Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
P971037_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы:
үшінші жолдың 2 бағаны "2844" деген саннан кейін "(бөлінетін элементтері жоқ иондаушы сәулелену көздерінен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы:
екінші жолдың 2 бағанындағы "(медиц. мақсаттағы көздерден басқа)" деген сөздер "(бөлінетін элементтері жоқ иондаушы сәулелену көздерінен басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
бөлінетін элементтері жоқ 284440 Қазақстан Республикасы Энергетика,
иондаушы сәулелену көздері индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы
жөніндегі комитеті";
4) көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы:
он екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
бөлінетін элементтері жоқ 284440 Қазақстан Республикасы Энергетика,
иондаушы сәулелену көздері индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы
жөніндегі комитеті".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары