Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер алмасу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 қаңтар N 24


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2000 жылы 24 мамырда Ташкент қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Өзбекстан Республикасының 
Халыққа білім беру министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының және 
Өзбекстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептері үшін 
оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер алмасу туралы хаттама  
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
          
     
          Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен
         Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі
              арасындағы Қазақстан Республикасы және Өзбекстан
         Республикасының жалпы орта білім беретін мектептері үшін
          оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер алмасу туралы
                                  ХАТТАМА
     


      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі, мұнан әрі - Тараптар деп аталып,
      Өзбекстан Республикасындағы қазақ тілінде оқытатын және Қазақстан Республикасындағы өзбек тілінде оқытатын жалпы орта білім мектептерін оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, білім, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы Келісіміне (10.01.94), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі арасындағы білім беру саласындағы Келісіміне (30.10.98), Ташкент қаласында 2000 жылдың 20-21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жұмыс сапары шеңберінде жасалған Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы делегацияларының жұмысшы делегациясының хаттамасына сәйкес,
      Өзбекстанда қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім мектептерін және Қазақстанда өзбек тілінде оқытатын жалпы орта білім мектептерін оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету және мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде төмендегі жайлар туралы
      осы Хаттамаға қол қойды:
      1. Әрбір Тарап осы Хаттаманың негізгі мәніне сәйкес екінші жаққа қаржыландыруға негіз болатын "Тапсырыс-айрықшалау" формасы бойынша ресімделетін қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге өтінімдер береді.
      "Тапсырыс-айрықшалауда" заттардың тізбесі, саны, Тараптар келіскен оқулық кітаптардың босату бағасы көрсетіледі.
      2. Тараптар осы Хаттаманың мәнін нақты орындау мақсатында өздерінің қарасты буын ұйымдарына "Тапсырыс-айрықшалауды" жетілдіре түсуге құқық және екінші жақты баспалар таралымын белгілеп, аталған өнімге бір ай қалғанда жаңа баға белгілегенше жіберу бағасын қоюға, оқулық кітаптарды өзара жеткізіп берудің нақты шарттарын белгілеуге құқық береді.
      3. Тараптар әрқайсысы өздері өкілетті еткен ұйымдарды жеткізілімдердің мерзімдерін, олар жасасқан шарттардың қаржылық-материалдық және басқа да жағдайларын орындау жөніндегі іс-әрекеттеріне тиісті бақылау орнатады және екінші жаққа оқулық кітаптардың жеткізілімін кідіртуді жою, сондай-ақ өзара тасымалданатын өнімдердің нәтижелері бойынша туындаған қарыздарды өтеу үшін пәрменді шаралар қолданады.
      4. Осы Хаттаманың қорытындысы, өзгерістері, бұзылуы және орындалуына байланысты барлық даулар Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі.
      Осы Хаттамада қаралмаған басқа жайлар бойынша Тараптар Қазақстан

Республикасы және Өзбекстан Республикасының қолданылып отырған заңдарын, 
нормативтік актілерін басшылыққа алады.
     5. Осы Хаттама Тараптардың Үкіметі бекіткеннен кейін күшіне енеді 
және бес жыл бойына қолданылады.
     Егер Тараптар өзгеше келіспеген болса, онда осы Хаттаманың өз күшін 
тоқтатуы атқарылып отырған және аяқталмаған қызметтерге әсер етпейді.
     Ташкент қаласында 2000 жылғы 24 мамыр екі данада, әрбірі қазақ, 
өзбек және орыс тілдерінде жасалған, барлық мәтіннің күші бірдей.
     Осы Хаттаманы түсінуде пікір алшақтығы туындаса, онда Тараптар орыс 
тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
     
     
     Қазақстан Республикасының               Өзбекстан Республикасының
    Білім және ғылым министрлігі           Халыққа білім беру министрлігі
               үшін                                    үшін
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады