Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Қазақстан
Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функциялары -
заңдылықтың сақталуын, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау
және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына
келтіруді қамтамасыз ету, құқықтық нормативтік актілердің дәл қолданылуын
және заң актілеріне сәйкес нормативтік актілердің міндетті
талаптарының орындалуын тексеру жөнінде заңдармен уәкілеттік берілген
мемлекеттік органдар жүзеге асыратын функциялар.".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.