"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 ақпан N 266

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                                   Жоба



 
                Қазақстан Республикасының Заңы
 

 

     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің

           арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы

                          келісімді бекіту туралы


     1999 жылғы 15 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің арасындағы

халықаралық автомобиль тасымалдау туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


        Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасы

     Үкiметiнің арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы

                           Келісім


     Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Yкiметi мен Молдова Республикасының Yкiметi,

     мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы

ынтымақтастықты бұдан әрi дамыту қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып,

     өз мемлекеттерi арасында, сондай-ақ мемлекеттердің аумақтары

арқылы транзитпен автомобиль қатынасын жүзеге асыруды жеңiлдетуге

ұмтылып,

     осы мәселелердi өзара көмек көрсету, ынтымақтастық және өзара

тиiмдiлiк рухында реттеуге ынталанып,

     осы Келiсiмдi жасауды шештi.


                             1 БӨЛIМ

            ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ҰҒЫМДАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ


                              1-бап



 
       1. Уағдаласушы тараптар осы Келiсiммен Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының арасындағы, олардың аумақтары арқылы транзитпен, сондай-ақ үшiншi мемлекеттерге Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен орындалатын халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдарын реттейдi.
      2. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптармен жасалған халықаралық келiсiмдерден, шарттар мен ережелерден шығатын, оларға мiндеттi болып табылатын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
 
                            2-бап
 
      Осы Келiсiмде:
      "Тасымалдаушы" Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында тiркелген және осы мемлекеттермен автокөлiк тасымалдарын ақысына немесе өз есебiнен орындауға қолданылып жүрген мемлекеттердiң ұлттық заңдарға сәйкес жiберiлген кез-келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi.
      "Автокөлік құралы"
      - жолаушыларды тасымалдау кезiнде жолаушыларды тасымалдауға арналған жүргiзушi орнын қоса отыратын орын саны техникалық талаптарға сай 9-дан асатын автобусты немесе кез-келген механикалық жетегімен жол автокөлiк құралын сондай-ақ жеке багажды тасымалдау үшiн тiркеменi бiлдiредi;
      - жүк тасымалдау кезiнде жүктердi тасымалдауға арналған механикалық жетектегiмен автокөлiк құралын немесе техникалық талаптарға сай қайта жабдықталған, тiркеме мен жартылай тiркеменi қоса, автокөлiк құралын бiлдiредi. Сонымен қатар, автопоезды тартқыш бiр Уағдаласушы Тараптың мемлекетiнде тiркелген болуы тиiс;
      "Жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалы" - бұл барысында алдын ала белгiленген аялдау мекендерiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру жүргізiлетiн, белгіленген қозғалыс жиiлiгiмен, белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асырылатын тасымал. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау алдын-ала белгiленген тариф және кесте бойынша жүзеге асырылуы керек.
      "Жолаушылардың автобустармен оқтын-оқтын тасымалы" - бұл екiжақты немесе транзиттiк қатынас кезiнде:
      а) бүкiл жүрiс бағытында бiр жолаушылар тобын, оларды шығу мекенiне жеткiзумен тасымалдайтын автокөлiк құралымен жүзеге асырылатын,
      б) жеке құрамы өзгермейтiн жолаушылар тобы автокөлiк құралы тiркелген елден екiншi елге тасымалданатын және автокөлiк құралы бос қайтатын тасымал.
      "Жолаушылардың автобуспен маятниктi тасымалы" - алдын-ала жинақталған

 

жолаушылар тобы бiр шығу мекенiнен бiр бару мекенiне дейiн тасымалданатын,

бұл орайда екiншi тасымалдан кейiн бос қайтатын жеке соңғы тасымалдың, бұл

орайда екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына бос баратын,

мезгiл-мезгіл қайталанатын тасымал.

     "Каботаждық тасымал" - бұл бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң

тасымалдаушысымен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында

орналасқан екi мекен арасында орындалатын тасымал.


                           II БӨЛIМ

                   ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАРЫ


                           3-бап



 
       1. Жолаушылардың автобустармен тасымалдары осы Келiсiмге сәйкес, осы Баптың 3-тармағында көрсетiлген тасымалдарды қоспағанда, рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылатын болады.
      2. Жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары өзара келiсiммен беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы оның мемлекетiнiң аумағы арқылы өтетiн бағыт бөлiгiнде рұқсат шарттарын, атап айтқанда, рұқсаттың қолданылу мерзiмiн, қозғалыс бағытын, кестенi және қолданылатын тарифтердi белгiлейдi.
      3. Жолаушылардың автобуспен тасымалдарын орындауға мына кездерде рұқсат талап етiлмейдi:
      а) егер дербес құрамның бiр тобы автобус тіркелген Уағдаласушы Тарап Мемлекетiнiң аумағынан басталып аяқталатын бүкiл жүрiс кезiнде бiр автобуспен тасымалданса және осы жүрiс барысында жолаушылардың дербес құрамы өзгермесе;
      б) егер дербес құрамның бiр тобы, автобус тасымалдан кейiн бос қайтатын шартпен, автобус тiркелген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағынан басталып екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында аяқталатын бүкiл жүрiс кезiнде бiр автобуспен бiр бағытта тасымалданса;
      в) транзиттiк қозғалыс кезiндегi оқтын-оқтын тасымалдау жағдайында.
      Қалыптан шыққан барлық тасымалдау кезiнде жолаушылардың тiзiмi талап етiледi.
      4. Тасымалдаушының бұзылған автобусты пайдалануға жарамды автобуспен алмастыруы осы Баптың 3-тармағында көрсетiлген тасымалдар сипатын өзгертпейдi.
 
                             4-бап
 
      1. Жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдауға рұқсат беру туралы тапсырыс және рұқсаттың өзi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арқылы жiберiледi.
      2. Тапсырыстың, сондай-ақ рұқсаттардың мазмұны мен нысанын Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары анықтайды.
 
                             5-бап
 
      Маятниктi тасымалдарды орындау үшiн Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң

 

өтiнiшi бойынша құзыреттi органның рұқсаты қажет. Маятникті тасымалдауға

тапсырысты тасымалдаушылар өз елдерiнің құзыреттi органдарына бередi, ал

олар осы өтiніштi қарап, бұл туралы өз сұраныстарын екiншi Уағдаласушы

Тараптың құзыреттi органына жолдайды.


                            6-бап


     Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағына бос автобустармен кiру

үшiн 3-баптың 4-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда құзыретті

органның жеке рұқсаты қажет.


                          ІІІ бөлiм

                       ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫ


                            7-бап



 
       1. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында олардың аумақтары арқылы өткiншi жүктердi тасымалдау, сондай-ақ жүктердi үшiншi елдерге немесе үшiншi елдерден тасымалдау Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр рейске және әрбiр жүк автомобилiне немесе автопоезына жеке рұқсат берiлуi тиiс. Әрбiр рұқсат бiр рейсты сол жаққа және керi қарай жүзеге асыру құқығын бередi. Бос автокөлiк құралдарына да рұқсат қажет. Автопоезбен тасымалдау кезiнде тартқышқа ғана рұқсат қажет.
 
      Рұқсаттың мынадай екi үлгісi бар:
      а) негiзiнде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында, сондай-ақ екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тасымалдар жүзеге асырылатын әмбебап (екiжақтық/транзиттiк) рұқсаттар;
      б) негiзiнде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнен үшiншi мемлекетке немесе үшiншi елден екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына тасымалдар жүзеге асырылатын үшiншi мемлекеттерге рұқсаттар.
 
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген рұқсаттар мынадай болуы мүмкiн:
      а) ақылы - жол салықтары мен алымдарын төлейтiн;
      б) ақысыз - жол салықтары мен алымдарын төлемейтiн.
 
      4. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары жыл сайын осы Келiсiмнің 15-бабы, 1-тармағында анықталған Аралас Комиссияның мәжiлiстерiнде тепе-теңдiктi сақтау шартымен өзара берiлетiн рұқсаттар мөлшерiн анықтайтын болады.
      5. Тасымалдауға берiлген рұқсатты ол берiлген тасымалдаушы ғана

 

пайдалануы мүмкiн және басқа тұлғаға беруге болмайды.

     6. Жүктер тасымалын орындауға рұқсатты жүк автокөлiк құралы

тiркелген мемлекеттiң құзыреттi органы бередi.

     7. Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне ағымдағы жылғы 30-қарашаға

дейiн келесi жылға рұқсат бланкiлерiнiң келiсiлген санын бередi.

     8. Келiсiмде аталған рұқсаттар екiнші Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң

аумағында орындалатын тасымалдау барысында автокөлiк құралында болуы және

бақылауға құқығы бар органдардың талабы бойынша көрсетілуi тиiс.

     9. Рұқсаттар келесi жылдың 31-қаңтарына (қоса) дейiн пәрмендi.


                            8-бап


     1. Мыналарды тасымалдау кезiнде рұқсаттар талап етiлмейдi:

     а) иммиграция және эмиграция кезiнде жылжымалы мүлiкті;

     б) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған экспонаттарды, жабдықты

және материалдарды;

     в) спорт шараларын өткiзуге арналған көлiк құралдарын, бәйге аттарын,

спорт керек-жарағы мен мүлкiн;

     г) театр көрінісі мен реквизиттерiн, музыка аспаптарын, кино түсiру,

радио, теледидар бағдарламалары мен цирк қойылымдары үшiн жабдықты;

     д) қайтыс болғандардың мәйітiн немесе сүйегiнің күлi бар урнаны;

     е) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушыларына сатып

алынған жүк автокөлiк құралдарының (автопоездарының) алғашқы бос өтуi

кезiнде;

     ж) бұзылған автокөлiк құралдарын;

     з) табиғи апат, апат, күйреу кезiнде жедел жәрдем көрсету бойынша;

     и) тiркемемен қоса жалпы салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе оның жүк

көтергiшi 3,5 тонна автокөлiк құралымен тасымалдар орындау кезiнде;

     к) поштаны.


     2. Осы Баптың 1-тармағының б), в), г) тармақтарында көзделген

айрықшалықтар жүк автокөлiк құралы тiркелген елге қайтып келуге жататын

жағдайларда немесе егер жүк екiншi елдiң аумағына тасымалданатын болса

ғана қолданылады.


                              IV бөлiм

                           ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


                               9-бап


     Каботаждық тасымалға тыйым салынады.


                               10-бап



 
       1. Уағдаласушы Тараптардың тасымалдаушылары мен автокөлiк құралдарының экипаждары аумағымен тасымалдау жүзеге асырылатын елдiң жол қозғалысы ережелерi мен құқықтық, нормаларын сақтауға міндетті.
      Осы ережелердi және құқықтық нормаларды бұзған жағдайда автокөлiк құралдарының экипаждары осы елдiң заңдарына сәйкес жауап бередi.
      2. Салмағы мен көлемi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында белгiленген барынша жол берiлетiн өлшемдерден асатын автокөлiк құралдарымен жүктердi тасымалдау осы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органының арнайы рұқсатын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктерді тасымалдау кезiнде осы мемлекеттің құзыретті органынан арнайы рұқсат қажет.
      Молдова Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде Қауiптi жүктердің халықаралық жол тасымалдары туралы Еуропалық Келiсiмнiң (ҚЖЖТ) ережелерi сақталатын болады.
      Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арнайы рұқсат беру туралы өтiнішке жауапты оны алған күнiнен бастап 30 күннен кешiктiрмей беруi тиiс.
 
                             11-бап
 
      Бiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды орындауды ұйымдастыру мақсатында өз өкiлдiктерiн құруы мүмкiн.
 
                             12-бап
 
      1. Осы Келiсiм негізiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды орындаушы автокөлiктiк құралдар тауарлар мен көлiктiк құралдарды импорттауда кедендiк ресiмдеу мен салықтар үшiн салынатын кедендiк баждар мен алымдардан босатылады.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына осы Келiсiмнiң шеңберiнде бұзылған тасымалдау орындайтын автокөлiк құралын жөндеу үшiн енгізiлетiн қосалқы бөлшектер елге кiру кезiнде кеден органымен құрылған құжаттың негізiнде кедендiк баждар мен алымдарды төлеуден босатылады. Айырбасталған бөлшектер автокөлiк тiркелген мемлекетке керi қарай шығаруға жатады немесе кеден орталығының бақылауымен жойылады.
      3. Автокөлiк құралында жасаушы зауытпен орнатылған бактердегi отын, ең көбi 200 литрге дейiн, және тасымалдауды орындауға қажеттi жағармай материалды кеден баждары мен алымдардан босатылады.
 
                              13-бап
 
      Шекарадан өтуге байланысты шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарының ережелерi, сондай-ақ екi мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық Келiсiмдердiң ережелерi қолданылады.
 
                              14-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi органдары жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары кезiнде және тауарларды тез бүлінетін және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауды кезектен тыс жүзеге асыратын болады.
 
                              15-бап
 
      1. Осы Келiсiмнің орындалуына жәрдемдесу және туындайтын даулы мәселелердi тез арада шешу үшiн Уағдаласушы Тараптар құзыреттi органдарының өкiлдерiнен Бiрлескен Комиссия құрады.
      Бiрлескен Комиссияның отырыстары кемiнде жылына бiр рет, кезекпен Уағдаласушы Тарап елдерiнiң аумақтарында өткiзiледi.
      2. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындаған барлық даулы мәселелердi Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясының келіссөздер жүргізуi және кеңесулер өткiзу жолымен шешетiн болады. Егер Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясы келiсiмге келмесе рұқсат мөлшерiн бөлiп беруден басқа дау-дамай төрелiк соттың аd hос қарауына берiлуi мүмкiн. Осындай төрелiк сот рәсiмдерiнiң ережелерi көлiк саласындағы халықаралық тәжiрибеге сай әзiрлендi.
 
                             16-бап
 
      1. Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары осы Келісiмнiң ережелерiн өз мемлекеттерiнiң тасымалдаушыларымен сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тарап елiнiң аумағында автомобиль тасымалдары мен жол қозғалысына байланысты қолданылатын қағидаларды, құқықтық нормаларды және осы Келiсiмнiң ережесiн бұзатын тасымалдаушылар мен автокөлiк құралдарының экипаждарына қатысты аумағында бұзу болған Уағдаласушы Тарап мемлекеттерінің құзыреттi органдары мынадай шаралар қабылдауы мүмкін:
      а) бұзу болған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тасымал орындалу құқығынан уақытша ішiнара немесе толығынан айрылады.
      б) жасаған құқық бұзушылықтары үшiн Уағдаласушы Тараптардың автотасымалдаушылары жүрген мемлекетiнің ұлттық заңдарына сәйкес жауап бередi.
      3. Осы баптың 2-тармағының негізiнде қабылданған шаралар туралы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бiр-бiрiне хабарлайды.
 
                              17-бап
 
      1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн мемлекеттiк рәсiмдердi орындауы туралы дипломатиялық арналар бойынша екiншi жазбаша мәлiмдеменi алғаннан кейiн 30 күннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалды. Егер Уағдаласушы

 

Тараптардың бiрi оның қолдану мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде алты

ай бұрын екiншi Уағдаласушы Тарапқа оның күшiн жою туралы өзiнiң тiлегiн

жазбаша дипломатиялық арналар бойынша хабарламаса, оның күшi кейiнгi бес

жылдық кезеңдерге өзiнен өзi жалғастырылады.

     1999 жылғы 15 шілде Астана арасында екi түпнұсқалық данада қазақ,

молдован және орыс тілдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi

бар.

     Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiнi пайдаланылады.


     Қазақстан Республикасының          Молдова Республикасының

        Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін




            Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

         Молдова Республикасы Yкiметiнiң арасындағы

         халықаралық автомобиль тасымалдары туралы

           Келiсiмдi қолдану ережелерi туралы

                  АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ



 
       1. Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі мен Молдова Республикасы Көлiк және байланыс министрлiгi 1999 жылдың "____"____________ жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасы Үкiметiнiң арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Келiсiмдi қолдану ережелерiн анықтау мақсатында төмендегiдей уағдаласты:
      1) Аталған Келiсiм мағынасында Уағдаласушы тараптардың құзырлы органдары деп төмендегiлердi түсiну керек:
      Қазақстан тарапынан:
      а) 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 15 баптар бойынша - Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы 49, тел. (3172) 326277, факс (3172) 321058
      б) 10-баптың 2-тармағы бойынша - Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктi бақылау комитетi, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49, тел. (3172) 338377, факс (3172) 263485 және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі, 475000, Көкшетау қаласы, К.Маркс көшесi, 81, тел. (31622) 54291, факс (31622) 50620.
      Молдова тарапынан:
      а) 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 15-баптар бойынша - Молдова Республикасы Көлiк және байланыс министрлiгі, MD-2012 Кишинэу қаласы, Стефана Чел Маре алаңы, 134, тел (+0422) 221001, 547772, факс 241553, 546564
      б) 10-баптың 2-тармағы бойынша - Автокөлiк жөнiндегi инспекторат, Кишинэу қаласы, Василе Александри көшесi, 119, тел. (+0422) 222683, факс 220657
      2. Осы Келiсiмнiң белгiленген тәртiпте орындау үшiн Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары жолаушыларды маятниктi немесе үнемi тасымалдауды жүзеге асыруға көрсетiлген бағыттар бойынша тасымалдауға келiсiмдi растайтын құжаттар берiледi.
      3. Автокөлiк құралдардың жүруiне немесе жүк тасымалдауына төмендегiше:
      а) екi Уағдаласушы Тараптар аймағында жүруге рұқсат беру;
      б) Келiсушi Тараптардың мемлекетінің бiрiнші аумағынан үшiншi елге немесе үшiншi елден бiр Келiсуші Тарап мемлекетiнiң аумағына тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат;
      в) Келiсуші Тарап мемлекеттерiнiң аумақтарынан ауыр салмақты және iрi өлшемдi көлiк құралдарының өтуiне арнайы рұқсат;
      г) Келiсушi Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарынан қауіптi жүктердi тасымалдауға арнайы рұқсат.
      4. Рұқсат бланкiлерi:
      Қазақстан Тарапынан: қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде Молдавия Тарапынан: молдаван, орыс және ағылшын тiлдерiнде дайындалады.
      Рұқсат ресiмдеулерiнiң жосықтарын оңайлату және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында аталған рұқсаттарды молдован, қазақ және орыс тiлдерiнде толтыруға келiсiлдi.
      Тиiстi күнтiзбелiк жылда iске асатын рұқсат бланкiлерi бiр жылға жасалуы тиiс және реттiк нөмiрлерi, сондай-ақ Келiсушi Тараптардың құзыретті органдарының тиiстi қолдары мен мөрлерi болуы керек.
      5. Қазақстан Республикасы жағынан рұқсат бланкiлерiн Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктi бақылау комитетi растайтын болады.
      6. Молдова Республикасы жағынан рұқсат бланкiлерiн Молдова Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгі растайтын болады.
      7. Келiсушi Тараптардың бiрлескен комиссиясы немесе құзыреттi органдары келесi жылға қажетті рұқсат бланкiлерiнің санын айқындайды, оларды өзара алмастыруды күнтiзбелiк жылдың 30-қарашасына дейiн жүргізедi. Ағымдағы жылға берілген рұқсат бланкiлерi келесi жылдың 31-қаңтарына дейiн (қоса) пайдаланыла алады.
      8. 3-баптың - 3 және 4 тармақтарында және 8-бапта көрсетiлген жағдайлардан басқа жағдайларда бiр мемлекеттiң автокөлiк құралдарын екiншi мемлекеттің аймағына кiруi туралы рұқсат болмаса, жiберiлмейдi.
      9. Рұқсат бланкiлерiмен алмасқан кезде Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң баптарының орындалу барысы жөнiнде, өз мемлекетiнiң заңдарына енген өзгерiстер туралы, халықаралық автомобиль тасымалдаулары, салық және кеден жарналары жөнiнде, өткен жылдағы тасымалдаушылардың жағдайы, шекарадан өту жолының жұмыс тәртiбi, рұқсат бланкiлерiн пайдалану, басқа да тасымалдауды жетiлдiру жұмыстарына

 

арналған мәселелер бойынша бiрiн-бiрi бiр мезгілде хабардар етiп отырады.


     Осы Атқарушы Хаттама екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, молдован және

орыс тілдерiнде жасалған және барлық мәтiндерi түпнұсқа болып табылады.


     Осы Атқарушы Хаттаманы түсiндiру барысында келiспеушiлiк туындаған

жағдайда орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алу жөнiнде келiсiлдi.


     1999 жылғы 15 шiлдеде Астана қаласында жасалды.


     Қазақстан Республикасы              Молдова Республикасы

   Көлік, коммуникациялар және           Көлік және байланыс

   туризм министрлігі атынан              министрлігі атынан




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады