"Қазақ акционерлік агроөнеркәсіп банкі" ашық акционерлік қоғамының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысы жөнінде келісу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 99

 


     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы

банктер және банк қызметі туралы" 


Z952444_


  заң күші бар Жарлығының 7, 16,

17, 42, 47 және 48-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

қаулы етеді:

     1. Қосымшаға сәйкес шартпен "Қазақ акционерлік агроөнеркәсіп банкі"

ашық акционерлік қоғамының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысына келісім берілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                  2001 жылғы 22 қаңтардағы N 99 қаулысына

                                  қосымша


           "Қазақ акционерлік агроөнеркәсіптік банкі" ашық

                         акционерлік қоғамын

                        САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ                             


     Алматы қаласы                                   2001 ж.



 
       Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ заң күші бар Жарлығының негізінде іс-қимыл жасайтын бұдан әрі - "Сатушы" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасы Г.А.Марченко тұлғасында және бұдан әрі - "Сатып алушы" деп аталатын, 2000 жылғы 27 желтоқсандағы Консорциумды құру туралы жалпы келісімнің негізінде "Мұнайбанкі" ААҚ, "НС" ЖШС, "ИмТранс" ЖШС, "Ордабасы" ЖШС құрған Консорциум көрсетілген Жалпы келісімнің 1.8-тармағы негізінде іс-қимыл жасайтын "Мұнайбанкі" ААҚ Алматы филиалының директоры С.Құрманғалиев тұлғасында 2000 жылғы 28 желтоқсанда төмендегілер туралы шарт жасасты:
 
      1. Шарттың нысанасы
 
      1.1. Сатушы осы Шартта белгіленген қағидалармен "Қазақ акционерлік агроөнеркәсіптік банкі" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазагроөнеркәсіпбанкі" ААҚ) акцияларының 100% сатады, ал Сатып алушы сатып алады.
 
      2. Тараптардың міндеттемелері
 
      2.1. Сатушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) K941000_ 86-бабының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ заң күші бар Жарлығының 8, 15, 62-баптарының, "Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ заң күші бар Жарлығының 7, 16, 17, 42, 47 және 48-баптарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген V960340_ N 336 қаулысының негізінде "Қазагроөнеркәсіпбанкі" ААҚ-ның акционерлерінен ол мәжбүрлеп сатып алған акциялардың 100% Сатып алушыға сатуға міндеттеме алады.
      2.2. Сатып алушы осы Шартта белгіленген қағидалармен сатушыдан акцияларды сатып алуға міндеттеме алады.
      2.3. Акцияларды сатып алғаннан кейін Сатып алушы банк несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыру, сондай-ақ 2000 жылғы 28 қарашадағы N 383/1 кепілдік шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің регрестік талаптарын 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарын қанағаттандыратын деңгейге дейін банк капиталын жеткізуді қоса алғанда, банкті қаржылық сауықтыру жөніндегі 2000 жылғы 28 қарашадағы өтініште өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға міндеттеме алады.
      2.4. Сатып алушы банкті қайтадан капиталдандыру мен дамытуға 2001 жылдың аяғына дейін 25 млн. АҚШ долларын инвестициялауға, оның ішінде Ұлттық Банкте ашылған жеке шотта 15 млн. АҚШ долларын 2001 жылғы 20 қаңтарға дейін депозитке салуға міндеттеме алады.
      2.5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оларды сату, тиісті салықтарды және осы мәміленің ықтимал құқықтық салдарларымен төлеуді қоса алғанда, "Қазагроөнеркәсіпбанкі" ААҚ-ның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөніндегі іс-шараларды жүргізумен байланысты барлық қаржылық шығыстар

 

Сатып алушының есебінен жүргізіледі.


     3. Шарттың бағасы


     3.1. Сатылатын акциялардың жалпы құны 786 315 теңге және банктің бір

бастапқы акциясының құны 10 теңге есебінен айқындалады. Акциялардың құны

оларды Сатып алушы сатып алған құнына сәйкес келеді.


     4. Есеп айырысу тәртібі


     4.1. Сатып алушы Сатушыға акциялардың құнын төлеуге және осы Шарттың

3.1.-тармағында көрсетілген соманы оған Сатушы көрсеткен шотқа осы Шарт

күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аударуға міндеттеме алады.


     5. Шарттың мерзімі



 
       5.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен ол бекітілген күннен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға дейін қолданылады.
      5.2. Шартты біржақты бұзуға жол берілмейді.
 
      6. Өзге де қағидалар
 
      6.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісуге жатады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілгеннен кейін:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне назарға алу үшін;
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына банкті мемлекеттік тіркеу және банк акцияларын белгіленген тәртіппен иелену құқығын есепке алу жөнінде тиісті өзгерістер енгізу туралы жазбаларды нақтылау үшін жіберіледі.
      6.2. Банкті Сатып алушы ол банктің құрылтайшылық құжаттарына

 

өзгерістер енгізу мемлекеттік тіркелген күнінен бастап өз өкілеттігіне

енді деп саналады.

     6.3. Банктің қатысушыларының жаңа құрамының қызметін бақылау мен

қадағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы тәртіппен жүзеге

асырады.

     6.4. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде

он төрт данада (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне үш данадан және

Консорциумның әр қатысушысына бір данадан) жасалды.


     7. Тараптардың орналасқан жерлері мен деректемелері


     Сатушы:                      Сатып алушы:

     Қазақстан Республикасының    Құрамында

     Ұлттық Банкі                 "Мұнайбанкі" ААҚ,

     480090, Алматы қаласы,       "НС" ЖШС, "ИмТранс"

     Көктем ш.а., 21 үй           ЖШС, "Ордабасы" ЖШС

     СТТН 600400062088            бар консорциум

     Алғашқы тіркелген күні:

     1994 ж. 21.12.

     Қайта тіркеу:

     1996 ж. 16.07.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады