiк құралдарының, жүктiң, жолжүгiнiң, почталық жөнелтiмдердiң, валютаның, басқа төлем құралдарының және валюталық құндылықтардың заңсыз әкелiнуiн, әкетiлуiн және транзитiн ескертуге, Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық және басқа мүдделерiне келетiн нұқсанды болдырмауға бағытталған барлық қажеттi шараларды қабылдайды.

4-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң негiзiнде, өз құзыреттерiнiң шегiнде және ұлттық заңдарды сақтай отырып:
      а) қолданылып жүрген кеден заңдары туралы ақпаратпен;
      б) контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы күрес, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасы мен заңсыз саудасын болдырмау, тергеу және жолын кесу жөнiндегi iс-әрекеттерiн жандандыру әдiстерi туралы ақпаратпен;
      в) бақылаудың техникалық құралдарын қолданудың, кинология қызметтерi жұмысының тәжiрибесiмен;
      г) қару-жарақ пен есiрткi құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес әдiстерiн үйрету мақсатында мамандармен;
      д) қару-жарақ пен есiрткi құралдарының контрабандасына және заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ғылыми жарияланымдар мен оқу құралдарымен;
      е) есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жаңа түрлерi мен өндiру орындары, оларды заңсыз тасымалдау бағыттары және оларды жасыру әдiстерi туралы ақпаратпен;
      ж) есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сәйкестендiру және зертханалық анализ саласындағы ақпаратпен;
      з) түрлi елдер мен аймақтардағы қару-жарақ пен есiрткi құралдарына бағалардың өзгеруi туралы ақпаратпен;
      и) есiрткi құралдарының синтезi үшiн қолданылатын бастапқы химикаттар туралы ақпаратпен;
      к) қару-жарақтың, оқ-дәрілердiң және жарылғыш заттардың заңсыз тасымалдану бағыттары мен жасыру тәсiлдерi туралы ақпаратпен алмасады.

5-бап

      Тараптардың әрқайсысының бастамасымен немесе келесi Тараптың сұрау салуы бойынша:
      а) қару-жарақтың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасымен немесе заңсыз саудасымен айналысатын немесе оған күдiктi тұлғалар туралы;
      б) контрабанданы тасымалдау үшiн қолданылатын көлiк құралдары, жүктер мен почталық жөнелтiмдер туралы;
      в) бiр Тарап аумағынан келесi Тарап аумағына есiрткi құралдарының контрабандасы мен заңсыз тасымалдау заттарын анықтау фактiлерi туралы жедел деректер бередi.

6-бап

      Ауызша, сондай-ақ жазбаша түрде Тараптармен берiлетiн ақпарат құпия болып саналады және тек осы Келiсiмдi орындау мақсаттарында ғана қолданылады.
      Тараптар осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтердi, егер олардың таралуы келесi Тарап мүдделерiне немесе тараптардың бiрлескен iс-әрекеттерi мемлекетiнiң мүдделерiне нұқсан келтiретiн болса келесi Тараптың келiсiмiнсiз басқа ведомстволарға және бұқаралық ақпарат құралдарына бермейдi.

7-бап

      Егер Тараптардың бiреуiнiң келесi Тарапқа бағытталған сұрау салуы (осы Келiсiмнiң 3 және 4 тармақтарына сәйкес) келесi Тарап мемлекетiнiң егемендігiне және ұлттық қауiпсiздiгiне зиян келтiретiн болса, негiздемелер мен уәждерiн көрсетумен өтiнiш қайтарылады.

8-бап

      Ынтымақтастық сұрау салулар нысанында жүзеге асырылады. Ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi сұрау салуларда: сұрау салушы органның атауы, сұрау салынушы органның атауы, сұрау салу жiберiлуге байланысты мәселе мәнiнiң қысқаша сипаттамасы, сұрау салудың пәнi және оны орындауға қажеттi мәлiметтер көрсетiледi. Тараптар бiр-бiрiне сұрау салуларды жазбаша түрде жiбередi. Сұрау салуларға сұрау салушы органдардың басшылары қол қояды және елтаңбалық мөрмен қуатталады.
      Кешiктiрiлмейтiн жағдайда сұрау салулар артынша жазбаша растаумен телеграф, телетайп немесе факстық байланыс арналарымен жiберiледi. Сұрау салулар олар алынған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей орындалады. Сұрау салуларды басқа ведомстволар мен мекемелерге жiберген жағдайда, сондай-ақ оларды орындауға кедергi жасайтын жағдайлар туралы сұрау салушы органға дереу хабарланады.

9-бап

      Тараптар мемлекеттерi заңдарының негiзiнде және өзара келiсiм бойынша кеден қызметтерi қажет болған кездерде, олардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың бақыланатын жеткiзiлiм әдiсiн қолданады.
      Бақыланатын жеткiзiлiм әдiсiн қолдану туралы шешiмдер Тараптармен әрбiр нақты жағдайда жеке қабылданады және қажет болғанда Тараптардың қаржылық шарттасуларын ескередi.

10-бап

      Егер Тараптардың бiрi келесi Тарап лауазымды тұлғасының контрабанда немесе кедендiк ережелерді бұзушылық фактiлерi бойынша куә немесе сарапшы ретiнде қатысуында мүдделi болса, онысы келесi Тарапқа тиiстi сұрау салумен өтiнiш жасауға құқы бар.
      Мұндай сұрау салуды қанағаттандыру осы келiсiмнiң 3 және 4 тармақтарымен реттеледi.
      Тараптардың бiреуiнiң лауазымды тұлғаларында келесi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған мерзiмiнде өздерiнiң ресми өкiлдiктерiнiң құжаттық растамасы болуы тиiс.

11-бап

      Осы Келiсiмдi пайымдауға және орындауға байланысты барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы кеңестер және келiссөздер жолымен шешiледi.

12-бап

      Тараптар арасындағы хат жазысу орыс тiлiнде жүргiзiледi.

13-бап

      Тараптар осы Келiсiмді орындауға байланысты шығыстарды өтеу кiнәраттарынан бас тартады, мамандардың жолсапарымен байланысты шығыстардан басқа.

14-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiн қозғамайды.

15-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың бiр-бiрiне дипломатиялық каналдар бойынша Келiсiмнiң күшiне енуiн қамтамасыз ететін қажет, мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлағаннан кейiн күшiне енедi және 5 жыл бойы қолданылады, одан кейiн, егер Тараптардың бiрде-бiрi тиiстi мерзiмге алты ай қалғанда осы Келiсiмнiң iс-әрекеттерiн тоқтату туралы өзiнiң ниетiн жазбаша нысанда мәлiмдемесе, ол автоматты түрде келесi 5 жылға ұзартылады.
      2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында қазақ, тәжiк және орыс тілдерiнде жасалды, әрi бұл ретте барлық мәтiндер бiрдей болып табылады.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру қажет болған кездерде орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.

      Қазақстан Республикасы             Тәжікстан Республикасы
      Мемлекеттік кіріс министрлігінің   Үкіметінің жанындағы Кеден
      атынан                             комитетінің атынан

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады