Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 желтоқсан N 1841

      Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 P001341_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақтағы:
      "ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "500 000 (бес жүз мың) тоннаға дейін" деген сөздер "200 000 (екі жүз мың) тоннаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "80 (сексен) және 85 (сексен бес) АҚШ долларына баламалы баға бойынша" деген сөздер "100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы 2001 жылғы көктемгі - жазғы кезеңде ішкі рынокта сату үшін мемлекеттік экспорттық ресурстардан 150 000 (жүз елу мың) тонна астықты сақтап қойсын";
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны сақтау және сату тәртібі туралы ережедегі:
      2, 3, 4, 6 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. 9353-90 Мемстандартқа сай келетін үшінші сыныпты жұмсақ бидайдың есепке алынған салмағының 1 тоннасы үшін, салық патенті негізінде салық төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін - ҚҚС-ны қоса алғанда және бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын тұлғалар үшін, олар өздері өндірген астықты сату кезінде - ҚҚС-ны есептемегенде, франко-элеватор шартымен сатып алу бағасы 100 АҚШ долларына баламалы";
      9-тармақтың бірінші абзацындағы "ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер" деген сөздер "тұлғалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Корпорацияның облыстық өкілдіктері апта сайын, дүйсенбіде, жасалған шарттармен бірге жоғарыда көрсетілген құжаттарды төлем жасау үшін Корпорацияның орталық офисіне жеткізеді. Корпорация сол аптаның жұмасынан кешіктірмей өз есеп-шотына ақша түсу сәтінен бастап 2 банктік күн ішінде, ол ақшаны сатушыларға аударады.";

     17-тармақтағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының" деген 
сөздер "Корпорацияның" деген сөзбен ауыстырылсын".
     2. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына 
салық органдарымен бюджетке салық және басқа да міндетті төлеуін 
қамтамасыз ету мақсатында иелігіндегі шектелген астықты заңнамада 
белгіленген тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі      
     Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады