Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 желтоқсан N 1857

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығының әлжуаз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық жайсыз аймақтар, кедей және көпбалалы отбасылар балаларын, балалар үйлерінің жетім балаларын міндетті орта біліммен қамтамасыз етуге және тәрбиелеуге байланысты іс-шаралар өткізу үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Z990473_ 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 31 (отыз бір)

 

миллион теңге сомасында қаражат бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады