Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің грантын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қаңтар N 83

      Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің грантын денсаулық сақтау саласындағы жобаны іске асыруға тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің 5 (бес) миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі грантын (бұдан әрі - грант) "А.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жанындағы Кардиохирургия орталығын құру жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асыруға тарту туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындасын және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен жобаны Қазақстан Республикасының 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасы жобасына енгізу мәнінде қарасын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан

Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігімен бірлесіп, Сауд

тарапымен грант туралы келісімді қол қоюға дайындау жөнінде келіссөздер

жүргізсін.

     5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі

жобаны іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырсын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады