Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен Түркия несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарды қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 20 желтоқсан N 1866

      Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша түрік несие желісіне қызмет көрсетуге арналған республикалық бюджеттің шығыстарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен Түркия несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарды қайта құрылымдау туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      шетелдік банктің шоттары негізінде 1999 жылғы 20 мамырда берілген N 0000035 мемлекеттік кепілдікке сәйкес, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ 81 "Үкіметтік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты несиелендіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегінде, "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы үшін 3 712 102,01 АҚШ доллары (үш миллион жеті жүз он екі мың бір жүз екі доллар бір цент) сомасындағы мерзімі өткен төлемдерді төлесін;
      "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен келісім бойынша Turk Ехiмbаnк-пен бірге барлық қажетті құжаттарды ресімдеу жолымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен Түркия несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарды қайта құрылымдауды жүргізсін;
      Түркия несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 мамырдағы N 0000035 бұрын берілген мемлекеттік кепілдігін қажетті қайта ресімдеуді жүргізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Turk Ехiмbаnк-қа қайта ресімделген құжаттар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік кепілдігінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі туралы заңи қорытындыны ұсынсын.
      4. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамына борышты қайта құрылымдауды ескере отырып, түрік несие желісі бойынша "Медеу-Эмсаш-Алатау" қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, "Отель-Астана" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны ашық акционерлік қоғамымен, "Окан-Қазинтер" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны жабық акционерлік қоғамымен, "Айт-Отель" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны ашық акционерлік қоғамымен бұрын жасалған несие келісімдерін бір ай мерзімде қайта ресімдеу ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Қазақстан

 

Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) оқшауландырылған

қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде

барлық қажетті шараларды қабылдасын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады