Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді жасасу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 162

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, жасасуға уәкілеттік берілсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.19. N 1489қаулысымен. P011489_
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      (2005 жылғы 27 қаңтарда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады