Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1997 жылғы 11 маусымда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісім;
2000 жылғы 2 қарашада Бішкек қаласында жасалған 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Қырғыз Республикасы
Үкіметінің тауарларды экспорт және импорт жасағанда
акциз салығын алу принциптері туралы
Келісім*
*(2001 жылғы 2 наурызда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2002 ж., N 1, 10-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, бұдан әрі қарай келісім жасаушы Жақтар деп аталады, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында теңдік және өзара пайда негізінде, жалпыға белгілі нормалар және халықаралық сауда тәртібін басшылыққа ала отырып, сауда-экономикалық дамуға ұмтылып мынаған келісті:
1-бап
Экспорт жасағанда алу принципі
1. Келісім жасаған бір Жақ Келісім жасаған екінші Жаққа экспорт жасаған тауарларға акциз салығын салмайды.
2. Осы баптың 1-тармағындағы тәртіп спирттің барлық түрлері мен алкоголь өнімдері жөнінде қырғыз жағынан "Киргизалко" мемлекеттік корпорациясына, қазақ жағынан осы өнімдерді шығаруға лицензиялары бар кәсіпорындарға ғана қолданылады.
2-бап
Импорт жасағанда алу принципі
1. Келісілген бір Жақтың аумағына импортталған, келісілген екінші жақтың аумағынан экспортталған тауарларға қолданымдағы заң бойынша импорт жіберген елдің акциз салығы салынады.
Акциз салығы импорт жасаған Келісілген Жақтың кеден аумағына жіберілген кезде кеден органдары арқылы салынады.
2. Импорт жасалған тауарлардың акциз салығы Келісілген Жақтардың заңдарына сәйкес алынады.
3-бап
Даулы мәселелерді шешу
1. Келісілген Жақтар осы Келісімнің мақсатына сәйкес тауарларды экспорт және импорт жасағанда оны бақылау мен хабар алу жөнінен келісіп қызмет істейді.
2. Осы Келісімнің тәртібін қолдану және түсінісу жөнінен Келісім жасаушы Жақтардың арасындағы даулар мен түсінбеушіліктер Келісім жасаушы Жақтардың арасындағы келіссөз және консультация жасасу арқылы шешеді.
4-бап
Күшіне енуі
1. Осы Келісім, Келісім жасаушы Жақтар барлық осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті ұлттық заңдылықтарға сәйкес ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалуы туралы елшілік ноталары аумасқан уақыттан күшіне енеді, және Келісім жасаушы Жақтардың бірі оның күшін жою туралы жазбаша хабардар еткен уақыттан кейін 12 ай бойы күшіне қалады.
2. осы Келісім күшіне енгеннен кейін тауарларға ғана байланыста қолданылады.
3. Осы Келісімдегі 1-баптың 1-тармағындағы нұсқау мұнай және мұнай өнімдеріне 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін қолданылмайды.
1997 жылдың 11 маусымында Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде 2 дана болып жасалынды, және әрбір мәтіннің күштері бірдей. Келісім Жасаушы Жақтардың арасында осы Келісім қазақ және қырғыз тілдеріндегі мәтіні жөнінен түсініспеушілік туа қалған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау
және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың
қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Хаттама
(2006 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімнің ережелерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында оған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
1. 1-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
2. 2-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "его" деген сөз "ее" деген сөзбен ауыстырылсын;
3. Мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1-баптармен толықтырылсын:
"2-1-Бап Тауарларды өткізуге және акциз салығын төлеуге бақылау жасау
Осы Келісімнің ережелерін қолдану және тауарлардың импорты кезінде акциз салығын жинаудың толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы тауарларды өткізуге және акциз салығын төлеуге бақылау жасау тетігін әзірлейді және оны іске қосады.";
"3-1-Бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі
Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке Хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.".
4. 4-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.
Осы Хаттама Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енеді. Бішкек қаласында 2000 жылғы 2 қараша әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін