Ескерту. ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 1499 қаулысын қараңыз. P001499_ Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2000 жылғы 5 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Баспасөз және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасында баспасөз және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім* *(2001 жылғы 12 ақпанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 1, 7-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар), екi мемлекет арасында бар достық қатынастарды одан әрi дамытуға және нығайтуға ынталылықты басшылыққа ала отырып, баспасөз және ақпарат саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрi дамытуға Тараптардың мүдделілігін ескере отырып,
1992 жылғы 9 қазанда Бiшкек қаласында қол қойылған, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпарат саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң ережелерiне өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес, Тараптар мемлекеттерiнiң саяси, экономикалық және мәдени салаларына ықпал ететiн бұқаралық ақпаратпен олардың ақпараттық қызметтегі (агентстволары) арқылы кең ауқымды және тұрақты алмасу үшiн қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесетiн болады.
2-бап
Тараптардың әрқайсысы мерзімдi баспа басылымдарындағы мәлiметтер мен материалдарды тарату сол Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына қайшы келмеген жағдайда екiншi Тараптың мемлекетiнде заңды негiзде басылатын мерзiмдi баспа басылымдарын өз мемлекетінің аумағында еркiн алмастыруға және таратуға жәрдемдесетiн болады.
3-бап
Тараптар өз мемлекеттерiндегi бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары мен ақпараттық қызметтерi (агентстволары) арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты қолдайтын және көтермелейтiн болады, оның нақты шарттары мен нысандарын оған қатысушылардың өздерi, соның iшiнде жекелеген
келiсiмдер жасасу арқылы белгiлейтiн болады. 4-бап Тараптар теле және радио хабарларын таратуды, сондай-ақ екі мемлекеттiң журналистерi дайындаған материалдарды берудi ұйымдастыруға, өздерiнiң редакциялары тиiстi байланыс жүйелерін пайдаланған кезде оларға жәрдем көрсететiн болады. 5-бап
Тараптар теле-радио хабарларын тарату, бұқаралық ақпараттың баспасөз құралдары саласында, ақпаратпен байланысты ғылыми-техникалық салаларда мамандармен алмасуды тең негiзде көтермелейтiн болады.
6-бап
Тараптардың әрқайсысы бiр Тарап мемлекеттерiнің ақпараттық мекемелерi кәсiптiк қызметін жүзеге асыру үшiн екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына жiберiлетiн журналистерге, теле және радио тiлшiлерге, бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерi мен кiтап шығарушыларына, олар қабылдаушы Тарап мемлекетінiң ұлттық заңдарын сақтаған жағдайда, қажеттi ұйымдық көмек көрсететiн болады.
7-бап
Тараптар баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін құқықтық реттеу саласында ынтымақтастықты және тәжiрибе алмасуды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық мүдделерi мен мемлекеттiк құпияларына ықпал етпейтiн өзге де ақпаратпен алмасуды өздерiнiң құзыреттi органдары арқылы жүзеге асыратын болады.
8-бап
Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiн;
Беларусь тарапынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік баспасөз комитетiн құзыреттi органдар деп белгiлейдi.
Тараптардың құзыреттi органдарының ресми атауы немесе функциясы өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы ол туралы басқа Тарапты, кешiктiрмей хабардар етедi.
9-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсуi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
10-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да
халықаралық шарттар мен келiсiмдер бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi. Осы Келiсiмдi қолдану немесе түсiндiру кезiнде туындауы мүмкiн барлық даулар мен келiспеушiлiктер консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiлетiн болады. 11-бап Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер тиiстi кезеңнiң аяқталуына алты айға дейiн Тараптардың ешқайсысы оның күшiн тоқтатуға өз ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарламаса, оның күшi келесi бесжылдық кезеңге өздiгінен ұзартылатын болады. 12-бап Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабар алынған күннен бастап күшiне енедi. Астана қаласында 2000 жылғы 5 қазанда әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсіндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтінге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының Үкiметi үшiн Үкіметі үшін Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.