ХАБАРЛАНДЫРУ
Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөздер "АПК-нің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "сот өндірісіне", "өндірісте", "өндіріске", "өндірісіне" деген сөздер тиісінше "соттың іс жүргізуіне", "іс жүргізуде", "іс жүргізуге", "іс жүргізуіне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талапкердің", "талапкерлер", "Талапкердің", "талапкерге", "талапкер", "талап арыздардың", "талап арыз беру", "талап арыздың", "талап арыздан", "талап арызды", "талап арыз мәлімдеу" деген сөздер тиісінше "талап қоюшының", "талап қоюшылар", "Талап қоюшының", "талап қоюшыға", "талап қоюшы", "талаптардың", "талап қою", "талап қоюдың", "талап қоюдан", "талап қоюды", "талап қоюды мәлімдеу" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау мәселелерін реттейтін процестік заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Азаматтық істерді соттың талқылауына дайындау бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және тараптар ұсынған дәлелдемелерді, тараптардың нақты құқықтары мен міндеттерін, қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларын сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 163-бабының екінші бөлігінде санамаланған істі сот талқылауына дайындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында судья талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған кезден бастап АПК-нің 148 және 149-баптарының сотқа берілетін талап қоюлардың дәлелдемелермен негізделгені туралы талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. АПК-нің 163-бабының бірінші бөлігіне сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да, сондай-ақ оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарауға көшу немесе АПК-нің 267-4-бабының екінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімінің күшін жою кезінде істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақтылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты мерзімдер және әрекеттер көрсетілуі керек.
Мұндай ұйғарым іс бойынша бұрын шығарылған сот актісінің апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен күші жойылып, ол бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген жағдайда да шығарылуы тиіс.
АПК-нің 429-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымға шағым жасалмайды немесе наразылық келтірілмейді.
Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымды шығарғаннан кейін судья жауапкерді дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттейді. Пікірге уәкілетті адам қол қоюға және талап қоюдың көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа ұсынылуға және АПК-нің 166-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Апелляциялық сатыдағы судья АПК-нің 413 және 414-баптарының талаптарын ескере отырып, іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, істі қарауға дайындау тәртібімен осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді жүргізуге құқылы. Іс апелляциялық сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберіле отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың іс бойынша бұрын шығарған сот актілерінің күші кассациялық тәртіппен жойылған кезде де апелляциялық сатыдағы судья істі сотта талқылауға сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығаруы мүмкін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. АПК-нің 14-бабына сәйкес сотқа талап қою берілген тілді сот ісін жүргізу тілі деп есептеген жөн. Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талап қоюшыдан не екі тараптан сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы жазбаша өтінішхат келіп түссе, онда судья істі сот отырысында талқылау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығарады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Судьялар азаматтық істерді сот талқылауына дайындаған кезде талап қоюшылар мен жауапкерлерге АПК-нің 46-бабында көзделген процестік құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелерді немесе оларға келтірілген қарсылықтарын ұсыну жөніндегі міндетті, сонымен қатар тараптың осы процестік міндетті орындамаудың құқықтық салдары туралы түсіндіруге тиіс.
Судья талап қоюшының не жауапкердің өтінішхаты бойынша дәлелдемелерді талап етіп алдыртуға жәрдемдесе отырып, істі сот талқылауына дайындау кезінде бір дәлелдеменің басқалардың алдындағы басымдығы туралы пікір білдіруге құқылы емес.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған даулар (жанжалдар) бойынша - осындай дауларды, бұған заңмен тыйым салынбаған кезде, тараптардың жазбаша келісімімен төреліктің, "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына беру құқығы, осы процестік әрекетті жасау тәртібі және оның құқықтық салдары тараптарға түсіндірілуі тиіс. Алайда тараптардың осы құқықтың түсіндірілмегені туралы дәлелдері азаматтық істің сот талқылауына тиісті түрде дайындалмағанын куәландырмайды.
Сот тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді жасасу құқығын регламенттейтін АПК-нің 48-бабының бірінші бөлігіне сәйкес осындай келісімдерді жасасу құқығын тараптарға түсіндіруі тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Тараптар жазбаша түрде жасалған және олардың қолы қойылған татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді ұсынған кезде, судья АПК-нің 172-бабының талаптарына сәйкес АПК-нің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша алдын ала сот отырысын өткізеді және 48-бабына, 168-бабының бірінші бөлігіне, 277-бабының 5), 6) тармақшаларына сәйкес оларды бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығаруға құқылы. АПК-нің 109 және 115-баптарының негізінде судья сот шығыстарын АПК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің сот шығыстарын өзара өтелгенін тану негіздері туралы ережелерін ескере отырып, келісімдердің шарттарын негізге алып тараптардың арасында бөлуге міндетті. Сот татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді бекіткен кезде төленген мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Егер азаматтық істі сот талқылауына дайындау кезінде сотқа тараптардың мүдделерін олардың өкілдері білдірсе, онда судья осы өкілдерде АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде санамаланған әр процестік әрекетті жасау үшін тиісті түрде ресімделген уәкілеттіліктерінің бар-жоғын тексеруге міндетті.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талап қоюшының сол немесе басқа жауапкерлерге берілген талап қоюынан туындайтын талаптары, ал жауапкердің талап қоюшыға қарсы талаптары бар екені анықталса, онда судья АПК-нің 15-бабының төртінші бөлігіне сәйкес талап қоюшының қосымша талап ұсынуға, ал жауапкердің қарсы талап қоюға құқықтарын түсіндіреді, бұл ретте оларға аталған процестік әрекеттерді жасау немесе жасамау салдары ескертілуі тиіс. АПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінде және 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюшы қосымша талаптар қою, ал жауапкер қарсы талап қою құқығын АПК-нің 164-бабында көрсетілген істі сот талқылауына дайындау мерзімдерінің шегінде жүзеге асыра алады. Бұл ретте қосымша талаптар, қарсы талап қою АПК-нің 164-бабында белгіленген істі дайындаудың процестік мерзімінің өтуін тоқтатпайтынын және оны ұзарту үшін негіз болып табылмайтынын ескеру қажет. Талап қоюшының істі апелляциялық сатыда қарау сатысында осындай қосымша талаптар қою құқығы көзделмеген.
Жауапкердің қарсы талап қоюы АПК-нің 154-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда судья талап қоюшының қойған талап қоюмен бір іс жүргізуде бірлесіп қарау үшін қарсы талап қоюды қабылдайды. Егер бұл талап қоюдың мазмұны АПК-нің 154-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АПК-нің 152-бабының негізінде қарсы талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Талаптардың сипаты, олардың өзара байланысы және ортақ дәлелдемелердің болуы барлық мәлімделген талаптарды неғұрлым тез әрі дұрыс шешуге мүмкіндік беретін жағдайда ғана бірнеше талаптарды бір іс жүргізуге біріктіруге мүмкін болады.
Талап қоюшының бір талап қоюда біріктіріп берген талаптарын, егер судья мұндай талаптардың бөлек қаралуын қажет деп тапса, оларды ажыратуға мүмкін болады.
Бірнеше талаптың біріктірілуі немесе олардың ажыратылуы АПК-нің 429-бабына сәйкес апелляциялық тәртіппен шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайтын судьяның бөлек ұйғарымымен ресімделуге тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. АПК-нің 163-бабында белгіленген сот талқылауына істерді дайындау міндетін орындай отырып, судья АПК-нің 165-бабында көзделген әрекеттерді жасайды. Егер талап қоюға пікірде қарсы талаптың болуы көрсетілсе, онда судья жауапкерге оны ұсыну тәртібін түсіндіреді. Талап қоюға пікірді ұсынбау істі қарау және шешу үшін кедергі болмайды.
Тараптар ұсынған жазбаша құжаттардың негізінде судья іс бойынша нақты мән-жайларды анықтайды. АПК-нің 165-бабында көрсетілген әрекеттердің тізбесі толық болып табылмайды, олардың көлемі мен мазмұны істердің нақты санатын қарау ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.11. Істерді сот талқылауына дайындау нәтижелері бойынша АПК-нің 172-бабының талаптарына сәйкес алдын ала сот отырысы өткізіледі. Іс сот талқылауына жеткілікті дәрежеде дайындалмаған деп танылған жағдайда, судья тараптардан мәлімделген талаптарды негіздейтін немесе теріске шығаратын қосымша дәлелдемелердің болуын анықтайды, дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдемдесу туралы өтінішхатты беру құқығын түсіндіреді, осындай әрекеттерді жүзеге асыру үшін мерзімдерді белгілейді, АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігінде белгіленген негіздер болған кезде істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзартады. Алдын ала отырысты тағайындау туралы ұйғарым шығарылмайды. Істің күрделілігіне байланысты ерекше жағдайларда, судья істі дайындау мерзімін ұзарта алады және қажет болған жағдайда алдын ала сот отырысын қайта өткізуге құқылы.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.12. АПК-нің 51-бабына сәйкес даудың нысанасына дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар істі сот талқылауына дайындау сатысында тараптардың да, судьяның да бастамасы бойынша іске қатысуға тартылуы мүмкін емес. Осы тұлғалар, егер мұны қажет деп тапса, өз бастамасы бойынша талап қоюшыға не жауапкерге талап қою арқылы іске қатысуға құқылы.
Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер сот шешімі тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, судьяның немесе тараптардың бастамасы бойынша процестің кез келген сатысында, соның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының немесе жауапкердің жағында іске қатысуға тартылады. Бұл тұлғалар АПК-нің 52-бабына сәйкес талап қоюдың негізі мен нысанасын өзгерту, талаптардың көлемін ұлғайту немесе азайту, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу, қарсы талап беру, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарын қоспағанда, тиісті тараптың процестік құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.
Егер сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені істі өзінің іс жүргізуіне қабылдау кезінде шешсе, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші кез келген жағдайда жойылуға тиіс екендігін регламенттейтін АПК-нің 427-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, сондай-ақ АПК-нің 52-бабы бойынша үшінші тұлғаларды тарту туралы мәселені шешу қажет болған өзге де жағдайларда, істі дайындау мақсатында апелляциялық сатыдағы сот заңдылық мүддесі үшін істі апелляциялық сатыда қарау сатысында үшінші тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл ретте істі дайындау АПК-нің 413-бабында белгіленген шекте жүргізілуге тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 N 2 Нормативтік қаулысымен.
14. АПК-нің 54-бабына сәйкес мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ істі сот талқылауына дайындау кезінде прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті болып табылады.
Заңға сәйкес соттар сот отырысында қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті болып табылады, мысалы, мына істерді:
заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге прокурордың наразылығын қабылдамау туралы (АПК-нің 300-бабы);
адамды ата-ана құқықтарынан айыру туралы ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағы, сонымен қатар АПК-нің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда) істерді соттардың қарауы кезінде сот отырысына қатысуы міндетті.
Сот прокурордың сот отырысына қатысуын, мысалы:
басқа адамдардың мүддесі үшін прокурордың талап қоюы бойынша қозғалған;
тараптардың бірі кәмелетке толмағандар, мүгедектігі бар адамдар, әрекетке қабілеттігі шектеулі азаматтар болып табылатын;
тараптары мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын істерді қарау кезінде міндетті деп тануы мүмкін.
Прокурордың сот отырысына міндетті түрде қатысуы жөнінде істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. АПК-нің 56-бабына сәйкес іс бойынша қорытынды беру үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін сот отырысына қатысуға тарту туралы мәселені, егер мұндай қатысу заңнамалық актілерде көзделген болса, соттардың шешуіне ұсынылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Істі сот талқылауына дайындау тәртібі бойынша сот АПК-нің 82-бабына сәйкес сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде сот талап қоюшының немесе жауапкердің сараптама тағайындау туралы өтінішхаты қаралатын орны мен уақыты туралы тараптарға тиісті түрде хабарлауға міндетті, алайда бұл тұлғалардың сотқа келмеуі сараптама тағайындау туралы өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Судья сотқа келген тараптарға сарапшының алдына қойылуға тиіс сұрақтарды тұжырымдау құқықтарын түсіндіреді, бірақ сарапшы жауап беруге тиіс сұрақтардың түпкілікті шеңберін судья сараптама тағайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.
Сарапшылардың шешуіне ғылым, техника, өнер саласында арнайы білімдерді талап ететін сұрақтар ғана қойылуы мүмкін.
Сараптама істі сот талқылауына дайындау кезінде және шешім шығарылғанға дейін істі қарау барысында дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін. Іске қатысатын тұлғалар іс сот талқылауына тағайындалғанға дейін сараптаманың қорытындысымен танысуға тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. Іске қатысатын және өздері үшін қажетті дәлелдемелерді сотқа ұсыну кейіннен мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар адамдардың немесе олардың өкілдерінің арызы бойынша сот АПК-нің 69, 70, 71-баптарына сәйкес мұндай дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы мүмкін. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз АПК-нің 70-бабының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Оларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іс жүргізуінде іс жатқан сот қабылдайды. Сот ұйғарымда істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптың өтінішхаты бойынша қамтамасыз етілуі мүмкін дәлелдемелерді (нақты куәлардан жауап алынғанын, дәлелдемелерге қарап-тексеру жүргізілгенін және т.б.) көрсетеді.
Егер сот істі сот талқылауына дайындау кезінде дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау үшін негіздерді жоқ деп тапса, онда дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаудан бас тарту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Ұйғарымға шешімі түпкілікті болатын және қайта қарауға жатпайтын апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде Қазақстан Республикасының басқа ауданындағы немесе қаласындағы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішхатты АПК-нің 75-бабында көрсетілген тәртіппен орындалатын сот тапсырмасы туралы ұйғарым шығару арқылы шешеді.
Судья шет мемлекеттегі дәлелдемелерді қамтамасыз етуді немесе тараптарға дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсетуді сот тапсырмасы туралы ұйғарым шығару арқылы жүргізеді. Бұл ұйғарымды 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында Қазақстан Республикасы бекіткен "Құқықтық көмек және азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенцияның" ережелеріне сәйкес немесе Қазақстан Республикасы жасаған және ратификациялаған басқа да халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес тиісті шет мемлекеттің соты орындайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. АПК-нің 281-бабына сәйкес істі сот талқылауына дайындау кезеңінде жазбаша немесе заттай дәлелдемелерді қарау, сараптама тағайындау, татуласу келісім шарттарын, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту сияқты жекелеген процестік әрекеттер жасалған кезде жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама толтырылады. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде хаттама, осы сатыда шешім даудың мәні бойынша шығарылатын жағдайларды қоспағанда, тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасы бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Судья азаматтық істерді сот талқылауына дайындауды, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге тиіс.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша АПК-нің 319-бабының екінші бөлігін ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі, Интернет желісінде, телевидениеде) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау жөнінде іс қозғалғаны туралы жарияланым берілгеннен кейін үш айды құрайды.
АПК-нің 164-бабында көрсетілген алименттерді өндіріп алу туралы, жәбірленушіге мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын барлық талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін жиырма жұмыс күні мерзімі ұзартылуға жатпайды. Істердің басқа санаттары бойынша айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша аса күрделі істер бойынша ғана қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.
Судьяның істі сот талқылауына дайындау бойынша көзделген әрекеттерді жиырма жұмыс күні мерзімінің немесе кейбір істер санаттары үшін заңнамалық актілерде көзделген мерзімнің шегінде аяқтауы мүмкін болмаған мән-жайлар айрықша жағдайлар деп түсініледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. АПК-нің 168-бабының бірінші бөлігіне, 272, 273, 274-баптарына сәйкес заңның осы аталған нормаларында санамаланған мән-жайлар орын алып, олар жойылғанға дейін, судья істі сот талқылауына дайындауды тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
АПК-нің 271-бабының талаптарына ұқсастығы бойынша судья іске қатысатын адамдарға істі соттың талқылауына дайындауды тоқтата тұру туралы ұйғарымның көшірмесін жіберуге міндетті.
Істі сот талқылауына дайындауды тоқтата тұру туралы ұйғарымға АПК-нің 429-бабында көзделген тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.21. Іс жүргізуді тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысатын адамдарды азаматтық іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша хабардар етеді.
Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздерін төрағалық етуші жария етеді және сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жатады (хаттамалық ұйғарым).
Бұл ретте судьяның талап қоюды қабылдау және азаматтық істі қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күннен бастап осы істі сот талқылауына дайындауды тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарылған күнге дейін өткен мерзім істі сот талқылауына дайындау мерзіміне кіреді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.22. АПК-нің 173-бабына сәйкес, егер судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда өзі көрсеткен барлық әрекеттерді орындаса, істі сот талқылауына дайын деп есептеген жөн.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.23. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
"Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу практикасы туралы" 1986 жылғы 10 қазандағы № 18 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы;
"Кейбір азаматтық істер жөніндегі Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 1987 жылғы 2 қазандағы № 11 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының 4-тармағы;
"Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының 2) тармақшасы.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.24. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.