Өнер саласында мамандар дайындауды тиянақты қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мына республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары қайта құру жолымен:
1) Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы" мемлекеттік мекемесі;
2) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - "Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" мемлекеттік мекемесі;
3) Қазақ ұлттық музыка академиясы - "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) құрылатын мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) көрсетілген мекемелердің штат саны шегін бекіту жөнінде ұсыныс енгізсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. Осы қаулы 20001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi