Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар
Қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісімді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Балалар Қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі
келісімді бекіту туралы
1994 жылғы 25 қарашада Алматы қаласында жасалған, Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының
арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Ағылшын тілінен ресми емес аударма
Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының
Өкілдігін ашу туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен
Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Келісім
Кіріспе бөлім
Экономикалық дамудың аса маңызды проблемаларын шешуге қосымша күш-жігер жұмсау, әлеуметтік прогреске, тұрмыс жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Алматыда Уақытша Өкілдік ашуына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы мүдделі екендігін басшылыққа ала отырып;
Жұмыс жағдайларын және осымен байланысты басқа да мәселелерді қоса алғанда, БҰҰ өкілдігінің толық әрі тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін, сондай-ақ басты мақсатты жүзеге асыру - Қазақстан Республикасының Үкіметімен және халқымен ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту үшін қолда бар мүмкіндіктердің бірін пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің келіскендігін басшылыққа ала отырып;
Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйымдық құрылымы ретінде БҰҰ Өкілдігін ашуға және БҰҰ-ның артықшылықтар мен иммунитет жөніндегі конвенциясына сәйкес оның ресми өкілдерін қабылдауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің келіскендігін еске ала отырып;
Алматыда БҰҰ-ның Уақытша Өкілдігін ашумен байланысты мәселелерді реттеу мақсатымен келісім жасауға ұмтыла отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі достық ынтымақтастық рухында мына төмендегілер жөнінде уағдаласты:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде мына төмендегі анықтамалар пайдаланылады:
а) "Офис" - ұйымдық құрылыс ретінде БҰҰ Өкілдігі деген мағынаны білдіреді, Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл ұйымдық құрылым арқылы бірлескен бағдарламаларды орындауда көмек пен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
б) "Үкімет" - Қазақстан Республикасының Үкіметі деген мағынаны білдіреді;
в) "Басшы органдар" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істейтін республикалық, аймақтық және басқа компетентті ұйымдар деген мағынаны білдіреді;
г) "Келісім" /конвенция/ - Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеті туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1946 жылы ақпанның 13-інде бекіткен Конвенция деген мағынаны білдіреді;
д) "Тараптар" - Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі деген мағынаны білдіреді;
е) "Офистің басшысы" - Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі болып табылатын ресми адам деген мағынаны білдіреді;
ж) "Өкілдік қызметкерлері" - ұлтына қарамастан, БҰҰ қабылдаған штат кестесі мен ережелерге сәйкес жұмыс істейтін Ресми өкіл мен өкілдік штатының барлық қызметкерлері деген мағынаны білдіреді, бұған жергілікті жерде жалданған және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 7 желтоқсандағы 76/І/-Қарарына сәйкес сағат бойынша ақы төлеу шарттарымен ақы алып жұмыс істейтін адамдар кірмейді;
з) "Өкілдік сарапшылары" - ресми қызметкерлердің немесе БҰҰ атынан келісім бойынша жұмыс істейтін, миссия жалдаған және Конвенцияның 6, 7-баптарының ережелері негізінде қызмет істейтін адамдар деген мағынаны білдіреді;
и) "БҰҰ атынан жұмыс істейтін адамдар" - өкілдіктің тұрақты қызметкерлерінен өзгеше, шарт бойынша жалданып жұмыс істейтін және бағдарламаларды немесе басқа өндірістік қызметті іске асыратын немесе оларды орындауға көмектесетін адамдар деген мағынаны білдіреді;
к) "ЮНДП" - даму бағдарламалары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы деген мағынаны білдіреді;
д) "ЮНХЦР" - Біріккен Ұлттар Ұйымының эмиграция істері жөніндегі Жоғарғы комиссары деген мағынаны білдіреді, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылы 3 желтоқсандағы 319/ІV/ - қарарына сәйкес тағайындалады;
м) "ЮНИСЕФ" - Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қоры, ол БҰҰ Бас
Ассамблеясының 1946 жылғы 11 желтоқсандағы 57/І/-қарарына сәйкес
бекітілген;
н) "ЮНЕП" - Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі
бағдарламасы, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 1977 жылғы 15 желтоқсандағы 2997
/ХХҮІІ/ - қарарына сәйкес бекітілген;
о) "Өкілдік ғимараты" - Қазақстан Республикасының БҰҰ пайдаланатын
қызмет көрсету және байланыс құралдарын қоса алғанда офис пен оның
филиалдары орналасқан және үкіметке осылай деп мәлімделген үйлер деген
мағынаны білдіреді;
п) "Ұйым" - Біріккен Ұлттар Ұйымы деген мағынаны білдіреді;
р) "Тарап" - Қазақстан Республикасы деген мағынаны білдіреді.
2-бап
Қызметтің мақсаттары мен өрістері
Өкілдік мына төмендегілерді істеуге тиіс:
1. Экономикалық және әлеуметтік зерттеулерді өзара жүзеге асыру, техникалық ынтымақтастық, қызметшілер даярлау және ақпарат тарату арқылы экономикалық даму мен әлеуметтік прогреске жәрдемдесетін бағдарламалар бойынша Үкіметпен істес болу;
2. БҰҰ-ның тиісті қарарларына, шешімдеріне, нормативтеріне,
ережелеріне және саясатына сәйкес елде ЮНДР, ЮНВК, ЮНИСЕФ, ЮНЕП және
Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдарының жұмысын үйлестіру;
3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылығы өкілдікке тапсыруы мүмкін
басқа да қызметті жүзеге асыру;
4. Қажет болған жағдайда БҰҰ өз органдары мен бағдарламалары арқылы
Қазақстан Үкіметімен 18-бапқа сәйкес көмек бағдарламаларына қатысы бар
қосымша келісімдер жасай алады.
3-бап
Заңды ұйымдар және олардың заң жүзіндегі
мүмкіндіктері
Біріккен Ұлттар, өз Өкілдігі арқылы іс-қимыл жасай отырып,
а) шарт жасасу,
б) қозғалмалы және қозғалмалы емес меншікті сатып алу және оған иелік
ету,
в) құқықтық процедураларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуға тиіс.
4-бап
Конвенцияны қолдану
Конвенция Өкілдіктің, оның қызметкерлері мен сарапшыларының қызметіне, оның меншігі мен қорларына қолданылуға тиіс.
5-бап
Өкілдік статусы
1. Біріккен Ұлттар осы Келісімге немесе төмендегі 18-бапта келісілген өзге қосымша шартқа сәйкес өзіне алынған міндеттемелерді орындау мақсатында елде өзінің Өкілдігін ашады және ұстайды.
2. Біріккен Ұлттар, оның мүлкі мен активтері қай жерде және кімнің құзырында болғанына қарамастан, соттың кез келген қол сұғушылық нысанына қарсы иммунитетпен пайдаланады, бұған тек БҰҰ-ның өзі иммунитеттен бас тартқан жекелеген жағдайлар жатпайды. Алайда қандай да болсын иммунитеттен бас тарту сот-орындау шараларына қатысты емес деп есептеледі.
3. а) Өкілдіктің ғимаратына тиісуге болмайды. Өкілдіктің мүлкі мен активтерін қай жерде және кімнің құзырында болғандығына қарамастан, тінтуге, реквизициялауға, тәркілеуге, экспроприациялауға және атқару, әкімшілік, сот, заң немесе басқа әрекет жолымен қол сұғушылықтың қандайда да болсын бір нысанына жол берілмейді.
б) Өкілдік басшысы келісім берген және онымен келісілген жағдайларды қоспағанда, өздерінің ресми міндеттерін орындау үшін лауазымды кісілер Өкілдік ғимаратына кірмеуге тиіс.
4. Лауазымды кісілер Өкілдіктің қауіпсіздігі мен қорғалуын, Өкілдік ғимаратының ішінде де, сондай-ақ одан тыс жерде де, немесе оған жақын тұста да жекелеген адамдардың немесе топ адамның тыныштықты бұзбауын қамтамасыз етуге күш салуға тиіс.
5. Өкілдіктің архивіне, қай жерде және кімнің қолында болғандығына қарамастан оған тиесілі барлық құжаттарға қол сұғылмауға тиіс.
6-бап
Өкілдіктің қорлары, мүлкі және басқа меншігі
1. Өкілдіктің қызметі қандай да болсын қаржыны бақылаумен, реттеумен немесе кез келген тыйым салу түрімен шектелмейді:
а) қорларға, алтынға немесе кез келген келісілген затқа ие болып, пайдалана алады; кез келген валютамен есеп ұстап, оны пайдалана және жұмсай алады;
б) өзінің қорларын, алтынын немесе валютасын бір елден екінші елге немесе кез келген елдің шегінде, басқа ұйымдарға немесе БҰҰ жүйесінің агенттіктеріне еркін аудара алады;
в) өзінің қаржылық операциялары үшін ең қолайлы, заңды айырбас шарттарын пайдалана алады.
2. Өкілдік, оның мүлкі, табысы және басқа меншігі:
а) барлық тікелей, жанама салықтардан, жарналардан, алымдардан немесе міндеткерліктен босатылуға тиіс; бұл жерде іс жүзінде тармақтар бойынша айқындалып, белгіленген және тізімде көрсетілген мөлшерде коммуналдық қызмет үшін үкіметке немесе тиісті органдарға төлейтін шығындарынан аспайтын төлемдерден босатуды Өкілдіктің талап етіп отырғаны түсінікті;
б) Өкілдік қызметкерлеріне қажетті заттарды әкелуде және әкетуде дәстүрлі алымдардан, тыйым салулардан және шектеулерден босатылуға тиіс. Мұндай жолмен әкелінген бұйымдар, сол елдің үкіметімен келісілген жағдайды есепке алмағанда, сол елдің өзінде сатыла алмайтыны түсінікті;
в) өзінің баспа өнімдері жөнінде импорт пен экспорттың дәстүрлі алымдарынан, тыйым салуларынан және шектеулерінен босатыла алады;
7-бап
Өкілдік қызметкерлері
1. Өкілдіктің қызметкерлері:
а) айтқан немесе жазған сөздері үшін және лауазымды адам ретінде жасаған іс-әрекеттері үшін сот жауапкершілігіне тартылмайды. Мұндай иммунитет Өкілдікпен жасалған шарт бұзылғаннан кейін де сақталады;
б) Өкілдіктің төлейтін еңбекақысы мен сыйақысына салынатын салықтардан босатылады;
в) мемлекеттік қызмет міндеткерлігінен босатылады.
2. Бұған қосымша ретінде, Өкілдіктің халықаралық тәртіппен қабылданған қызметкерлері:
а) өзінің әйелімен және өз асырауындағы туысқандарымен бір-бірге иммиграция жөніндегі шектеулерден және шетелдіктер ретінде тіркеуден босатылады;
б) валюта айырбасы жөнінде үкімет жанында аккредитацияланған дипломатиялық миссия құрамына кіретін тісті шендегі лауазымды кісілерге берілетін артықшылықтарды пайдаланады;
в) өзінің әйелімен және өз асырауындағы туысқандарымен бірге дипломатиялық өкілдер халықаралық дағдарыс кезінде пайдаланатын репатрация жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланады;
г) өзін қабылдаған елде лауазымдық қызметіне алғаш кіріскенде өзінің жиһаздары мен мүлкін мемлекеттік алым-салықсыз алып келуге қақылы.
3. БҰҰ мен елдің Үкіметі арасында келісілуі мүмкін болғанындай, Өкілдіктің басшысы және өзге де лауазымды адамдар өздерімен шендес дипломатиялық қызметкерге үкімет беретін артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады. Осы мақсатпен Өкілдік басшысының аты-жөні дипломатиялық тізімге енгізілуге тиіс.
4. Өкілдікке халықаралық тәртіппен алынған қызметкерлер сондай-ақ төмендегідей жеңілдіктерді пайдаланады:
а) үкіметтік қолданылып жүрген ұйғарымына сәйкес шектеулі мөлшерде жеке пайдаланатын заттарын кеден тексерісі мен алымынсыз еркін апара алады;
б) шеніне сай дипломатиялық қызметкерге қатысты үкіметтің қолданылып
жүрген ережесіне сәйкес қатынас құралдарын кеден тексерісі мен алымынсыз,
сондай-ақ жанама салықсыз, еркін апара алады.
8-бап
Өкілдік сарапшылары
1. Өкілдік сарапшылары Конвенцияның VІ бабының 22, 23-тармақтарында
және ҮІІ бабының 26-тармағында толық көрсетілген артықшылықтарға,
иммунитетке және кепілдіктерге ие болуға тиіс.
2. Өкілдік сарапшылары уағдаласушы Тараптар арасында келісілген және
мақұлданған жағдайда қосымша артықшылықтарды, иммунитетті және
жеңілдіктерді пайдалана алады.
9-бап
Өкілдіктің көмекші құрамы
1. Өкілдіктің көмекші құрамы:
а) айтқан немесе жазған сөздері үшін және лауазымды адам ретінде жасаған іс-әрекеттері үшін сот жауапкершілігіне тартылмайды. Мұндай иммунитет Өкілдікпен жасалған шарт бұзылғаннан кейін де сақталады;
б) өзінің әйелімен және өз асырауындағы туысқандарымен бірге дипломатиялық өкілдер халықаралық дағдарыс кезінде пайдаланатын репатрация жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланады.
2. Өз міндетін тиімді атқару мақсатында Өкілдіктің көмекші құрамы жоғарыда 7 және 8-баптарда толық жазылған, сондай-ақ уағдаласушы Тараптар арасында келісілген жеңілдіктерді, артықшылықтарды және кепілдіктерді пайдалануға тиіс.
10-бап
Сағат бойынша ақы төлеу шарттарымен жұмыс
істейтін Қазақстан азаматтары
Қазақстан азаматтары өздерінің БҰҰ қызметкерлері деген төл міндеттерін орындауға қажетті жеңілдіктердің бәрін пайдалануға тиіс. Жергілікті жерде жұмысқа қабылданған және сағат бойынша ақы төлеу шарттары негізінде ақы алынатын қызметшілерге арналған жұмыс шарттары мен жағдайлары БҰҰ қарарларына, БҰҰ-ның компонентті органдарының шешімдеріне, нұсқауларына, ережелеріне және саясатына сәйкес болуға тиіс.
11-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту
Осы Келісімге сәйкес көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер
қызметшілердің жеке мүдделері үшін емес, БҰҰ-ның мүдделері үшін беріледі.
БҰҰ-ның Бас хатшысы, өз пікірі бойынша, иммунитет сот әділдігіне кедергі
келтіреді және одан Біріккен Ұлттардың мүдделеріне нұқсан келтірмей бас
тартуға болады деп есептеген жағдайда 7, 8, 9-баптарға сәйкес кез келген
лауазымды адамға берілген иммунитеттен бас тартуға қақылы әрі міндетті.
12-бап
Жеңілдіктерді пайдалану
1. Өкілдік қызметкерлері, сарапшылар және қосалқы қызметшілер:
а) тез қызмет көрсетілуіне, визалардың, лицензиялардың және
рұқсаттардың тез хатталуына, қажет болған жағдайда төлемақыдан босатылуға;
б) еркін түрде елге келіп, елден кетуге және ел ішінде жүріп-тұруға,
ынтымақтастық бағдарламасы тұрғысынан өзара іс-қимыл жасаудың барлық
түрлерінің бостандығына қақылы.
13-бап
Үкіметтің жәрдемі
1. Үкімет Біріккен Ұлттар миссиясын бұрын келісілгеніндей және
мүмкіндігіне қарай:
а) Өкілдікке арналған тиісті үймен;
б) қызмет мақсаттары үшін жергілікті телекоммуникация желісінің
ақысын төлеуді;
в) коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсетудің ақысын төлеуді, сондай-ақ жабдықтар орнатуды және офис үйін ұстауды;
г) елде өздерінің төл міндеттерін орындап жүрген Өкілдік
қызметкерлеріне, миссия сарапшыларына және қосалқы қызметшілерге қызмет
көрсететін көлік құралдарымен қамтамасыз етеді.
2. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымына:
а) Өкілдіктің халықаралық тәртіппен қабылданған қызметшілерін, миссия
сарапшыларын және БҰҰ Өкілдігінің көмекші қызметшілерін жайғастыруда
немесе қолайлы тұрғын үй жағдайларымен қамтамасыз етуде;
б) су, электр, өрт қауіпсіздігі қызметі және Өкілдіктің ғимараты үшін
қажетті басқа да қызметтер сияқты коммуналдық қызмет көрсету ісін жолға
қоюда және қамтамасыз етуде жәрдемдеседі.
14-бап
Байланыс және қатынас құралдарын
пайдаланудағы мүмкіндіктер
1. Біріккен Ұлттар ұйымы қолайлылығы үкіметтің кез келген дипломатиялық миссияға арнап белгіленген шарттарынан кем емес шарттар негізінде ресми байланыс құралдарын пайдаланғаны үшін, атап айтқанда почта, телеграф, телепринтер, көбейткіш техника, телефон және басқа байланыс құралдарын орнатқаны және пайдаланғаны үшін тарифтерді пайдаланады, сондай-ақ баспасөз бен радиоға ақпарат бергені үшін сыйақы алады.
2. БҰҰ-ның ресми хат-хабар жазысуы немесе басқа да байланыс цензураға ұшырауы мүмкін емес. Баспасөз өніміне, фотографиялық және электрондық ақпаратқа, байланыстың басқа да түрлеріне осындай кепілдік беріледі, бұл жөнінде Тараптар арасында ескертілуге тиіс. Хат-хабарларды, сондай-ақ тексеруге жатпайтын мөрлер мен пломбаларды жөнелткенде және алғанда Біріккен Ұлттар Ұйымының кодтарды пайдалануына рұқсат берілуге тиіс.
3. Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ тіркеген жиілікте және Үкіметтің офистер арасында ел ішінде және елден тыс жерде, әсіресе Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Штаб-пәтерімен орнатқан радио және басқа телекоммуникациялық жабдықтарын пайдалануға қақылы.
15-бап
Біріккен Ұлттардың жалауы, эмблемасы
және рәміздері
Біріккен Ұлттар, Үкіметпен келісе отырып, Өкілдіктің ғимаратында, көлік құралдарында және сол сияқтыларда өз жалауын немесе эмблемасын қоя алады, Біріккен Ұлттардың құрлықтағы қатынас құралдарында, кемелерінде, авиалайнерлерінде БҰҰ-ның айрықша белгісі немесе эмблемасы болуға тиіс, бұл жөнінде хабарлануға тиіс.
16-бап
Хабардар ету
Өкілдік өз қызметкерлерінің, миссия сарапшыларының және көмекші қызметшілердің, шетелдіктердің, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының да аты-жөндері мен лауазымдары туралы және олардың ахуалындағы кез келген өзгерістер туралы Үкіметті хабардар етіп отырады.
17-бап
Куәландыру
1. Үкімет, Өкілдік басшысының өтініші бойынша, Өкілдіктің әр қызметкеріне, миссия сарапшысына, шетелдіктер мен республика азаматтары қатарынан жұмысқа арналған көмекші қызметшілерге /сағат бойынша ақы төлеу шарттарымен жұмыс істейтін адамдардан басқа/ жеке адам куәлігін береді.
2. Үкіметтің ресми өкілінің талап етуі бойынша қызметкерлер 1-тармаққа сәйкес өзінің жеке басының куәлігін көрсетуге, бірақ бермеуге тиіс.
3. Қызметшілер жұмыс істеп болған соң немесе қайта тағайындағанда Өкілдік олардың жеке бастарының барлық куәліктерін міндетті түрде Үкіметке қайтарып береді.
18-бап
Қосымша келісімдер
1. ЮНДП, ЮНИСЕФ, ЮНВКР, ЮНЕП және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен қосымша Келісімдер жасай алады, бұлар үкімет тиісті жобаларды жүзеге асыратын шарттарын негізінде осы Келісімнің құрамдас бөлігі болады.
2. БҰҰ мен Үкімет екі тараптың қалауы бойынша қандай да болсын қосымша Шарттар жасай алады.
19-бап
БҰҰ-ға қарсы мәлімдемелер
1. Осы Келісімге сәйкес БҰҰ бағдарламаларымен ынтымақтастық немесе кез келген қосымша келісімдер елдің Үкіметі мен халқының мүдделері үшін іске асырылады, сондықтан ол осы келісімде белгіленетін іс-қимылдарды жүзеге асырудың бүкіл жауапкершілігіне ортақтасады.
2. Үкімет осы Келісімді немесе Біріккен Ұлттар Ұйымына, оның қызметкерлеріне, сарапшыларға немесе БҰҰ-ның мүдделері үшін жұмыс істейтін көмекші қызметшілерге қарсы үшінші тарап көтеруі мүмкін басқа қосымша Келісімдерді орындауға жанама немесе тікелей байланысты іс-қимылдар мен салдарлар үшін ерекше жауапты болады, олардың қауіпсіздігіне кепілдік береді және қамтамасыз етеді. Үкімет пен БҰҰ белгілі бір нақты шағым-талап салақтыққа немесе қызмет бабымен әдейі жасалған қылмысқа байланысты болып отыр деген келісімге келген жағдайлардан басқа кездерде осылай істеледі.
20-бап
Дауларды шешу тәртібі
Осы Келісімді немесе келіссөз жүргізілмеген немесе басқаша түрде келісілмеген кез келген басқа қосымша Келісімді түсіндіруге, талдауға және қолдануға қатысты БҰҰ мен Үкімет арасында туған кез келген келіспеушілік Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша арбитраждық сотта қаралуға тиіс. Әрбір Тарап бір-бір арбитрдан тағайындайды, ал ол екеуі үшінші арбитрды төраға ретінде сайлайды. Егер арбитражға сұрау салынғаннан бастап 30 күннің ішінде Тараптардың бірі арбитрын тағайындамаса немесе арбитрлар тағайындалғаннан бастап 15 күннің ішінде төрағалық ететін арбитр сайланбаса, онда Тараптардың кез келген біреуі халықаралық соттың Президентіне арбитр тағайындау жөнінде өтініш бере алады. Арбитраждық соттың процедурасын арбитрлар белгілейді және арбитражға байланысты
шығындардың бәрін арбитрлардың бағалауына сәйкес екі Тарап өтейді.
Арбитраждық соттың шешімінде оның шығарылуына негіз болуы керек және
Тараптар оны түпкілікті шешім ретінде қабылдауға тиіс.
21-бап
Келісімнің күшіне енуі
Осы Келісім БҰҰ мен Үкімет уәкілдік берген адамдар қол қойған сәттен
бастап күшіне енеді.
22-бап
Келісім мерзімінің бітуі
Осы Келісім Тараптардың бірі бұл Келісімді бұзғысы келетіні жөнінде
жазбаша түрде хабарлағаннан кейін алты айдан соң өз күшін жояды, әйтсе де
БҰҰ-ның функцияларын біртіндеп тоқтату мақсатында, сондай-ақ Тараптар
арасындағы дауларды шешу үшін осы қосымша кезеңге өз күшінде қалады.
Осыны растай отырып, Келісімге Үкіметтің және БҰҰ өкілінің атынан
уәкілдік алғандар ағылшын және қазақ /ресми емес аударма/ тілдерінде қол
қойды.
Осы Келісім басқа тілге аударылған немесе дау туған жағдайда ағылшын
тіліндегі текске артықшылық беріледі.
Нью-Йоркте
жасалды
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы
үшін үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.