"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 ақпан N 175

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                 Жоба


                        Қазақстан Республикасының Заңы


                     Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы


                           1-тарау. Жалпы ережелер


     Осы Заң Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу

саласында туындаған қатынастарды реттейді.


     1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі түсініктер


     Осы заңда мынадай негізгі түсініктер қолданылады:


 
       1) кеменің (жалпы) сыйымдылығы - кеменің тіркелімдік тоннада көрсетілген және порттарда алымның есеп айырысуы және флоттың статистикалық есебіне арналған тұтастай құрылыс ретіндегі үй-жайының көлемі;
      2) коносамент - тасымалдаушының жөнелтушiге беретiн және жүктi тасымалдауға қабылдауды куәландыратын құжат;
      3) теңiз порты - саудамен теңiзде жүзу мақсаты үшiн пайдаланылатын кемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы бөлiнген аумақта (құрлықта және теңiз акваториясында) орналасқан үй-жайлар кешенi;
      4) жөнелтушi - теңiз тасымалының, жөнелтiлетiн жүктiң шартын жасасушы және тасымал құжаттарында көрсетілетiн тұлға;
      5) теңiз терминалының операторы - теңiз портындағы теңiз терминалына меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар және тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырушы тұлға;
      6) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиетiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен үй-жайлардың жарылуына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жан-жануарлардың апатқа ұшырауына, жарақаттануына немесе ауруына себеп болуы айналадағы табиғи ортаға зиян тигізуi мүмкiн жүктер;
      7) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүктi алуға уәкiлеттi тұлға;
      8) тасымалдаушы - кемеге меншiк немесе өзге заңды негiздерде құқығы бар және жолаушыларды, теңдеме жүктер мен жүктердi тасымалдау бойынша қызмет көрсетудi ұсынушы, сондай-ақ тасымал құжаттарында осылай деп көрсетiлген тұлға;
      9) тасымалдау ережесi - жолаушыларды, теңдеме жүктердi, жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде көлiктегi уәкiлеттi орган бекiткен теңiз көлiгiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
      10) есеп айырысу бiрлiгi - Халықаралық валюта қоры айқындаған қарызға алудың арнайы құқығының бiрлiгi;
      11) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланатын өздігiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылғы;
      12) кеменi - иеленушi - оның меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде пайдаланғанына қарамастан, кеменi өз атынан пайдаланушы тұлға;
      13) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi кемемен тасымалдау жөнiндегi, сондай-ақ өзге де коммерциялық мақсаттарда кемелердi пайдалануға байланысты қызмет;
      14) көлiктегi уәкiлеттi орган - заңдармен белгiленген құзырет шегiнде теңiз көлiгi саласында Қазақстан Республикасының теңiз көлiгі қызметiн үйлестiру мен реттеуде мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асырушы басқару органы;
      15) кiрепұлшы - барлық кеменi, оның бөлiгiн немесе жүктердi, жолаушыларды немесе саудамен теңiзде жүзудiң өзге мақсаттары үшiн бiр немесе бiрнеше рейстерге арналған белгiлi бiр кеме үй-жайын жалдаушы кеме жалдау шартының тарабы;
      16) кiрепұл - жүктi тасымалдағаны үшiн төлем, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша сыйақы;
 
      2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар
 
      1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық кодекстiң, осы Заңның, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың, тасымалдау ережелерiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен шарттарда осы Заңда көзделгендегiден өзге ереже белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
 
      3-бап. Осы Заңның қолданыс аясы
 
      1. Осы Заң:
      1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен жүзуi кезiнде;
      2) iшкi жүзудегi кемелерге, сондай-ақ "өзен-теңiз" жүзуiндегi кемелерге олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз айлағына кiруін қоса есептегенде, жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операцияларын жүзеге асыру және кемелердің соғысуы кезiнде қолданылады.
      2. Осы Заңның нормалары Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз күштерi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi жалауымен жүзушi кемелерге, сондай-ақ өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланылатын мемлекеттік органдардың кемелеріне қолданылмайды.
 
      4-бап. Қазақстан Республикасы теңiз порттары арасындағы
             қатынас жолында тасымалдау және жетекке алу
 
      Қазақстан Республикасы теңiз порттары арасындағы қатынас жолында тасымалдауды және жетекке алуды (каботаж) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзушi кемелер жүзеге асырады.
 
      5-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзудi мемлекеттiк бақылау
 
      1. Сауда мақсатында теңiзде жүзудi мемлекеттiк бақылау көлiктегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктеледi.
      2. Көлiктегi уәкiлеттi орган теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн, қамтамасыз етiлуге, кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiне және олардың құқығына, лоцмандық қызмет пен өзге де теңiз қызметтерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
 
      6-бап. Лицензиялау
 
      Су көлiгiндегi жекелеген қызмет түрлерi лицензиялау туралы заңнамаға

 

сәйкес берiлген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.


     7-бап. Сертификаттау


     1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметке қатысты өнiмдi,

жұмыстар мен қызмет көрсетудi мiндеттi сертификаттау сертификаттау туралы

заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

     2. Шетел мемлекетi берген сертификат, ол соған сәйкес берiлген немесе

соған орай күш берілген талаптар Қазақстан Республикасы белгілеген

стандарттарға жауап берген жағдайда, Қазақстан Республикасында күшi жүредi

деп танылады.


                                2-тарау. Кеме


     8-бап. Кемеге меншiк құқығының субъектілерi


     Кемелер:

     1) мемлекеттiң;

     2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;


 
       3) шетел мемлекеттерiнiң, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
 
      9-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап
             жүзу құқығы. Кеменiң ұлттығы
 
      1. Кеме осы Заңның 15-бабының 1-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бiрiнде тiркелген сәттен бастап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауы қадап жүзу құқығына ие болады.
      2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде меншiкке алынған кеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеменiң Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркелгенге, бiрақ бiр жылдан артық емес уақытқа, дейiн күшi бар уақытша куәлiк берген сәттен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығын пайдаланады.
      3. Шетел мемлекетiнiң кемелер тiзілiмiнде тiркелген, көлiктегi уәкiлеттi органының шешiмi негiзiнде экипажсыз кеменi кiрепұлдау шарты бойынша (бербоут-чартер) заңда көзделген тәртiппен, қазақстандық кiрепұлшыға пайдалануға берiлген кемеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығы уақытша берiлуi мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығына ие.
      5. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленген кеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап жүруге мiндеттi.
      6. Кемеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын көтергенi үшiн, осы жалау астында жүзу құқығын пайдаланбайтын кiнәлi адамдарға Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жауаптылық жүктеледi.
 
      10-бап. Кеменiң шетел мемлекетi жалауының астына уақытша көшуі
 
      Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кеменi бербоут-чартер бойынша шетел кiрепұлшысының пайдалануға немесе иелiгiне берген кезде мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде тиiстi тiзiлiмге тiркеле отырып, шетел мемлекетiнiң жалауы астына уақытша көшiрiлуi мүмкiн.
 
      11-бап. Кеме атауы. Кеменi даралау тәртiбi.
 
      1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелуге жататын кеменiң өз атауы болуға тиiс.
      Меншiк иесi көлiктегi уәкiлеттiк орган белгiлеген тәртiппен кеме атауын қояды және өзгертедi.
      2. Кеме атауының өзгергенi туралы кеменiң кепiлдерi тiркелген кепілзат ұстаушыларға шұғыл хабарландырылады.
      3. Кеменi даралау және белгi беру дабылын, сондай-ақ спутниктiк байланыстың кеме станциясы сәйкестендiрме нөмiрiн беру тәртiбiн көлiктегi уәкiлеттi орган айқындайды.
 
      12-бап. Кемелердi техникалық қадағалау
 
      1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны белгiлi болғаннан кейiн ғана жүзуге жіберілуі мүмкiн.
      2. Теңiз кемелерiне техникалық қадағалауды және оларды жiктеудi заңдарда белгiленген тәртiппен көлiктегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттiк органдарының кеменiң жекелеген элементтерiне техникалық қадағалау жүргiзуiне тыйым салынады.
      3. Кемеге сынып беру бiлiктiлiктi айқындайтын куәлiкпен куәландырылады.
      4. Шетелдiк жалау астында жүзушi кеме Қазақстан Республикасының портына кiрген кезде, жүзу қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көлiктегi уәкiлеттi орган оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауын қадап жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландыруы мүмкiн.
 

 

     13-бап. Кеме құжаттары


     1. Кеменiң тiзбесi мен жүргізу тәртiбi көлiктегi уәкiлеттi орган

бекiткен ережелерге сәйкес айқындалатын кеме құжаттары болуға тиiс.

     2. Шекарадан тысқары жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан

Республикасының суларында жүзу үшiн тиісті ережелермен айқындалған

құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында

көзделген құжаттары да болуға тиiс.


              3-тарау. Кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу


     14-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi


     1. Кеме Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi -

кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде:

     1) мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде;

     2) кеме кiтабында;

     3) бербоут-чартерлiк тiзiлiмде мемлекеттiк тiркелуге жатады.


 
       Кемелердi, соның iшiнде жасалып жатқан кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кемеге меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды, сондай-ақ оның құқықтарын (кепiлдердi, жалдауды, сенiмгерлiк басқаруды және басқаларды) шектеу (ауыртпалықтау) тәртiбi тиiстi тiзiлiмде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      3. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай тасушы, жетекке алушы кемелер, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, сондай-ақ қуаттылығы 55 киловаттан кем емес бас двигателдi өздiгiнен жүретiн және сыйымдылығы 80 тоннадан кем емес өздiгiнен жүрмейтiн кемелер тiркеледi.
      4. Кеме кiтаптарында бас двигателiнiң қуаттылығына және сыйымдылығына қарамастан, спорттық, серуендiк кемелердiң, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетiлмеген кемелер тiркеледi.
      5. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында шлюпкалар мен кеменiң керек-жарағы болып табылатын өзге жүзбелi құралдар тiркелмейдi.
      6. Бербоут-чартерлiк тiзілімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын қадап жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер тiркеледi.
      7. Кемелердi тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп пен мөлшерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне енгiзiлуге тиiс алым алынады.
 
      15-бап. Yкiметтiк қызмет үшiн ғана пайдаланылатын кемелердi
              тiркеу
 
      Қазақстан Республикасы меншiгiндегi немесе ол пайдаланатын әскери, әскери-қосалқы және шекара кемелерiн қоспағанда, тек оларға жүктелген функцияларды орындау үшiн ғана қолданылатын кемелердi тiркеу мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кемелердi тіркеу мен оларға құқық ережелерiне сәйкес кеме кiтабында жүзеге асырылады.
      Мұндай кемелердi коммерциялық мақсаттарда пайдаланған жағдайда олар қайта тiркелуге тиiс.
 
      16-бап. Кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердің
              өзгеруi туралы хабардар ету мiндетi
 
      Мемлекеттiк тiзiлiмге, кеме кiтабына немесе бербоут-чартерлiк

 

тiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменiң

меншiк иесi немесе кеменiң бербоут-чартер бойынша кiрепұлшысы кеме

тiркелген органға, осындай өзгерiс туралы белгiлi болған күннен бастап екi

апта iшiнде хабарлауға міндеттi.


     17-бап. Кеменi тiркеу портының өзгеруi


     Кеме тiркеу порты кеменiң меншік иесiнiң өтiнiшi бойынша өзгеруi

мүмкiн. Кеме тiркеу портын өзгертудi тiркеу кемелердi және оларға

құқықтарды тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.


     18-бап. Кеменi және оның құқықтарын тiркеуден бас тартуы


     Кеменi және оның құқықтарын тiркеуден:

     1) тiркеу туралы өтiнiшпен өзге тұлға келген;

     2) кемелердi және оның құқықтарын тiркеу ережелерiнде көзделген

талаптар сақталмаған;

     3) тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының

заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылуы

мүмкiн.


     19-бап. Кемелердi тiркеу ережесiн бұзғандығы үшiн жауаптылық


     Кеменi мiндеттi тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi кеме

тiзiлiмдерiнiң бiрiнде белгiленген тәртiптi бұза отырып тiркеген немесе

кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабардар ету

мiндетiн бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген

жауаптылыққа тартылады.


               4-тарау. Кеме экипажы. Кеме капитаны


     20-бап. Кеме экипажының құрамы



 
       1. Кеме экипажының құрамына кеме капитаны, кеменiң командалық құрамының басқа тұлғалары мен кеме командасы кiредi.
      2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитанының көмекшілерi, механиктер, электр механиктерi радиомамандар және дәрiгерлер жатады. Көлiктегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган сонымен қатар басқа да мамандарды кеменiң командалық құрамына жатқызуы мүмкін.
      3. Кеме командасы кеменiң командалық құрамына жатпайтын тұлғалардан тұрады.
 
      21-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы
 
      1. Әрбiр кеме бортында мүшелерiнiң тиiстi бiлiктiлiгi бар және саны жағынан кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен теңiздің табиғи ортасын қорғауды қамтамасыз етуге жеткiлiктi экипаж болуға тиiс.
      2. Кеменiң тұрпаты мен мiндетiне, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен тұрған жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын көлiктегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен теңiздiң табиғи ортасын қорғауды қамтамасыз етушi кеме экипажының құрамы туралы куәлiктi кеменi тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi.
 
      22-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
 
      1. Кеме экипажы мүшелерiнiң лауазымдарын иеленуге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кеме экипажының мүшелерiн дипломдау туралы тәртiпке сәйкес тиiстi бiлiмi бар тұлғалар жiберiледi.
      2. Кемеде қызмет етуге олардың осындай қызметке денсаулық жағдайы жөнiнен жарамдылығын куәландыратын куәлiктерi бар тұлғалар жiберiледi.
 
      23-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы
 
      1. Шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе бербоут-чартер шарты бойынша кiреге алынып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзiп жүрген кемелердi қоспағанда, кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының құрамына азаматтарынан басқа, кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшiсi, аға механик пен радиомаман лауазымдарын иелене алмайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар да кіруi мүмкiн.
      2. Шетелдiк заңды тұлғаның меншiгiндегi немесе бербоут-чартер шарты бойынша кiреге алынып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзiп жүрген кеме экипажының құрамындағы шетелдiк азаматтар, кеме капитаны лауазымын қоспағанда, командалық лауазымдарды иеленуi мүмкiн.
 
      24-бап. Кемедегi еңбек қатынасы
 
      Кеме экипажы мүшелерiн қызметке алу олардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбек шарты мен ақы төлеу, сондай-ақ оларды қызметтен босату тәртiбi мен негiздерi еңбек туралы заңдармен, осы Заңмен өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ дербес еңбек шарттарымен айқындалады.
 
      25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнің Отанына қайта оралуы
 
      1. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде еңбек мiндеттерiн атқарушы кеме экипажының мүшелерi Отанына қайта оралуға:
      1) дербес еңбек шартының қолданыс мерзiмi бiткен;
      2) еңбек туралы заңдарға сәйкес кеме иесiнiң немесе кеме экипажы мүшесiнiң бастамасымен дербес еңбек шарты үзiлген;
      3) осы Заңның 34-бабына сәйкес кеме капитаны қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттеткен;
      4) кеме күйреген;
      5) кемеден тысқары емдеудi талап ететiн аурумен ауырған;
      6) кеме иесiнiң банкроттықтың, кеменi сақтаудың немесе мемлекеттiң кеменi тiркеудi өзгеруiнiң салдарынан; кеме экипажының мүшелерiне қатысты еңбек туралы заңдар мен дербес еңбек шарттарында көрсетiлген өз мiндеттерiн орындау мүмкiндiгi болмаған;
      7) кеме экипажы мүшелерiнiң келiсiмiнсiз кеменi әскери iс-қимылдар аймағына немесе мiндет қаупi бар аймаққа жiберген жағдайда құқығы бар.
      2. Отанына қайта оралу кеме экипажы мүшелерiнiң қалауы бойынша:
      1) өзi тұратын мемлекетке;
      2) ол кемеге қызметке алынған аймаққа;
      3) дербес еңбек шартын жасау кезiнде көрсетiлген кез келген басқа пунктке жүзеге асырылады.
      3. Кеме иесi Отанына қайта оралуды лайықты деңгейде әрi тез ұйымдастыруға мiндеттi. Отанына қайта оралу әуе көлiгiмен, ал ол болмаған кезде немесе тараптардың келiсiмi бойынша, - көлiктiң өзге түрлерiмен жүзеге асырылады.
      4. Отанына қайта оралу шығындары кеме иесiне жүктеледi.
      Кеме экипажы мүшелерiнiң Отанына қайта оралу шығындарын мыналар құрайды:
      1) Отанына қайта оралу орнына дейiнгi жолақы;
      2) кеме экипажының мүшесi кеменi тастап шыққан сәттен бастап, кеме экипажының мүшесi Отанына қайта оралу орнына жеткен сәтке дейiнгi тамақтануы мен тұрағының ақысы;
      3) егер қажет болса, кеме экипажының мүшесi денсаулық жағдайына байланысты Отанына қайта оралу орнына баруға жарамды болғанға дейiнгi кеме экипажы мүшесiнiң емделу ақысы;
      4) Отанына қайта оралу орнына дейiн 30 килограмм теңдеме жүк алып жүру;
      5) кеме экипажының мүшесi кеменi тастап шыққан сәттен бастап, кеме экипажының мүшесi Отанына қайта оралу орнына жеткен сәтке дейiнгi дербес еңбек шарты бойынша төлем.
      5. Егер кеме экипажы мүшесiнiң Отанына қайта оралуына мәжбүр еткен себептер кеме экипажы мүшесiнiң кiнәсiнен, оның еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде не кеме экипажы мүшесiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда туындаса, кеме иесiнiң Отанына қайта оралуына кеткен

 

шығындарын өтеуге құқығы бар.


     26-бап. Кеме экипажы мүшесi мүлкiнің жойылуы немесе

             бүлiнгенi үшiн жауаптылық


     Кемеде болған оқиға салдарынан кеме экипажы мүшесiнiң мүлкi жойылған

немесе бүлiнген жағдайда кеме иесi кеме экипажының мүшесiне келтiрiлген

залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Кемеде болған оқиғаға кiнәлi кеме

экипажы мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залалдың орны толтырылмайды.


     27-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi


     1. Кеме иесi олар кемеде болған уақытта кеме экипажының мүшелерiн:

     1) еңбек жағдайының қауiпсiздiгiмен;

     2) денсаулығын қорғаумен және медициналық көмекпен;

     3) құтқару құралдармен

     4) азық-түлiкпен және сумен іркiлiссiз жабдықтаумен;


 
       5) демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету үшiн тиiстi үй-жайлармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Кеме иесi кеме экипажы мүшелерiнiң еңбек мiндеттерін атқару кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына залал келтiргенi үшiн сақтандыру заңдарына сәйкес жауаптылықты қамсыздандыруға мiндеттi.
 
      28-бап. Кеме капитанының кеменi басқаруы мен басқа да мiндеттерi
 
      Кеме капитанына кеменi басқару, соның ішінде кеме жүргiзу, кеме жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану, теңiздiң табиғи арнасын қорғау, кемеде тәртiптi қолдау, кемеге, кемедегi адамдар мен жүктерге, залал келтiретiн себептердiң алдын алу жүктеледi.
 
      29-бап. Теңiзде апатқа ұшыраған кез келген тұлғаға көмек
              көрсету міндеттілігі
 
      1. Кеме капитаны, егер ол мұны өз кемесi және ондағы адамдар үшiн айтарлықтай қауiпсiз жасай алатын болса, теңiзде апатқа ұшыраған кез келген тұлғаға көмек көрсетуге мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мiндеттердi бұзғаны үшiн кеме капитаны Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жауаптылықта болады.
 
      30-бап. Кемелер соқтығысқаннан кейiн көмек көрсету мiндеттілігі
 
      1. Әрбiр соқтығысқан кеменiң капитаны олар соқтығысқаннан кейiн егер ол мұны өзiнiң жолаушылары, кеме экипажының мүшелерi мен өзiнiң кемесiне айтарлықтай қауiпсiз, жасай алатын болса, басқа кемеге, оның жолаушылары мен оның экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге мiндеттi.
      2. Кеме капитандары, егер бұл мүмкiн болса, өз кемелерiнiң атауын

 

олар тiркелген порттарды, сондай-ақ көзделген және баратын порттарын

бiр-бiрiне хабарлауға мiндеттi.


     31-бап. Кеме капитанының кезек күттiрмейтiн медициналық

             көмек көрсету мiндеттілігі


     Кеме бортындағы тұлға кеме теңiзде болған уақытта көрсету мүмкiн

болмайтын кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсетудi қажет еткен

жағдайда, кеме капитаны жақын маңайдағы портқа кiруге немесе мұндай

тұлғаны, бұл туралы кеме иесiн құлақтандыра отырып; ал, кеме шетелдiк

портқа кiрген немесе мұндай тұлғаны шетелдiк портқа жеткiзген кезде, -

Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiн хабардар ете отырып, жақын

маңайдағы портқа жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.


     32-бап. Кеме капитанының әскери iс-қимылдар

             жағдайындағы немесе соғыс қаупiнiң өзге де

             жағдайларындағы мiндетi



 
       Кеменiң аттану немесе баратын порты ауданындағы не кеме жүзiп өтуге тиiс аудандағы әскери iс-қимылдар, сондай-ақ өзге де соғыс қаупi жағдайларында кеме капитаны кемедегi адамдар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде барлық шараларды қолдануға, залалдың және кеменi, құжаттарды, жүктердi және басқа мүлiктердi басып алудың алдын алуға мiндеттi.
 
      33-бап. Кеменi оның экипажының тастап шығуы
 
      Кеме капитанының пiкiрi бойынша, кемеге анық күйреу қаупi төнген жағдайда, кеме капитаны кемедегi жолаушыларды құтқару жөнiндегi барлық шараларды қолданғаннан кейiн экипаж мүшелерiнiң кеменi тастап шығуына рұқсат етедi. Кеме капитаны кемеден ең соңғы болып, кеме журналын, машиналық журнал мен радио- журналды, аталған рейстiң картасын, навигациялық аспап таспасын, құжаттар мен бағалы заттарды құтқару жөнiндегi өзiне қатысты шараларды қолданғаннан кейiн тастап шығады.
 
      34-бап. Кемедегi тәртiптi қолдау
 
      1. Кеме капитанның өз өкiлеттiгi шегiндегi өкiмдерiн кемедегi барлық тұлғалар орындалуға тиiс.
      2. Кеме капитаны еңбек туралы заңдарға сәйкес кеме экипажының мүшелерiне ынталандыруға және тәртiптiк жаза қолдануға құқығы бар.
      Кеме капитанының, кеме экипажының кез келген мүшесiнiң қызметтiк мiндеттердi атқаруын шеттетуге құқығы бар.
      3. Кеме капитаны iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасы заңдарында көзделiнген қылмыс белгiлерi жоқ, бiрақ кеменiң немесе ондағы адамдар мен мүлiктердiң қауіпсiздiгiне қатер төндiрген тұлғаларды оқшалауға хақылы.
 
      35-бап. Кеме капитаны анықтау органы ретiнде
 
      1. Алыс жүзуде жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында қарастырылған кез келген қылмыс белгiлерi анықталған жағдайда кеме капитаны Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргiзу заңдарына сәйкес анықтау органы функциясын атқарады.
      2. Кеме капитаны Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс жасаған ретiнде сезiктi тұлғаны ұстауға және оны кеме кiретiн Қазақстан Республикасының алғашқы портындағы құзыреттi органдарға бергенге дейiн арнайы жабдықталған үй-жайда қамауда ұстауға хақылы.
      3. Кеме капитаны, Қазақстан Республикасының азаматынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардан басқа, теңiз су жолдары қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған қылмыс жасаушы ретiнде сезiктi адамды, егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, шетел мемлекетiнiң құзыреттi органына беруi мүмкiн. Қажет болған жағдайда кеме капитаны, егер мұны кеме шетел мемлекетiнiң аумақтық суларына кiргенге дейiн iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болса, оның құзыреттi органдарына осындай адамды беру туралы ойын және оны берудiң себептерiн, алдын ала хабардар етуге, сондай-ақ көрсетілген органға қолда бар дәлелдердi беруге мiндеттi.
      4. Кемеде Қазақстан Республикасының портына келген уақытта Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгiлерi анықталған жағдайда, кеме капитаны бұл туралы құзыреттi органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.
 
      36-бап. Кеме капитанының аманат қалдыру, кемеде баланың
              тууы және кемедегi өлiм жағдайларындағы міндеттерi
 
      1. Кеме капитаны жүзу уақытында кемеде болған тұлғаның аманатын куәландыруға хақылы. Кеме капитаны куәландырған аманат нотариат куәландырғанмен теңестiрiледi.
      2. Кеме капитаны кеме журналына кемедегi әрбiр баланың туу жағдайы туралы және кемедегi әрбiр өлiм жағдайы туралы жазба жасауға мiндеттi.
      3. Кеме капитаны қайтыс болған адамның жақын туыстарының бiрiн немесе қайтыс болған адамның қосағын оның өлiмi туралы хабардар етiп, қайтыс болған адамның мәйiтiн сақтауға және туған жерiне аттандыруға мiндеттi. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда кеме капитаны қайтыс болған адамның мәйiтiн жер қойнына беруге немесе оны отқа жағып, күлi салынған сауытты туған жерiне аттандыруға мiндеттi.
      Ерекше жағдайда, егер кеме ашық теңiзде ұзақ уақыт қалуға тиiс болса және қайтыс болған адамның мәйiтiн сақтауға мүмкiндiк болмаса, кеме капитаны теңiз дәстүрiне сай, тиiстi актi жасай отырып, өлген адамды теңiзге батыруға құқығы бар.
      4. Кеме капитаны кеме бiрiншi кiретiн Қазақстан Республикасы портының

 

капитанына тiзiмдемеге сәйкес мұндай мүлiктi бергенге дейiн, қайтыс болған

адамның кемеде қалған мүлкiне тiзiмдеме жасап, сақталуын қамтамасыз етедi.


     37-бап. Кеме капитаны кеме иесiнiң және жүк иесiнiң өкілi ретiнде


     Кеме капитаны кеме иесi мен жүк иесiнiң немесе олардың заңды

өкілдерiнiң болмаған кезiнде кеменiң, жүктiң немесе жүзудiң қажеттiлiгiне,

сондай-ақ кеме капитанына сенiп тапсырылған мүлiкке қатысты талап-арызға

байланысты қажетті мәмілелерге қатысты кеме иесiнiң және жүк иесiнiң өкілi

ретiнде танылады.


     38-бап. Кеме капитанының мiндеттерiн кеме капитанының

             аға көмекшісiне жүктеу


     Кеме капитаны қайтыс болған, ауырған немесе кеме капитанына өз

қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн басқа жағдайда, кеме

капитанының мiндеттерi кеме иесiнiң өкiмiн алғанға дейiн кеме капитанының

аға көмекшiсiне жүктеледi.


                           5-тарау. Теңiз порты


     39-бап. Теңiз порттарының құқықтық мәртебесi мен түрлерi


     1. Теңiз портының құқықтық мәртебесi осы Заңмен, өзге де нормативтiк

құқықтық актiлермен айқындалады.


 
       2. Теңiз порттары жалпы пайдалану объектiлерi болып табылады, кез келген тұлғаның меншiгiнде болуы мүмкiн және мақсатына қарай - сауда порты және мамандандырылған порт (балық, мұнай және басқалары) болып бөлiнедi.
      3. Теңiз портының акваториясы мен жағалау сызығындағы жерi мемлекеттiк меншiк болып табылады.
      4. Теңiз порты үшiн жер және су учаскелерiн бөлу, сондай-ақ бұл учаскелердi алып қою қолданыстағы заңдарда белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
      5. Теңiз порттарындағы мемлекеттiк бақылауды өзiнiң өкілдiгi - порттың теңiз әкiмшілігi арқылы көлiктегi уәкiлетті орган жүзеге асырады.
 
      40-бап. Кеменiң теңiз порты режимін сақтау жөніндегi міндетi
 
      Теңiз портында болған уақытта кез келген кеме портта жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ бақылау және арнайы атқару функцияларын (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринарлық және басқа мемлекеттiк органдардың) жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға мiндеттi.
 
      41-бап. Теңiз портында көрсетiлетін қызметтер
 
      1. Теңiз айлағы жүк тиеудi, жүк түсiрудi және олардың келуiне байланысты кезектiлiк ретiмен кемелерге қызмет көрсетуді, жүктермен көліктік-экспедиторлық және қойма операцияларын, теңiз көлiгiне көлiктiң басқа түрлерiнен жүктерді тиеу және керiсiнше, теңiз жолаушылар кемелерiне қызмет көрсетудi, сондай-ақ порт кемелерiнде және көлiктiң басқа түрлерiнде жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктердi тасымалдауды жүзеге асырады.
      2. Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсету тiзiлiмiн көлiктегi уәкiлеттiк орган бекiтедi. Мемлекет мiндеттi тiзiлiмге енген қызмет көрсетулер үшiн ең жоғарғы төлем көлемiн заңдарға сәйкес реттейдi.
      3. Міндеттi тiзiлiмге енбеген қызметтер үшiн төлем көлемi шарттармен айқындалады.
 
      42-бап. Теңiз порты аумағын пайдалану
 
      Теңiз портындағы үй-жайлар мен құрылғылар иелерi өз функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттiк органға шарттарда көрсетiлген мiндеттеріне орай қажеттi үй-жайлар мен қызмет көрсетулердi ұсынуға міндеттi.
 
      43-бап. Теңіз терминалы операторының жауапкершілiгi
 
      1. Теңiз терминалының операторы жүктiң жоғалғаны, кем болғаны және зақымданғаны, сондай-ақ оны өз иелiгiне қабылдаған сәттен бастап берген сәтке дейiнгi өткiзiп алған мерзiмi үшiн жауап бередi.
      2. Теңiз терминалының операторына жүктi жоғалтқаны, кем болғаны және зақымданғаны үшiн оның нақты бағасы көлемiнде жауапкершiлік жүктеледi.
      3. Теңiз терминалы операторының жүктi берудегi өткiзiп алған мерзiмi үшiн жауапкершiлiк шартта айқындалады.
      4. Теңiз терминалы операторының өзiне есептелген төлемдердi қамтамасыз ету үшiн жүктi ұстап қалуға және оны заңдарда көзделген тәртiппен сатуға хақылы.
      Теңiз терминалы операторының контейнерлердi, поллеттердi немесе

 

жөндеуге не осы құралдарды жақсартуға кеткен шығындардың орнын толтыру

жағдайларын қоспағанда, тасымалдаушыға немесе жөнелтушiге тиесiлi емес

тасымалдау мен ораманың өзге де осындай жабдықтарын сатуға құқығы жоқ.


     44-бап. Талап арыздар талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде

             шаралар қолдану кезіндегi шектеулер


     Жалпы пайдаланудағы теңiз портының мүлкiне тыйым салу түрiндегi талап

арыздар талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану кезiнде осындай

шешiм қабылдаған сот немесе өзге де құзыреттi орган осындай мүлiктi

пайдаланудың қарапайым тәртiбi белгiленiп қамтамасыз етiлуге тиiс.


             6-тарау. Теңiз портындағы мемлекеттiк қадағалау


     45-бап. Порттың теңіз әкiмшiлiгi


     1. Порттың теңiз әкiмшілiгi мынадай функцияларды жүзеге асырады:

     1) кемелердi тiркеу және тиiстi кеме құжаттарын беру;


 
       2) кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды тiркеу, тиiстi құжаттар беру;
      3) кеме экипажының мүшелерiне дипломдар, бiлiктiлiк куәлiктерiн,

 

олардың берiлгенiн куәландырулар мен теңiзшi төлқұжатын беру;

     4) кеме құжаттарын, дипломдарды, бiлiктiлiк куәлiктерiн және

дипломдар мен білiктiлiк куәлiктерiн куәландыруларды тексеру;

     5) кемелердiң портқа кiру және олардың порттан шығу тәртiптi туралы

талаптардың сақталуына бақылау жасау;

     6) кемелердiң портқа келуiн және олардың порттан шығуын ресiмдеу;

     7) лоцмандық қызмет пен кемелер қозғалысын басқару жүйесiне бақылау

жасау;

     8) кемелердi портқа кiрерде және порт акваториясының шегiнде

мұзжарғыштардың ілестіріп өтуiне бақылау жасау;

     9) теңiзге батқан мүлiктi көтеруге рұқсат беру;

     10) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге жұмыстарды жүргiзуге

рұқсат беру;

     11) көлiктегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ережелерге сәйкес

кемелермен болған апат оқиғаларына тексеру жүргiзу;

     12) бақылау және арнайы атқару функцияларын жүргiзушi мемлекеттiк

органның теңiз порт аумағындағы орналасқан жерiн айқындау;

     13) порттағы құрылыстар мен оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне

бақылау жасау;

     14) өртке қарсы бақылау жасау.


     46-бап. Теңiз портының капитаны



 
       1. Теңiз портының капитаны порттың теңiз әкiмшiлiгiн басқарады және

 

заңдар мен көлiктегi уәкiлеттi орган бекiткен ережеге сәйкес iс-әрекет

етедi.

     2. Теңiз порты капитанының өз құзыретi шегiнде жасаған өкiмi порттағы

кемелер, ұйымдар және азаматтардың барлығы үшiн мiндеттi.

     3. Теңiз порты капитанының талабы бойынша порттағы кемелер порт

акваториясының шегiндегi апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқаруға

қатысуға мiндеттi.

     4. Теңiз портының капитаны теңiзде жүзу қауiпсiздiгi ережелерiн

бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жаза

қолдануға хақылы.


     47-бап. Кемелерге бақылау жасау


     1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде

теңiз портының капитаны:

     1) кеме құжаттарының бар-жоқтығын;

     2) кеменiң негiзгi сипаттамасының кеме құжаттарына сәйкестiгiн;

     3) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.


 
       2. Кеме құжаттары жоқ болған немесе кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi

 

талаптарын қанағаттандырмайтынына жеткiлiктi негiздер бар кезде теңiз

портының капитаны кеменi тексеруге алуы мүмкін.

     3. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi келтiретiн

олқылықтардың жойылғанын тексеру мақсатында теңiз портының капитаны кеменi

бақылаулық тексеруден өткiзуi мүмкiн.


     48-бап. Кемелердің теңiз портынан шығуына рұқсат беру


     1. Әрбiр кеме теңiз портынан шығуға дейiн бұған теңiз портының

капитанынан рұқсат алуға мiндеттi.

     2. Теңiз портының капитаны кеменiң теңiз портынан шығуына мына

жағдайларда:

     1) кеменiң жүзуге жарамсыз болғанда;


 
       2) тиеуге, жабдықтауға, экипаж жинақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кемедегi адамдардың өмiрi мен денсаулығына, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктерi, сондай-ақ теңiздiң табиғи ортасына залал келтiру қаупi болғанда;
      3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;
      4) тиiстi мемлекеттiк органдар (кедендiк, санитариялық-карантиндiк, фитосанитарлық, шекаралық органдар мен басқа да құзыреттi мемлекеттiк органдар) нұсқама бергенде;
      5) порттың теңiз әкiмшiлiгi алатын порт алымдары төленбегенде рұқсат беруден бас тартады.
 
      49-бап. Кеменi ұстау
 
      1. Теңiз портының капитаны құтқару операцияларын жүзеге асыруға, кемелердiң соқтығысуына, айлақ құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме су жолдары мен навигациялық жағдай құралдарының зақымдалуына байланысты немесе өзге де залал келтiруге байланысты туындаған талаптары бар тұлғаның өтiнiшi бойынша кеменi кеме иесiнiң, жүк иесiнiң мiндеттердi қамтамасыз еткенге дейiн ұстауы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағында санамаланған талаптар бойынша кеменi ұстап

 

тұру туралы өкiмнiң, ресми жұмыс күнi болып қаралмаған күндердi

қоспағанда, 72 сағат бойына күшi болады. Егер көрсетiлген мерзiм ішінде

кеменi құзыреттi органдар тұтқындамаған жағдайда, ол дереу босатылуға тиiс.

     3. Кеменi негiзсiз ұстаудан келген зияндар үшiн жауапкершілiк талап

етуi бойынша ұстау жүргiзiлген адамға жүктеледi.


     50-бап. Навигациялық жағдай құралдарының әрекетi

             аймағындағы құрылыс


     Теңiз жолдарының навигациялық жағдай құралдарының әрекетi аймағындағы

құрылыс көлiктегi уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.


                          7-тарау. Теңiз лоцмандары


     51-бап. Кемелердi лоцмандық жүргiзу



 
       1. Кемелердi лоцмандық жүргiзу жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелермен болатын оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес теңiздiң табиғи ортасын қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Қызметке теңiз лоцмандары ретiнде көлiктегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарын қанағаттандыратын Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.
      3. Көлiктегi уәкiлеттi орган кемелердi лоцмандық жүргiзудiң мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлейдi және мұндай аудандарды теңiз порттары мен лоцияларында жалпыға ортақ мәлiмет ретiнде жеткiзедi.
      4. Аралас акваториялары бар теңiз порттарындағы кемелердi лоцмандық жүргізу тәртiбiн теңiз порттарының капитандары белгiлейдi.
 
      52-бап. Кемелердi мiндеттi лоцмандық жүргiзу
 
      1. Кемелердi лоцмандық жүргiзу ережелерiне сәйкес мiндеттi лоцмандық жүргiзуден босатылған кемелер санаттарын қоспағанда, кеменiң кемелердi лоцмандық жүргiзудiң мiндеттi аудандарында лоцмансыз жүзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Аталған тыйым салуды бұзушы кеме капитаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.
      2. Лоцмандық жүргiзуден босатылған кемелер санаттары теңiз порттарында жалпыға ортақ мәлiмет ретiнде мiндеттi түрде жеткiзiледi.
 
      53-бап. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық жүргiзу
 
      1. Кемелердi лоцмандық жүргiзу мiндеттi болып табылмайтын аудандарда кеме капитаны кемеге лоцман алуы мүмкiн.
      2. Кемелердi лоцмандық жүргiзу мiндеттi болып табылмайтын аудандарда порттың кеме капитаны:
      1) егер кеме немесе ол тасымалдайтын жүк теңiздiң табиғи ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған;
      2) егер кеменiң, порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне елеулi әсер етуi мүмкiн, корпусының, механизмдерiнiң немесе жабдықтарының салмақты зақымданғаны белгілі болған жағдайларда порттың кеме капитаны кемелердi мiндеттi лоцмандық жүргiзудi белгiлеуi мүмкiн. Мұндай жағдайда кеме капитанына оның кемесiнiң мiндеттi лоцмандық жүргізудің соңынан өтуге тиiс екендiгi туралы хабардар етiледi.
 
      54-бап. Кеме лоцманы мен капитанының жауапкершілiгi
 
      Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кеме басқаруына жауапкершiлiктi жоққа шығармайды. Лоцман ұсынылымының дұрыстығына күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған кезде кеме капитанының кеменiң кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгi мақсатында аталған лоцманның қызмет көрсетуiнен бас тартуға хақылы. Кеменi лоцмандық жүргiзу мiндеттi болған жағдайда кеме капитаны лоцманды ауыстыруды талап етуге тиiс.
 
      55-бап. Кемелердi лоцмандық жүргiзумен лайықты
              қамтымағаны үшін жауапкершілiк
 
      1. Лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның кеменi лоцмандық жүргiзумен лайықты қамтымағаны үшiн жауапкершiлiк осындай қызмет көрсеткенi үшiн төленетiн төлемнiң он есесiне тең сомамен шектеледi.
      2. Лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның, егер лоцмандық жүргiзумен лайықты қамтылмағанның нәтижесiнде кемеге келтiрiлген шығындар дәлелденсе, лоцманның немесе ол қызметкер болып табылатын ұйымның әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң қасақана жасаған әрекетiнiң немесе дөрекi абайсыздықтың нәтижесi болып табылса, толық көлемде жауапкершiлiкте болады.
      3. Кеменi лоцмандық жүргiзумен лайықты қамтымағаны үшiн кiнәлi лоцман кемелердi лоцмандық жүргiзу туралы ережеде айқындалған тәртiп пен шарттарға білiктiлiгiнен айырылуы мүмкiн.
 
                          8-тарау. Суға батқан мүлiк
 
      56-бап. Суға батқан мүлiктi оның иесінің алып шығуы
 
      1. Суға батқан мүлiктiң иесi осындай мүлiктi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде алып шығу туралы өзiнiң ойы бар екенiн жақын маңайдағы теңiз портының капитанына хабарлауға тиiс.
      2. Теңiз портының капитаны суға батқан мүлiк иесiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiкті алып шығу тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. Суға батқан мүлiк иесiнiң рұқсат алған сәттен бастап бiр жыл iшiнде оны алып шығуды жүзеге асыруға құқығы бар.
      3. Суға батқан мүлiк теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатер төндiрсе немесе теңiздiң табиғи ортасын ластаумен зиян келтiрсе не судағы биологиялық ресурстық кәсiпшiлiгiн жүзеге асыруға, порт қызметiне және порттағы жұмыстарға кедергi келтiрсе, суға батқан мүлiк иесi теңiз портының капитаны белгiлеген талап пен ақылға қонымды мерзiм бойынша суға батқан мүлiктi алып шығуға, ал қажет болған кезде оны аластауға немесе жоюға міндеттi.
      4. Суға батқан мүлiк иесi белгiсiз болған жағдайда теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктi алып шығу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы жарияланымдар жасайды. Егер мұндай кезде суға батқан кеменiң жалауы белгілi болған жағдайда теңiз портының капитаны, Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттермен қатынастар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк

 

органына тиiстi хабар жiбередi.


     57-бап. Меншiк иесiнiң суға батқан мүлiкке құқығы


     Егер суға батқан мүлiк иесi осы Заңның 56-бабының 1-тармағына сәйкес

өтiнiш жасамаған немесе осы Заңның 56-бабының 2-тармағымен белгiленген

мерзiмде мүлiктi алып шықпаған жағдайда меншiк иесiнiң мұндай мүлiкке

меншiктiк құқықтан бас тартқаны болып есептеледi.


     58-бап. Порттың теңiз әкiмшілігінің суға батқан мүлiктi алып

             шығуы, аластауы немесе жоюы


     1. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң:

     1) егер суға батқан мүлiктің иесi белгiсiз болған;


 
       2) егер меншiк иесi осы Заңның 56-бабының 3 тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған;
      3) егер суға батқан мүлiктiң иесiне оны өз құралдарымен не ол таңдаған кеме көтеру ұйымдарының құралдарымен алып шығуға, аластауға немесе жоюға тыйым салынған жағдайларда суға батқан мүлiктi алып шығуға және қажет болса аластауға немесе жоюға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда суға батқан мүлiктi алып шығу, аластау немесе жою мүлiк иесiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес алып шығарылған суға батқан мүлiк, егер суға батқан мүлiк алып шығарылған сәттен бастап бiр жылдан астам уақыт өтпесе, оның иесi суға батқан мүлiктi алып шығуға кеткен шығынның және осыған байланысты басқа да келтiрiлген шығындардың орнын толтырғаннан кейiн, талап етуi мүмкiн.
 
      59-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгiнiң шыққан шығындардың
              толық орнын толтыруға құқығы
 
      Егер суға батқан мүлiктi алып шығу, аластау немесе жою осы заңның 58-бабының 1-тармағына сәйкес алып шығарылған сәттен бастап бiр жыл ішiнде жүзеге асырылған жағдайда порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң:
      1) суға батқан мүлiктi белгiленген заңды тәртiппен оны сатудан түскен соманың есебiнен оны алып шығуға және сақтауға кеткен шығыстардың орнын толтыруға. Суға батқан мүлiктi сатудан түскен сомадан шығын шегерiлiп, оның меншiк иесiне, ал Азаматтық кодекс пен осы Заңның 57-бабында көзделген негiздер бойынша меншiк иесi меншiктiк құқықтан бас тартқан кезде мемлекетке беруге;
      2) 56-баптың 3-тармағында көзделген iс-қимылдар жүзеге асқан жағдайда

 

суға батқан мүлiк иесiнен сатудан түскен сомадан асып түсетiн шығындардың

(соның iшiнде мүлiктердi жоюға кеткен) орнын толтырып алуға құқығы бар.


     60-бап. Кездейсоқ алып шығарылған суға батқан мүлiк


     Кездейсоқ алып шығарылған суға батқан мүлiк осындай мүлiкке қатысты

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қолдануға мiндеттi

теңiз портының әкiмшiлiгiне берiлуге тиiс.


               9-тарау. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты


     61-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының

             айқындамасы мен түрлерi



 
       1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жөнелтушi (кiрепұлшы) сеніп тапсырған жүктi белгiленген портқа дейiн жеткiзудi және оны алушыға беруге мiндеттенедi, ал жөнелтушi (кiрепұлшы), алушы жүк тасымалын төлеу мен оны қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты жүктi теңiз арқылы тасымалдау үшiн тұтас кемені, кеменiң бөлiгiн немесе белгiлi бiр кеме үй-жайын (чартер) беру шартымен, сондай-ақ мұндай шартсыз жасалуы мүмкiн.
 
      62-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау нысаны
 
      Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты коносаментпен, чартермен, теңiз жүкқұжатымен ресiмделедi. Коносаменттiң, чартердiң, теңіз жүкқұжатының нысаны тасымалдау ережесiмен белгiленедi.
 
      63-бап. Жүктердi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру
              туралы ұзақ мерзiмді шарт
 
      1. Тасымалдаушы мен жүк иесi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмді шарттар жасасуы мүмкiн.
      Жүктердi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасу кезiнде жүктiң нақты партиясын тасымалдау осындай ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жасалған жүктерді теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Жүктердi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттағы келiсiлген жүктердi тасымалдау шарты, егер тараптар өзге келiсiмге келмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты енгiзiлген болып есептеледi.
      Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының ережесi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың ережелерiне қайшы келген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының ережесi қолданылады.
      3. Коносаментке енгiзiлмеген жүктердi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың ережесi, егер ол кiрепұлшы болып табылмаса, үшiншi жақ үшiн мiндеттi болып табылмайды.
 
      64-бап. Чартер мен коносаменттiң арақатынасы
 
      Тасымалдаушы мен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тарабы болып табылмайтын алушы арасындағы қатынасты коносамент айқындайды. Егер коносамент оларға сiлтеме жасайтын болса, чартердiң шарты алушы үшiн мiндеттi.
 
      65-бап. Чартердiң мазмұны. Чартер бойынша құқықты беру
 
      1. Чартерде тараптар атауы, кеме атауы, жүктiң тегi мен түрiне сiлтеме, кiрепұлдың мөлшерi, тиеу порты, жүктi тиеу порты, сондай-ақ баратын порты немесе кеме бағыты көрсетiлуi тиiс. Тараптардың келiсiмi бойынша чартерге өзге де талаптар кiргiзiлуi мүмкiн.
      2. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде кiрепұлшы тасымалдаушының келiсiмiмен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша үшiншi жаққа өзiнiң құқығын беруге хақылы. Кiрепұлшы, сондай-ақ ол өзiнiң құқығын берген үшiншi жақ, егер чартерде өзгеше көзделмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындамағаны үшiн тасымалдаушының алдында ортақ жауапкершiлiкте болады.
 
      66-бап. Тасымалдау үшін жүк қабылдауды уақытша
              тоқтату немесе шектеу
 
      1. Техногендiк және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде және карантин жарияланғанда тасымалдау үшiн жүктердi қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеудi қолдану мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша белгілейтiн көлiктегi уәкiлеттi органды дереу хабардар ете отырып, порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкімiмен жүктердi қабылдау уақытша тоқтатылуы немесе шектелуi мүмкiн.
      2. Тасымалдау үшiн жүктердi қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы порттың теңiз әкiмшiлiгi жүктердi жөнелтушiлердi, жүктердi тасымалдау кезiнде тiкелей аралас немесе тiкелей су қатынастарын және көлiктiң басқа түрлерiнiң ұйымдарын дереу хабардар етедi.
 
      67-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша
              кеменің теңiзде жүзу жай-күйiн қамтамасыз ету
 
      1. Тасымалдаушы күнi бұрын, рейс басталғанға дейiн кеменi теңiзде жүзу жай-күйiне келтiруге: кеменiң жүзуге техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, кеменi тиiстi деңгейде жабдықтауға, оны экипажбен қамтуға және барлық қажеттіліктермен қамдауға, сондай-ақ трюмдар мен кеменің басқа да жүк тасымалданатын үй-жайларын жүктi тиiстi қабылдауды, тасымалдауды және сақтауды қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiруге мiндеттi.
      2. Егер жүкті тасымалдау коносамент негізінде жүзеге асырылса немесе коносамент чартерге сәйкес берiлiп, тасымалдаушы мен кірепұлшы болып табылмайтын коносамент иесiнiң арасындағы қатынасты реттейтiн болса, тараптардың осы баптың 1-тармағына қайшы келетiн келiсiмi елеусiз.
 
      68-бап. Кеменi ауыстыру
 
      Егер жүк белгiлi бiр кемеде тасымалдануға тиiс болған жағдайда оны тиеу басталғаннан кейiн пайда болған техникалық қажеттiлiктердiң салдарынан жүктi қайта тиеудi қоспағанда, жүк тек кiрепұлшының немесе жөнелтушiнiң келiсiмiмен ғана басқа кемеге тиелуi мүмкiн.
 
      69-бап. Жүктi тиеу орны
 
      1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кірепұлшы көрсеткен жүктi тиеу орнына кеменi қоюға мiндеттi. Кiрепұлшы жүктi тиеу үшiн қауiпсiз және жарамды, кеме қауiпсiз жете алатындай, жүзген күйi тұра алатын және жүгiмен шығып кете алатындай орынды көрсетуге тиiс. Егер кiрепұлшы көрсеткен орын жарамсыз, немесе бiрнеше кiрепұлшылар жүктi тиейтiн әртүрлi орындар көрсеткен жағдайда, тасымалдаушы бұл туралы күнi бұрын кiрепұлшыларды ескерте отырып, аталған порттағы әдеттегi пайдаланатын жүктi тиеу орнына кеменi қоя алады.
      Кiрепұлшы өзiнің есебiнен кеменi басқа жүк тиеу орнына қоюды талап ете алады.
      2. Желiлiк жол қатынасындағы жүк тасымалдау кезiнде жүк тиеу орнын тасымалдаушы айқындайды. Егер жүк тиеу аталған порт үшiн әдеттегідей емес жүк тиеу орнында жүргiзiлсе, тасымалдаушы жөнелтушiнi жүк тиеу орны туралы хабардар етедi.
 
      70-бап. Кеменi қою мерзiмi
 
      Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi чартермен келiсiлген мерзiмде қоюға мiндеттi. Кеме келiсiлген мерзiмде қойылмаған жағдайда кiрепұлшының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан бас тартып, шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқығы бар.
 
      71-бап. Кеменiң жүктi тиеуге дайындығы туралы хабардар ету
 
      1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы жазбаша түрде кiрепұлшыны немесе жөнелтушiнi, егер ол кiрепұлшы болып көрсетiлсе, кеменiң жүк тиеуге дайындығы немесе белгiлi бiр уақытта дайын болатындығы туралы хабардар етуге мiндеттi. Мұндай хабардар ету тек, егер кеме порттағы тиеу немесе аталған порт үшiн әдеттегiдей күту орнында тұрған жағдайда ғана, берiлуi мүмкiн.
      2. Хабардар етудiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген берiлу күнi мен сағаты тараптардың келiсуiмен, ал келiсiм болмаған жағдайда - аталған айлақтың дәстүрлерiмен айқындалады.
      3. Егер кеме хабардар етуде көрсетiлген уақытта жүк тиеуге дайын болмаған жағдайда, осыған байланысты кiрепұлшыға келтiрiлген шығындардың орнын толтыру тасымалдаушыға жүктеледi.
 
      72-бап. Сталиялық уақыт
 
      1. Сталиялық уақыт (кеме кiрепұлға қосымша төлемсiз жүк тиеуге тұрғанда кететiн уақыт кезеңi) - тараптардың келiсiмiмен, мұндай келiсiм болмаған кезде - тиеу портындағы әдеттегi қабылданған мерзiм айқындалады.
      2. Сталиялық уақыт жөнелтушiге (кiрепұлшыға) кеменiң жүк тиеуге дайындығы туралы хабар жiберiлгеннен кейiнгi келесi күннен бастап жұмыс күндерiмен, сағатымен және минутымен есептеледi.
      3. Сталиялық уақытқа жүк тиеу тасымалдаушыға байланысты себептер бойынша, еңсерiлмес күштiң салдарынан немесе жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн гидрометеорологиялық жағдайлардан немесе оған қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн жағдайларда жүргiзiлмесе, бұл уақыттар есептелмейдi.
      Кiрепұлшыға байланысты себептер бойынша жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа кiргiзiледi.
      4. Жүк тиеу сталиялық уақыт басталғанға дейiн басталған жағдайда, жүк тиеуге нақты кеткен уақыт сталиялық уақытқа есептелiнедi.
      5. Осы баптың нормалары порттағы жүктi түсiру кезiнде оны түсiруге де қолданылады.
 
      73-бап. Контрсталиялық уақыт
 
      1. Контрсталиялық уақыттың (кеменiң жүк тиеуге тұрғанда сталиялық уақыттың үстiне кететiн уақыт кезеңi) ұзақтығы тараптардың келiсiмiмен, ал ол жоқ кезде - порттағы жүктi қабылдаудың әдеттегi мерзiмiмен айқындалады.
      2. Контрсталиялық уақыт сталиялық уақыт аяқталған сәттен бастап, күнтiзбелiк күндермен, сағаттармен және минуттармен есептелiнедi.
      3. Контрсталиялық уақытқа жексенбi және ресми белгiленген мерекелiк күндер, портта жарияланған демалыс уақыты, сондай-ақ жүктiң сақталуына қатер төндiрген не оны қауіпсіз тиеуге кедергi келтiретiн еңсерiлмес күш немесе гидрометеорологиялық жағдайлар туындатқан жүк тиеудегi үзiлiстер кiредi.
      Тасымалдаушыға байланысты себептермен жүк тиелмеген уақыт контрсталиялық уақыт кiрмейдi.
      4. Осы баптың, сондай-ақ осы Заңның 74, 75, 76-баптарының нормалары портта жүктi түсiру кезiнде түсiруге қолданылады.
 
      74-бап. Демерредж
 
      Контрсталиялық уақыт үшiн төлем (демерредж) тараптардың келiсiмiмен, ал мұндай келiсiм болмаған кезде - тиiстi порттағы дәстүрлi қабылданған ставкаға сәйкес айқындалады. Мұндай ставкалар болмаған жағдайда демерредж кеме мен оның экипажын күтiп, ұстауға кеткен шығындармен айқындалады.
 
      75-бап. Жүк тиеудi мерзiмінен бұрын аяқтағаны үшін сыйақы
 
      Тараптардың келiсiмiмен диспач (сталиялық уақыт өткенге дейiн кемеден жүк түсiрудi аяқтағаны үшiн кiрепұлшыға берiлетiн сыйақы) белгiленуi мүмкiн. Мұндай келiсiм болмаған кезде диспач мөлшерi демерредждiң жартысы мөлшерiмен есептелiнедi.
 
      76-бап. Тасымалдаушының кеменi контрсталиялық уақыт
              бiткеннен кейін жүзуге аттандыру құқығы
 
      1. Тасымалдаушының, егер тiптi келiсiлген жүк тасымалдаушыға тәуелсiз себептер бойынша кемеге толық тиелмесе де, контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн кеменi жүзуге аттандыруға құқығы бар. Бұл ретте тасымалдаушы кiрепұлды толық алуға құқығын сақтайды.
      2. Жүк тасымалдау үшiн кеменiң барлығын алған жағдайда, мұндай уақыт туралы келiсiм бар болған кезде, жүктi қабылдау мен қаптаудың өзi кеменi белгiленген мерзiмнен де көп уақыт ұстауы мүмкiн болса да тасымалдаушының сталиялық немесе контрсталиялық уақыт аяқталғанға дейiн жеткiзiлген жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      3. Егер жүк тасымалдау үшiн кеменiң барлығы берiлмеген жағдайда, тасымалдаушы сталиялық және контрсталиялық уақыт өткенге дейiн, осындай уақыт туралы келiсiм болған кезде, жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Кейiн ол кешiгiп берiлуi салдарынан кемеге тиiстi ретпен және қалған жүктер үшiн залалсыз тек кеменi кешiктiрiп қана тиелуi мүмкiн. Мұндай жағдайда тасымалдаушы кiрепұлды толық алу құқығын сақтайды.
 
      77-бап. Кеменi кешiктiрiп ұстағаны үшін шығындардың орнын толтыру
 
      Кеменi контрсталиялық уақыттан артық ұстағаны үшiн жөнелтушi, кiрепұлшы, егер кеменi кешiктiру тасымалдаушыға тәуелсiз себептерден болса, тасымалдаушыға келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.
 
      78-бап. Кеменi кірепұлшының талабы бойынша жүзуге мерзiмiнен
              бұрын аттандыру
 
      Кiрепұлшыға жүк тасымалдау үшiн кеменiң барлығы берiлген жағдайда, тасымалдаушы кiрепұлшының талабы бойынша, егер тiптi жүктiң барлығы тиелмесе де, кеменi жүзуге аттандыруға мiндеттi. Мұндай жағдайда тасымалдаушы толық кiрепұлға құқығын сақтайды.
 
      79-бап. Бөгде жүктi алып тастау
 
      1. Жүк тасымалдау үшiн кеменiң барлығы, оның бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр үй-жайы берiлген жағдайда, аттандырушы кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеме үй-жайынан жөнелту портында, ал жүк тасымалдау үшiн кеменiң барлығын алса, кез келген кiру портында бөгде жүктi алып тастауды талап етуi мүмкiн.
      2. Жүк кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеме үй-жайынан уақтылы алынбаған жағдайда кiрепұлшының кiрепұлды тиiсiнше азайтуын, сондай-ақ кiрепұлшыға келтiрiлген шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқығы бар.
 
      80-бап. Палубалық жүк
 
      1. Тасымалдаушының тек тасымалдаушымен жөнелтушiнiң арасындағы келiсiмге сәйкес қана палубада жүк алып жүруге құқығы бар.
      2. Тасымалдаушы мен аттандырушы жүк палубада тасылуы тиiс немесе мүмкiн екендiгi туралы келiсiмге келген жағдайда, тасымалдаушы мұндай келiсiмге келгендiгi туралы коносаментте немесе жүктi теңiз арқылы тасымалдау келiсiмiн куәландыратын басқа құжатта көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы оны көрсетпеген жағдайда, ол жүктi палубада алып жүру туралы келiсiмнiң жөнелтушiмен жасалғаны туралы дәлелдеуге тиiс. Алайда тасымалдаушының өз еркiмен коносомент алған үшiншi жаққа қатысты, соның iшiнде алушыға қатысты мұндай келiсiмге сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарын бұза отырып, палубада жүк алынып жүрген жағдайда, тасымалдаушы палубада жүк алып жүру туралы келiсiмге сiлтеме жасай алмайды және осы Заңның 109-бабының нормаларына қарамастан, тек қана жүктi палубада алып жүруден туындаған жүктiң жоғалғаны, бүлiнгенi немесе оның кешiктiрiлiп жеткiзiлгенi үшiн жауапкершiлiкте болады.
      Тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң шегi осы Заңның 111 және 112-баптарына сәйкес айқындалады.
      4. Егер жүктi трюмде алып жүру келiсiмi бар бола тұра, жүктi палубада алып жүру тасымалдаушының осы Заңның 112-бабына сәйкес тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу құқығын жоғалтуға әкеп соғатын әрекетi немесе әрекетсiздiгi ретiнде қарастырылады.
 
      81-бап. Жүктi буып-түю және таңбалау
 
      1. Тасымалдау кезiнде олардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн ыдысқа салуды және буып-түюдi қажет ететiн жүктер алып жүруге дұрыс ыдыста және орауда көрсетілуге тиiс. Мемлекеттiк стандарттар белгiленген немесе техникалық шарттар белгiленген ыдыстар мен ораулар соларға сәйкес болуға тиiс. Мұндай талаптар жөнелтушi ұсынған контейнерлерге де қолданылады.
      2. Жөнелтушi жүктi тиiсiнше таңбалап, тасымалдаушыға ол туралы қажеттi мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi. Жүк айрықша көңiл бөлудi қажет еткен жағдайда, жөнелтушi жүктiң қасиеттерi мен оған қандай бап керек екендiгi туралы тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.
 
      82-бап. Жүктi ауыстыру
 
      Чартерде тегi немесе түрi айқындалған жүк тек тасымалдаушының келiсiмiмен ғана өзге тектегi немесе түрдегi жүкпен ауыстырылуы мүмкiн.
 
      83-бап. Жүкке қатысты құжаттар
 
      Жөнелтушi, заңдармен көзделген жүктi кедергiсiз алып жүру үшiн қажеттi құжаттарды (сертификат, лицензия, ветеринариялық куәлiк, кеден декларациясы және өзге де) тасымалдаушыға беруге тиiс.
      Жөнелтушi мұндай құжаттарды уақытында бермегенi, расталмағандығы немесе толық еместiгi салдарынан болған шығындар үшiн тасымалдаушының алдында жауапкершiлiкте болады.
 
      84-бап. Коносамент беру
 
      1. Тасымалдау үшiн жүктi қабылдағаннан кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талабы бойынша жөнелтушiге коносамент беруге мiндеттi.
      Коносамент осы Заңның 86-бабы 1-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтерi болуға тиiс, жөнелтушi қол қойған құжаттың негiзiнде жасалады.
      2. Жөнелтушi коносаментке енгiзуге ұсынылған мәлiметтердiң растығы үшiн тасымалдаушыға кепілдiк бередi және мұндай мәлiметтердiң рас болмауы салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген шығындар үшiн жауапкершiлiкте болады.
      Тасымалдаушының шығындарды жөнелтушiден өндiрiп алу құқығы жүктi

 

теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының жөнелтушiден өзге,

кез келген тұлға алдындағы жауапкершiлiгiн жоққа шығара алмайды.


     85-бап. Коносаменттің орнына өзге құжат беру


     Жөнелтушiнiң тасымалдаушыдан коносаменттiң орнына теңiз жүкқұжатын

талап етуге құқығы бар. Теңiз жүкқұжаттарына, осы Заңның, тауарға билiк

ететiн құжат ретiнде коносаментке қатысты 86-бабының 2-тармағының екiншi

абзацының, 88-90-баптарының және 91-бабының 2-тармағының нормаларын

қоспағанда, осы тараудың нормалары қолданылады.


     86-бап. Коносаменттiң мазмұны


     1. Коносаментке негiзiнде мынадай мәлiметтер кiргiзiлуге тиiс:

     1) тасымалдаушының атауы және оның тұрған жерi;


 
       2) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес тиеу портының атауы және тасымалдаушының тиеу портында жүктi қабылдаған күнi;
      3) жөнелтушiнiң атауы және оның тұрған жерi;
      4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес түсiру портының атауы;
      5) егер оны жөнелтушi көрсетсе, қабылдаушының атауы;
      6) жүктiң атауы, жүктi сәйкестендiру үшiн қажеттi негiзгi маркалар, тиiстi жағдайлардағы жүктiң қауiптi сипаттамасына немесе айрықша қасиетiне сiлтеме, орынның немесе заттардың саны және жүктiң массасы немесе оның басқаша көрсетiлген саны. Бұл ретте барлық мәлiметтер жөнелтушi ұсынған түрде көрсетiледi;
      7) жүктiң сыртқы жай-күйi және оның орамы;
      8) қабылдаушы төлеуге тиiс көлемдегi кiрепұл, немесе кiрепұлды олардың төлеуге тиiстiгiн көрсететiн өзге сiлтеме;
      9) коносаменттiк берiлген уақыты мен орны;
      10) егер олар бiреуден көп болса, коносамент түпнұсқаларының саны;
      11) тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет етушi тұлғаның қойылған қолы. Кеме капитаны қол қойған коносамент тасымалдаушының атынан қойылған деп есептеледi.
      Тараптардың келiсiмi бойынша коносаментке өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Жүк кеме бортына тиелгеннен кейiн тасымалдаушы аттандырушының талабы бойынша оған, осы баптың 1 тармағында көзделген мәлiметтерге қосымша, жүктiң белгiлi бiр кеменiң немесе кемелердiң бортында екендiгiн көрсетiлуi, сондай-ақ жүктi тиеу күнi көрсетiлуге тиiс борт коносаментiн бередi.
      3. Егер тасымалдаушы кеме бортына жүк тиелгенге дейiн жөнелтушiге тасымалдаушы үшiн қабылданған жүкке коносамент немесе аталған жүкке қатысты өзге тауарға билiк ететiн құжат берсе, жөнелтушi тасымалдаушының өтiнiшi бойынша борт коносаментiнiң орнына осындай құжатты қайтаруға тиiс.
      4. Тасымалдаушы жөнелтушiнiң борт коносаментiне деген талабын кез келген бұрын берiлген қосымша құжатпен, егер осылай толтырылған құжатқа борт коносаментiнде болуға тиiс мәлiметтiң барлығы енген жағдайда, қанағаттандыра алады.
 
      87-бап. Коносаменттегi ескертпе. Коносаменттiң айғақтық күшi
 
      1. Егер коносаментте жүктiң атауы, оның негiзгi маркалары, орынның не заттың саны, жүктiң массасы немесе саны, және тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берген басқа тұлға мұндай мәлiметтер нақты қабылданған жүкке немесе тиелген жүкке сәйкес еместігiн бiлсе, немесе жеткiлiктi негiз бар деп есептесе, борт коносаментiн беру кезiнде не тасымалдаушының немесе басқа осындай тұлғаның көрсетілген мәлiметтердi тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiгi болмаса, тасымалдаушы немесе басқа осындай тұлға коносаментке дәл еместiгiн нақты көрсететiн ескертпе жасауға, солай деп есептеу үшiн негiз немесе көрсетiлген мәлiметтердi тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiктiң болмағанын көрсетуге тиiс.
      2. Егер тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берушi басқа тұлға коносаментте жүктiң сыртқы жай-күйiн көрсетпесе, коносаментте жүктiң сыртқы жай-күйi жақсы деп көрсетiлген болып есептеледi.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жол берiлген ескертпе енгiзілген мәлiметтердi қоспағанда, егер өзгеше дәлелденбесе, коносаментте жазылғандай, тасымалдау үшiн тасымалдаушы қабылдаған жүктi коносаментте сипатталғандай етiп куәландырады. Егер коносамент, жүктiң коносаментте жазылған мазмұнынан ауытқи отырып өз еркiмен әрекет етiп үшiншi тұлғаға берілсе, тасымалдаушының өзге айғақ ұсынуына жол бермейдi.
 
      88-бап. Коносаменттiң түрлерi
 
      Коносамент белгiлi бiр алушының атына (бәсiре коносамент),

 

жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына (ордерлiк коносамент) не ұсынушыға

берiлуi мүмкiн. Оның жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына берiлгендiгi

туралы сiлтемесi жоқ ордерлiк коносамент жөнелтушiнiң бұйрығына берiлген

болып есептеледi.


     89-бап. Коносамент даналарының көптiгi


     Жөнелтушiнiң қаналуы бойынша оған бiрнеше дана (түпнұсқа) коносамент

берiлуi мүмкiн әрi олардың әрқайсысын да қолда бар коносомент

түпнұсқаларының саны көрсетiледi. Ұсынған коносамент түпнұсқаларының

бiрiнiң негiзiнде жүк берiлгеннен кейiн оның қалған түпнұсқаларының күшi

жойылады.


     90-бап. Коносаменттi табыстау


     Коносамент мынадай тәртiптер сақтала отырып табысталады:


 
       1) бәсiре коносамент бәсiрелiк табыстама жазбалар бойынша немесе талаптан шығу үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өзге нысанда табысталуы мүмкiн;
      2) ордерлiк коносамент бәсекерлiк немесе бланкiдегi табыстама жазбамен табысталуы мүмкiн;
      3) коносамент ұсынушыға қарапайым тапсыру арқылы табысталуы мүмкiн.
 
      91-бап. Жүкке билiк ету құқығы
 
      1. Жөнелтушiнiң оны алушыға бергенге дейiн, не осындай құқықты алушыға немесе үшiншi тұлғаға бергенге дейiн жүкке билiк етуге құқығы бар.
      2. Жөнелтушiнiң кеме кеткенге дейiн аттанатын жерде жүктi керi қайтаруды, жүктi аралық портта қайтып берудi немесе оны, осы Заңның 97 және 98-бабының талаптарын сақтай отырып, жөнелтушiге берiлген барлық коносамент түпнұсқаларын ұсынған немесе тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған кезде, тасымалдау құжатында көрсетiлген алушыдан басқаға берудi талап етуге құқығы бар.
 

 

     92-бап. Жүкке қатысты тасымалдаушының мiндеттерi


     1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау үшiн қабылдаған сәттен бастап оны

берген сәтке дейiн мiндеттенген түрде тиеуге, тасымалдауға, сақтауға,

жүктiң қамын ойлауға және түсiруге тиiс.

     2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүкке оның қасиетiне қарай айрықша

күтiм керек болған және бұл туралы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында

сiлтеме жасалған жағдайда, тасымалдаушы осындай сiлтемелерге сәйкес жүктiң

қамын ойлауға тиiс.

     3. Талаптардың осы баптың 1-тармағына қайшы келетiн келiсiмдер күшi

жүрмейдi.


     93-бап. Қауiптi жүк



 
       1. Қауiптi жүк дұрыс атау көрсетiлмей өткiзiлiп, жүктi қабылдау кезiнде тасымалдаушы сырттай қарау арқылы оның қасиеттерiн анықтай алмаған жағдайда, мұндай жүк кез келген уақытта, жағдайға қарай, тасымалдаушы арқылы шығындары жөнелтушiге қайтарылмай-ақ түсiрiлiп тасталуы, жойылуы немесе залалсыздандырылуы мүмкiн.
      Жөнелтушi тасымалдаушының алдында осындай жүктi тиеу нәтижесiнде оған шығын келтiргенi үшiн жауаптылықта болады.
      Мұндай жүктi тасымалдау үшiн кiрепұл қайтарылмайды. Жүктi аттандыру кезiнде кiрепұл төленбеген болса, тасымалдаушының оны толық өндiрiп алуға құқығы бар.
      2. Егер тасымалдаушының келiсiмiмен тиелген қауiптi жүк кеме, басқа жүк немесе кемедегi адамдар үшiн қауiптi бола бастаған жағдайда, тасымалдаушының жағдайға қарай қауiптi жүктi, жалпы апатты қоспағанда, шығындарды жөнелтушiге қайтармай-ақ түсiрiп тастауға, жоюға немесе залалсыздандыруға құқығы бар.
      Тасымалдаушының осындай жүкпен нақты жүрiп өткен қашықтыққа бара бар мөлшердегi кiрепұлға құқығы бар.
 
      94-бап. Жүк тасымалдаудың мерзiмi мен бағыты
 
      Тасымалдаушы жүктi тараптардың келiсiмiмен белгіленген мерзiм мен бағытта, ал келiсiм болмаса - салыстырмалы жағдай мен әдеттегідей бағытпен тасымалдау үшiн талап етiлетiн мерзiмде жеткiзуге мiндеттi.
 
      95-бап. Кеменiң белгiленген портқа кiруiне кедергілер
 
      1. Егер тасымалдаушыға тәуелдi емес себептердiң салдарынан кеме белгiленген портқа кiре алмаса, тасымалдаушы бұл туралы жөнелтушiнi немесе кiрепұлшыны не, мұндай тұлға тасымалдаушыға белгiлi болса, жүкке билiгi жүретiн уәкілеттi тұлғаны дереу хабардар етуге мiндеттi.
      2. Егер жүктi тасымалдау үшiн кеменiң бәрi берiлсе және ақылға сыйымды уақыт iшiнде тасымалдаушы хабарлама жiберген сәттен бастап жүктi не iстеу керегi туралы өкiм түспеген жағдайда, кеме капитанының жүктi жақын маңайдағы порттардың бiрiне түсiрiп тастауға не жүктi, кеме капитанының пiкiрiнше жiберушi немесе кiрепұлшы не жүкке билiгi жүретiн уәкiлеттi тұлға үшiн неғұрлым тиiмдi болып көрінуiне қарай, жүктi аттану портына қайтаруға құқығы бар.
      3. Егер жүктi тасымалдау үшiн кеменiң бәрi берiлмесе, және тасымалдаушы хабарлама жiберген сәттен бастап жүктi не iстеу керегi туралы үш тәулiк мерзiмде өкiм түскен жағдайда, кеме капитанының жүктi жақын маңайдағы порттардың бiрiне түсiрiп тастауға және жiберушiге немесе кiрепұлшыға не жүкке билiгi жүретiн уәкiлеттi тұлғаға бұл туралы хабарлауға құқығы бар. Кеме капитанының, егер олар алған өкiмдi кемедегi басқа жүктердiң иелерiне шығын келтiрмей орындауға болмайтын жағдайда да осылай істеуге құқығы бар.
      4. Тасымалдаушы жiберушiнiң немесе кiрепұлшының не жүкке билiгi жүретiн уәкiлеттi тұлғаның өкiмiн күткен жағдайда, тасымалдаушының осындай күтуге байланысты шығындардың орнын толтыруға, сондай-ақ кеменiң нақты жүрiп өткен қашықтығына бара бар мөлшерде кiрепұлға құқығы бар.
 
      96-бап. Тасымалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау
              шартын орындаудан бас тартуы
 
      Тиелген жүктiң бағасы жүкке кiрепұлды және тасымалдаушының жүкке кеткен басқа шығындарын жаппаған жағдайда және кiрепұлшы кеме аттанар алдында кiрепұлды толық енгiзбей, қосымша қамтамасыз ету ұсынбаса, тасымалдаушының кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартып, толық кiрепұлдың жартысын төлетудi, тұрып қалған болса - тұрып қалу төлемiн, сондай-ақ басқа шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқығы бар. Жүктi түсiру жiберушiнiң немесе кiрепұлшының есебiнен жүзеге асырылады.
 
      97-бап. Жiберушінің немесе кiрепұлшының жүктi теңiз арқылы
              тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы
 
      1. Жүктi тасымалдау үшiн кеме толық берiлген жағдайда жiберушiнiң немесе кiрепұлшының:
      1) егер жiберушiнiң немесе кiрепұлшының бас тартуы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт өткенге дейiн болса, не, кеме рейске шыққанға дейiн көрсетiлген сәттердiң қайсысы бұрын болса, тасымалдаушының жүк есебiнен өндiрiп және шығындар кiрепұлының сомасына енбеген толық кiрепұлдың жартысын, тұрып қалған болса - тұрып қалғаны үшiн;
      2) егер жiберушiнiң немесе кiрепұлшының бас тартуы осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген сәттердiң бiрiнен кейiн болса, және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бiр рейске жасалса, толық кiрепұлды, осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген басқа сомаларды;
      3) бiрiншi рейс үшiн толық кiрепұлды, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген басқа сомаларды, және егер жiберушiнiң немесе кiрепұлшының бас тартуы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген сәттердiң бiрiнен кейiн болса, және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бiрнеше рейске жасалса, қалған рейстер үшiн кiрепұлдың жартысын төлеген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқығы бар.
      Жiберушi немесе кiрепұлшы кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан кезде тасымалдаушы жiберушiге немесе кiрепұлшыға, егер, тiптi жүктi түсiру кеменi белгiленген мерзiмнен артық ұстайтындай болса да, жүктi беруге мiндеттi.
      Жiберушi немесе кiрепұлшы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан рейс кезiнде бас тартқан кезде, жiберушi немесе кiрепұлшының жүктi тек, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес кеме кiруге тиiс немесе қажеттілiк күшiмен кiрген портқа ғана берудi талап етуге құқығы бар.
      2. Егер жүктi тасымалдау үшін кеменiң бәрi берiлмеген жағдайда, жөнелтушi немесе кiрепұлшы толық кiрепұлды төлеу тұрып қалғаны үшiн төлемдi, тасымалдаушының жүгi есебiнен өндiрiп алған және кiрепұл сомасына енбеген шығындардың орнын толтыру шартымен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан орындаудан бас тарта алады. Тасымалдаушы жөнелтушiнің немесе кірепұлшының талабы бойынша жүктi, егер одан тасымалдаушыға және басқа

 

жөнелтушiге залал келмейтiн болса, оны белгiленген портқа жеткiзгенге

дейiн беруге міндетті.


     98-бап. Тараптардың әрқайсысының жүктi теңiз арқылы

             тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы


     1. Тараптардың әрқайсысының кеменiң жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн

екiншi тарапқа шығын келтiрмей:

     1) кеменi немесе жүктi басып алу қатерiн төнгiзетiн әскери және өзге

iс-әрекеттер;

     2) жөндеу орнын немесе баратын орнын қоршап алу;

     3) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптарына тәуелді

себептермен кеменi ұстаған;

     4) төтенше сипаттағы жағдайлар кезiнде кеменi мемлекеттiң қажеттiлiгi

үшiн пайдалану;


 
       5) аттанатын жерден тасымалдауға арналған жүктi алып шығуға немесе баратын жерiне жүктi алып кiруге тыйым салған жағдайлар басталған кезде жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқығы бар.
      Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар, егер кеменi ұстау қысқа мерзiмге белгiленсе, екiншi тарапқа шығын келтiрмей-ақ жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды. Осы тармақта көзделген жағдайлар басталған кезде тасымалдаушыға жүктi түсiруге кеткен шығындар жүктелмейдi.
      2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысының, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардың кез келгеннiң бiрi басталу салдарынан, сондай-ақ рейс уақытында оны орындаудан бас тартуға құқығы бар. Бұл ретте жөнелтушi немесе кiрепұлшы жүкке кеткен барлық шығындарды, соның iшiнде оны тиеу шығындарын тасымалдаушыға, сондай-ақ кеме нақты жүрiп өткен қашықтыққа бара бар мөлшерде кiрепұл төлейдi.
 
      99-бап. Оны орындау мүмкiндігінiң жоқтығы салдарынан жүктi теңiз
              арқылы тасымалдау шартының тоқтатылуы
 
      1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты, егер оны жасағаннан кейiн және кеме жүктi тиеу орнынан кеткенге дейiн тараптарға тәуелдi емес:
      1) кеменiң суға батқан немесе күш көрсету арқылы жаулап алынған;
      2) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған;
      3) жеке айқындалған жүк суға кеткен;
      4) оны тиеу үшiн өткiзгеннен кейiн жөнелтушi тиеу үшiн басқа жүктi тапсыруға үлгірмеген, тектiк белгiлерi айқындалған жүктер суға кеткен жағдайларда шарт тараптарының бiрi шарттың екiншi тарапына шарт тоқтатылғандықтан туындаған шығындардың орнын толтыру мiндетiнсiз тоқтатылады.
      2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлардың салдарынан рейс кезiнде де тоқтатылады. Бұл ретте тасымалдаушыға, құтқарылған және табыс етілген жүктiң санынан шыға отырып, кеме нақты жүрiп өткен қашықтыққа бара бар мөлшерде кiрепұл төлеу жүктеледi.
 
      100-бап. Жүктi алуға құқығы бар тұлға
 
      1. Тасымалдауы коносамент негiзiнде жүзеге асырылатын жүктi тасымалдаушы түсiру айлағында коносаменттiң түпнұсқасын:
      1) бәсiре коносаменттi - коносаментте көрсетiлген алушыға немесе коносамент бәсiре табыстама жазба бойынша немесе талаптан шегiну үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өзге нысандағы тұлғаға;
      2) ордерлiк коносаменттi - коносамент жасалған тұлғаға бұйрыққа, коносаментте табыстама жазбалар бар кезде - табыстама жазбалардың тiзiлiс қатарындағы соңғы көрсетiлген тұлғаға немесе соңғы бланкалық жазбасымен қоса коносаменттi ұсынушыға;
      3) ұсынушыға арналған коносамент - коносаменттi ұсынушыға бередi.
      2. Егер жүк тасымалдау теңiз жүк құжаты негiзiнде немесе өзге құжат негiзiнде жүзеге асырылған жағдайда, тасымалдаушы жүктi осындай құжатта көрсетiлген алушыға немесе жөнелтушi көрсеткен алушыға бере алады.
 
      101-бап. Жүктi сақтауға өткiзу
 
      1. Жүктi тасымалдау үшiн кеменiң бөлiгi берiлген кезде, егер түсiру портында алушы жүктi талап етпесе, немесе одан бас тартса не жүк белгiленген уақытта түсiрiлмейтiндей оны қабылдауды кешiктiрсе, тасымалдаушының жүктi, бұл туралы жөнелтушiге немесе кiрепұлшыға, сондай-ақ тасымалдаушыға белгiлi болса, алушыға хабардар ете отырып, жүкке билiгi жүретiн уәкiлеттi тұлғаның есебiнен сақтауға өткiзуге құқылы.
      2. Жүк тасымалдау үшiн кеменiң бәрi берiлген кезде, жүктi сақтау үшiн түсiру мен өткiзудi, егер сталиялық және контрсталиялық уақыт iшiнде жiберушiнiң немесе кiрепұлшының не жүкке билiгi жүретін уәкiлеттi тұлғаның өзге өкiмi түспеген жағдайда, тасымалдаушы сталиялық және контрсталиялық уақыт ішінде жүзеге асырады. Тасымалдаушының жүктi сақтауға өткiзу үшiн жоғалтқан уақыты бос тұру ретiнде қарастырылады.
      3. Егер кеменiң портқа келген күнiнен бастап, екi ай ішiнде сақтауға өткiзiлген жүктi түсiру талап етiлмеген жағдайда және жөнелтушi немесе кiрепұлшы не жүкке билiгi жүретiн уәкiлеттi тұлға тасымалдаушыға жүктi тасымалдағаны үшiн тиесiлi төлемдердi төлемесе, тасымалдаушы белгiленген тәртiппен жүктi сатуға хақылы. Талап етiлмеген тез бүлiнетiн жүк, сондай-ақ сақтауға кететiн шығыны оның бағасынан асып түсетiн жүктер белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн, бiрақ жүк жеткiзiлген мерзiмiнен ерте емес уақытта, сатылуы мүмкiн.
      4. Жүктi сатудан түскен сомадан тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен жүктi сақтау мен сатуға кеткен шығындар шегерiлiп, жөнелтушiге немесе кiрепұлшыға берiледi.
      Егер жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен жүктi сақтау мен сатуға кеткен шығындарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда тасымалдаушы өзiне алынбаған соманы жөнелтушiден немесе кiрепұлшыдан өндiрiп алуға хақылы.
 
      102-бап. Жүктi алушыға берген кездегi төлемдер.
               Жүктi ұстап қалу құқығы
 
      1. Алушы өзiне жүк берілген кезде тасымалдаушы келтiрген шығындардың орнын жүк есебiнен толтыруға, кеменiң жүк түсiру портында тұрып қалғаны үшiн төлем енгiзуге, сондай-ақ кiрепұл төлеп, егер бұл коносаментте немесе соның жүк тасымалы жүзеге асырылған басқа құжатта көзделмесе, кеменiң жүк түсiру портында тұрып қалғаны үшiн төлем енгiзуге мiндеттi, жалпы апат жағдайы кезiнде апаттық жарна енгiзуге немесе тиiстi қамтамасыз ету ұсынуға мiндеттi.
      2. Тасымалдаушы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген сомалар төленгенге немесе қамтамасыз ету ұсынылғанға дейiн жүктi ұстап тұруға хақылы.
      Жүктi алушыға тиесiлi емес қоймаға сақтауға өткiзген жағдайда, тасымалдаушы бұл туралы қойма иесiн дереу хабардар ете отырып жүкті ұстап тұру құқығын сақтайды.
      3. Жүктi алушыға өткiзгеннен кейiн, егер тасымалдаушы оған тәуелсiз себептер бойынша ғана жүктi ұстап қалу құқығын жүзеге асыра алмаса, тасымалдаушы жөнелтушiден немесе кiрепұлшыдан алушы төлемеген сомаларды талап ету құқығын жоғалтады.
      4. Жүктi ұстап қалған тасымалдаушының талабы оның құны есебiнен, заңдарда белгiленген мөлшерде және тәртiпте қанағаттандырылады.
      5. Жүктi сатудан түскен жүктi сатуға байланысты шығындармен сома осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi сомалар шегерiлiп, алушыға берiледi.
      Егер жүктi сатудан түскен сомалар осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi соманы төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзiне алынбаған соманы жөнелтушіден немесе кiрепұлшыдан өндiрiп алуға хақылы.
 
      103-бап. Жүктi байқау немесе оның жай-күйiн тексеру
 
      Жүктiң нақты немесе болжалды жоғалуы не зақымдануы кезiнде алушы мен тасымалдаушы бiр-бiрiне жүктi алушыға бергенге дейiн жүктi байқауға, оның жай-күйiн тексеру жүргiзуге мүмкiндiк беруге мiндеттi. Жүктi байқауға немесе жай-күйiн тексеруге кеткен шығындар байқауды немесе тексерудi талап еткен жаққа жүктеледi.
      Егер алушының талап етуi бойынша жүргiзiлген жүктi байқау немесе оның жай-күйiн тексеру нәтижесiнде жауапкершілiгi тасымалдаушыға жүктелетiн жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны белгiлi болса, жүктi байқауға немесе оның жай-күйiн тексеруге кеткен шығынын тасымалдаушы өтейдi.
 
      104-бап. Жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны туралы мәлiмдеме
 
      1. Егер жүктi бергенге дейiн немесе беру уақытында алушы жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны туралы тасымалдаушыға жазбаша нысанда мәлiмдеме жасамаса және жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғанының жалпы сипатын көрсетпеген жағдайда, өзге дәлелдер болмағандықтан коносамент шарттарына сәйкес жүк алынды деп есептелiнедi.
      2. Егер жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны оны дәстүрлi қабылдау кезiнде қарапайым тәсiлмен белгiлi болмағанда, алушы жүктi бергеннен кейiн үш күн ішiнде тасымалдаушыға мәлiмдеме жасалуы мүмкiн.
      3. Егер ол жүктi беру кезiнде тасымалдаушымен бiрге, жүктi байқаса немесе оның жай-күйiн тексерсе, алушы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiмдеменi жасамауы мүмкiн.
 
      105-бап. Жүктердi тасымалдау кезiндегi төлемдер
 
      Тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi жөнелтушi немесе кiрепұлшы төлейдi. Жөнелтушiнiң немесе кiрепұлшының және тасымалдаушының арасындағы келiсімде көзделген жағдайларда және осылар туралы деректер коносаментке енгiзiлген кезде төлемдердi алушыға аударуға жол берiледi.
 
      106-бап. Кiрепұл мөлшерi
 
      1. Кiрепұл көлемi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Тараптардың келiсiмi жоқ болған жағдайда кiрепұл көлемi жүктi тиеу орнында және жүктi тиеу уақытында қолданылатын ставкаларды негiзге ала отырып есептеп шығарылады.
      2. Егер жүк кемеге жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көрсетiлгеннен көп мөлшерде тиелген жағдайда, кiрепұл мөлшерi де ұлғайтылады.
      3. Егер жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннiң орнына кемеге тасығаны үшiн кiрепұл мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көрсетiлгеннен көп басқа жүк тиелген жағдайда, кiрепұл шын мәнiнде тиелген жүктi тасымалданғаны үшiн төленедi.
      4. Егер шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалдағаны үшiн төленетiн кiрепұл мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жүктi тасымалдағаны үшiн кiрепұлдан кем болса, жүкті теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген кірепұл төленедi.
 
      107-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн кiрепұл
 
      1. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн кiрепұл алынбайды немесе қайтаруға жатады. Жоғалған жүк құтқарылған жағдайда, тасымалдаушының кеме жүрiп өткен қашықтыққа бара бар мөлшердегi кiрепұлға құқығы бар.
      Кеменiң нақты жүрiп өткен қашықтығы үшiн кiрепұлды есептеу кезiнде жолдың кеме жүкпен жүрiп өткен бөлiгiнiң кеменiң келiсiлген рейсiнiң бүкiл жолының ұзына бойына арақатынасы есепке алынады.
      2. Жоғалғаны немесе зақымданғаны оның табиғи қасиеттерiнiң немесе жөнелтушiге тәуелдi себептердiң салдарынан болған жүктер үшiн кiрепұл толық төленедi.
 
      108-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi
 
      1. Тасымалдаушыға тасымалдау үшiн қабылдаған жүктi жоғалтқаны немесе зақымданғаны үшiн не жүктi қабылдаған сәттен бастап берген сәтке дейiн оны жеткiзу мерзiмiн өткізiп алғаны үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
      2. Егер жүк түсiру портына, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген, тараптардың келiсiмiмен айқындалған мерзiмде, мұндай келiсiм болмаған ретте - ұқсас жағдайлар кезiнде талап етiлетiн мерзiмде берiлмесе, тасымалдаушы жүктi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алған деп танылады.
      3. Тасымалдаушыға жүктiң жоғалуына байланысты талап қоюға құқығы бар

 

тұлға, егер жүк түсiру портындағы жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға осы баптың

2-тармағында белгiленген жүктi беру мерзiмi бiткеннен кейiн 30 күнтiзбелiк

күн iшiнде берiлмесе, жүктi жоғалған деп есептей алады.

     4. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату немесе оның

жауапкершiлiгiнiң шегiн азайту туралы келiсiмнiң күшi жоқ.


     109-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату


     1. Тасымалдаушы, егер жоғалу, зақымдану немесе мерзiмiн өткiзiп алу:

     1) еңсерiлмес күштiң;

     2) теңiздегi және басқа кеме жүзу суларындағы қауiптердiң немесе

кездейсоқтықтардың;

     3) теңiздегi адамдарды құтқару жөнiндегi шаралардың немесе мүлiктердi

құтқару жөнiндегi шаралардың;

     4) тасымалдаушының кiнәсiнсiз туындаған өрттiң;

     5) мемлекеттiк органдардың (ұстау, тұтқындау, карантин және басқалар)

iс-әрекетiнiң немесе өкiмдерiнiң;

     6) әскери iс-қимылдардың;

     7) жөнелтушiнiң немесе алушының әрекетi немесе әрекетсiздiгi;

     8) жүктiң, оның қасиеттерiнiң жасырын кемшiлiктерiнiң немесе табиғи

кемуiнiң;

     9) жүк ыдыстары мен орамдарының жасырын кемшiлiктерiнiң;

     10) маркалардың жетiспеушiлiгiнiң немесе анық еместiгiнiң;

     11) ереуiлдердiң немесе теңiз портының жұмысын толық немесе iшiнара

тоқтатуды не шектеудi туғызған себептердiң;


 
       12) тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң кiнәсiнен туындамаған басқа себептердің салдарынан болғанын дәлелдесе, жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн не оны жеткiзудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
      2. Егер алушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны бару портына жүктiң:
      1) дұрыс жүк үй-жайларда, жөнелтушiнiң дұрыс пломбасымен;
      2) жолда ашылған ізi жоқ дұрыс ыдыста;
      3) жөнелтушiнiң немесе алушының өкiлiнiң алып жүруiмен келген жағдайда, тасымалдаушының кiнәсiнен болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
 
      110-бап. Жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн
               тасымалдаушының жауапкершілiк мөлшерi
 
      1. Тасымалдаушыға жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн мынадай мөлшерлерде жауапкершiлiк жүктеледi:
      1) жүктi жоғалтқаны үшiн - жоғалған жүк құнының мөлшерiнде;
      2) жүктiң зақымданғаны үшiн - оның құнының төмендеген сомасы мөлшерiнде;
      3) құндылығы тасымалдау үшiн қабылданған жүк жариялана отырып, жоғалған жағдайда - жүктiң жарияланған құнының мөлшерiнде.
      2. Жүк жоғалған немесе зақымданған жағдайда, егер кiрепұл жүк құнына енбейтiн болса, тасымалдаушы өзi алған кiрепұлды қайтарады.
      3. Орнын толтыруға жататын жалпы сома, жүк құнын негiзге ала отырып, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес, жүк тиелген немесе тиелуге тиiс жерде және күнде есептеледi.
      Жүктiң құны сатушының есебiнде көрсетiлген немесе шартпен көзделген бағадан шыға отырып, ал есебiнде жоқ болған немесе шартта баға көрсетiлмеген жағдайларда - осындай жағдайларда балама жүктерден әдеттегiдей алынатын бағалардан шыға отырып айқындалады.
      4. Жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн, орнын толтыру сомасынан жүк иесi жүргiзуге тиiс болған, бiрақ жүктiң жоғалу немесе зақымдану салдарынан жүргiзiлмеген жүк тасымалына кеткен шығындар (кiрепұл, баж салығы және басқалар) шегерiледi.
 
      111-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу
 
      1. Егер жүктiң тегi мен түрi, сондай-ақ құқын жүктi түсiргенге дейiн жөнелтушi арқылы жарияланбаған және коносаментке енгiзілмеген жағдайда, тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi бiр орын үшiн 666,67 есеп айырысу өлшемiнен немесе түсiндiрудiң басқа мөлшерiнен не қандай сома жоғары екенiне байланысты жоғалған немесе зақымданған жүк бруттосының бiр килограммы үшiн екi есеп айырысу өлшемiнен аспауға тиiс.
      2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктi жеткiзудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгі жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес төлеуге жататын кiрепұл мөлшерiнен аспауға тиiс.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының негiзiнде тасымалдаушы өтеуге жататын жалпы сома осындай жауапкершiлiк туындаған жүкке қатысты оның толық табылғаны үшiн сәйкес белгіленетiн осы баптың 1-тармағына жауапкершiлiктiң шегiнен аспауға тиiс.
      4. Егер жүктi тасымалдауға контейнер, поддон немесе басқа құрал пайдаланылған жағдайда, осындай құралда тасымалданғандар ретiнде коносаментте санамаланған орын саны немесе түсiру бiрлiктерi осы баптың мақсаты үшiн орындар саны немесе түсiру бiрлiгi болып есептеледi. Көрсетiлген жағдайды қоспағанда, мұндай құрал орын немесе жүк мөлшерi болып есептеледi.
      5. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау тараптары өз келiсiмiмен осы баптың 1-3 тармақтарында көзделгендерден асып түсетiн жауапкершілiк шектерiн белгiлей алады.
 
      112-бап. Жауапкершiлiктi шектеуге құқықты жоғалту
 
      Тасымалдаушының, егер тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны не оны жеткiзудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны, оның қасақана немесе дөрекi абайсыздықтан жасаған жеке әрекетiнiң немесе жеке әрекетсiздiгiнiң нәтижесi екендiгi дәлелденсе, осы Заңның 114-бабында көзделген жауапкершiлiктi шектеуге құқығы жоқ.
 
      113-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi
 
      1. Нақты тасымалдаушыға жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдағаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi туралы осы тараудың, нормаларына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледі.
      2. Тiптi егер жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты тасымалдаушы жүзеге асырса да, осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жүктің барлық тасымалы үшiн жауапкершiлiк тасымалдаушыға жүктеледi.
      3. Тасымалдаушы өзiне осы тарауда көзделмеген мiндеттердi ала алатын немесе осы тарауға сәйкес берiлетiн құқықтардан бас тарта алатын келiсiм, нақты тасымалдаушыға тек, егер ол осыған жазбаша түрде келiсiм берген жағдайда ғана, қолданылады.
      4. Егер жауапкершiлiк тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушыға жүктелетiн болса, олардың жауапкершiлiгі ортақ болып табылады.
 
      114-бап. Жөнелтушi мен кiрепұлшының жауапкершiлiгі
 
      Жөнелтушi мен кiрепұлшыға, егер келтiрiлген шығындар өздерiнiң кiнәсiнен емес екендiгiн немесе өздерi жауап беретiн тұлғалардың әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң кiнәсiнен емес екендiгiн дәлелдемесе, тасымалдаушыға келтiрiлген шығындар үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
 
      115-бап. Толассыз жүк тасымалы
 
      1. Егер тасымалдаушы жүктiң бiр бөлiгiн тасымалдауды тасымалдаушы емес, басқа тұлға жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделген толассыз коносамент берген жағдайда, толассыз коносамент тасымалдаушыға тасымалдау үшiн қабылданған жүктi тасымалдаудың бiр бөлiгiн жүзеге асыру негiзiнде жүк басқа тұлғаның жүргiзуiнде болған уақытта орын алған себептер туындатқан жоғалғаны немесе зақымданғаны не оны жеткізу уақытын өткiзiп алғандығы үшiн жауапкершiлiк жүктелмейдi деп қарастыруы мүмкiн.
      2. Жүк тасымалының бiр бөлiгiн жүзеге асырушы тұлғаға жүк өзiнiң жүргiзуiнде болған уақытта орын алған себептер туындатқан тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн не оны жеткiзу уақытын өткiзіп алғандығы үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi туралы осы тараудың нормаларына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
 
      10-тарау. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шарты
 
      116-бап. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартының анықтамасы
 
      1. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушы мен, оны жолаушы өткiзген жағдайда, теңдеме жүктi баратын пунктiне дейiн апаруға және теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға беруге мiндеттенедi, ал жолаушы жол және теңдеме алып жүргенi үшiн оны төлеуге мiндеттенедi.
      2. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартын жасасушы немесе соның атынан мұндай шарт жасасушы тұлға, соның ішiнде тасымалдауды немесе оның бiр бөлiгiн жүзеге асырған жағдайда нақты тасымалдаушы тасымалдаушы болып табылады.
      3. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша не тасымалдаушының келiсiмiмен жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автомашиналарды немесе жануарларды алып жүру мақсатында тасымалдауды кемемен жүзеге асырушы тұлға жолаушы болып табылады.
 
      117-бап. Тасымалдау құжаттары
 
      Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шарты билетпен, теңдеме жүктi теңiз арқылы тасымалдау - теңдеме жүк түбiртегiмен куәландырылады. Билет нысаны мен теңдеме жүк түбiртегi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
 
      118-бап. Теңдеме жүк және каюталық теңдеме жүк
 
      1. Теңдеме жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдауды тасымалдаушы жүзеге асыратын заттар теңдеме жүк болып табылады.
      2. Жолаушы каютасында немесе жолаушымен бiрге болатын теңдеме жүктер каюталық теңдеме жүк болып табылады.
 
      119-бап. Жолаушының жол жүргенi үшiн төлем және оның
               теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн төлем
 
      1. Жолаушының жол жүргенi үшiн төлем мен оның теңдеме жүкті алып жүргені үшiн төлем тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
      2. Жолаушының жол жүргенi және оның теңдеме жүктi көпшiлiк пайдаланылатын көлiкпен алып жүргені үшiн төлемдi тасымалдаушы айқындайды.
      3. Жолаушының:
      1) бөлек орын беру құқығынсыз өзiмен бiрге - 7, ал халықаралық жол қатынастарында 5 жасқа дейiнгi бiр баланы ақысыз алып жүруге:
      2) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде жол жүру билетiнiң толық құнының 50 процентiн төлеп, билет алуға;
      3) 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға халықаралық жол қатынасында жол жүру билетiнiң толық құнының 50 процентiн төлеп билет алуға;
      4) өзiмен бiрге белгіленген норма шегiнде ақысыз каюталық теңдеме жүк алып жүруге құқығы бар.
 
      120-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау кезеңдерi
 
      1. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) жолаушыға және оның каюталық теңдеме жүгiне қатысты - жолаушыны кеме бортына отырғызу, кеме бортынан түсiру және оның кеме бортында болу, сондай-ақ каюталық теңдеме жүктi кеме бортына тиеу, кеме бортынан түсiру және оның кеме бортында болу кезеңi. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдауға егер оның құны билет құнына енгiзiлсе немесе, егер қосымша тасымалдауға арналған кеменi тасымалдаушы жолаушының билiгiне берсе, жағалаудан су жолымен кемеге не керiсiнше, жағаға жеткiзу кезеңi енгiзiледi.
      2) кемеге немесе баратын пункттiң айлағына (вокзалына) жеткiзу үшiн жолаушы өткiзген каюталық теңдеме жүкке қатысты - тасымалдаушы оның қызметкерi немесе агентi каюталық теңдеме жүктi қабылдаған сәттен бастап, оны кеме бортындағы немесе баратын пункттегi жолаушыға берген сәтке дейiнгi кезең;
      3) теңдеме жүкке қатысты - тасымалдаушы оның қызметкерi немесе агентi теңдеме жүктi жағалауда не кеме бортында қабылдаған сәттен бастап, теңдеме жүктi жолаушыға немесе теңдеме жүкті алуға уәкiлеттi тұлғаға берген сәтке дейiнгi кезең.
      2. Жолаушыға қатысты тасымалдауға жолаушы теңiз вокзалында, айлағында немесе өзге порт құрылысында болған кездегi кезең енгiзiлмейдi.
 
      121-бап. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартынан бас тарту
 
      1. Жолаушы кеме аттанып кеткенге дейiн, сондай-ақ кеме рейс аяқталғанға дейiн, жолаушыларды отырғызу немесе түсiру үшiн кірген кез келген портта жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартынан бас тартуға хақылы.
      2. Жолаушы жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан өзiне тәуелдi емес мынадай жағдайлар басталған кезде:
      1) соғыс және кеменi басып алу қаупiн тудырған өзге әрекеттер;
      2) аттану пунктiндегi немесе баратын пунктiндегi блакадалар;
      3) кеменi мемлекет қажетi үшiн пайдалануға тарту;
      4) кеме суға кеткен немесе басып алынған;
      5) кеменiң жүзуге жарамсыздығы танылған кезде;
      6) табиғи және техногендiк төтенше жағдайларда бас тартуға хақылы.
      3. Осы бапта көзделген жағдайлар басталған кезде жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша аттану пунктiне жеткiзуге немесе жолаушыға өзi келтiрген нақты шығындарды өтеуге мiндеттi.
      4. Жолаушы теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан кеме кеткенге дейiн бас тартса, жолаушыға жол жүргенi және теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн төленген сомалардың бәрi, ал рейс басталғаннан кейiн - жолаушыны тасымалдау жүзеге асырылмаған қашықтыққа бара-бар мөлшерде жол жүргенi және теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн төленген соманың бiр бөлiгi қайтарылады.
      5. Жол жүргенi және теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн төлемдi қайтару көлiктегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған тәртiппен жүргiзіледi.
 
      122-бап. Жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартының өзгеруi
 
      1. Тасымалдаушы егер мұндай әрекет табиғи құбылыстар, аттану пунктiндегi, баратын пункттегi немесе жолаушыларды тасымалдау бағытындағы жолдағы қолайсыз санитариялық-эпидемиялық жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ тасымалдаушыға тәуелдi емес басқа себептердiң салдарынан қажет болғанда кеменiң шығуын ұстап тұруға, жолаушыларды тасымалдау бағытын, жолаушыларды отырғызу мен (немесе) түсiру орнын өзгертуге хақылы.
      Осы тармақта көрсетiлген жағдайларда тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша аттану пунктiне жеткiзуге немесе жолаушыға өзi келтiрген нақты шығындарды өтеуге мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағының нормалары жолаушының жолаушыларды теңiз арқылы тасымалдау шартының бас тарту құқығына қолданылмайды.
 
      123-бап. Жолаушының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян
               үшін және теңдеме жүк үшiн тасымалдаушының жауапкершілiгi
 
      1. Тасымалдаушыға, егер зиян зардап шегушiнiң қаскөйлiк ниетiнiң немесе еңсерілмейтiн күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жолаушының қаза болу немесе оның денсаулығына нұқсан келтiру салдарынан туындаған зиян үшiн заңдарда көзделген жауапкершiлiк жүктеледi.
      2. Тасымалдаушы, егер жолаушының дөрекi абайсыздығы оның қазасына немесе денсаулығының зақымдалуына себеп болғанын, не оның қазасына, денсаулығының зақымдануына әкелiп соққанын толық немесе iшiнара дәлелдесе, жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.
      3. Жолаушының қаза болу немесе оның денсаулығына зақым келтiру салдарынан туындаған зиянды тасымалдаушының өтеуi азаматтық заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Тасымалдаушы, егер теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе зақымдануы өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жолаушының теңдеме жүгiнiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымдалғаны үшiн жауап бередi.
 
      124-бап. Бағалы заттардың жоғалуы мен зақымдануы
 
      Тасымалдаушы, егер мұндай бағалы заттар олардың тұтастығын сақтауға келiскен тасымалдаушыға сақтау үшiн өткiзiлмеген жағдайда, ақшаның, бағалы қағаздардың, алтынның, күмiстен жасалған заттардың, қымбат бағалы заттардың, сәндiк бұйымдардың, өнер туындыларының немесе басқа да бағалы заттардың жоғалғаны немесе зақымданғаны үшiн жауап бермейдi. Сақтауға өткiзiлген бағалы заттар үшiн тасымалдаушыға толық, бiрақ, егер шартта жауапкершiлiктiң неғұрлым жоғары шегi белгiленбесе, осы Заңда көзделген шектен аспайтын көлемде жауапкершiлiк жүктеледi.
 
      125-бап. Теңдеме жүктің жоғалғаны немесе зақымданғаны туралы арыз
 
      1. Жолаушы мынадай мерзiмдерде тасымалдаушыға немесе оның агентiне жазбаша түрде арыз жолдауға тиiс:
      1) каюталық теңдеме жүк зақымданған немесе жоғалған кезде - жолаушы түскенге дейiн немесе түскен сәтте;
      2) теңдеме жүк зақымданған кезде - оны берген сәтте;
      3) теңдеме жүктiң немесе каюталық теңдеме жүк көрiнбестей зақымданған кезде - оларды бергеннен бастап он бес күн iшiнде;
      4) теңдеме жүк жоғалған кезде - жолаушыны түсiрген сәттен бастап немесе теңдеме жүк берiлуге тиiс сәттен бастап, он бес күн ішiнде.
      2. Егер жолаушы осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, егер басқа дәлелденбесе, жолаушы өз теңдеме жүгiн зақымданбаған күйiнде алды деп есептеледi.
      3. Егер теңдеме жүктi алу сәтiнде тасымалдаушы жолаушымен бiрге теңдеме жүктi байқаса және оның жай-күйiн тексерiп, тиiстi актi жасаса, жолаушының жазбаша түрдегi арызы талап етілмейдi.
 
      126-бап. Сақтаудың шектi мерзiмiнiң тууы бойынша теңдеме
               жүкке билiк ету
 
      Егер жолаушы өзiне тәуелдi емес себептер бойынша теңдеме жүктi алмаса, тасымалдаушы оны жол жүру билетiне сәйкес жолаушыны тасымалдау бiткен теңiз портына өткiзуге хақылы.
      Мұндай теңдеме жүктi сақтауға билiк ету тәртiбi тасымалдау ережелерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актілерде белгіленедi.
 
      127-бап. Тасымалдаушының кеменi аттандыруды ұстап қалғаны
               немесе кеменiң кешiгiп келгені үшін жауапкершілiгi
 
      Егер тасымалдаушы кеменi аттандыруды ұстап қалу немесе оның кешiгiп келуi өзiне тәуелсiз жағдайлардың салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушыларды тасымалдаушы кеменi аттандыруды ұстап қалғаны немесе кеменiң келетiн пунктке кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы жолаушыға әрбiр ұстап қалған сағаты үшiн билет құнының үш процентi мөлшерiндегi айыппұл төлейдi, бiрақ ол жолаушының жол жүргенi үшiн төлемiнiң және оның теңдеме жүктi алып жүргенi үшiн төлемiнiң 50 проценттен аспайтын мөлшерiндегi.
 
      128-бап. Іс жүзіндегi тасымалдаушы
 
      1. Егер жолаушыларды немесе оның бөлiгiн тасымалдауды жүзеге асыру iс жүзiндегi тасымалдаушыға тапсырылған жағдайда, тасымалдаушыға жолаушылардың барлық тасымалы үшiн осы тарауда белгiленген жауапкершілік жүктеледi. Сонымен қатар, iс жүзiндегi тасымалдаушының осы тарауда көзделген ол жүзеге асыратын жолаушыларды тасымалдауға қатысты құқық пен мiндеттерi бар.
      2. Іс жүзiндегi тасымалдаушы жүзеге асыратын жолаушыларды

 

тасымалдауға қатысты, тасымалдаушыға өз мiндеттерiнiң (өкілеттерiнiң)

шегiнде әрекет етушi iс жүзiндегi тасымалдаушының оның қызметкерлерінiң

немесе агенттерiнiң әрекетi немесе әрекетсiздiгi үшiн жауапкершiлiк

жүктеледi.

     3. Iс жүзiндегi тасымалдаушының қосымша мiндеттерi жазбаша нысанда

жасалған келiсiмде белгiленедi.

     4. Егер жауапкершілік тасымалдаушымен iс жүзiндегi тасымалдаушыға

жүктелген жағдайда олардың жауапкершiлiгi бiрдей болып табылады.


     129-бап. Жолаушыларды тасымалдау кестесi


     Жолаушыларды тасымалдауды кесте бойынша тасымалдаушы ұйымдастырады.

     Жолаушыларды тасымалдау кестесiнiң өзгеруi тасымалдау ережелерiне

сәйкес жүзеге асырылады.


     130-бап. Мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша

              жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру


     Жолаушыларды тасымалдау тиiстi шарт жасала отырып, мүдделi

тұлғалардың ұсыныстары бойынша ұйымдастыруы мүмкiн. Мұндай тасымал үшiн,

соның iшiнде жолаушы мен оның теңдеме жүгiн тасымалдағаны үшiн төлемдi

тараптар шарт бойынша дербес белгiлейдi.


          11-тарау. Кеменi уақытша (тайм-чартер) кiрепұлдау шарты


     131-бап. Кеменi уақытша (тайм-чартер) кiрепұлдау шартының

              анықтамасы



 
       Кеменi уақытша (тайм-чартер) кiрепұлдау шарты бойынша кеме иесi

 

бәтуаласқан төлем (фрахт) үшiн кiрепұлшыға жүктердi, жолаушыларды немесе

сауда мақсатындағы теңiзде жүзудiң өзге мақсаттары үшiн, белгiлi бiр

мезгiлге пайдалануға кеме мен кеме экипажы мүшелерiнiң қызметiн ұсынады.


     132-бап. Тайм-чартер шартының мазмұны


     Тайм-чартер шартында тараптардың атауы, кеменiң атауы, оның

техникалық және пайдалану деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы,

жылдамдығы және басқалар), жүзу ауданы, кiрепұлдаудың мақсаты, кеменi беру

мен қайтарудың уақыты, кiрепұлдың ставкасы, шарттың қолданыстағы мерзiмi

көрсетiлуге тиiс.


     133-бап. Кеменi уақытша (қосалқы тайм-чартер) қосалқы

              кiрепұлдау шарты



 
       1. Егер тайм-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда кiрепұлшы тайм-чартерде берiлген құқықтардың шегiнде өз атынан үшiншi жақпен тайм-чартердiң қолданыстағы барлық мерзiмiне немесе осындай мерзiмнiң бiр бөлiгiне (қосымша тайм-чартер) кеменi уақытша кiрепұлдау шартын жасай алады. Қосалқы тайм-чартердi жасау кiрепұлшыны оның кеме иесiмен жасаған тайм-чартерiн орындаудан босатпайды.
      2. Қосалқы тайм-чартерге осы тараудың нормалары қолданылады.
 
      134-бап. Тайм-чартер шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу
               жай-күйiн қамтамасыз ету
 
      1. Кеме иесi кеменi кiрепұлшыға берер сәтте оны теңiзде жүзу жай-күйiне келтiруге - тайм-чартерде көзделген мақсаттар үшiн кеменiң (оның корпусының, двигателiнiң және құрал-жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде, кеме экипажын жинақтау мен кеменi тиiстi жарақтандыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      2. Сонымен қатар, кеме иесi тайм-чартердiң қолдану мерзiмi ішiнде кеменi теңiзде жүзу жай-күйiнде ұстауға, кеменi және өзiнiң жауапкершілiгiн сақтандыруға, сондай-ақ кеме экипажы мүшелерiн күтiп, ұстауға кеткен шығыстарды төлеуге мiндеттi.
 
      135-бап. Кеменi коммерциялық пайдалану және оны қайтару
               бойынша кiрепұлшының мiндеттерi
 
      1. Тайм-чартерде айқындалған оларды берудiң мақсаты мен шарттарына сәйкес, кiрепұлшы кеме мен оның экипаж мүшелерiнiң қызмет көрсетулерiн пайдалануға мiндеттi. Кiрепұлшы кеменi коммерциялық пайдалануға байланысты шығыстарды төлейдi.
      Кiрепұлданған кеме мен оның экипаж мүшелерiнiң қызмет көрсетулерiн пайдалану нәтижесiнде алынған кiрiстер, осы Заңның 141-бабына сәйкес, кеме иесi мен кiрепұлшының арасында бөлiнетiн құтқарудан түскен кiрiстердi қоспағанда, кiрепұлшының меншiгi болып табылады.
      2. Тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кірепұлшы кеменi кеме иесiне, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, өзi алған жай-күйiнде қайтаруға тиiс.
      3. Кеме уақтылы қайтарылмаған кезде кірепұлшы кеменi ұстап қалғаны үшiн тайм-чартерде көзделген кiрепұл көлемiндегi соманы немесе, егер ол тайм-чартерде көзделген кiрепұл ставкасынан асып түссе, кiрепұлдың нарықтық ставкасына сәйкес соманы төлейдi.
 
      136-бап. Кiрепұлшының жүк иесi алдындағы жауапкершiлiгi
 
      Кеме кiрепұлшыға жүк тасымалдау үшiн берiлген жағдайда, кiрепұлшы өз атынан жүк тасымалы шартын жасасуға, чартерлерге қол қоюға, коносаменттердi, теңiз жүкқұжаттары мен өзге де тасымал құжаттарын беруге хақылы. Мұндай жағдайда кiрепұлшы осы Заңның 103-115-баптарының нормаларына сәйкес, жүк иесiнiң алдында жауапкершiлiкте болады.
 
      137-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң бағыныстылығы
 
      1. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеме иесiнiң кеменi басқаруға, соның iшiнде кеменi жүргiзуге, кемедегi iшкi тәртiп пен кеме экипажының құрамына қатысты өкіміне бағынады.
      2. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi үшiн кiрепұлшының кеменi коммерциялық пайдалануға қатысты өкiмi мiндеттi болып табылады.
 
      138-бап. Кеменi құтқаруға, оның суға батуына немесе
               зақымдануына кеткен шығындар үшiн кiрепұлшыны
               жауапкершiлiктен босату
 
      Кiрепұлшыға, егер шығындар кiрепұлшының кiнәсiнен екендігі дәлелденбесе, кеменi құтқаруға, оның суға батуына немесе зақымдануына кеткен шығындар үшiн жауапкершiлiк жүктелмейдi.
 
      139-бап. Кiрепұл төлеу
 
      1. Кiрепұлшы кеме иесiне тайм-чартерден көрсетiлген тәртiппен және мезгілде кiрепұл төлейдi. Кiрепұлшы, кеме теңiзде жүзе алмайтын жай-күйде болуының салдарынан, оны пайдалануға жарамсыз уақыт үшiн кемеге кiрепұл мен шығыстар төлеуден босатылады.
      Кiрепұлшының кiнәсiнен кеме пайдалану үшiн жарамсыз бола бастаған жағдайда, кеме иесiнiң, кiрепұлшының кеме иесiне келтiрген шығындарын өтегенiне қарамастан, тайм-чартерде көзделген кiрепұлға құқығы болады.
      2. Кiрепұлшы кiрепұл төлеудiң мерзiмiн он бес күнтiзбелiк күннен

 

артық өткiзiп алған жағдайда, кеме иесiнің ескертусiз кiрепұлшыдан кеменi

алып қоюға және одан мерзiмiн өткiзiп алғандықтан келген шығындарды

өндiріп алуға құқығы бар.


     140-бап. Кеменiң суға батуы және кiрепұл төлеу


     Кеме суға батқан жағдайда тайм-чартерде көзделген күннен бастап кеме

суға батқан күнге дейiн немесе, бұл күндi белгiлеу мүмкiн болмағанда, кеме

туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн, кiрепұл төленуге тиiстi.


     141-бап. Құтқару жөнiндегi қызмет көрсетулер үшiн сыйақы төлеу


     Тайм-чартердiң қолдану мерзiмi аяқталғанға дейiн құтқару бойынша

көрсеткен қызметтерi үшiн кемеге тиесiлi сыйақы кеме иесi мен кiрепұлшының

арасында, құтқаруға кеткен шығындар мен кеме экипажына тиесiлi сыйақы

үлесi шегерiле отырып, тең үлесте бөлiнедi.


        12-тарау. Кеменi экипажсыз кiрепұлдау шарты (бербоут-чартер)


     142-бап. Кеменi экипажсыз кiрепұлдау шартының

              (бербоут-чартер) анықтамасы



 
       Кеменi экипажсыз кiрепұлдау шарты (бербоут-чартер) бойынша кеме иесi бәтуаласқан ақыға (фрахт) белгiсiз мерзiмге кiрепұлшының пайдалануы мен иелiгiне жүктердi, жолаушыларды немесе теңiзде жүзудiң өзге де сауда мақсатында тасымалдау үшiн экипажбен жинақталмаған және жарақталмаған кеменi беруге мiндеттенедi.
 
      143-бап. Бербоут-чартердiң мазмұны
 
      Бербоут-чартердің тараптардың атауы, кеме атауы, оның сыныбы, жалауы, техникалық және пайдалану деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), оған жұмсалатын отын мөлшерi, жүзу ауданы, кiрепұлдау мақсаты, кеменi беру мен қайтару уақыты, орны, кiрепұл ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
 
      144-бап. Экипажсыз кеменi қосалқы кiрепұлдау шарты
               (суббербоут-чартер)
 
      1. Бербоут-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кiрепұлшы бербоут-чартерде берілген құқықтардың шегiнде өз атынан үшiншi жақпен бербоут-чартердiң қолданыстағы барлық мерзiмiне немесе осындай мерзiмнiң бiр бөлiгiне (қосалқы бербоут-чартерге) экипажсыз кеменi кiрепұлдау шартын жасай алады. Қосалқы бербоут-чартердi жасау кiрепұлшыны оның кеме иесiмен жасаған бербоут-чартердi орындаудан босатпайды.
      2. Қосалқы бербоут-чартерге осы тараудың нормалары қолданылады.
 
      145-бап. Бербоут-чартер шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу
               жай-күйiн қамтамасыз ету
 
      1. Кеме иесi кеменi кiрепұлшыға берер сәтте оны теңiзде жүзу жай-күйiне келтiруге - бербоут-чартерде көзделген кiрепұлдау мақсаты үшiн кеменiң (оның корпусының, двигателiнiң және құрал-жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      2. Кiрепұлшы бербоут-чартердiң қолдану мерзiмi ішiнде кеменi теңiзде жүзу жай-күйiнде ұстауға мiндеттi, бiрақ кеменiң жасырын кемшiлiктерiн жою кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.
 
      146-бап. Бербоут-чартер шартының шарты бойынша
               кеме экипажын жинақтау
 
      Кiрепұлшы кеме экипажын жинақтауды жүзеге асырады. Кiрепұлшы кеме экипажын бұрын осы кеменiң экипаж мүшелерi болмаған тұлғалардан немесе, бербоут-чартердiң шартына сәйкес, осы кеме экипажының бұрынғы мүшелерiнен жинақтауға хақылы. Кеме экипажын жинақтаудың тәсілiне қарамастан, кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кiрепұлшыға бағынады.
 
      147-бап. Кеменi пайдалану және оны қайтару бойынша
               кiрепұлшының міндеттерi
 
      1. Бербоут-чартердiң шарттарына сәйкес, кiрепұлшы кеменi пайдалануды жүзеге асырады және пайдалануға байланысты барлық шығыстарды, соның iшiнде кеме экипажының мүшелерiн күтiп ұстауға кеткен шығыстарды да мойнына алады.
      2. Бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кiрепұлшы кеменi кеме иесiне, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, өзi алған жай-күйiнде қайтаруға мiндеттi.
 
      148-бап. Кiрепұлшының үшiншi жақтың алдындағы жауапкершілiгi
 
      Кiрепұлшыға, үшiншi жақтың кеменi пайдалануға байланысты туындаған кез келген талаптары бойынша, кемеден төгiлген мұнай мен ластанудан келетiн зиянды және қауiптi заттарды теңiз арқылы тасымалдауға байланысты зиянды өтеу талаптарын қоспағанда, олардың алдында жауапкершiлiк жүктеледi.
 
      149-бап. Кеменi құтқаруға, оның суға батуына немесе
               зақымдануына кеткен шығындар
 
      Егер шығындар өзiнiң кiнәсiнен екенiн дәлелдемесе, кеменi құтқаруға, оның суға батуына немесе зақымдануына кеткен шығындар үшiн кiрепұлшыға жауапкершiлiк жүктеледi.
 
      150-бап. Кеме иесiне кiрепұл төлеу
 
      1. Кiрепұлшы кеме иесiне, тараптар келiскен ставка бойынша, бiр ай бұрын кірепұл төлейдi. Кiрепұлшы, егер кеменiң жарамсыздығы кiрепұлшының кiнәсiнен болмаған жағдайда ғана, кеме теңiзде жүзе алмайтын жай-күйде болуының салдарынан пайдалануға жарамсыз уақыт үшiн кемеге кiрепұл мен шығыстар төлеуден босатылады.
      2. Он бес күнтiзбелiк күннен артық кiрепұл төлеудiң мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда, кеме иесiнiң кеменi, осы Заңның 151-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, кiрепұлшыдан кеменi ескертусіз алып қоюға және одан мерзiмiн өткiзiп алған уақыт келтiрген шығындарды өндiрiп алуға құқығы бар.
      3. Кеме суға батқан жағдайда кiрепұл, бербоут-чартерде көзделген күннен бастап, кеме суға батқан күнге дейiн немесе бұл күндi белгiлеу мүмкiн болмағанда, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн төленуге тиiстi.
 
      151-бап. Кеменi алып қоюға жол бермеушiлiк
 
      Осы Заңның 152-бабына сәйкес, кеменi сатып алу шартымен жасалған бербоут-чартер бойынша он бес күнтiзбелiк күннен астам кiрепұл төлеудiң мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда, егер мұндай уақытты өткiзiп алу кiрепұлшыға тәуелсiз жағдайлардан туындаса, кеме иесiнiң, кiрепұлшыдан кеменi алып қоюға хақысы жоқ, бiрақ кiрепұлшыдан мерзiмiн өткiзiп алғандықтан келтiрiлген шығындарды өндiрiп алуға хақылы.
 
      152-бап. Кеменi сатып алу
 
      Кiрепұлшы бербоут-чартер бойынша өзiнiң мiндетiн орындап, осы Заңның 150-бабының 1-тармағына сәйкес, ең соңғы кiрепұл төлемiн жүргiзсе, кiрепұлшы кеменi сатып алатын шартпен жасалған бербоут-чартер бойынша, бербоут-чартердiң мерзiмi аяқталғанда кеме кiрепұлшының меншiгiне өтедi.
 
      153-бап. Сатып алынған кеменiң кемшiлiгi үшiн жауапкершiлiк
 
      Кеме иесiне кiрепұлшы сатып алған кеменiң кез келген кемшілiгi үшiн, соның ішiнде егер кiрепұлшы бұл кемшiлiктер кеменi өзiне бергенге дейiн туындағанның немесе оны бергенге дейiн туындаған себептердің әсерiнен болған кемшiлiктер екенiн дәлелдесе, жасырын кемшiлiктер үшiн де жауапкершілiк жүктеледi.
 
                           13-тарау. Жетекке алу шарты
 
      154-бап. Жетекке алу шартының анықтамасы
 
      Жетекке алу шарты бойынша бiр кеменiң иесi, сыйақы үшiн, екiншi кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгілi бiр қашықтыққа жетекке алуға (теңiздегi жетекке алу) не порт акваториясында маневрлар жасау үшiн, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа енгiзу не оларды порттан шығару үшiн (порттағы жетекке алу) мiндеттенедi.
 
      155-бап. Тараптардың жетекке алу шарты бойынша мiндеттерi
 
      1. Жетекке алу шартының әрбiр тарабы күнi бұрын өз кемесiн немесе өзге жүзбелi объектiнi жетекке алуға жарамды жай-күйге келтiруге мiндеттi.
      2. Жетекке алу, жағдай талап еткендей, шеберлiк пен қажеттiлiктердi қоспағанда және теңiз тәжiрибесiндегi дәстүрге сәйкес, үзілiссiз және кешiгусiз жүзеге асырылуға тиiс.
 
      156-бап. Теңiздегi жетекке алу жауапкершілігі
 
      1. Теңiздегi жетекке алу жетекке алынған кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.
      Теңiздегi жетекке алу кезiнде жетекке алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк, егер залал оның кiнәсiнен келтiрiлмегенін дәлелдей алмаса, жетекке алынған кеменiң иесiне жүктеледi.
      2. Теңiздегi жетекке алу шартының тараптары жазбаша нысандағы келiсiм бойынша теңiздегi жетекке алуды басқару жөнiндегi мiндеттi жетекке алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң капитанына жүктей алады. Мұндай жағдайда теңiздегi жетекке алу кезiнде жетекке алынған кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк, егер зиян оның кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, жетекке алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесiне жүктеледi.
 
      157-бап. Порттағы жетекке алу жауапкершiлiгі
 
      1. Порттағы жетекке алу жетекке алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектi капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.
      Порттағы жетекке алу кезiнде жетекке алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн жауапкершілiк, егер залал оның кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, жетекке алынған кеменiң иесiне жүктеледi.
      2. Порттағы жетекке алу шартының тараптары жазбаша нысандағы келiсiм бойынша теңiздегi жетекке алуды басқару жөнiндегi мiндеттi жетекке алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң капитанына жүктей алады. Мұндай жағдайда теңiздегi жетекке алу кезiнде жетекке алынған кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк, егер зиян

 

оның кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, жетекке алынған кеменiң

иесiне жүктеледi.


     158-бап. Мұз жағдайындағы жетекке алу жауапкершiлігі


     Жетекке алынған кеме иесi, мұз жағдайындағы жетекке алу кезiнде

жетекке алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы

адамдарға не мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал оның кiнәсiнен

келтiрiлмегенi дәлелденсе, жауап бермейдi.


              14-тарау. Экспедитор, теңiз агентi, теңiз брокерi


     159-бап. Көлiк экспедициясының, теңiзде агент

              қызметiн көрсетудiң шарты



 
       1. Көлiк экспедициясының, теңiзде агент қызметiн көрсетудiң шарты Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен осы Заңның, Азаматтық кодекстiң, көлiкте экспедициялық қызметтi жүзеге асыру ережелерiнiң нормаларына сәйкес жасалды.
      2. Теңiзде агент қызметiн көрсетудiң шарты теңiз агентi мен кеме иесiнiң арасында жасалған көлiк экспедициясының шарты болып табылады.
      3. Теңiз агенттiк iсiнiң шарты бойынша теңiз агентi сыйақы үшiн және кеме иесiнiң есебiнен шартта айқындалған кейбiр қызметтi, соның iшiнде кеме иесiнiң атынан немесе өз атынан теңiз жүгiн тасымалдау шартын (шарттарын) жасасып, орындауға немесе ұйымдастыруға мiндеттенедi.
      4. Теңiз агентi кеме иесiнiң келiсiмiмен, сонымен қатар осындай iс-қимылға уәкiлеттiк берген басқа тараптың пайдасына заңды және өзге де iс-қимылдар жасай алады.
 
      160-бап. Теңiз делдалдығының шарты
 
      1. Теңiз делдалдығының шартына сәйкес, делдал (теңiз брокерi) сенiм бiлдiрушiнiң тапсырмасы бойынша оның атынан және соның есебiнен кемелердi сатып алу, сату, жалдау, жетекке алу шарттарын, сондай-ақ теңiздегi сақтандыру шарттарын жасасқан кезде теңiз делдалдығының шартында

 

белгіленген сыйақы үшiн делдалдық қызмет көрсетуге мiндеттенедi.

     2. Теңiз брокерi, егер тараптар оған өкілеттiлiк берсе, шарттарды

жасасқанда екi тараптың атынан да қызмет көрсетуi мүмкін. Бұл ретте теңiз

брокерi әр тарапқа өзiнiң екi тарапқа да өкiметтiк жасайтынын хабарлауға

тиiс және делдалдық қызметтi көрсеткен кезде екi жақтың да мүддесiн

көздеуге мiндеттi.


                           15-тарау. Сақтандыру.


     161-бап. Мiндеттi сақтандыру


     1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған

кезде:


 
       1) осы тараудың нормаларына сәйкес, жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушының жауапкершiлiк тәуекелi;
      2) еңбек туралы заңдарға сәйкес, өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде өз қызметкерлерiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын жұмыс берушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершілiк тәуекелi;
      3) осы Заңның 18-тарауының нормаларына сәйкес, көлемi 2000 және одан да көп тонна жүк ретiндегi мұнай тасымалдау кезіндегi кемеден мұнаймен ластаудың зардабы үшiн және қауiптi жүктерді тасымалдау кезiндегi жауапкершiлiк тәуекелi мiндеттi сақтандыруға жатады.
      2. Халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк тасушы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға орай мiндеттi сақтандыру жүргiзедi.
 
      162-бап. Жолаушыны мiндеттi сақтандырудың шарттары
 
      1. Сақтандыру жағдайының нәтижесiнде жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне тигiзiлген зиян, нақты келтiрiлген залал шегiнде, осы заңның 20-тарауында белгiленген жауапкершiлiктi шектеу туралы ереженi ескере отырып, сақтандыруды өтеуге жатады.
      2. Тасымалдаушының сақтандырушымен сақтандыру шарты шартты жасасқан күннен бастап күшiне енедi.
      3. Шұғыл қажеттiлiк немесе қажеттi қорғаныс жағдайында жасалған iс-әрекетті қоспағанда, сақтандыру жағдайының тууына бағытталған жолаушының қасақана iс-әрекетiнiң нәтижесiнде жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiрiлген жағдайда сақтандырушы сақтандыру сомасын төлемейдi.
      4. Жолаушының өмiрiн, денсаулығын және мүлкiн мiндеттi сақтандыру кезiнде жол жүру құжаты (билет) сақтандыру полисi болып табылады.
      5. Сақтандыру төлемi мен сақтандыруды өтеу көлемi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
 
      163-бап. Ерiктi сақтандыру
 
      1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде кез-келген мүлiктiк мүдде осы тарауда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, сақтандыру туралы заңдарға сәйкес ерiктi түрде сақтандырылуы мүмкiн.
      2. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушы сақтандырушыға тәуекел деңгейiн айқындау үшiн маңызды мәнге ие және сақтандырушыға белгiлi немесе белгілi болуға тиiстi, сондай-ақ сақтанушы сұратқан мәлiметтердi, жағдай туралы мәлiметтердi сақтанушыға хабарлауға мiндеттi.
      Сақтанушы сақтандырушыға жалпыға белгiлi мәлiметтердi, сондай-ақ сақтандырушыға белгiлi немесе белгiлi болуға тиiс мәліметтердi хабарлау мiндетiнен босатылады.
      3. Тәуекел деңгейiн айқындау үшiн маңызды мәнге ие жағдайлар туралы мәлiметтердi сақтанушы хабарламаған кезде немесе дұрыс емес мәлiметтер хабарлаған кезде сақтандырушы сақтандыру шартын орындаудан бас тартуға хақылы. Бұл ретте, егер сақтанушы мәлiметтердi хабарламау немесе дұрыс емес мәлiметтердi хабарлау оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, сақтандыру төлемдерi қайтарылуға жатпайды.
      4. Тәуекел деңгейiн айқындау үшiн маңызды мәнге ие жағдай өтiп кеткен болса және олар туралы сақтанушы хабарламаса, сақтандырушының сақтандыру шартын орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
 
      164-бап. Сақтандырылған жүктi иелiктен алудың салдарлары
 
      1. Сақтандырылған жүктi иелiктен алған жағдайда сақтандыру шарты күшiн сақтайды, бұл ретте сақтанушының барлық құқықтары мен мiндеттерi ондай жүктi алушыға көшедi.
      2. Егер сақтандырылған жүктi иелiктен алғанға дейiн сақтандыру төлемi төленбеген жағдайда, оны төлеу мiндетiн жүктi сақтандырушы да, оны алушы да бiрдей көтередi. Сақтандыру төлемiн төлеудi талап ету, сақтандыру төлемi төленбегені көрсетiлмеген сақтандыру куәлiгiнiң (полис, сертификат) иесiне қатысты емес.
 
      165-бап. Сақтандырылған кеменi иелiктен алудың салдарлары
 
      Сақтандырылған кеменi иелiктен алған жағдайда кеменi иелiктен алған сәттен бастап сақтандыру шарты тоқтатылады. Сақтанушының талабы бойынша сақтандырылған кеменi рейстегi кезiнде иелiктен алған жағдайда, рейс аяқталғанға дейiн сақтандыру шарты күшiнде қалады және кеменi алушыға сақтандырушының барлық құқықтары мен мiндеттерi көшедi.
      Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген салдарлар бербоут-чартер шарты бойынша кеме жалдаушының иелiгiне сақтандырылған кеменi пайдалануға берген жағдайда туындайды.
 
      166-бап. Сақтандыру сомасы
 
      1. Кеменi, жүктi немесе өзге мүлiктi сақтандырған кезде сақтандыру сомасы сақтандыру шартын (сақтандыру құнын) жасасқан сәттегi олардың нақтылы құнынан асып кете алмайды. Егер сақтандырушы оны сақтанушы шатастырғанын дәлелдемесе, тараптар сақтандыру шартында айқындалған мүлiктiң сақтандыру құнын өзгерте алмайды.
      2. Сақтандыру шартында көрсетiлген сақтандыру сомасы мүлiктiң сақтандыру құнынан асып кеткен жағдайда, сақтандыру шартының сақтандыру сомасының сақтандыру құнынан асып кететiн бөлiгiнде жарамсыз болып табылады.
      3. Сақтандыру сомасы мүлiктiң сақтандыру құнынан төмен хабарланған жағдайда, сақтандыру өтемiнiң мөлшерi сақтандыру сомасының сақтандыру құнына қатысына бара-бар кемiтiледi.
 
      167-бап. Қосарлы сақтандыру
 
      1. Объект жиынтығында оның сақтандыру құнынан асып кететiн сомада бiрнеше сақтандырушыда сақтандырылған (қосарлы сақтандыру) жағдайда, барлық сақтандырушының мiндеттемесi сақтандыру құны мөлшерiнде шектеледi. Бұл ретте әрбiр сақтандырушы өзi жасасқан сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру сомасының сол объектiге байланысты жасалған барлық сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасының қатысына бара-бар мөлшердегi мiндеттемеге жауап бередi.
      2. Кеме иеленушiнiң жауапкершілiгi бiрнеше сақтандырушыда сақтандырылған (қосарлы сақтандыру) жағдайда, сақтандырушылардың әрқайсысының мiндеттеме мөлшерi сақтандыру шартына сәйкес оның мiндеттемесiне тең болады.
      Сақтандыру жағдайы басталған кезде кеме иеленушiнiң жауапкершiлiк мөлшерi барлық сақтандырушылар жауапкершiлiгiнiң кем болған жағдайда, сақтандырушылардың әрқайсысы өз жауапкершiлiгi көлемiнiң барлық сақтандырушылар жауапкершілiгiнiң көлемiне бара-бар көлемде жауап бередi.
 
      168-бап. Бас полис
 
      1. Айрықша келiсiм бойынша (бас полис) сақтанушы нақтылы кезең мерзiмiнде алатын немесе жөнелтетiн барлық немесе белгiлi бiр жүгi сақтандырылуы мүмкiн.
      2. Сақтанушының талабы бойынша сақтандырушы бас полис қолданысы аясындағы кейбiр жүк жөнелтімдерiне сақтандыру куәлiгiн (полис, сертификат) беруге мiндеттi. Кейбiр жүк жөнелтiмдерi сақтандыру куәлiгiнiң бас полиске сәйкес келмеуi жағдайында сақтандыру куәлiгiне басымдық беріледi.
      3. Сақтанушы сақтандырушыға бас полистiң қолданысы аясындағы әрбiр жүк жөнелтiмi, атап айтқанда жүк тасымалдайтын кеменiң атауы, жүктiң тасымалданатын жолы және сақтандыру сомасы туралы шартта белгiленген қажеттi мағлұматтарды хабарлауға мiндеттi. Сақтанушы жүктi жөнелту туралы мәлiметтердi ол жеткiзілетiн портына бүлiнiссiз жеткiзiлгеннен кейiн алғанның өзiнде мұндай мiндеттілiктен босатылмайды.
      4. Егер сақтанушы кейбiр жүк жөнелтiмi туралы қажетті мәлiметтердi

 

сақтандырушы әдейi хабарламаған немесе уақытылы хабарламаған жағдайда

сақтандырушы бас полис бойынша мiндеттемелерiн орындаудан бас тартуға

хақылы.

     Мұндай жағдайларда сақтандырушының сақтанушы сақтандыру шартын дұрыс

орындаған жағдайда алуға тиiстi болған сақтандыру төлемiнiң барлық сомасын

алуға құқы бар.


     169-бап. Сақтандырушыны сақтандыру өтемiн төлеуден

              босатудың негiздерi


     Сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру өтемiн төлеуден толық немесе

iшiнара бас тартуға сақтандыру жағдайы:

     1) жөнелтушiнiң немесе алушының не оның өкiлiнiң қасақана

iс-әрекетiнен немесе дөрекi абайсыздығы;

     2) сақтандырушы бiлмеген қауiптi жүктi тиеу салдарынан туындағанда

хақылы.


     170-бап. Тәуекелді өзгертудiң салдарлары



 
       1. Сақтанушы немесе пайда алушы бұл өзiне белгiлi болған сәтте, шұғыл түрде сақтандырушыға сақтандыру объектiнде немесе сақтандыру объектiне қатысты (қайта тиеу, жүктi тасымалдау тәсiлi, түсiру порты өзгергенi, кеменiң белгiленген немесе қалыпты бағыттан ауытқығаны, кеменi қыстауға қалдыру және басқалар) кез келген мәндi өзгерiстер туралы хабарлауға мiндеттi.
      2. Тәуекелдiң артуы, егер ол адамдарды, кемелердi немесе жүкті құтқарумен не рейстi қауiпсiз жалғастыру қажеттiгiнен туындамаса, сақтандырушыға сақтандыру шарты талаптарын қайта қарауға немесе қосымша сақтандыру төлемiн талап етуге, ал сақтанушы келiспеген жағдайда - шартты бұзуға құқық бередi. Бұл ретте сақтандыру төлемдерi қайтарылуға жатпайды.
 
      171-бап. Шығындарды болдырмау немесе азайту
 
      1. Сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы шығындарды болдырмау немесе кемiту жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының туындағаны туралы дереу хабардар етуге және, егер ондай тапсырмалар берілсе, сақтандырушының тапсырмаларын орындауға мiндеттi.
      2. Егер сақтандыру жағдайы сақтанушының немесе пайда алушының ойластыруымен немесе дөрекi абайсыздығынан орын алса, сақтандырушы теңiз сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру өтемiн төлеуден босатылады.
 
      172-бап. Сақтандырушының жалпы апат бойынша жарналарды
               қамтамасыз етуі
 
      Сақтандырушы сақтанушының немесе пайда алушының талабы бойынша сақтандыру шарттарына сәйкес, сақтандыру сомасы мөлшерiндегi жалпы апат бойынша жарна төлеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Жалпы апат бойынша диспаша (залалдың есебi, оны бөлу) түзген кезде сақтанушы сақтандырушының мүдделерiн есепке алуға мiндеттi.
 
      173-бап. Сақтандырылушының шығыстарын өтеу
 
      1. Сақтандырушы сақтанушыға немесе пайда алушыға олар шығарған мынадай:
      1) егер сақтанушы немесе пайда алушының шығынның алдын алу немесе кемiту жөнiндегi шаралары табыссыз болғанның өзiнде, олар үшiн сақтандырушы жауаптылықта болатын шығындардың алдын алуға немесе кемiткенi;
      2) осы Заңның 171-бабына сәйкес сақтандырушының нұсқауларын орындағаны;
      3) сақтандырушы өтеуге тиiстi шығындардың мөлшерiн анықтағаны және белгiлегенi;
      4) жалпы апат бойынша диспаша түзгенi үшiн қажеттi шығыстарын өтеуге мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған шығыстар сақтандыру сомасының сақтандыру құнына қатысына бара бар мөлшерде өтеледi.
 
      174-бап. Сақтандырушының артық сақтандыру сомасына жауаптылығы
 
      1. Сақтандырушы сақтандыру сомасы мөлшерiндегi шығындар үшiн жауаптылықта болады, алайда осы Заңның 173-бабында көрсетiлген шығыстар да, сондай-ақ жалпы апат бойынша жарнаны, олар өтелуге тиiстi шығындармен қоса сақтандыру сомасынан артып кетуi мүмкiн болғанына қарамастан, сақтандырушы өтейдi.
      2. Бiрiнен соң бiрi орын алған бiрнеше сақтандыру жағдайы келтiрген шығындар үшiн, егер, тіпті ондай шығындардың жалпы сомасы сақтандыру сомасынан асып кетсе де, сақтандырушы жауаптылықта болады.
 
      175-бап. Кеме хабар-ошарсыз жоғалып кеткен кездегi
               сақтандырушының жауаптылығы
 
      1. Сақтандырушы кеме хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жағдайда барлық сақтандыру сомасы мөлшерiнде жауаптылықта болады.
      2. Егер кеме туралы соңғы ақпарат теңiз сақтандыруы шартының қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн алынса, және, егер сақтандырушы кеменiң теңiз сақтандыруы шартының қолданыс мерзiмi бiткеннен кейiн қирағанын дәлелдемесе, кеменiң хабар-ошарсыз жоғалғаны үшiн сақтандырушының жауаптылығы туындайды.
 
      176-бап. Абандон (мүлiктен бас тарту)
 
      1. Мүлiк қираудан сақтандырылған жағдайда, сақтанушы немесе пайда алушы мынадай жағдайларда сақтандырушыға сақтандырылған мүлiкке деген өз құқықтарынан бас тартатыны туралы (абандон) мәлiмдей алады және барлық сақтандыру сомасын алады:
      1) кеме хабар-ошарсыз жоғалып кеткенде;
      2) кеме және (немесе) жүк жойылғанда (толық нақтылы қирағанда);
      3) кеменi қалпына келтiру немесе жөндеу экономикалық тұрғыдан қисынсыз болғанда (кеменiң толық конструкциялық қирауы);
      4) кеменiң ақауларын жою немесе баратын портына жеткiзу экономикалық тұрғыдан қисынсыз болғанда;
      5) сондай қауiптен сақтандырылған кеме мен жүктi басып алғанда, егер басып алу алты айдан аса созылса.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда:
      1) мүлiк толық құнында сақтандырылса, сақтандырылған мүлiкке деген барлық құқықтар;
      2) мүлiк толық құнында сақтандырылмаса, сақтандырылған мүлiктiң сақтандыру құнына қатысты сақтандыру сомасына барабар үлесiнiң құқығы сақтандырушыға өтедi.
      3. Сақтандырушы, егер кеме қирамаған болып шықса, сақтандыру өтемiнiң сақтанушыға немесе пайда алушыға келтiрiлген нақтылы шығынға сәйкес бөлiгiн шығарып тастағандағы сақтандыру өтемiн қайтаруды талап ете алады.
      4. Тараптардың осы бапқа қайшы келетiн келiсiмдерi жарамсыз болады.
 
      177-бап. Абандон туралы шағым
 
      1. Сақтандырушыға осы Заңның 175, 176-баптарына көрсетiлген уақыт

 

аяқталған немесе жағдайлар туындаған сәттен бастап алты ай iшiнде абандон

туралы шағым жасалуға тиiс.

     2. Сақтанушы немесе пайда алушы алты ай өткеннен кейiн абандонға

құқығын жоғалтады және шығындарын өтеудi жалпы негiздерде талап ете алады.

     3. Абандон туралы шағым сөзсiз болуға тиiс және керi қайтарылуы

мүмкiн емес.


     178-бап. Үшiнші тұлғалардың шығындарды өтеуiнiң салдарлары


     Сақтанушының немесе пайда алушының шығындарын үшiншi тұлғалар өтеген

жағдайда, сақтандырушы сақтанушыға немесе пайда алушыға теңiз сақтандыруы

шартының талаптарына сәйкес төленуге тиiстi сома мен сақтандырылуын немесе

пайда иеленушi үшiншi тұлғалардан алған сома арасындағы айырманы ғана

төлейдi.


                            16-тарау. Ортақ апат


     179-бап. Ортақ апаттың түсiнiгi және оны бөлудiң принциптерi



 
       1. Жалпы қауiпсiздiк үшiн және жалпы теңiздегi кәсiпорындардың - кеменiң, кiрепұлдың, жүктiң есебiне кiретiн мүлiктердi ортақ қауiптен сақтау мақсатындағы шығындар салдарынан болған шығындар ортақ апат деп аталады.
      2. Осы баптың 1-тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердiң тiкелей салдары болып табылатын шығындар ғана ортақ апат деп танылады.
      3. Ортақ апат тасымалдау ережесiне сәйкес, жалпы теңiз кәсiпорнының апатқа ұшырау уақыты мен орнындағы олардың құндарына қарай кеменiң, жүктiң және кiрепұлдың арасында шамалас бөлiнедi.
      4. Сонымен қатар, жалпы теңiздегi кәсiпорын, бiр немесе бiрнеше кеме басқа кеменi немесе басқа кемелердi жетекке алып не итеретiн оқиғалардан да орын алады, бiрақ олардың бәрi құтқару операциясына емес, коммерциялық қызметке қатысушы болуға тиiс.
      Кеме, басқа кемеден немесе басқа кемелерден қарапайым ажырау нәтижесiнде қауiпсiз жағдайда қалса, басқа кемемен немесе басқа кемелермен бiрге жалпы қауiпке ұшырамайды. Ажырау жалпы апат актiсi болып көрiнген жағдайда, жалпы теңiздегi кәсiпорындар жалғаса бередi.
 
      180-бап. Кеменiң баспана орнына кiруін туындататын жалпы апат
 
      1. Бақытсыз жағдайдың немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн осындай кiрудiң немесе оралудың қажеттілігiнен туындайтын төтенше жағдайлар салдарынан кеменiң портқа немесе жүк тиеудiң өзге де орнына оралуына кететiн шығындар ортақ апат деп танылады.
      2. Кеменiң баспана орнына кiруiне немесе оның жүк тиеу орнына оралуына кететiн шығыстар ортақ апат деп аталған жағдайда, оған кеменiң осындай орыннан жүкпен немесе жүктiң бөлiгiмен шығуына байланысты шығындар да жатады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар кезiнде кеменiң баспана орнына кiруiнің немесе оның жүк тиеу орнына оралуының нәтижесiнде рейстiң ұзартылуына байланысты кеме экипажы мүшелерiнiң жалақысы мен жабдықталымына, отын мен жабдықтау заттарына кеткен шығыстар ортақ апаттар деп танылады.
      4. Осы баптың 1-3-тармағының нормалары кеменiң кiрiп, бiрақ оған жөндеу жүргiзу мүмкiн болмаған баспана орнынан басқа айлаққа немесе басқа жерге орын ауыстыруына кеткен шығыстарға, сондай-ақ кеменi уақытша жөндеуге, оның жетекке алынуы мен рейстiң ұзартылуына байланысты шығыстарға тиiсiнше қолданылады.
 
      181-бап. Кеменi уақытша жөндеу
 
      Кемеге жүк тиеу орнында, жалпы қауiпсiздiк үшiн кеме кiрген орында немесе баспана орнында не ортақ апаттық құрбандықтар салдарынан келтiрiлген зақымдануларды жою үшiн жүргiзiлген уақытша жөндеуге кеткен шығыстар ортақ апатқа жатады. Рейстi аяқтау үшiн қажеттi кездейсоқ зақымдарды уақытша жоюға кеткен шығыстар, тек алдын алу шығыстарының мөлшерiнде ғана өтеледi, өйткенi ол шығыстар, егер мұндай зақымдарды жою өткiзiлмеген болса, ортақ апатқа жатқызылар едi.
 
      182-бап. Жалпы қауiпсiздiк үшiн кеменi ұстап қалуды
               туындатқан шығыстар
 
      1. Бақытсыз жағдайлар, құрбандықтар салдарынан қандай да бiр портта немесе орында кеменi ұстап қалуды туындатқан кеме экипажының жалақысы мен жабдықталымына кеткен шығыстар немесе ортақ қауiпсiздiк үшiн басқа төтенше не осындай бақытсыздық жағдайларды, құрбандықтар немесе басқа төтенше жағдайларды жоюға кеткен шығыстар, егер мұндай жою рейстiң қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса, ортақ апаттар деп танылады. Осындай ұстап қалу уақытында туындаған отынға, жабдықтау заттарына кеткен шығыстар және порттың шығыстары, ортақ апатқа қатысы жоқ зақымдарды жоюға кеткен шығыстарды қоспағанда, ортақ апатты бөлу тәртiбiмен өтеледi.
      2. Осы баптың 1-тармағының нормалары қандай да бiр бақытсыз жағдайда немесе рейс кезiнде орын алған өзге төтенше жағдайға қатысы жоқ зақымдарды жою салдарынан кеменi ұстап қалу туындатқан шығыстарға қолданылмайды. Мұндай шығыстар, тiптi зақымдарды жою рейстiң қауiпсiз жалғасуы үшiн қажет болса да, ортақ апат деп танылмайды.
 
      183-бап. Кеменi жүзуге жарамсыз деп танудың салдары немесе
               кеменiң рейстi жалғастыруынан бас тарту
 
      Кеме жүзуге жарамсыз деп танылған немесе кеменiң рейстi жалғастыруынан бас тартылған жағдайда ортақ апатқа тек кеме жүзуге жарамсыз деп танылғанға немесе кеменiң рейстi жалғастыруынан бас тартылғанға дейiн не жүктi түсiру аяқталмаған жағдайда, жүктi түсiру аяқталмағанға дейiн кеткен (сақтауға, сақтандыруға, кеме экипажының жалақысына және оның жабдықталымына, отынға, жабдықтау заттарына, порттық шығыстарға кеткен) шығыстар жатады.
 
      184-бап. Құтқаруға кеткен шығыстар туындатқан ортақ апат
 
      1. Құтқару осы Заңның 179-бабының 1-тармағында көрсетiлген мақсатта жүзеге асырылса, жалпы теңiздегi кәсiпорынға қатысушы тараптар жүргiзген құтқаруға кеткен шығыстар, құтқару шарт негiзiнде әлде басқа түрде жүзеге асырылғанына қарамай, ортақ апат деп танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шығыстарға, мөлшерiн айқындаған кезде құтқарушылардың, осы Заңның 213-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қоршаған ортаға залалдың алдын алудағы немесе оны азайтудағы шеберлiгi мен күш салу назарға алынатын құтқарғаны үшiн сыйақы да кiредi.
      Кеме иесiне құтқарушы осы Заңның 214-бабының 4-тармағында көзделген мөлшерде төлейтін арнайы өтемақы ортақ апат деп танылмайды.
 
      185-бап. Құтқару жөнiнде шаралар қолдануды туындатқан ортақ апат
 
      Құтқару жөнiнде шаралар қолдануды туындатқан ортақ апат осы Заңның 179-бабында көрсетiлген белгiлер бар болғанда, атап айтқанда:
      1) жүктi кеме бортынан тысқары лақтырғанда келтiрілген шығындар, сондай-ақ ортақ қауiпсiздiк үшiн құрбандықтар туындатқан, атап айтқанда, жүктердi лақтыру үшiн ашылған люк немесе сол үшiн жасалған басқа ойық арқылы трюмге судың ақтарылуы салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрілген шығындар;
      2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты, соның iшiнде осы мақсатта жағаға айдап шығаруға немесе өртенген кеменi суға батыруды жүргiзуге кеткен шығындар;
      3) кеменiң қайраңға өзi шыға алу-алмауына қарамай, кеменi қайраңға әдейi отырғызу үшiн кемеге немесе жүкке келтiрiлген шығындар;
      4) кеменi қайраңнан шығару кезiнде кеме двигателiн, кеменiң басқа машиналары мен қазандарының зақымдануынан кемеге келтiрілген зияндар;
      5) қайраңда қалған кеменi, жүктi, отынды немесе жабдықтау заттарын кемеден лихтерге тасу арқылы жеңiлдетуге, лихтерлердi жалдауға және оларды кемеге қайта тиеуге кеткен, сондай-ақ осы шығындардың салдарынан болған басқа төтенше шығындар ортақ апат деп танылады.
 
      186-бап. Айналадағы ортаға залалдың алдын алу немесе оны
               азайту жөніндегі шаралар туындатқан шығыстар
 
      Айналадағы ортаға залалдың алдын алу немесе оны азайту жөнiндегi шаралар туындатқан шығыстар, мына жағдайларды бiрiнде немесе бәрiнде жүргiзілсе:
      1) жалпы қауiпсiздiк үшiн жүзеге асырылған операцияның бөлiгi ретiнде, бiрақ оны жалпы теңiздегi кәсiпорыннан тыс тарап қолға алған болса, сол тарапқа құтқарғаны үшiн сыйақыға құқық берiлген болар едi;
      2) осы Заңның 180-бабында көзделген жағдайлар кезiнде кеменi портқа кiргiзу не кеменi порттан немесе орыннан шығару шартымен;
      3) осы Заңның 180-бабында көзделген жағдайлар кезiнде кеменi портта немесе орнында ұстау шартымен. Егер кемеден ластаушы заттар ағуы немесе құйылуы iс жүзiнде орын алса, осыған байланысты айналадағы ортаға залалдың алдын алу немесе азайту жөнiндегi қажеттi қосымша шаралар туындатқан шығыстар ортақ апат деп танылмайды;
      4) жүктi түсiруге, қоймаға салуға немесе қайта тиеуге байланысты, егер көрсетілген операцияларға кеткен шығыстар ортақ апат деп танылса, ортақ апатқа жатады.
 
      187-бап. Жүктiң, отынның не жабдықтау заттарының зақымдануы
               немесе жойылуынан, кiрепұлдың жоғалуынан болған шығындар
 
      1. Оларды кемеде орын ауыстыру, кемеден түсiру, қайтадан кемеге тиеу мен орналастыру нәтижесiнде, сондай-ақ оларды сақтау нәтижесiнде келтiрiлген жүктiң, отынның не жабдықтау заттарының зақымдануы немесе жойылуынан болған шығындар, егер көрсетiлген операцияларды жүзеге асыруға кеткен шығыстар ортақ апат деп танылған жағдайларда, ортақ апат деп танылады.
      2. Жүктiң жоғалуынан туындаған кiрепұлдың жоғалуы, егер жүктiң жоғалуы ортақ апатты бөлу тәртiбiмен өтелген жағдайларда, ортақ апат деп танылады. Бұл орайда кiрепұлдан, оны кеменi иеленушi қайырымдылық жасау мақсатында алып, бiрақ артынан жасалмаған қайырымдылыққа кеткен шығыстар шегеріледi.
 
      188-бап. Ауыстырушы шығыстар
 
      Кейiн ортақ апатқа жатқызылатындай басқа шығыстармен бiрге келтiрiлген кез келген қосымша шығыстар (ауыстырушы шығыстар) ортақ апат деп танылады. Ауыстырушы шығыстар тек осындай ауыстырушы шығыстар нәтижесiнде ортақ апатқа қатысушылардың қандай да бiрi алған алдын алу шығыстары мөлшерiнде ғана, үнемдегенiне қарамай, өтеледi.
 
      189-бап. Ортақ апат деп танылмайтын шығындар (жекеше апат)
 
      1. Осы Заңның 179-бабының 1-тармағында белгiленген, ортақ апат белгiлерi жоқ шығындар, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шығындар жекеше апат деп танылады. Мұндай шығындар кеме, жүк және кiрепұл арасында бөлуге жатпайды, және оларды зардап шеккендер өтейдi немесе оларды шығын келтiргенi үшiн жауапкершiлiктегi адам өтейдi.
      2. Тiптi, осы Заңның 179-бабының 1-тармағында көрсетiлген:
      1) сауда мақсатында теңiзде жүзу ережелерi мен дәстүрлерiн бұза

 

отырып, кемеде тасымалданып келе жатқан, борттан тысқары лақтырылған

жүктiң құны;

     2) түтiннiң немесе қызу әсер ету салдарынан болған кемедегi өрттi

сөндiруге байланысты келтiрiлген шығындар;

     3) теңiздегi қауiп салдарынан бұрын ығып немесе іс жүзiнде

хабар-ошарсыз кеткен кеме сынықтарын немесе бөлiктерiн шауып тастаудан

келген шығындар;

     4) жүзуде жүрген кеме двигательдерiнiң жұмысын немесе

двигательдердiң, басқа машиналардың, қазандардың өзге жұмысын жылдамдатуға

кеткен шығындар;

     5) рейс ұзақтығын ұлғайту салдарынан кеме немесе жүк келтiрген кез

келген шығын мен залал (тұрып қалғаннан, бағаның өзгеруiнен келген

шығындар және басқалар) белгiлерi бар болған күннiң өзiнде ортақ апат деп

танылмайды.


     190-бап. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек -

              жарақтарының зақымдануынан болған шығындар



 
       1. Ортақ апатты құрайтын кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан болған шығындар зақымданған немесе жоғалған нәрсенi жөндеу, дұрыстау немесе ауыстыру құны негiзге алына отырып айқындалады. Бұл орайда осы Заңның 191-бабына сәйкес, "ескiнiң орнына жаңа үшiн" шегерiмi жасалады.
      2. Кеменi жөндеу жүргiзiлмеген жағдайда, кеменiң зақымданғанынан болған шығындар зақымдану нәтижесiнде төмендеген кеме құнына және кеме жөндеу құнынан жоғары емес сметаға сәйкес сомамен айқындалады.
 
      191-бап. "Ескiнiң орнына жаңа үшiн" шегерімі
 
      1. Тұтыну уақыты он бес жылдан аспаған кеменi жөндеу кезiнде ескi материалдар немесе кеменiң бөлiгi жаңасымен ауыстырылған жағдайда, осы Заңның 190-бабына сәйкес ортақ апатқа жататын жөндеу құны, осы баптың 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жөндеу құнының үштен бiрі кемiтiледi.
      2. "Ескiнiң орнына жаңа үшiн" шегерiмi кемелердiң бiрiнiң кiнәсiнен болған ортақ апат таныған кеменiң уақытша құнынан, сондай-ақ азық-түлiк, жабдықтау заттары, зәкiр шынжырларының құнынан шегерiлмейдi.
      3. Кеменi құрғақ докта, стапельде жөндеу және кеменiң орын ауыстыру қажеттiлiгiнен туындаған шығындар толықтай ортақ апатқа жатады.
      4. Мұның алдындағы корпусты бояу мен жабу ортақ апат актiсiне дейiн соңғы он екi айда жүргiзiлген жағдайда орын алса жөндеу кезінде кеменi тазалауға, бояуға және корпусын жабуға кеткен шығыстар жөндеудiң елу процент мөлшерiндегi ортақ апат деп танылады.
      5. "Ескiнiң орнына жаңа үшiн" шегерiмiн қолдану үшiн кеменiң тұтыну уақыты оның құрылысы аяқталған жылдың 31 желтоқсанынан бастап, ортақ апат актiсi басталған күнге дейiн есептеледi. Кеменi оқшаулауға оның құтқару және басқа шлюпкаларына, байланыс құралдарына, навигациялық аспаптар мен құрал-жабдықтарына, машиналары мен қазандарына қатысты олардың шын тұтыну уақыты есепке алынады.
 
      192-бап. Диспаша және диспашерлар
 
      Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша ортақ апаттың болғаны белгіленедi және оны бөлу бойынша теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi бар тұлғалар (диспашерлар) есебiн жасайды.
 
      193-бап. Диспаша жасауға негiзге алынатын айғақтар мен материалдар
 
      1. Ортақ апатты бөлудi талап етушi тарап анықталған шығындардың шын мәнiнде ортақ апат екендiгiн тануды дәлелдеуге мiндеттi.
      2. Диспаша жасауда мүддесi қозғалатын тұлға жалпы теңiздегi кәсiпорын апатқа ұшырағанға дейiн он екi айдың iшiнде өтеудi талап еткен жоғалғандары немесе шығындары туралы жазбаша нысанда диспашерге арыз бередi.
      Егер мұндай арыз берiлмесе немесе осындай арыз туралы сұрау салудан кейiн он екi ай iшiнде тұлға мәлiмдеме жасаған талапты негiздеу мақсатында не мүлiктiң құны туралы мәлiметтердi, айғақтарды табыс етпесе, диспашер өзiнде бар ақпараттар негiзiнде диспаша жасауға хақылы; бұл орайда диспаша, ол анық дұрыс болмаған жағдайда ғана, дауға салуға жатады.
      3. Диспаша жасалып жатқан уақытта оларды шешу үшiн арнайы бiлiм (кеме жүргiзу, кеме құрылысы, кемелердi жөндеу, кемелер мен жүктердi бағалау, сондай-ақ өзге де арнайы білiм) талап еткен мәселелер туындаған кезде, диспашер өзi тағайындаған сарапшыға тиiстi қорытынды дайындауды тапсыруға хақылы. Мұндай қорытындыны диспашер басқа айғақтармен қатар бағамдайды.
      4. Танысу үшiн диспаша жасаудың негiзiне алынған материалдар ашық болуға тиiс, және диспашер мүдделi тұлғалардың талап етуi бойынша олардың есебiнен, оларға аталған материалдардың куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
 
      194-бап. Диспаша жасау үшiн алым
 
      Диспаша жасағаны үшiн алым алынады, ол диспашаға енгiзiлiп, барлық мүдделi тұлғалардың арасында олардың ортақ апатқа қатысу үлесiне бара бар бөлiнедi.
 
      195-бап. Диспашаны түзету және дауласу
 
      1. Диспашадағы, ол диспашалар тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн анықталған есеп айырысудағы қателiктердi диспашер өз бастамасымен немесе араларында ортақ апат бөлiнген тұлғалардың арыздары бойынша диспашаға, оның құрамдас бөлiгi болып табылатын диспашаға қосымша (аддендум) жасау арқылы түзетуi мүмкiн.
      2. Араларында ортақ апат бөлiнген тұлғалар диспашаны, диспаша немесе оның аддендумын алған күннен бастап, алты ай iшiнде, бұл туралы диспашердi оған талап ету арызының көшiрмесiн жiберу арқылы мiндеттi түрде хабарландыра отырып, сотта дауға сала алады.
      3. Диспашер соттағы диспаша туралы дауды қарауға және iс мәнi бойынша

 

түсiнiктеме беруге хақылы, егер талап етiлсе, - мiндеттi.

     4. Диспаша туралы дауды қараушы сот диспашаны күшiнде қалдыра алады,

оған өзгерiстер енгiзе алады немесе оның күшiн жойып, диспашерге сот

шешiмiне сәйкес жаңа диспаша жасауды тапсыра алады.


     196-бап. Диспашаның орындалуы


     Егер осы Заңның 195-бабының 2-тармағында көзделген мерзiмде диспаша

дауға салынбаған жағдайда немесе дауға салынып, бiрақ сот күшiнде

қалдырса, ол бойынша өндiрiп алу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiлуi

мүмкiн.


         17-тарау. Кемелердің соқтығысуынан болған шығындарды өтеу


     197-бап. Кемелердiң өзара іс-әрекетiнен туындаған

              зиян үшiн жауапкершiлiк



 
       1. Кемелердiң өзара іс-әрекетiнен туындаған зиян үшiн жауапкершiлiк қауiптiлiгi жоғары көздердiң өзара iс-әрекетiнен туындаған зиянды өтеу үшiн азаматтық заңдар белгiлеген тәртiппен өтеледi.
      2. Егер кемелердiң соқтығысуы, егер, тiптi лоцмандық жүргiзу мiндеттi болған күннiң өзiнде, лоцманның кiнәсiнен болса, жауапкершiлiк осындай тәртіппен айқындалады.
 
      198-бап. Жауапкершiлiктi жоққа шығаратын жағдайлар
 
      1. Егер кемелердiң соқтығысуы кездейсоқ немесе еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болса не кемелердiң соқтығысу себебiн белгiлеу мүмкiн болмаған жағдайларда, шығындар зардап шегушiге жүктеледi.
      2. Осы баптың 1-тармағы, егер кемелер немесе олардың бiрi соқтығысу сәтiнде зәкiрге немесе өзгеше тәсiлмен бекiтілген жағдайда да қолданылады.
 
      199-бап. Соқтығысудағы екi немесе одан да көп кемелердiң кiнәсi
 
      1. Егер кемелердiң соқтығысуы екi немесе одан да көп кемелердiң кiнәсiнен болған жағдайда шығындар үшiн олардың әрқайсысының жауапкершілiгi олардың кiнә деңгейiне шамалас айқындалады. Егер кемелердiң әрқайсысының кiнә дәрежесiн белгiлеу мүмкiн болмаған жағдайда соқтығысу себептерiн негiзге ала отырып, шығындар үшiн жауапкершiлiк олардың араларында тепе-тең бөлiнедi.
      2. Соқтығысуға кiнәлi кемелердi иемденушiлер адамдардың қаза болуы немесе денсаулығының зақымдануы нәтижесiнде келтiрiлген шығындар үшiн үшiншi жақтың алдында бiрдей жауап бередi, оның үстiне осы баптың 1-тармағына сәйкес өзi төлеуге тиiс сомадан көп төлеген кеменiң иеленушiсiнiң басқа кеме иеленушілерiне керi талап етуге құқығы бар.
      Үшiншi жақтың мүлкiне келтiрген шығындар үшiн соқтығысуға кiнәлi кемелердiң иелерiне осы баптың 1-тармағына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
 
          18-тарау. Қауiптi жүктердi тасымалдаудан болған залалдар
         және кемелерден аққан мұнаймен ластағаны үшін жауапкершілiк
 
      200-бап. Кеме иесiнiң жауапкершілігі
 
      1. Осы бапта және осы тараудың келесi баптарында мынадай түсiнiктер қолданылады:
      1) зардап шегушi тұлға - азамат, заңды тұлға, мемлекет;
      2) кеме иесi - кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға. Егер кеме мемлекет иелiгiнде болып, оны кеме иеленушi ретiнде тiркелген мекеме пайдаланған жағдайда, кеменiң иесi сол ұйым болып табылады;
      3) алдын ала сақтандыру шаралары - оқыс оқиғадан кейiн залалдың алдын алу немесе азайту жөнiнде қолданылатын кез келген шаралар;
      4) оқыс оқиға - нәтижесінде залал келген немесе елеулi және тiкелей осындай залал келтiру қатерi туындаған оқиға немесе шығу тегi бiр оқиғалар тiзбегi.
      2. Қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалдар:
      1) кемедегi немесе кеме сыртындағы қауiптi жүктер келтiрген кез келген тұлғаның қаза болуы немесе денсаулығының зақымдануы;
      2) кемедегi немесе кеме сыртындағы қауiптi жүктер келтiрген мүлiктің жоғалуы немесе зақымдануы;
      3) қалпына келтiру шараларына жұмсау шығындары шектеулi қауiптi жүктер келтiрген қоршаған ортаның ластануынан болған залалдар, сондай-ақ осындай залал келтiру нәтижесiнде қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк;
      4) алдын алу шараларына жұмсалған шығындар және осындай шаралар келтiрген келесi залалдар болып табылады.
      3. Жүк ретiнде тасымалдаған мұнаймен немесе кеменiң өз отынымен теңiздiң ластануынан келген зияндар:
      1) мұнай ағу немесе төгiлу қай жерде болғанына қарамастан, қалпына келтiру шараларына жұмсау шығындары шектеулi кемеден мұнайдың ағуы немесе төгiлуi салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген залал, сондай-ақ осындай залал келтiру нәтижесiнде қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк;
      2) алдын алу шараларына жұмсалған шығындар және осындай шаралар

 

келтiрген келесi залалдар болып табылады.

     4. Кеменi иеленушiге оқыс оқиға сәтiнен бастап немесе, егер оқыс

оқиға шығу тегi бiр оқиғалар тiзбегiнен тұрса, бiрiншi оқиға сәтiнен

бастап, осы Заңның 201 және 202-баптарында көзделген жағдайларды

қоспағанда, қауiптi жүктердi тасымалдаудан болған кез келген залал және

кемеден аққан мұнаймен ластағаны үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.


     201-бап. Кеме иеленушiнің жауапкершiлiктен босатылуы


     Кеме иеленушiге, егер залал:

     1) соғыс қимылдарының, табиғи құбылыстарының салдарынан;

     2) үшiншi жақтың қасақана әрекетiнен не әрекетсiздiгiнен;

     3) кеме шегiнен тысқары навигациялық құралдарға тиесiлi жұмыс

нәтижесiнде келтiрiлгенiн дәлелдей алса, қауiптi жүктердi тасымалдаудан

болған залал және кемеден аққан мұнаймен ластағаны үшiн жауапкершiлiк

жүктелмейдi.


     202-бап. Зардап шегушi тұлғаның қаскөйлiгi немесе

              енжар абайсыздығы


     Егер кеменi иеленушi ластанудан болған залалдың зардап шегушi

тұлғаның толықтай немесе iшiнара қаскөйлiгiнен немесе енжар абайсыздығынан

болғанын дәлелдеген жағдайда, кеменi иеленушi мұндай тұлға алдында

жауапкершiлiктен толықтай немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.


     203-бап. Екi немесе одан да көп кеме иеленушілердiң

              бiрдей жауапкершiлiгi


     Екi немесе одан да көп кеме иелерi қатысқан оқыс оқиға нәтижесiнде

ластанудан болған залал жағдайында, оқыс оқиғаға қатысты барлық кемелердiң

иеленушiлерiне, егер мұндай кеме иеленушiлер осы Заңның 201 және

202-баптарының негiзiнде жауапкершiлiктен босатылмаса, ластанудан болған

барлық залалдар үшiн бiрдей жауапкершiлiкте болады.


     204-бап. Кеме иеленушінiң жауапкершiлiгiн шектеу



 
       1. Кеме иеленушiнiң бiр оқыс оқиғаға жалпы сомасы төмендегідей ретпен есептелетiн қауiптi жүктердi тасымалдаудан өз жауапкершілiгiн шектеуге құқығы бар:
      1) сыйымдылығы кемiнде 2 000 тонна кеме үшiн 10 миллион есептiк көрсеткiш;
      2) сыйымдылығы кемiнде 2 000 тонна кеме үшiн осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген сомаға сыйымдылығы әрбiр келесi тонна үшiн, жалпы сомасы 100 миллион есептiк көрсеткіштен аспайтын шартпен:
      2 001-ден 50 000 тоннаға дейiн - 1,5 мың есептiк көрсеткiш;
      50 000 тоннадан жоғары - 360 есептiк көрсеткiш үстемелендi.
      2. Кеме иеленушiнiң бiр оқыс оқиғаға жалпы соманы төмендегiдей ретпен есептелетiн кемеден аққан мұнайдан ластанудан жауапкершiлiгi шектеледi:
      1) сыйымдылығы кемiнде 5 000 тонна кеме үшiн 3 миллион есептiк көрсеткiш;
      2) сыйымдылығы кемiнде 5 000 тонна кеме үшiн осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сомаға сыйымдылығы әрбiр келесi тонна үшiн, жалпы сомасы 59,7 миллион есептік көрсеткiштен аспайтын шартпен 420 есептiк көрсеткіш үстемеленедi.
 
      205-бап. Кеменi иеленушінiң толық жауапкершiлiгi
 
      Кеменi иеленушiге:
      1) ластанудан болған залал қаскөйлiкпен жасалған немесе енжар абайсыздықтан, оның өз әрекетiнiң немесе өз әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде болғаны дәлелденсе;
      2) ол осы Заңның 206-бабында көзделген жауапкершілiктi шектеу қорын құру жөнiндегi талапты орындамаса, толық көлемде жауапкершiлiк жүктеледi.
 
      206-бап. Жауапкершілiктi шектеудiң мiндеттi қоры
 
      1. Қауiптi жүктердi тасымалдаудан болған залал және кемеден аққан мұнаймен ластағаны үшiн өз жауапкершiлiгiн шектеу мақсатында кеме иеленушi оған залалды өтеу туралы қуыным ұсынылған сотта өз жауапкершiлiгiнiң шегiне тең жалпы сомада жауапкершiлiк шектеу қорын құруға мiндетті. Жауапкершiлiктi шектеу қорын кеме депозитiне сомалар енгiзу арқылы не банк кепiлдемесi немесе сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржылық қамтамасыз ету арқылы құра алады.
      2. Кеменi иеленушiнiң қауiптi жүктердi тасымалдаудан болған залалдың және кемеден аққан мұнаймен ластаудың алдын алу және азайту жөнiндегi шығыстары оған жауапкершiлiктi шектеу қорына қатысты басқа кредит берушiлерде бар құқық берiледi.
      3. Сақтандырушының немесе кеменi иеленушiнiң мiндеттерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды берушi өзге де тұлғаның осы бапқа сәйкес жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға құқығы бар. Мұндай қор, егер тiптi кеме иесi өз жауапкершiлiгiн шектей алмаса да, құрылуы мүмкін. Мұндай қорды құру иеленушiге қатысты аталған жағдайда зардап шегушiнiң құқықтарына қол сұға алмайды.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған жауапкершiлiктi шектеу қорына осы Заңның 233-бабының жауапкершiлiк шектеу қорын бөлу туралы нормалары қолданылады.
      Кез келген тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеудi талап ету басқа талаптар алдында мұндай талаптардың жиынтық сомасы осы Заңның 204-бабының 1-тармағында белгiленген жалпы сомадан аспайтын шамада ерекше қанағаттандыруға жатады.
      5. Егер кеменi иеленушi оқыс оқиғадан кейiн қауiптi жүктердi тасымалдаудан болған залал және кемеден аққан мұнаймен ластанғаны үшiн жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда, шығынды өтеудi талап етушi ешқандай тұлға да мұндай талапты қандай да бiр кеменi иеленушiнiң мүлкi есебiнен қанағаттандыруға құқығы жоқ. Бұл орайда кеменi тұтқындау мен қауiптi жүктердi тасымалдаудан болған залал және кемеден аққан мұнаймен ластанғаны үшiн өтем туралы қуынымды қанағаттандыру жөнiндегi өзге де шараларды сот күшiн жоюға тиiс.
 
      207-бап. Сақтандыру немесе жауапкершiлiктi өзге де қаржылық
               қамтамасыз ету
 
      1. Қауiптi жүктердi, сондай-ақ жүк ретiнде 2000 тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иеленушi ластанудан болатын залал үшiн жауапкершiлiктi жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға немесе қолданыстағы заңдарда көзделген жауапкершiлiктi осы Заңның 204-бабына сәйкес ластанудан болған залал үшiн өз жауапкершiлiгiнiң шегіне тең сомада жауапкершілiктi өзге де қаржылық қамтамасыз етудi ұсынуға мiндеттi.
      2. Ластанудан болған залал үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыру шарты мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      3. Кеменің бортында сақтандыруды немесе жауапкершiлiктi өзге де қаржылық қамтамасыз етудi куәландыратын куәлiктiң болуы мiндеттi. Куәлiктi көлiктегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен кемелердi тiркеу органы бередi.
 
      208-бап. Ластанудан болған залалды өтеу туралы қуыным
 
      1. Ластанудан болған залалды өтеу туралы қуыным тек осы тарауға сәйкес, кеменi иеленушiге, сақтандырушыға немесе ластанудан болған залал үшiн кеменi иеленушiнiң жауапкершiлiгiн өзге де қаржылық қамтамасыз етудi берушi тұлғаға ұсынылуы мүмкiн.
      2. Жауап берушi ретiнде әрекет ететiн сақтандырушы немесе ластанудан

 

болған залал үшiн кеменi иеленушiнiң жауапкершiлiгiн өзге де қаржылық

қамтамасыз етудi беруші тұлға, банкроттыққа немесе жойылуға сiлтеме

жасауды қоспағанда, сотта кеме иеленушi сiлтеме жасай алатындай

қарсылықтарды ұсына алады. Одан басқа, олар өздерiн қорғау үшiн ластанудан

болған залал кеменi иеленушiнiң қасақана келтiргенi туралы қарсылықты

пайдалана алады және кеменi иеленушiнi тең жауап берушi ретiнде іске

қатысуға тартуын соттан талап етуге құқығы бар.


             19-тарау. Кемелердi және басқа мүлiктердi құтқару


     209-бап. Құтқару туралы шарттар


     Кеме капитанының кеме иесiнiң атынан құтқару шаралары жүзеге асыру

үшiн құтқару туралы шарттар жасасуға құқығы бар. Кеме капитанының немесе

кеме иесiнiң мұндай шарттарды кеме бортындағы мүлiк иесiнiң атынан жасауға

құқығы бар.


     210-бап. Шарттардың күшiнiң жоқтығы немесе олардың өзгеруi


     Егер:

     1) шарт қауiптiң мөлшерден тыс ықпалымен немесе әсерiмен жасалып,

оның шарттары әдiлетсiз болып табылса;

     2) шартта көзделген төлем iс жүзiнде көрсетiлген қызмет

көрсетулерге қатысты мөлшерден тыс жоғары немесе төмен болса, шарттың

немесе оның кез келген шарты күшi жоқ деп немесе өзгерген деп танылуы

мүмкiн.


     211-бап. Құтқарушының, кеме иесінiң және кеме капитанының міндеттерi


     1. Кемесi қауiптi жағдайдағы кеме иесiне немесе басқа мүлкi қауiптi

жағдайдағы мүлiк иесiне қатысты құтқарушы:

     1) құтқару операцияларын тиiстi қамқорлықпен жүзеге асыруға;

     2) қоршаған ортаға зиянның алдын алу туралы немесе азайту туралы

тиiстi қамқорлық көрсетуге;

     3) жағдай талап еткен кезде басқа құтқарушылардан көмек көрсетудi

өтiнуге;


 
       4) кемесi қауiптi жағдайда қалғанда, егер бұл құтқарушыға сыйақы беру мөлшерiне әсер ететiн болса және мұндай талап құқыққа қайшы емес деп танылу шартымен, капитаны немесе кеме иесi немесе басқа мүлiктер қауiптi жағдайда қалғанда мүлiк иесi талап етсе, басқа құтқарушылардың қатысуына келiсуге мiндеттi.
      2. Қауiптi жағдайда қалған кеме капитаны және оның иесi немесе

 

қауiптi жағдайда қалған басқа да мүлiктiң иесi құтқарушыға қатысты:

     1) олармен құтқару операциялары барысында ынтымақтастықта болуға;

     2) қоршаған ортаға зиянның алдын алу туралы немесе азайту туралы

тиiстi қамқорлық көрсетуге;

     3) егер осыны құтқарушы талап етсе, қауiпсiз жерге жеткiзiлгеннен

кейiн кеменi немесе басқа мүлiктi қабылдауға міндетті.


     212-бап. Сыйақы шарттары


     1. Пайдалы нәтижесi бар құтқару операцияларының сыйақыға құқығы бар.

     2. Осы Заңның 214-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, егер құтқару

операцияларының пайдалы нәтижесi болмаса, ешқандай төлем төленбейдi.


     213-бап. Сыйақы белгiлеу өлшемдерi



 
       Сыйақы құтқару операцияларын ынталандыру мақсатында көрсетiлген

 

ретiне қарамастан төмендегiдей өлшемдердi есепке ала отырып, белгiленедi:

     1) кеменiң немесе басқа мүлiктiң құтқарылған құны;

     2) қоршаған ортаға зиянның алдын алуда немесе азайтуда

құтқарушылардың шеберлiгi мен күш салуы;

     3) құтқарушылар қол жеткiзген табыстың дәрежесi;

     4) қауiптiң сипаты мен деңгейi;

     5) кеменi, басқа мүлiктi, адамдарды құтқарудағы құтқарушылардың

шеберлiгi мен күш салуы;

     6) құтқарушылар жұмсаған уақыт және шеккен шығыстар мен шығындар;

     7) жауапкершiлiк тәуекелi мен құтқарушылар не олардың

құрал-жабдықтары ұшыраған өзге де тәуекелдер;

     8) қызмет көрсетудiң жылдамдығы;

     9) кемелердiң немесе құтқару операциясына арналған басқа да

құрал-жабдықтардың болуы мен пайдаланылуы;

     10) құтқарушы құрал-жабдықтарының дайындық жай-күйi, тиiмдiлiгi және

мұндай құрал-жабдықтың құны.


 
       2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген сыйақы кемедегi және басқа мүлiктегi барлық мүдделi тұлғалар арқылы және құтқарылған кеме мен басқа мүлiктiң бағасына бара бар төленедi.
      3. Сыйақыға байланысты төлеуге жататын кеме шығыстарының кез келген проценттер мен өтемдерiн қоспағанда, сыйақы кеме мен басқа мүлiктiң құтқару құнынан аспауға тиiс.
      4. Сот немесе аралық сот осы Заңның 214-бабына сәйкес төлеуге жататын арнайы өтемақыны айқындағанға дейiн осы бапқа сәйкес кеме мен басқа мүлiктiң ең жоғары құтқару құны мөлшерiнде сыйақы белгiлеуге мiндеттi емес.
 
      214-бап. Арнайы өтемақы
 
      1. Егер құтқарушы өзi немесе оның жүгi қоршаған ортаға залал келтiру қатерiн төндiрген кемеге қатысты құтқару операцияларын жүзеге асырған және осы заңның 213-бабына сәйкес сыйақы алмаған жағдайда, оның осындай кеме иесiнен осы баптың 3-тармағында айқындалғандай құтқарушының шығыстарына тең арнайы өтемақы алуына құқығы бар.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, құтқарушы өзi жүргiзген құтқару операцияларының нәтижесiнде қоршаған ортаға зиянның алдын алған немесе азайтқан жағдайда осы баптың 1-тармағына сәйкес кеме иесi төлеген арнайы өтемақы оған келтiрiлген шығыстардың ең жоғары дегенде отыз процентке дейiн көбейтiлуi мүмкiн. Сот немесе аралық сот, егер ол мұндай өтемақыны көбейту әдiлеттi деп санаса, алайда жалпы көбейтiлгенi құтқарушыға келтiрілген шығындардың жүз процентiнен аспауға тиiс осы Заңның 213-бабының 1-тармағында көзделген тиiстi өлшемдердi есепке ала алады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының мақсаттары үшiн құтқарушының шығыстары құтқару операцияларын жүзеге асыру кезiнде құтқарушының ақылға сыйымды шығарған нақты шығыстары және осы Заңның 213-бабының 1-тармағының 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген өлшемдердi есепке алғанда, құтқару операциясы барысында нақты және ақылға сыйымды қолданылған жабдықтар мен қызметкерлер үшiн әдiл төлем болып табылады.
      4. Осы Заңның 213-бабына сәйкес құтқарушы алуы мүмкiн кез келген

 

сыйақыдан асып түсетiн жағдайларда ғана және асып түсетiн мөлшерде ғана

осы бапқа сәйкес арнайы өтемақы төленедi.

     5. Егер құтқарушы ұқыпсыздық көрсетiп, соның салдарынан қоршаған

ортаға зиянның алдын ала алмаған немесе азайта алмаған жағдайда ол осы

бапқа сәйкес тиесiлi арнайы төлемақыдан толық немесе iшiнара айырылуы

мүмкiн.


     215-бап. Құтқарушылар арасында сыйақы бөлу


     Осы Заңның 213-бабына сәйкес белгiленген құтқарушылар арасындағы

сыйақыны бөлу көрсетілген бапта келтiрiлген өлшемдер есепке алына отырып

жүргiзiледi.


     216-бап. Кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында

              сыйақы бөлу



 
       1. Құтқару операциясын жүзеге асырудан тапқан кез келген сыйақыны кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлу құтқару операциясын жүзеге асыруға байланысты кеме иелерi мен экипаж мүшелерi келтiрiлген шығыстарды шегергеннен кейiн мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
      1) таза сыйақының бестен үшi кеме иесiне тиесілі болады, таза

 

сыйақының бестен екiсi кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнедi;

     2) кеме экипажы мүшелерiне тиесiлi үлес, осы тармақтың екiншi

абзацына сәйкес, олардың арасында құтқару операциясын жүзеге асыру кезiнде

көрсеткен күш салуы, және әрқайсысының жалақысы есепке алына отырып

бөлiнедi.

     Бұл ережеде ерекшелiкке тек айрықша жағдайлар болған кезде ғана жол

берiлуi мүмкiн.

     2. Осы баптың 1-тармағының нормалары мұндай операцияларды кәсiби

қызмет ретiнде жүзеге асыратын кемелердiң құтқару операцияларын жүзеге

асырғаны үшiн тапқан сыйақыны бөлуге қолданылмайды.


     217-бап. Адамдарды құтқару


     1. Құтқарылған адамдардан ешқандай сыйақы алуға болмайды.

     2. Құтқару қажеттiгi туындаған оқиғаларға байланысты қызмет көрсетуге

қатысып, адамдарды құтқарушылардың кеменi немесе өзге де мүлiктi

құтқарғаны не қоршаған ортаға зиянның алдын алғаны немесе азайтқаны үшiн

құтқарушыларға тиесiлi сомадағы әділ үлеске құқығы бар.


     218-бап. Құтқару шартын орындау кезінде көрсетiлген қызмет

              көрсетулер үшiн төлем


     Егер тек көрсетілген қызметтер қауiп туындағанға дейiн жасасқан

құтқару шартын орындауға мiндеттi деп ақылға сыйымды түрде қаралуы мүмкiн

қызмет көрсетулерден асып түспесе ғана, ешқандай төлем төленбейдi.


     219-бап. Құтқарушының дұрыс емес жүрiс-тұрысының салдары



 
       Құтқарушы, оның кiнәсiнен құтқару операциялары қаншалықты қажеттi немесе неғұрлым қиын болғандығына қарамай, осы тарауда белгiленген нормаларға сәйкес тиесiлi сыйақыдан не арнайы өтемақыдан толық немесе iшiнара айырылуы мүмкiн.
 
      220-бап. Құтқару операцияларына тыйым салу
 
      Кеме бортында қазiр де жоқ және тiптi болмаған қауiптi жағдайда қалған кеме иесiнiң немесе оның капитанының не қауiптi жағдайда қалған кез келген басқа мүлiктiң иесiнiң тыйым салғанына қарамай көрсетiлген қызметтер осы тарау белгiлеген нормаларға сәйкес төлемге құқық бермейдi.
 
      221-бап. Кемелердiң бiр кеме иесiнiң иелiгiнде болуы
 
      Егер құтқарылған кеме мен құтқару операциясын жүзеге асырушы кеме бiр кеме иесiнiң иелiгiнде болса, оған осы Заңның 213-220-баптарының нормалары қолданылады.
 
      222-бап. Құтқарушының талаптарын қамтамасыз етуді ұсыну мiндетi
 
      1. Құтқарушының өтiнiшi бойынша сыйақы немесе арнайы өтемақы төлеуге жауапты тұлға құтқарушының талаптарын қанағаттандыру үшiн тиiстi қамтамасыз ету ұсынады.
      2. Құтқарылған кеменiң иесi құтқарылған жүктiң иелерiне оларға жүк берiлген сәтке дейiн құтқарушының талаптарын қанағаттандыруды тиiстi қамтамасыз етудi ұсыну үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды.
      3. Құтқарушының келiсiмiнсiз құтқарылған кеме мен басқа мүлiк теңiз портынан немесе мұндай кеме мен мүлiк құтқару операциялары аяқталғаннан кейiн ең бiрiншi жеткiзiлген орыннан, тиiстi кемеге немесе мүлiкке құтқарушының талаптарын қанағаттандыруды тиiстi қамтамасыз ету бергенге

 

дейiн ауыстырыла алмайды.


     223-бап. Алдын ала өтем


     Құтқарушы құтқару кезiнде өздерi тапқан алдын ала төлемдi шығыстарды

өтеу шотына аударуды талап етуге хақылы.

     Аралық төлем жағдайында құтқарушының талабын кейiнгi қамтамасыз ету

тиiсiнше төмендейдi.


     224-бап. Бұқаралық билiктер бақылайтын құтқару операциялары



 
       1. Егер құтқару операциялары бұқаралық билiктер арқылы жүзеге асырылған немесе солардың бақылауында болған жағдайда, осындай операцияларды жүзеге асырушы құтқарушылар осы тарауда көзделген құқықтар мен қорғаныс құралдарын пайдалана алады.
      2. Бұқаралық билiктер құтқару операцияларын жүзеге асыруға мiндеттi. Егер құтқару операцияларын жүзеге асыру олар орындайтын өздерiнiң әдеттегi мiндеттерi болып табылмаса, осы тарауда көзделген құқықтар мен қорғаныс құралдарын пайдалана алады.
 
          20-тарау. Теңiздегi талаптар бойынша жауапкершілiктi шектеу
 
      225-бап. Теңiздегi талаптар бойынша жауапкершілiктi шектеуге
               құқығы бар тұлғалар
 
      1. Кеме иесi мен құтқарушының теңiздегi талаптары бойынша, осы Заңның 226-бабында көзделген жауапкершiлiгі осы тарауға сәйкес шектеледi.
      Осы тарауға құтқару операцияларымен, соның iшiнде осы Заңның 226-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген операциялармен тiкелей байланыстағы қызмет көрсетулердi ұсынушы кез келген тұлға құтқарушы болып табылады.
      2. Егер, осы Заңның 226-бабында көзделген теңiздегi талаптар әрекетi немесе әрекетсiздiгi үшiн осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғаның жауапкершілігiн өзiне жүктейтiн тұлғаға ұсынылса, аталған тұлғаның осы тарауға сәйкес жауапкершiлiктi шектеудi пайдалануға құқығы бар.
      3. Осы Заңның 226-бабында көзделген теңiздегi талаптар бойынша жауапкершiлiктi сақтандырушының осы тарауға сәйкес жауапкершілігi сақтандырылған тұлғамен бiрдей жауапкершiлiгiн шектеудi пайдалану құқығы бар.
      4. Теңiздегi талаптар бойынша жауапкершiлiктi шектеуге бағытталған iс-әрекет жауапкершіліктi танығанын бiлдiрмейдi.
 
      226-бап. Жауапкершiлiктi шектеу өлшемдерi
 
      1. Осы Заңның 227 және 228-баптарының нормалары сақталған жағдайда жауапкершiлiктiң негiздерiне қарамай мынадай теңiздегi талаптар жауапкершіліктi шектеуге жатады:
      1) азаматтың қаза болуына немесе денсаулығының зақымдануына не мүлiктiң жоғалуына не зақымдануына, соның iшiнде порттағы құрылыстардың, су бассейндерiнiң, су жолдарының және кеме бортында не кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты навигациялық жағдайлардың құралдарының зақымдануына байланысты талаптар, сондай-ақ осының нәтижесiнде кез келген залалды өтеу талаптары;
      2) жүктердi, жолаушыларды немесе олардың теңдеме жүктерiн теңiз арқылы тасымалдау кезінде жеткiзудiң мерзiмiн өткiзiп алудың нәтижесiнде келтiрiлген шығынды өтеу талаптары;
      3) шарттан туындамаған, ал кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты кез келген құқықты бұзу нәтижесінде келтiрілген өзге залалды өтеу талаптары;
      4) залалдың алдын алу немесе азайту жөнiндегi, олар қолданған шаралар келтiрген залал үшiн, жауапты тұлғадан гөрi өзге тұлғаның талаптары, залал үшiн және осындай шаралар келтiретiн келесi залалдар үшiн, жауапты тұлғаға қатысты, осы тарауда белгiленген нормаларға сәйкес, өзiнiң жауапкершiлігiн шектей алады.
      2. Егер тiптi олар керi талап ету тәртiбiмен немесе шарттан не басқа

 

ретте туындаған кепiлдiктер негiзiнде ұсынылса да, осы баптың 1-тармағында

көзделген талаптар жауапкершiлiктi шектеуге жатады. Осы баптың

1-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптар, залал үшiн жауапты

тұлғамен жасалған шарт бойынша сыйақыға қандай дәрежеде қатысты болғанына

қарамастан жауапкершiлiктi шектеуге жатпайды.


     227-бап. Жауапкершілікті шектеудi қолданбау


     1. Осы тарауда белгiленген нормалар:

     1) құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақыға, соның iшiнде

осы Заңның 213-бабына сәйкес арнайы өтемақыны немесе ортақ апат бойынша

жарнаны төлеуге;

     2) кемеден аққан мұнай мен ластанудан болған залалды өтеуге;

     3) қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды

өтеуге;

     4) ядролық залалды өтеуге;


 
       5) кеменi, соның iшiнде оның кеме бортында қазiр бар немесе тіптi болмағандардың барлығын судан алып шығуға, аластауға және жоюға байланысты;
      6) кемеден жүктi аластауға, жоюға немесе залалсыздандыруға байланысты;
      7) еңбек мiндеттерi кемеге немесе құтқару операцияларына байланысты кеме иесiнiң қызметкерлерi немесе құтқарушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиянды олардың мұрагерлерiне, сондай-ақ олардың қамқорлығындағы немесе олардан күтiм алуға құқығы бар тұлғаларға өтеуге;
      8) егер кеме иесi мен жолаушы Қазақстан Республикасының ұйымдары мен

 

азаматтары болып табылған жағдайда кеме жолаушыларының өмiрi мен

денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге;

     9) егер кеме иесi, құтқарушы мен зардап шегушi Қазақстан

Республикасының ұйымдары мен азаматтары болып табылған жағдайда кеменi

пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты азаматтардың

өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге қатысты талаптарға

қолданылмайды.


     228-бап. Жауапкершiлiктi шектеуге кедергi келтiретiн өлшемдер


     Залал үшiн жауапты тұлғаның, егер залал оның өзiнiң қаскөйлiкпен

жасаған немесе енжар абайсыздығын, өз әрекетiнiң немесе өз

әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде болғанын дәлелдесе, жауапкершіліктi шектеуге

құқығы жоқ.


     229-бап. Жауапкершілiктiң жалпы шектерi


     1. Осы Заңның 230-бабында көрсетiлгеннен өзге және бiр оқиғадан

туындаған талаптар бойынша жауапкершiлiктiң жалпы шегi мынадай ретпен

есептеледi:

     1) азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары

бойынша:

     сыйымдылығы кемiнде 2000 тонна кеме үшiн - 2 миллион есептiк бiрлiк;

     сыйымдылығы кемiнде 2000 тонна кеме үшін сыйымдылықтың әрбiр келесi

тоннасы үшiн, осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:

     2 001-ден 30 000 тоннаға дейiн - 800 есептiк бiрлiк;

     30 001-ден 70 000 тоннаға дейiн - 600 есептiк бiрлiк;

     70 000 тоннадан асса - 400 есептiк бiрлiк үстемеленедi;

     2) кез келген басқа талаптарға:

     сыйымдылығы кемiнде 2000 тонна кеме үшiн - 1 миллион есептiк бiрлiк;


 
       сыйымдылығы кемiнде 2000 тонна кеме үшiн сыйымдылықтың әрбiр келесi тоннасы үшiн, осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:
      2 001-ден 30 000 тоннаға дейiн - 400 есептiк бiрлiк;
      30 001-ден 70 000 тоннаға дейiн - 300 есептiк бiрлiк;
      70 000 тоннадан асса - 200 есептiк бiрлiк үстемеленедi.
      2. Егер азаматтардың өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеуге қатысты талаптары бойынша, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, есептелген сома осындай талаптарды толық төлеу үшiн жеткілiксiз болса, онда басқа талаптармен қатар бара бар негiзде қанағаттандырылатын, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес басқа талаптар бойынша есептелген сома азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша төленбеген қалдықты төлеу үшiн қолданылады.
      3. Кемеден әрекет етпеген немесе тек қана кемеде әрекет еткен құтқарушының алдыңғысына не кейiнгiсiне қатысты құтқару бойынша қызмет көрсету ұсынатын құтқарушының жауапкершiлiк шегi кеменiң сыйымдылығы 2000 тонна екендiгi негiзге ала отырып есептеледi.
      4. Сыйымдылығы 300 тоннадан артпайтын кеме үшiн жауапкершiлiк шегi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар бойынша сыйымдылығы кемiнде 2000 тонна кемелер үшiн белгiленген жауапкершiлiк шегiнiң алтыдан бiрiне тең сомада есептеледi.
 
      230-бап. Жолаушылардың талаптары бойынша жауапкершiлiктiң шегi
 
      1. Кеме жолаушыларының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша, егер олар сол бiр оқиғадан туындаса, кеме иесiнiң жауапкершiлiгiнiң шегi жүргiншi куәлiгiне сәйкес кемемен тасымалдауға рұқсат етiлетiн жолаушылар санына көбейтiлген 175 мың есеп бiрлiктерiнiң сомасы болып табылады.
      2. Осы баптың мақсаттарына кеме жолаушыларының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу талаптары деп жәбiрленушi немесе оның атынан айтылған:
      1) жолаушыны теңiзбен тасымалдау шарты бойынша;
      2) тасымалдаушының келiсiмiмен автомашинаны немесе жануарларды шығарып салу үшiн олардың өткiзiлуi жүктi теңiзбен тасымалдау шарты бойынша жүзеге асырылатын талаптары болып табылады.
 
      231-бап. Талаптарды бiрiктiру
 
      1. Осы Заңның 229-бабында айқындалған жауапкершiлiк шектерi қандай болмасын бiр оқиғадан туындаған барлық талаптар жиынтығына, мыналарға:
      1) кеме иесiне, сондай-ақ оның әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне кеме иесi жауапты болатын тұлғаға;
      2) осы кемеде құтқару қызметiн атқаратын кеме иесiне, осы кемеден әрекет еткен құтқарушыға, сондай-ақ оның әрекетi немесе әрекетсiздiгiне кеме иесi не құтқарушы жауапты болатын тұлғаға;
      3) оған құтқару жөнінде қызмет көрсетiлетiн, кемеде емес немесе тек қана кемеде әрекет еткен құтқарушыға, сондай-ақ оның әрекетi немесе әрекетсiздiгiне кеме иесi не құтқарушы жауапты болатын тұлғаға қолданылады.
      2. Осы Заңның 230-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк шектерi қандай болмасын бiр оқиғадан туындауы мүмкiн барлық талаптар жиынтығына, кеме иесiне, сондай-ақ оның әрекетi немесе әрекетсiздiгiне кеме иесi жауапты болатын тұлғаға қолданылады.
 
      232-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң ерiктi қоры
 
      1. Осы тұлғаның жауапкершілiгi шектелген талабы бойынша, оған қуыным ұсынылған сотта, жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн тұлға жауапкершiлiктi шектеу қорын құра алады.
      2. Жауапкершiлiкке әкелiп соққан оқиға күнiнен осындай қорды құру күнiне дейiн, жауапкершiлiктi шектеу қоры осы Заңның 229 және 230-баптарына сәйкес есептелетiн сома мөлшерiнде құрылады. Жауапкершiлiктi шектеу қоры тек олар бойынша жауапкершiлiгi шектелген талаптарды ғана төлеуге арналады.
      3. Жауапкершiлiктi шектеу қоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жеткілiктi деп таныған сот депозитiне соманы енгiзу немесе өзге де қаржыны қамтамасыз етудi ұсыну арқылы құрылуы мүмкін.
      4. Егер бiрнеше кеме иелерiнiң немесе құтқарушылардың сол бiр оқиғадан туындаған талаптары бойынша жауапкершiлiкті шектеуге құқығы бар болған жағдайда, жауапкершiлiктi шектеу қорын осындай бiр тұлға құрғанда, оны барлық кеме иелерi немесе құтқарушылар құрған деп саналады.
 
      233-бап. Жауапкершiлiкті шектеу қорын үлестiру
 
      1. Жауапкершiлiктi шектеу қорының үлестiру мәселелерiн осындай қорды құрған сот шешедi.
      2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры талаптардың белгiленген сомаларына үйлесiмдi, талаптары бар тұлғалардың арасында үлестiріледi.
      3. Егер жауапкершiлiктi шектеу қорын үйлестiруге дейiн, талабы бойынша жауапты тұлға немесе оның сақтандырушысы осы қорға талап бойынша өтемақы төлеген жағдайында, осындай тұлға осы тарауда белгiленген нормалардың негiзiнде оның төлеген сомалары шегiнде, өтемақы алған тұлғаның құқықтарын иеленедi.
      4. Жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда, залалды өтеуiн талап ететiн ешқандай тұлға, осындай қорды құрған тұлғалардың қандай болмасын басқа мүлкi есебiнен осындай талапты қанағаттандыруға құқығы жоқ. Сонымен кеменiң тұтқындалуы және залалды өтеу туралы қуынымды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралар сотта жойылуға тиiс.
 
                        21-тарау. Кемеге теңiздегi кепiл
                 Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы
 
      234-бап. Кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлетiн талаптар
 
      1. Кемеге теңiздегi кепiлмен кеме иесiне қатысты қамтамасыз етiлетiн талаптар:
      1) кеме капитанына және кеме бортында олардың жұмысы үшiн экипаждың басқа мүшелерiне тиесiлi жалақы мен басқа сомалар, соның iшiнде кеме капитаны атынан қайтарылатын және төленетiн шығындар және әлеуметтiк сақтандыру бойынша кеме экипажының басқа мүшелерiнiң жарналары;
      2) құрлықта немесе суда кеменi пайдалануымен тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның өтемi;
      3) кеменi құтқару үшiн сыйақы;
      4) осы Заңда көзделген алымдардың төлемi, сондай-ақ лоцманның қызметiне төлемақы;
      5) кеме арқылы тасымалданатын жүктер, контейнерлер және жолаушылардың заттарынан басқа, кеменi пайдалану кезiнде өзге де мүлiктiң жоғалған немесе зақымданған нәтижесiнде келтiрiлген нақты залалдың өтемi.
      2. Егер осындай талаптар мынадай нәтижелер негiзiнде:
      1) кемелердiң ластануынан немесе қауiптi жүктердi теңiзбен тасымалдаумен байланысты келтiрiлген залалдан;
      2) ядролық отынның, оның өнiмдерi мен қалдықтарының радиоактивтiк қасиеттерiнiң әсерiнен немесе олардың радиоактивтiк қасиеттерi олардың қауiптi қасиеттерiмен қабысу әсерiнен туындаса, осы баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген кемеге теңiздегi кепiлмен талаптар қамтамасыз етiлмейдi.
 
      235-бап. Кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етілген талаптардың
               артықшылық бере отырып қанағаттандырылуы
 
      Кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтылған мiндеттемелерден туындайтын талаптардан, осы Заңның 234-бабының 1-тармағына сәйкес кемеге теңiздегi кепілмен қамтылған талаптар артықшылық бере отырып қанағаттандырылуға жатады. Кемеге теңiздегi кепілмен қамтылған аталған талаптардың алдында ешқандай талаптар, осы заңның 252-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, артықшылық бере отырып қанағаттандырылуға жатпайды.
 
      236-бап. Кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған талаптардың өзара
               қанағаттандырудың кезектiлiгi
 
      1. Осы Заңның 234-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптар, аталған тармақта көрсетiлген кезекпен қанағаттандырылады. Кемеге теңiздегi кепiл құқығын беретiн құтқару операциялары жүзеге асырылардан бұрын туындаған кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған барлық басқа талаптардың алдынан кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары, қанағаттандырылады.
      2. Осы Заңның 234-бабының 1-тармағының 1, 2, 4 және 5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған талаптар, әрбiр кезек шектерiнде талаптардың бара бар мөлшерiнде қанағаттандырылады.
      3. Осы Заңның 234-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары осындай талаптар қайтадан туындаған кезде кезек шегiндегi тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс. Талап құтқару операцияларының аяқталу сәтiнде туындады деп есептеледi.
 
      237-бап. Кемеге теңiздегi кепілдiң ерекшелiгi
 
      Кеменi мәжбүрлеп сатуды қоспағанда, кемеге теңiздегi кепiл, кемеге меншiк құқығының ауысуына, оның тiркелуiн өзгертуiне немесе кеменiң жалауын ауыстыруына байланыссыз түрде, кемеде сақтала бередi.
 
      238-бап. Кемеге теңiздегi кепiлдi тоқтату
 
      1. Кемеге теңiздегi кепiл, осы Заңның 234-бабының 1-тармағында көзделген, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған талаптардың туындаған күнiнен бiр жыл өткенде, егер аталған мерзiмнiң өткенге дейiн кеме оны мәжбүрлеп сатуға әкелiп соғатын тұтқындалу объектiсiне айналмаса тоқтатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм:
      1) осы Заңның 234-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған талаптар бойынша, осындай талабы бар экипаж мүшесiнiң кемеден кету сәтiнен бастап;
      2) осы Заңның 234-бабының 1-тармағының 2-5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған талаптар бойынша, осындай талап туындаған сәттен бастап есептеледi.
      Аталған мерзiм, кеменiң тұтқындалуы Заңның күшi оған қолданылмайтын кезеңге дейiн тоқтатыла тұрады.
 
      239-бап. Талаптардан шегiну немесе өту
 
      1. Кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етілген талаптардан шегiну немесе өту сонымен бiрге теңiздегi кепiл құқығынан шегiнуге немесе өтуге әкелiп соғады.
      2. Азаматтардың өмiрi немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптарының және теңiз сақтандыру шарты бойынша кеме иесiне тиесiлi сақтандыру өтемiн төлеу талаптарының кемеге теңiздегi кепіл құқығы бар тұлғаға өтуiне рұқсат етiлмейдi.
 
      240-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кемені ұстап қалу құқығы
 
      1. Кеменi жасауға, сондай-ақ кеменi жөндеуге, соның iшінде оны қайта жаңартуға байланысты туындайтын талаптарды қамтамасыз ету үшiн, кеме жасау мен кеме жөндеу ұйымдарының әлгiндей кеменi, ол көрсетілген ұйымдардың меншiгiнде болған кезеңде, ұстап қалуға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген кеменi ұстап қалу құқығы, егер бұл оның тұтқындалуының салдары болмай, кеме немесе жасалып жатқан кеме, кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымының меншiгiнен шыққан сәттен бастап, тоқтатылады.
      3. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлеп сату жағдайында, кеме жасау мен кеме жөндеу ұйымдарының, осы Заңның 252-бабының 4-тармағына сәйкес, әлгiдей кеменi сатудан түскен сома есебiнен өзiнiң талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар.
 
      241-бап. Кеме немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын белгiлеу
 
      1. Кеме немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы, ақшалай мiндеттеменi қамтамасыз ету мақсатында кеме немесе жатқан кеме иесi (кепiл берушi) және несиегер (кепiл иесi) шартымен, осы Заңның 243 және 244-баптарына сәйкес, оның кейiнгi тiркелуiмен белгiленедi.
      2. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының кепiл берушiсi, оның иесiнiң келiсiмiмен оған шаруашылық жүргізу құқығы бар тұлға болуы мүмкiн.
 
      242-бап. Кеме немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасының заты
 
      1. Шартпен өзгеше көзделмеген жағдайда, кеме ипотекасы кеменi иелiк етушiге де және оның өзiне иелiк ететiн кеме иесiне де, сондай-ақ кеменiң суға батуы мен зақымдануына жауапты кеме төлеуге тиiс сақтандыру өтемiне қолданылады. Кеме ипотекасы кiрепұлға қолданылмайды.
      2. Шартпен өзгеше көзделмеген жағдайда, жасалып жатқан кеменiң ипотекасы, оны жасауға арналған әрi кеме жасау ұйымы орналасқан жерде және таңбалау немесе өзге де тәсiлдермен әдiспен анық сәйкестендiрiлген материалдар мен жабдықтарға, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша жойылуы мен зақымдануына жауапты кеменi төлеуге тиiс сақтандыру өтемiне қолданылады.
      3. Ипотеканың нысанасы екi немесе одан да көп кемелер не жасалып жатқан кемелер болып, әр кеменiң мiндеттеменi жеке-жеке қамтамасыз ету мөлшерi туралы келiсiм болмаған, кезде олардың әрқайсысы жеке-жеке, барлығы бiрге мiндеттеменi толық мөлшерде, қамтуға қызмет етедi.
 
      243-бап. Кеме немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу
 
      1. Кеме ипотекасы кеме тiркелген тiзiлiмде тiркеледi.
      2. Осы Заңның 9-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын қадап жүзуге уақытша құқық берiлген шетел кеменiң ипотекасы, сондай-ақ шетелдiк алушысы үшiн жасалып жатқан кеменiң ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркелуi мүмкiн емес.
      3. Жасалып жатқан кеменiң ипотекасы жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тiркелген жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiне тiркеледi.
      Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы, кильдi салу немесе сарапшы қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргiзу жағдайында, жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiне тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркегенге, тиiстi куәлiк берiледi.
      4. Жасалғаннан кейiн теңiз кемелерi болып есептелетiн жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмi кеме жасау ұйымдарының қасында орналасқан теңiз айлақтарында тиісiнше жүргізiледi.
      Теңiз айлақтарында жасалып жатқан кемелердiң құқығын тiркеу ережесiн көлiктегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
 
      244-бап. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
               тiркеудiң тәртiбi
 
      1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншік құқығын тiркегеннен кейiн кепiл берушiнiң өтiнiшi негiзiнде тiркеледi.
      2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу жөнiндегi өтiнiште мыналар көрсетілуге тиiс:
      1) кеменi сәйкестендiретiн (кеменiң атауы, айлақ немесе оның тiркелген орны, тiркелiм нөмiрi, түрi және сыныбы, кеменiң сыйымдылығы) немесе жасалып жатқан кеменiң (кеме жасалып жатқан орын, жасау нөмiрi, кеме түрi, кильдiң ұзындығы және басқа негiзгi өлшемдерi, тiркелiм нөмiрi деректерi;
      2) ипотекаға кепiл берушiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      3) ипотекаға кепiл иесiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;
      4) екi немесе одан да көп кеме не жасалып жатқан кемелерге ипотеканы белгілегенде, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң жоғары мөлшерi, ол туралы тараптардың келiсiмi бар болғанда, мiндеттеменi әрбiр кеме жеке қамтамасыз ететiн мөлшер;
      5) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу мерзiмi.
      Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу жөнiндегi өтiнiшке кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт, осындай шартта аталған құжаттармен, қоса берiледi.
      3. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган, егер кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарт не осындай шартқа қоса берiлетiн құжаттар кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу талаптарына сай келмесе, оны тiркеуден бас тартуға құқылы.
      4. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы тiркеу жөнiндегi өтiнiштi алған күнi тiркеледi.
      Мемлекеттiк кеме тiзілімiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiне, осы баптың 2-тармағына сәйкес, тiркеу жөнiндегi өтiнiште аталған барлық мәлiметтер енгiзіледi.
      5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган кепiл берушiге және кепiл иесiне, Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде бар жазбаларға сәйкес, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу жөнiнде белгiленген үлгiдегi куәлiктi беруге тиiс.
      6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн ақыны және осы баптың 6-тармағына сәйкес ақпаратты беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      7. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы тiркелетiн Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi, кеме кiтабы немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмi және тiркеу органына тапсырылуға тиiс кез келген құжаттар ашық болып табылады, және кез келген мүдделi тұлғаның осындай құжаттардан үзiндiлер мен көшiрмелердi алуға құқығы бар.
      8. Кеме ипотекасын тiркеген кезде ол туралы кеме құжаттарына қандай да болмасын жазбаларды енгiзу талап етiлмейдi.
 
      245-бап. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасымен
               қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын
               талаптарды артықшылық бере отырып қанағаттандыру
 
      1. Осы Заңның 234-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтылған талаптарды қоспағанда, ешқандай талаптар, осы Заңның 234-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтылған мiндеттемелерден туындайтын талаптардың алдында артықшылық бере отырып қанағаттандырылуға жатпайды.
      2. Осы Заңның 252-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз мiндеттемелерден туындайтын талаптардың алдында ешқандай талаптар артықшылық бере отырып қанағаттандырылуға жатпайды.
 
      246-бап. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасымен
               қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын
               талаптардың өзара қанағаттандырылу кезектiлiгi
 
      1. Егер бiр кемеге немесе жасалып жатқан бiр кемеге екi немесе одан да көп ипотекалар тiркелген жағдайда, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың өзара қанағаттандырылу кезектiлiгi олардың тiркелу уақытымен белгiленедi. Бұрын тiркелген ипотеканың кейiн тiркелген ипотеканың алдында басымдылығы бар. Бiр күнде тiркелген ипотекалардың күшi бiрдей.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген кеме немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың қанағаттандырылу кезектiлігі кепілдiк берушi мен кепiл иесiнiң келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Осындай келiсiм Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуге жатады.
 
      247-бап. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң
               ипотекасынан шегiну
 
      1. Кепiл иесi кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасынан басқа тұлғаға тек оның ақшалай қамтылған мiндеттемесiмен бiрге шегiнуге құқылы. Бiрiнен бiрiнсiз шегiну рұқсат етiлмейдi.
      2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасынан шегiну кезiнде, ол тiркелген Мемлекеттiк кеме тiзілiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне шегiну күнi туралы жазба және оның пайдасына шегiну жасалған тұлғаның аты-жөнi мен мекен-жайы енгiзiледi.
 
      248-бап. Ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменi
               немесе жасалып жатқан кеменi сақтау
 
      Кепiл берушi ипотекамен қамтылған кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сақтау және күтiп ұстау жөнiнде тиiстi шараларды қолдануға мiндеттi. Егер осындай мiндеттi орындамау жағдайы кеме немесе жасалып жатқан кеменiң едәуiр құнсыздануына әкелiп соқса, кепiл иесi кеме немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын, мiндеттеменi орындау мерзiмi келмегенде де, мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқылы.
 
      249-бап. Кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының
               өтуi немесе тiркеудi өзгерту
 
      1. Осы Заңның 251 және 252-баптарына сәйкес кеме немесе жасалып жатқан кеменiң мәжбүрлеп сатуын қоспағанда, кеменi мемлекеттiк кеме Тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан не жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен не жасалып жатқан кемеден меншiк құқығын алып тастауға әкелетін барлық өзге жағдайларда, тiркеу органының, егер кеме немесе жасалып жатқан кеменiң барлық тiркелген ипотекалары алдын ала қанағаттандырылмаса не барлық кепiл иелерiнен жазбаша түрде келiсiм алынбағанда, кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тиiстi тiзiлiмдерден алып тастауға құқығы жоқ.
      2. Кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен алып тастау жағдайларында, ерiктi сату жағдайын қоспағанда, мiндеттi болып табылса, тiркеу органы кепiл иелерi өз мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiстi шараларды қолдану үшiн, кепіл иелерiне кеменiң немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тиiстi тiзiлiмдерден алдағы алып тасталынуы жөнiнде хабарлама жолдауға тиiс. Олардың келiсiмiн алмаған кезде, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiстi тiзiлiмдерден жеткiлiктi кезең өткеннен кейiн, бiрақ кепiл иелерiне хабарлама бергеннен кейiн үш айдан

 

кем емес мерзiмде алынып тасталынады.


     250-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлеп сату

              үшiн негiздер


     Кепiл иесi борышты төлеу жөнiндегi мiндеттеменi орындағанда,

ипотекамен қамтамасыз етiлген кеме немесе жасалып жатқан кеме,

тұтқындалған кеменiң немесе тұтқындалған жасалып жатқан кеменiң тұрған

орнында сот шешiмiнiң негiзiнде сатылуы мүмкiн.


     251-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлеп

              сатудың тәртiбi


     Кеменi мәжбүрлеп сату кепiл затын iске асыру туралы азаматтық заңның

ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.


     252-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлеп

              сатудың салдарлары



 
       1. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлеп сату жағдайында, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң барлық тiркелген ипотекалары, кепiл иелерiнiң келiсiмiмен сатып алушы өзiне алғандарын қоспағанда, барлық кепiлдер және басқа да кез келген түрдегi ауыртпалықтар кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты әрекеттерiн тоқтатады.
      2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң тұтқындалуымен және кейiнгi сатылуымен байланысты шығыстар бiрiншi кезекте олардың сатылуынан алынған сомалар есебiнен төленедi. Осындай шығыстар өзiне, атап айтқанда кеменi тұтқындау сәтiнен кеменi және кеме экипажының мүшелерiн күтiп ұстауға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ осы Заңның 234-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған жалақыны, басқа сомаларды және шығыстарды қосады. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома қалдығы осы тарауға сәйкес тиiстi талаптарды қанағаттандыруға қажеттi дәрежеде таратылады. Оларды ұсынған барлық тұлғалардың талаптарын қанағаттандырудан кейiн кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома, егер ол қалса, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң иесiне қайтарылады және еркін аударылуы мүмкін.
      3. Суға батқан кеменi мәжбүрлеп сату жағдайында, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе теңiз арнасын ластанудан қорғау мақсатында, оның судан шығарылуын порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады, суға батқан кеменi судан шығаруға жұмсалатын шығыстар, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген кез келген талаптарды қанағаттандыруға дейiн, оның сатылуынан алынған сома есебiнен төленедi.
      4. Кеме немесе жасалып жатқан кеме мәжбүрлеп сату кезiнде, оны ұстап қалу құқығы бар, кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымының меншiгiнде болған жағдайда, осындай ұйым кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушының пайдасына иеленуден бас тартуы тиiс; сонымен оның кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома есебiнен өзiнiң талабын қанағаттандыруға құқығы бар. Осы Заңның 234-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптардың болуы кезiнде, кеме жөндеу ұйымының осындай құқығы аталған талаптарды қанағаттандырудан кейiн туындайды.
      5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлеп сату жағдайында, құзыреттi орган сатып алушының өтiнiшi бойынша кеме немесе жасалып жатқан кеме ешқандай ипотекалармен, кепiл иесiнiң келiсiмiмен сатып алушының өзiне алғандарды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген деген құжатты бередi.
      Осындай құжатты ұсынған кезде, кеме немесе жасалып жатқан кемеге ипотекасының тiркеуiн жүзеге асырған органдар кеме немесе жасалып жатқан кемеге тiркелген барлық ипотекаларды, сатып алушы өзiне алғандарды қоспағанда, кемелердің тиiстi тiзiлiмiнен немесе жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiнен алып тастауға мiндеттi.
      6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң сатып алушысы Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұлғасы болған жағдайда кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде осындай сатып алушының атына тiркелуге тиiс. Кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде тiркелген және осындай кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң сатып алушысы шетел азаматы не шетел заңды тұлғасы болған жағдайда, кеменi тiркеу органы немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу органы осындай сатып алушыға кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан

 

алып тастау жөнiнде немесе кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк

құқығын шетел мемлекеттерiнiң тиiстi тiзiлiмiнде тiркеу мақсатында,

жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын жасалып жатқан кемелер тiзiлiмінен

алып тастау жөнiнде куәлiк беруге мiндеттi.


     253-бап. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң

              ипотекасын тоқтату


     1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы мынадай

жағдайларда:

     1) ақшалай қарызын өтегенде;

     2) ақшалай мiндеттеменi қарызды өтеуден өзге де әдiстермен (мәжбүрлеп

сату және басқалары) тоқтатқанда;


 
       3) егер кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының кепіл иесi теңiздегi сақтандыру шартына сәйкес, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң жойылуымен байланысты тиесiлi сақтандыру өтеуiне өз талабын жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң

 

жойылуы кезiнде тоқтатылады.

     2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда, кеме немесе жасалып

жатқан кеменiң ипотекасын тоқтату туралы дәлелдемелер ұсынылғанда, тіркеу

органы кемелердiң тиiстi тiзiлiмiне немесе жасалып жатқан кемелердiң

тiзiлiмiне кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тоқтату туралы

жазбаны енгiзедi.


                       22-тарау. Кеменi тұтқындау


     254-бап. Кемені тұтқындаудың негiздерi



 
       1. Осы тараудың мақсатындағы кеменi тұтқындау теңiздегi талапты қамтамасыз ету үшiн кеменi ұстау немесе оның жүрiп-тұруына тыйым салу болып табылады.
      2. Кеме, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi кепiлмен қамтамасыз еткен, теңiздегi талап бойынша ғана тұтқындалуы мүмкiн.
      3. Теңiздегi талапты қамтамасыз ету мақсатында, басқа мемлекеттiң

 

сотында қаралуға тиiс теңiздегi талап туралы тиiстi шарттың талаптарына

қарамастан, кеменiң тұтқындалуы мүмкiн.

     4. Кеме теңiздегi талаптарға қатыссыз талаптар бойынша:

     1) кеме иесiнiң банкротқа ұшырауы немесе заңды тұлға - кеме иесiнiң

жойылуы;

     2) қылмыстық iс бойынша тәркiлеудiң қамтамасыз етiлуi жағдайларында

ғана тұтқындалуы мүмкін.

     5. Осы тарау, осы заңда көзделген теңiз порты капитанының кеменiң

теңiз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту, кеме мен жүктi ұстап тұру

құқықтарын бiлдiрмейдi.

     6. Осы тарауда реттелмеген, кеменi тұтқындаудан туындайтын құқық

қатынастары бөлiмiнде заңдардың жалпы нормалары қолданылады.


     255-бап. Теңiздегi талап


     Теңiздегi талап:

     1) кеменi пайдалану кезiнде келтiрiлген залалмен;


 
       2) кемені пайдаланумен тiкелей байланыста құрлықта немесе суда азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянмен;
      3) құтқару операциясын немесе құтқару туралы шартты жүзеге асырумен;
      4) егер мұндай талап Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан, заңынан немесе шартынан туындайтын болса, залалдың алдын алу немесе азайту шараларын қолдануға жұмсалған шығыстар, соның iшiнде айналадағы ортаға келтiрілген залал, сондай-ақ осындай шаралардың әсерiнен келтiрiлген

 

немесе келтiруi мүмкiн залалмен;

     5) суға батқан кеткен кеменi немесе оның жүгiн көтеру судан шығару

немесе жоюға жұмсалған шығыстармен;

     6) кеменi пайдалану туралы шартпен;

     7) жүктi теңiзде тасымалдау шартымен немесе жолаушыларды теңiзге

тасымалдау шартымен;

     8) кемедегi жүктiң және теңдеме жүктiң жоғалуы немесе бүлiнуiмен;

     9) ортақ апатпен;

     10) лоцмандық жүргiзумен;

     11) сүйретумен;

     12) азық-түлiк өнiмдерiн, материалдарды, отынды, запастарды,

құрал-жабдықтарды, соның iшiнде кеменi пайдалануға немесе оны күтiп

ұстауға қажет контейнерлермен;

     13) кеменiң құрылысымен, жөндеумен, жаңғыртумен немесе қайта

жабдықтаумен;

     14) порттағы теңiз әкiмшiлiгiне төленетiн алымдармен, сондай-ақ теңiз

портында төленетiн төлемдермен;

     15) кеме капитанына және кеме экипажының басқа мүшелерiне тиесiлi

жалақымен және басқа сомалармен;

     16) кемеге қатысты жұмсалатын шығындармен;

     17) сақтандыру сыйлығымен;

     18) теңiз агентiне, теңiз брокерiне сыйақы берумен;

     19) кеменi иелену құқығы туралы немесе меншiк құқығы туралы дауға

салумен;

     20) кеме иеленушiлерiнiң арасындағы кеменi пайдалану мен пайданы

бөлудi дауға салумен;

     21) кеменi сатып алу-сату шартынан туындайтын дауға салумен

байланысты мәлiмделген кез келген талап болып табылады.


     256-бап. Тұтқындауға болмайтын кеме


     1. Теңiздегi талаптарға қатысты талаптар бойынша, егер:

     1) кемеге меншiк құқығы тұтқындау сәтiнде үшiншi жаққа берiлген болса;

     2) кеме өзге жалдаушы арқылы жалданған болса тұтқындалмайды.


 
       2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер кеменiң меншiк құқығына немесе оны иелену құқығына байланысты талапқа қатысты қолданылмайды.
 
      257-бап. Тұтқындалған кеменің иесін қорғау
 
      1. Сот кеменi тұтқындау немесе оған бұрын берілген тұтқындаудың ұзартылу шарты ретiнде, кеменi тұтқындауды талап етушi немесе кеменi тұтқындаудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға, кеменi тұтқындаудың нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн шығындарды сот айқындайтын көлем мен шартта қамтамасыз етілудiң берілуiн мiндеттеуi тиiс.
      Осы ереже осы Заңның 255-бабының 15) тармақшасында көзделген талап

 

бойынша кеменi тұтқындауды немесе оның тұтқындаудың ұзартылуын талап етушi

тұлғаға қатысты қолданылмайды.

     2. Кеменi тұтқындауға рұқсат берген немесе кеменi тұтқындаудың алдын

ала талаптың өзгеше қамтамасыз етiлу шараларын қолданған сот, тұтқындалған

кеменің иесінің талабы бойынша кеменiң тұтқындалуына байланысты келтiрiлген

шығындардың кеменi тұтқындауды талап еткен немесе қамтамасыз

етiлудi ұсынған тұлғаның жауаптылығының ауқымын айқындауға құқылы.


                         23-тарау. Теңiздегi наразылық


     258-бап. Теңiздегi наразылық


     1. Кеме жүзiп жүрген немесе тоқтап тұрған уақытта кеме иесiне

мүлiктiк талаптарды ұсыну үшiн негiз болып табылатын оқиға орын алған

жағдайда, кеме капитаны дәлелдемелерiн қамтамасыз ету мақсатында теңiздегi

наразылық туралы мәлiмдеме жасауы тиiс.

     2. Теңiзден наразылық оқиғаның мән-жайы мен туу себептерiне

байланысты, соның iшiнде залал туралы ақпаратты және залалдың алдын алу

немесе азайту жөнiндегi қолданылған шаралар туралы толық ақпаратты

бiлдiруi тиiс.


     259-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме


     1. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме:

     1) Қазақстан Республикасының портында - нотариатқа;


 
       2) шетел айлағында Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнiң лауазымды адамына немесе сол мемлекеттiң заңымен белгiленген шетел мемлекетiнiң құзыреттi лауазымды тұлғасына жасалады.
      2. Оқиға:
      1) теңiз портында болса, оқиға өткен сәттен бастап 24 сағат ішiнде;
      2) кеме жүзiп жүрген уақытта болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға өткеннен соң алғашқы теңiз портына келiп тоқтаған сәтiнен бастап 24 сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жасалады.
      Оқиға жүзу уақытында болған жағдайда, оқиғадан болғаннан кейiн алғашқы портқа кiрумен байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығындардың елеулi ысырабын болдырмау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеме немесе кеме капитаны оқиға өткеннен кейiнгi алғашқы порт болып табылмайтын портқа келiп тоқтаған сәтте жасалуы мүмкiн.
      3. Осы баптың 2) тармағында белгіленген мерзiмде теңiздегі наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, бұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуi тиiс.
      4. Мұндай құқық тиiстi халықаралық шартта көзделген болса, шетел кемелерiнiң капитандары кеме жалауын қадап жүзiп жүрген мемлекеттiң консулдық мекемелерiне теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жасауға құқығы бар.
 
      260-бап. Жүкке келтiрiлген залалға қатысты теңiздегi наразылық
               туралы мәлімдеме
 
      Оқиғаның нәтижесiнде кемедегi жүкке залал келтiрілген деп ұйғарылатын негiздемелер болғанда, теңiздегi наразылық туралы мәлімдеме люктердi ашқанға дейiн жасалуы тиiс. Теңiздегi наразылық мәлiмдеме жасалғанға дейiн кемедегi жүктi түсiру аса қажет жағдайда ғана басталуы мүмкiн.
 

 

     261-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жіберілген тұлғаға

              кеме журналының берілуі


     1. Кеменiң немесе кеме капитанының теңiз портына келiп тоқтаған

сәтiнен бастап, сондай-ақ оқиғаның өзi портта орын алған болса, кемiнде

жетi күн мерзiмде, кеме капитаны теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме

жiберiлген тұлғаға танысу үшiн кеме журналын және кеме журналының

көшiрмесiн беруге мiндетті. Кеме журналының көшiрмесiн кеменің капитаны

куәландыруы тиiс.

     2. Кеме журналы жойылған жағдайда, кеме журналының жойылуының

мән-жайы мен себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде баяндалуы

тиiс.


     262-бап. Теңiздегi наразылық туралы акт жасау


     Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеменi қабылдауға уәкiлетті тұлғалар

кеме капитанының мәлiмдемесi, кеме журналының деректерi, кеме капитанын

сұрастыру және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерiн

сұрастыру негiзiнде теңiздегi наразылық туралы акт жасайды.


            24-тарау. Актiлер, талап етулер мен қуынымдар.

                                Қуыным мерзімi


     263-бап. Жүктi теңiзде тасымалдауға қатысушылардың

              жауаптылығы үшiн негiз болып табылатын

              мән-жайдың куәлiгi



 
       1. Жүк тасымалдаушының, жiберушiнiң, алушының және жолаушының жауаптылығы үшiн негiз болып табылатын мән-жайды коммерциялық актiлер немесе жалпы нысандағы актiлер арқылы куәландырады. Шетел порттарында, аталған мән-жайды, сол портта қолданылатын ережелермен сәйкестiкте куәландырады.
      2. Коммерциялық акт:
      1) Жүктiң немесе нақты теңдеме жүктiң атауы, көлемi немесе

 

орындарының саны арасында және тасымалдау құжатында көрсетiлген деректерде

сәйкессiздiктер болғанда;

     2) жүк немесе теңдеме жүк бүлiнгенде;

     3) құжатсыз жүк немесе теңдеме жүк, сондай-ақ жүксiз немесе теңдеме

жүксiз құжаттар табылғанда;

     4) тасымалдаушыға ұрланған жүктi немесе теңдеме жүктi қайтарғанда

куәландыру үшiн жасалады.

     3. Актiлердiң нысандары, оларды жасау тәртiбi және мән-жайды

куәландыру тәртiбi көлiктiк уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен

ережелермен белгiленедi.


     264-бап. Талап етулер



 
       Осы Заңмен реттелетiн құқықтық қатынастардан туындайтын қуынымды ұсынғанға дейiн талап етудi ұсыну мiндеттi болып табылады.
 
      265-бап. Талап етулер мен қуынымдарды ұсыну құқығын беру
 
      1. Талап етулер мен қуынымдарды ұсыну құқығын, мұндай құқықты жіберушiнiң алушыға беруi немесе керiсiнше жағдайларды, сондай-ақ жiберушi немесе алушының экспедиторға немесе сақтандырушыға беретiн жағдайларын қоспағанда, басқа ұйымдарға немесе азаматтарға беруге рұқсат етiлмейдi.
      2. Талап ету мен қуынымды ұсыну құқығының берілуiн коносаменттегi немесе өзге тасымалдау құжатындағы сатылы түрдегi жазбамен куәландырады.
 
      266-бап. Талап етудi ұсыну мен қараудың мерзiмдерi
 
      1. Осы Заңмен реттелетiн құқықтық қатынастардан туындайтын талап етулер қуыным мерзiмі уақытының ішiнде ұсынылуы мүмкiн.
      2. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын талап етулердi қоспағандағы талап етулер азаматтық іс жүргiзу заңдары белгіленген тәртiпте ұсынылады және қаралады.
      3. Талап ету ұсынылған күннен бастап, талап етуге жауап алғанға дейiн немесе жауап берудiң белгiленген мерзiмiнiң өтуiмен байланысты қуыным мерзiмi уақытында тоқтатылады.
      4. Қуыным мерзiмiнiң уақыты талап етуге жауап алғаннан кейiн немесе жауап алудың белгiленген мерзiмiнiң өтуiне байланысты жаңартылады. Егер бұл жағдайда қуыным мерзiмiнiң уақыты отыз күннен аз болса, онда қуыным мерзiмiнiң уақыты отыз күнге дейiн ұзартылады.
 
      267-бап. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын талап
               етулердi ұсыну мен қарау
 
      1. Талап ету жүк тасымалдаған тасымалдаушыға, егер жүк тасымалданбаған болса, теңiздегi жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға ұсынылады. Аралық қатынастағы жүк тасымалынан туындайтын талап ету жүктi тасымалдаудың соңғы пунктiне жеткiзген тасымалдаушыға ұсынылады.
      2. Жүктiң жоғалуы немесе бүлiнуi туралы талап етуге тасымалдау құжаттарынан басқа, талап етуге құқық беретiн құжаттар, жiберiлген жүктiң мөлшерi мен құнын куәландыратын құжаттар қоса тiркелуi тиiс. Тасымалдау құжаттарының түпнұсқасы көрсетiледi.
      3. Тасымалдаушы талап етудi алғаннан кейiн екi апта мерзiмде, осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар талап етуге қоса тiркелмеген болса, оны қарамай қайтаруға құқығы бар. Тасымалдаушы көрсетiлген мерзiмде мәлiмдеушiге тиiсiнше ресiмделмеген құжатты қайтармаған жағдайда, ол қарауға қабылданған болып есептеледi.
      4. Теңiздегi жүк тасымалдау шартынан туындайтын талап ету оны алған күннен бастап отыз күн iшiнде қаралуы тиiс. Мәлiмдеушi талаптың қанағаттандырылғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабардар етiлуi тиiс.
 
      268-бап. Теңiздегi жүк тасымалдау шартынан туындайтын
               талаптар бойынша қуыным мерзiмiнiң уақыты
 
      1. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын талаптарға қуыным мерзiмінің жылдық мерзiмi қолданылады.
      2. Аталған мерзiм:
      1) жүктiң жоғалуынан келген залалдың орнын толтыру, жүк берiлуi тиiс күннен бастап отыз күн iшiнде, аралас қатынастағы жүк тасымалы кезiнде тасымалдау үшiн жүктi қабылдаған күннен бастап төрт ай өткенде орнын толтыру;
      2) жүктiң бүлiнуi, жүктiң жеткiзiлу мерзiмiнiң өтуi, жүк тасымалдау ақысының қайтарылуы немесе өндiрілiп алынуы жүк берiлген күннен бастап, егер жүк берiлмесе, ол берiлуге тиiс күннен бастап залалдың орнын толтыру;
      3) кеменiң берілуi немесе оның кешiктiрiп берiлуiнiң шығындардың орнын толтыру, бос тұрып қалуына төленген ақылар, жүктi мерзiмiнен бұрын тиеу немесе түсiруге берiлетiн сыйлықтар жүк тасымалдау басталатын немесе басталуға тиiс айдың аяқталған күнiнен бастап келесi айда берiлу;
      4) басқа барлық жағдайларда талапты ұсынуға негiз болып табылатын оқиға басталған күннен бастапқы талаптар бойынша есептеледi.
 
      269-бап. Өзге талаптар бойынша қуыным мерзiмi
 
      1. Жетекке алу шартынан, теңiз агентiн белгiлеу шартынан, теңіз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден, бербоут-чартерден және ортақ апаттан туындайтын талаптар бойынша:
      1) Жетекке алу шартынан, теңiз агентiн белгiлеу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден және бербоут-чартерден туындайтын талаптар бойынша қуынымға құқық пайда болған күннен бастап;
      2) ортақ апаттан туындайтын талаптар бойынша диспаша жасалған күннен бастап қуыным мерзiмiнiң уақыты есептеледi.
      2. Осы Заңның 199-бабында көзделген керi талаптарға тиiстi соманы төлеген күннен бастап есептелетiн қуыным мерзiмi уақытының жылдық мерзiмi қолданылады.
 
      270-бап. Кемелерден аққан мұнайдан келген залал мен қауіпті
               жүктердi теңiзде тасымалдауға байланысты келген залалдың
               орнын толтыру талаптары бойынша қуыным мерзiмi
 
      Кемелерден аққан мұнайдан келген залал мен қауiптi жүктердi теңiзде тасымалдауға байланысты келген залалды өтеу туралы қуынымдар жәбірленушi мұндай залалдың келтiрiлгенi туралы бiлген немесе бiлуге тиiс күннен бастап үш жыл iшiнде өтеледi. Алайда кемелерден аққан мұнайдан келген залалды өтеу туралы қуынымдарды кемелерден мұнай ағуды туғызушы оқыс оқиға болған күннен бастап алты жыл өткеннен кейiн; қауiптi жүктердi теңiзде

 

тасымалдауға байланысты келтiрiлген залалды өтеу туралы қуынымдар мұндай

залалды туғызушы оқыс оқиға болған күннен бастап он жыл өткеннен кейiн

ұсынуға болмайды.


     271-бап. Жалпы мерзiмнiң қолданылуы


     Осы Заңда қуыным мерзiмiнің уақыты көзделмеген талаптарға Қазақстан

Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген қуыным мерзiмiнiң жалпы

мерзiмi қолданылады.


     272-бап. Ортақ апат болғанда қуыным мерзiмi уақытының тоқтатылуы


     Егер талапта есептелген сома ортақ апат жөнiндегi есептеулермен

байланысты болған жағдайда, қуыным мерзiмi уақытының өтуi диспашердiң

ортақ апаттың болғандығы туралы қаулыны шығарған күнiнен бастап және

мүдделi жақтың диспашаны алған күнiне дейiнгi уақытқа тоқтатылады.


                         25-тарау. Қолданылатын құқық


     273-бап. Қолданылуға тиiс құқықтың айқындалуы



 
       1. Шетел азаматтары немесе шетел заңды тұлғалары не күрделенген шетел элементi қатысқан теңiзде сауда жасау мақсатында жүзуден туындайтын қатынастардың құқығы, соның iшiнде егер азаматтық құқықтар объектiсi Қазақстан Республикасынан тыс жүрген болса, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, осы Заңға, Қазақстан Республикасы таныған басқа заңдарға және теңізде сауда жасау мақсатында жүзу дәстүрлерiне сәйкес қолданылуы тиiс.
      2. Осы Заңда көзделген шарттың тараптары шарт бойынша қолданылуға тиiс құқықты шарт жасасуда немесе одан кейiн таңдай алады. Қолданылуға тиiс құқық туралы тараптардың келiсiмi болмағанда, осы Заңның нормалары қолданылады; мұндай келiсiмнiң болуы осы Заңда белгiленген, жолаушының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян, жүк пен теңдеме жүктiң жоғалуы немесе бүлiнуi не олардың жеткiзiлуiнiң мерзiмiнiң өтуiне жүк тасымалдаушының жауаптылығының алынып тасталуын немесе азайтылуын білдiрмейдi.
 
      274-бап. Кемеге меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтар
 
      1. Кемеге меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтар, сондай-ақ мұндай құқықтардың пайда болуы, ауысуы мен тоқтатылуы кемеге жалауында белгiленген мемлекетi заңымен айқындалады.
      2. Басқа мемлекеттің жалауын қадап жүзуге уақытша құқық берiлген кеменiң заттық құқықтарына, кеме жалауын өзгерткенге дейiн тiкелей тiркелген мемлекеттiң заңы қолданылады.
      3. Егер кеме құрылысы туралы шартта өзгеше көзделмесе жасалып жатқан кемеге құқық кеменi жасауға қабылдаған немесе кеменi жасап жатқан мемлекеттiң заңымен айқындалады.
 
      275-бап. Кеме экипажы мүшелерiнің құқықтық жағдайы
 
      1. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы мен кеменi пайдалануға байланысты кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастар кеме жалауында белгiленген мемлекет заңымен айқындалады.
      2. Егер шетел азаматтары болып табылатын кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастарды реттейтiн шартта өзгеше көзделмеген болса, кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастар кеме жалауында белгiленген мемлекет заңымен реттеледi.
      Кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастарға қатысты қолданылуға тиiс құқықты еңбек шарты тараптарының таңдауы құқықтың тиістi қолданылуы туралы тараптардың келiсiмi болмағанда, осы қатынастарды реттейтiн сол мемлекеттiң құқықтық нормаларымен салыстырғанда, кеме экипажы мүшелерiнiң еңбек ету жағдайларының төмендеуiне әкелмеуi тиiс.
 
      276-бап. Суға батқан мүлiкке құқық
 
      1. Iшкi теңiз суларында немесе аумақтық теңiзде суға батқан мүлiкке құқық, сондай-ақ суға батқан мүлiкке байланысты туындаған қатынастар мүлiк суға батқан мемлекеттiң заңымен айқындалады.
      2. Ашық теңiзде суға батқан кемелерге, олардың жүктерi мен өзге мүлiктерiне кеме жалауында белгiленген мемлекет заңы қолданылады.
 
      277-бап. Теңiзде сауда жасау мақсатында жүзу саласында жасасқан
               шарттардан туындайтын қатынастар
 
      1. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан, жетекке алу шартынан, теңiзде агент белгiлеу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, теңiзде сақтандыру шартынан, тайм-чартерден, бербоут-чартерден туындайтын қатынастар тараптардың келiсiмiнде көзделген мемлекеттiң заңымен реттеледi, жолаушыны теңiзде тасымалдау шартынан туындайтын қатынастар жолаушының билетiнде көрсетiлген мемлекеттiң заңымен реттеледi.
      2. Тараптардың қолданылуға тиiс құқық туралы келiсiмi болмағанда, тараптардың шарттардан туындайтын қатынастары:
      1) теңiзде тасымалдаудың шартында - тасымалдаушы;
      2) теңiзде агент белгiлеу шартында, тайм-чартерде және бербоут-чартерде - кеме иесi;
      3) жетекке алу - жетекке алған кеме иесi;
      4) теңiздегi делдалдық шартында - сенiм бiлдiрушi;
      5) теңiзде сақтандыру шартында сақтандырушы болып табылатын тарап құрылған немесе негізгi қызмет орны не мекен-жайы орналасқан мемлекеттiң заңымен реттеледi.
 
      278-бап. Ортақ апат
 
      1. Ортақ апаттан туындайтын қатынастар тараптардың қолданылуға тиiс құқық туралы келiсiмi болмағанда, ортақ апат оқиғасынан соң кеме рейсi аяқталған порттың мемлекетiнiң заңымен реттеледi.
      Ортақ апатқа байланысты мүдделерi қозғалатын барлық адамдар бір мемлекеттiкі болған жағдайларда, сол мемлекеттiң заңы қолданылады.
      2. Ортақ апатты бөлудiң тәртiбi, егер ол Қазақстан Республикасында бөлiнетiн болса, осы Заңның 16-тарауына сәйкес реттеледi.
 
      279-бап. Кемелердiң соқтығысуынан туындаған қатынастар
 
      1. Кемелердiң iшкi теңiз суларында және аумақтық теңiзде

 

соқтығысуынан туындаған қатынастар соқтығысу өткен аумақтағы мемлекеттiң

заңымен реттеледi.

     2. Егер кемелердiң соқтығысуы ашық теңiзде болған және дауға салулар

Қазақстан Республикасында қаралған жағдайда, осы Заңның 17-тарауының

нормалары қолданылады.

     3. Бiр мемлекеттiң жалауын қадап жүзiп жүрген кемелердiң

соқтығысуынан туындайтын қатынастарға, кемелердiң соқтығысу орындарына

қарамастан, сол мемлекеттiң заңы қолданылады.


     280-бап. Кемелерден мұнай ағудан келген залалдан туындайтын

              қатынастар


     Кемелерден мұнай ағудан келген залал:

     1) Қазақстан Республикасының аумағында кемелерден мұнай ағудан келген

залалға;

     2) олар қай жерде қолданылса да, мұндай залалды болдырмаудың немесе

азайтудың сақтандыратын шараларына қатысты осы Заңның 18-тарауының

нормалары қолданылады.


     281-бап. Қауiптi жүктерді теңiзде тасымалдауға байланысты келген

              залалдан туындайтын қатынастар


     Қауiптi жүктердi теңiзде тасымалдауға байланысты келтiрiлген:

     1) Қазақстан Республикасының аумағында, соның iшiнде аумақтық теңiзде

келтiрiлген кез келген залалға;

     2) Егер мұндай залал Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын

қадап жүзетiн кеменiң бортында тасымалданатын қауiптi және зиянды

заттардан келген залалдан өзге, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс

жерлерде айналадағы ортаның, соның iшiнде аумақтық теңiздiң ластануынан

келген залалға;

     3) олар қай жерде қолданылса да, залалды болдырмаудың немесе

азайтудың сақтандыратын шараларына осы Заңның 18-тарауының нормалары

қолданылады.


     282-бап. Кеме мен өзге мүлiктi құтқарудан туындайтын қатынастар



 
       1. Кеме мен өзге мүлiктi iшкi суларда және аумақтық теңiзді құтқарудан туындайтын қатынастарға қолданылуға тиiс құқық туралы тараптардың келiсiмi болмағанда, құтқаруды ұйымдастырған мемлекеттiк заңы қолданылады, егер құтқару ашық теңiзде жүзеге асырылса және дауға салу Қазақстан Республикасында қаралса, осы Заңның 19-тарауының нормалары қолданылады.
      2. Егер құтқарушы және құтқарылған кемелер бiр мемлекеттiң жалауын қадап жүзетiн жағдайда, құтқару орнына қарамастан, кеме жалауында белгiленген мемлекет заңы қолданылады.
      3. Кеменi құтқарушы кеменiң иесiнiң, оның капитанының және кеме

 

экипажының басқа мүшелерiнiң арасында сыйақыны бөлуде кеме жалауында

белгiленген мемлекет заңы қолданылады, егер құтқару кемеде жүзеге

асырылмаған болса, құтқарушы мен оның қызметкерлерi арасындағы

қатынастарды реттейтiн шартқа әсерiн тигiзетiн заң қолданылады.


     283-бап. Кемеге теңiздегi кепiл


     Кемеге теңiздегi кепiлдiң пайда болуы мен кемеге теңiздегi кепiл

қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгiне дауға салып

қарайтын сот мемлекетiнiң заңы қолданылады.


     284-бап. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы


     Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын белгiлеу мен кеменiң

немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасының тiркелуін қамтамасыз еткен

мiндеттемелерден туындайтын талаптарда қанағаттандырудың кезектiлiгi

ипотеканы тiркеген мемлекеттiң заңымен реттеледi.


     285-бап. Кеме иесінің жауаптылығының шегі


     Кеме иесінің жауаптылығының шегі кеме жалауында белгіленген мемлекет

заңымен айқындалады.


                       26-тарау. Қорытынды ережелер


     286-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуінің тәртібі


     Осы Заң жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.



     Қазақстан Республикасының

             Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады