Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1938 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының Z990389_ 25-бабына сәйкес және жоғары кәсіптік білім берудің оқу-кәсіптік бағдарламаларын іске асыруды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлік құрылымы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 P991845_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары кәсіптік білім берудің көп

 

деңгейлі құрылымы туралы ережедегі:

     2-тармақтағы "бакалавриат пен магистратура туралы ережелерді" деген

сөздер "жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы білім және

жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережелерді" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     11-тармақтың үшінші абзацындағы "2" деген сан "3" деген санмен

ауыстырылсын;

     13-тармақтағы "мамандық" деген сөз "біліктілігі" деген сөзбен

ауыстырылсын; 

     2. Осы қаулы, оқуға жаңа қабылданғандар үшін 2001 жылдың 1

қыркүйегінен қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші абзацын

қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады