Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қаңтар N 137

      Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржы қаражатына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және тиiмдi пайдаланылуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1.  (1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N    645 қаулысымен).
      2. "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен құрылсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен 2001 жылы: 
      "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн "Аграрлық несие корпорациясын құру туралы" N 40 бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлсiн; 
      "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк ресурстарын қалыптастыру үшiн көздер қарастырсын. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғысын бекiтсiн; 
      мемлекеттiк тiркеуден кейiн "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн; 
      осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      5.  (5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N    645 қаулысымен).
        6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 
қаулысына  және "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және республикалық меншiктегi ұйымдардағы мемлекеттiк үлестерге иелiк ету және пайдалану бойынша құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына  тиiсті толықтыру әзiрлесiн және бекiтуге енгізсiн.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн. <*>
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 276  қаулысымен .
      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Yкiметінiң                 
2001 жылғы 25 қаңтар          
N 137 қаулысымен            
мақұлданған               

Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие берудiң
ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ

      Жобаның мақсаты: Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие беру жүйесiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiнiң қаржылық қаражатын тарту және осы мақсатқа бөлiнетiн мемлекеттік несие ресурстарын тиiмдi пайдалану арқылы ұйымдастыру. 

  Жобаны iске асырудың негізгі кезеңдерi 

      1. Пилоттық жоба (бұдан әрi - Жоба) екi кезеңде iске асырылады, оның әрбiреуi республикалық және аймақтық деңгейге сай қаржы институттарын құруға бағытталған іс-шаралардың кешенiн орындауды көздейдi. 
      2. Бiрiншi кезеңнiң iс-шараларын iске асыру мамандырылған қаржы институты - Аграрлық несие корпорациясын құруға бағытталған. 
      3. "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады. 
      4. Корпорацияның жарияланған жарғылық капиталы 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге мөлшерiнде қалыптасады. 
      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi Корпорацияға 9 000 000 (тоғыз миллион) дейiнгi АҚШ доллары сомасында несиелiк ресурстарды бередi. Несиелiк ресурстар Корпорацияға сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша бес жыл мерзiмге берiледi.
      5-1. Корпорация республикалық бюджет қаражатын Жобаны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде пайдаланады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 276  қаулысымен .
        6. Корпорация несие операцияларын жүргізудегі өз қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде жүзеге асырады және тек ауылдық несие серiктестiктерiне несие бередi. 
      7. Жобаның екiншi кезеңiнде аймақтық қаржы институттарының - ауылдық несие серiктестіктерiнiң желiсiн құру көзделедi. 
      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі, облыстардың әкiмдерi және Корпорация ауылдық несие серiктестiктерiн құру жөнiндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізедi. 
      9. Ауылдық несие серiктестiктерiн құру ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тиiмдi және/немесе қайта өңдеудi жүргiзетiн өңiрлерде пайдалы, экономикалық тұрғыдан өзiн ақтайтын аграрлық өнеркәсiп кешенi секторларында жүргiзiледі. <*>
       ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 276  қаулысымен .
        10. Ауылдық несие серiктестiгі (бұдан әрi - Серiктестік) өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырады. 
      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Корпорацияның уәкiлетті органы ретiнде Корпорацияның iшкi құжаттарын әзiрлеу кезiнде мынадай талаптарды: 
      1) Серiктестiктiң ықтимал қатысушыларына (ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiне): 
      - Серiктестiктiң ықтимал қатысушылары Серiктестiктiң жарғылық капиталына жарнаны тек қана ақшалай енгiзудi, бұл ретте заңды тұлғалар үшiн - өз қаражаты шегінде; жеке тұлғалар үшiн - алынған таза табыс есебiнен енгізудi; 
      - Серiктестiк құрылған кезде Серiктестiктiң ықтимал қатысушыларында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және/немесе қайта өңдеу саласындағы қызметiнiң үш жылдан кем емес мерзiмi болуын; 
      - қолда бар жылжымайтын мүлiкке тиiсті үлгіде ресiмделген құжаттарының болуын; 
      - өндiрiстiк-қаржы қызметi орнықтылығының болуын; 
      - олар өндiретiн өнiмнiң жалпы көлемiнiң кемiнде 50 пайызы ауыл шаруашылығы өнiмiн құрайтын өндiрiстiң жүзеге асырылуын; 
      - ауыл шаруашылығы өнiмiнiң қайта өңделуiн және сатылуын көздесiн; <*>
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң үлесi Серiктестiктiң жарғылық капиталының кемiнде 50 пайызын, ал олардың саны 20 қатысушыны құрауы тиiс; 
      3) Серiктестiктiң жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi кемiнде 3 000 000 (үш миллион) теңгенi құрауы тиiс; 
      4) қатысушының ең төменгі жарнасы 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi. Серiктестiктi басқаруға қатысу - Серiктестiктiң жарғылық капиталына төленген жарнаға бара-бар. 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 276  қаулысымен .
        12. Корпорация құрылатын Серiктестiктердiң жарғылық капиталына өзiнiң жарғылық капиталының қаражаты есебiнен қатысады. Бұл ретте Серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы Корпорацияның үлесi бастапқы кезеңде үлесiн немесе оның бөлiгін Серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе оған жаңадан қабылданғандарға сату арқылы, Серiктестiктердiң қолданылып жүрген жарғылық капиталындағы Корпорацияның үлесiн бiрте-бiрте азайту шартымен кемiнде 35 пайызды құрауға тиiс.
      13. Корпорация заңнамада белгiленген тәртiппен Серiктестiктердiң қызметiн басқаруға қатысады. 

  Серiктестiктердiң несие ресурстарын қалыптастыру көздерi

       14. Серiктестiктiң бастапқы айналым капиталы:
     - Серiктестіктiң жарғылық қорының сатып алынған үлесiнiң төлемiне енгiзiлетiн Серiктестік қатысушыларының жарналары;
     - Корпорация бөлетiн жеңiлдiк беретiн несие ресурстары;
     - Серiктестiктiң қатысушыларында болатын бос ресурстар;
     - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттың есебiнен қалыптасады.
     15. Серiктестіктерге Корпорацияның несие ресурстары қайтарымдылық, ақылы және мерзiмдiлiк шартында бөлiнедi. 

  Несие ресурстарының қайтарымдылығын қамтамасыз ету

       16. Серiктестiк қатысушыларына бөлiнетiн несие ресурстарының қайтарымдылығын қамтамасыз ететiн тәсiл:
     - Серiктестiктiң қатысушылары берген өтiмдi кепiлдi несие мүлiгі;
     - Серiктестіктiң кемiнде 2 қатысушысының кепiлгерлігі, бұл ретте кепiлгерлер несие алушы бола алмайды;
     - екiншi деңгейдегі банктің тиiсті түрде ресiмделген кепiлдiк хаты;
     - қолданылып - жүрген азаматтық заңнамада көзделген өзге де тәсiлдер болып табылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады