"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қараша N 1790

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              жоба

         Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қызметкерлерінің еңбекақысы мен штат санының лимитін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 463-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережеде: 5-тармақта: 31) тармақшаның екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Көрсетілген қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі;"; 32) тармақша алынып тасталсын; 20-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын; 21-тармақтағы "(еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығыстардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын; 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат): жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 87".
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы" 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің шешімдерін осы Жарлықтың талаптарына сәйкес келтірсін, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады