"Қазақстан Республикасының 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол қойылған Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелерді бірдейлендіру үшін Конвенцияға түзетулер туралы хаттамаға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 ақпан N 273

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол

қойылған Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелерді

бірдейлендіру үшін Конвенцияға түзетулер туралы хаттамаға қосылуы туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                 Жоба


                        Қазақстан Республикасының Заңы


         Қазақстан Республикасының 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада

         қол қойылған Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір

        ережелерді бірдейлендіру үшін Конвенцияға түзетулер туралы

                            хаттамаға қосылуы туралы


     Қазақстан Республикасының 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол

қойылған Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелерді

бірдейлендіру үшін Конвенцияға түзетулер туралы 1955 жылғы 28 қыркүйекте

Гаагада жасалған Хаттамаға қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


         1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол қойылған Халықаралық әуе

          тасымалдарына қатысты кейбір ережелерді бірдейлендіру үшін

                         Конвенцияға түзетулер туралы

                                   ХАТТАМА*


     Қол қойған үкiметтер халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбiр

ережелердi бiрдейлендiру үшiн Варшава қаласында 1929 жылғы 12 қазанда қол

қойылған Конвенцияға түзетулер енгiзу орынды деп есептей отырып, төмендегi

туралы келiсiмге келдi:



                                 I ТАРАУ



 
                        КОНВЕНЦИЯҒА ЕНГIЗIЛЕТIН ТYЗЕТУЛЕР
 

                                  1-бап



 
 
       Конвенцияның 1-бабында:
      а) 2-тармақ алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:
      "2. Осы Конвенцияның мағынасында халықаралық тасымал деп, егер аялдама екiншi мемлекеттiң аумағында, тiптi осы Мемлекет Мәртебелi Уағдаласушы Тарап болып табылмаса да, Тараптар анықтамасына орай тасымалда немесе қайта тиеуде үзiлiс бар ма, жоқ па, жiберу орны мен жеткiзу орны екi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында, не болмаса сол бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында орналасқанына қарамастан, кез келген тасымал аталады. Бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы екi пункттiң арасындағы осындай аялдамасыз тасымал осы Конвенцияның мағынасында халықаралық тасымал ретiнде қаралмайды".
      б) 3-тармақ алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:
      "3. Бiрнеше тiзбектi әуе тасымалдаушылары арқылы жүзеге асыруға жататын тасымал осы Конвенцияны қолдану мағынасында, егер оны Тараптар, ол бiр шарт немесе бiрнеше шарт түрiнде жасалғанына қарамастан, бiр операция ретiнде қараса және ол бiр немесе бiрнеше шарттар дәл бiр мемлекеттiң

 

аумағында толық орындалуы тиiс болғандықтан ғана өзiнiң халықаралық

сипатын жоғалтпаса, бiртұтас тасымалды құрайтын болып есептеледi".


                                  II-бап


     Конвенцияның 2-бабындағы 2-тармақ алынып, ол төмендегiмен

ауыстырылсын:

     "2. Осы Конвенция почталық хат-хабарды және почта жiберiлiмдерiн

тасымалдау кезiнде қолданылмайды".

_____________________    

* КСРО Жоғарғы Кеңесінiң Жаршысы, N 8, 1-бөлiм, 217-құжат.


                                  ІІІ-бап


     Конвенцияның 3-бабында:

     а) 1-тармақ алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:

     "1. Жолаушыларды тасымалдау кезiнде:

     а) шығу орны мен бару орны көрсетілген;


 
       б) егер шығу және бару орындары дәл бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында болса, ал көзделген бiр немесе бiрнеше аялдамалар екiншi Мемлекеттiң аумағында болса, тiптi болмағанда осындай бiр аялдама көрсетiлген;
      в) егер жолаушы соңғы бару орны немесе аялдама шығу елiнде болмайтын сапарда жүрсе, осындай тасымалға Варшава Конвенциясының қаулылары қолданылуы мүмкiн екендiгі және осы Конвенция адамның өлiмi немесе жарақаттануы, сондай-ақ жол жүгiн жоғалтуы немесе зақымдауы жағдайында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн анықтайтындығы және көп жағдайларда шектейтiндiгi туралы хабарлама бар билет берiлуi тиiс".
      г) 2-тармақ алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:
      "2. Жолақы билетi тасымал туралы шарттың жасалғанын және оның шарттарын куәландыратын болады. Жолақы билетiнiң жоқтығы, дұрыс еместiгi немесе жоғалуы осы Конвенцияның ережелерiнiң қолданысы аясына түсетiн тасымал туралы шарттың болуына да, жарамдылығына да ықпал етпейдi. Дегенмен, егер тасымалдаушының келiсуiмен жолаушы ұшақтың бортына жолақы билетi берiлмей алынса немесе егер билетте осы баптың 1 в) тармағында талап етiлетiн хабарлама болмаса, онда тасымалдаушының 22-баптың ережелерiне сiлтеме жасауға құқығы болмайды".
 

                                  IV-бап



 
 
       Конвенцияның 4-бабында:
      а) 1, 2, 3-тармақтар алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:
      "1. Тiркелген жол жүгiн тасымалдау кезiнде, егер ол жолақы билетiмен бiрiктiрiлмесе немесе 3-баптың 1-тармағындағы ережелерге сәйкес келетiн жолақы билетiне кiргiзiлмесе:
      а) шығу орны мен бару орны көрсетiлген;
      б) егер шығу және бару орындары дәл бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында болса, ал көзделген бiр немесе бiрнеше аялдамалар екiншi Мемлекеттiң аумағында болса, тiптi болмағанда осындай бiр аялдама көрсетiлген;
      в) егер соңғы бару орны немесе аялдама шығу елiнде болмайтын тасымал орындалса, осындай тасымалға Варшава Конвенциясының қаулылары қолданылуы мүмкiн екендiгi және осы Конвенция адамның өлiмi немесе жарақаттануы, сондай-ақ жол жүгiн жоғалтуы немесе зақымдауы жағдайында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн анықтайтындығы және көп жағдайларда шектейтiндiгi туралы хабарлама бар жол жүгi түбiртегi берiлуi тиiс".
      г) 4-тармақ алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын.
      "2. Жол жүгi түбiртегi керi дәлелге дейiн жол жүгiнiң тiркелгенiн және тасымал туралы шарттың ережелерiн куәландыратын болады. Жол жүгi түбiртегiнiң жоқтығы, дұрыс еместiгi немесе жоғалуы осы Конвенцияның ережелерiнiң қолданысы аясына түсетiн тасымал туралы шарттың болуына да, жарамдылығына да ықпал етпейдi. Дегенмен, егер тасымалдаушы жол жүгi түбiртегiн берусiз жол жүгiн қамқорына алса немесе егер жол жүгi

 

түбiртегiнде (егер ол жолақы билетiмен бiрiктiрiлмесе немесе 3-баптың 1 в)

тармағындағы ережелерге сәйкес келетiн жолақы билетiне кiргiзiлмесе) осы

баптың 1 в) тармағында талап етiлетiн хабарлама болмаса, онда

тасымалдаушының 22-баптың 2-тармағының ережелерiне сiлтеме жасауға құқығы

болмайды".


                                  V-бап


     Конвенцияның 6-бабындағы 3-тармақ алынып, ол төмендегiмен

ауыстырылсын:

     "3. Тасымалдаушы тауар әуе кемесiнiң бортына тиелгенге дейiн өз қолын

қоюы тиiс".


                                  VI-бап


     Конвенцияның 8-бабы алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:

     "Әуе-тасымалдау құжатында:

     а) шығу орны мен бару орны көрсетiлген;


 
       б) егер шығу және бару орындары дәл бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында болса, ал көзделген бiр немесе бiрнеше аялдамалар екiншi Мемлекеттiң аумағында болса, тiптi болмағанда осындай бiр аялдама көрсетiлген;
      в) егер соңғы бару орны немесе аялдама шығу елiнде болмайтын тасымалдау орындалса, осындай тасымалға Варшава Конвенциясының қаулылары қолданылуы мүмкiн екендiгi және осы Конвенция адамның өлiмi немесе жарақаттануы, сондай-ақ жол жүгiн жоғалтуы немесе зақымдауы жағдайында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн анықтайтындығы және көп жағдайларда

 

шектейтiндiгi туралы хабарлама болуы тиiс".


                                  VII-бап


     Конвенцияның 9-бабы алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:

     "Егер тасымалдаушының келiсуiмен тауарлар әуе кемесiнiң бортына

әуе-тасымалдау құжатын құрастырусыз немесе, егер әуе-тасымалдау құжатында

8-баптың в) тармағында талап етiлетiн хабарлама болмаса, онда

тасымалдаушының 22-баптың 2-тармағының ережелерiне сiлтеме жасауға құқығы

болмайды".


                                  VIII-бап


     Конвенцияның 10-бабындағы 2-тармақ алынып, ол төмендегiмен

ауыстырылсын:

     "2. Жөнелтушi тасымалдаушы немесе жөнелтушi берген мағлұматтардың

немесе хабарландырулардың қателiгi, дұрыс еместiгi немесе толық еместiгi

себебiнен тасымалдаушы соның алдында жауапты болатын кез келген басқа

тұлғаға келтiрiлген кез келген зиян үшiн жауапты болады".


                                  IХ-бап


     Конвенцияның 15-бабына мынадай тармақ қосылсын:

     "3. Осы Конвенцияда ештеңе берiлетiн әуе-тасымалдау құжатын беруге

кедергi жасамайды".


                                  Х-бап


     Конвенцияның 20-бабындағы 2-тармақ алынып тасталсын.


                                  ХI-бап


     Конвенцияның 22-бабы алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:


                                  22-бап



 
       1. Жолаушыларды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының әрбiр жолаушыға қатысты жауапкершiлiгi екi жүз елу мың франкi сомасымен шектеледi. Егер талап-қуыным берiлген соттың заңына сәйкес өтемақы мерзiмдiк төлемдер түрiнде белгiленсе, көрсетiлген төлемдердiң балама капиталданған сомасы екi жүз елу мың франкiден аспауы тиiс. Алайда, айрықша Келiсiм арқылы тасымалдаушы мен жолаушы одан да жоғары жауапкершiлiк шегiн белгiлей алады.
      2. а) Тiркелген жол жүгiн және тауарларды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының жауапкершiлiгi, жолаушы немесе жөнелтушi орынды тасымалдаушыға беру сәтiнде бару орнына жеткiзудегi мүдделiк туралы арнайы мәлiмдеме жасаған және қажет болғанда, қосымша алым төлеген жағдайды қоспағанда, екi жүз елу мың франкi сомасымен шектеледi. Бұл жағдайда тасымалдаушы, егер ол бұл сома жолаушының немесе жөнелтушiнiң бару орнына жеткiзудегi нақты мүддесiнен асатынын дәлелдесе, жарияланған сомадан аспайтын соманы төлеуге мiндеттi.
      б) тасымалдаушының жауапкершiлiгi шектелетiн соманы анықтау кезiнде назарға алынатын салмақ тiркелген жол жүгiнiң немесе тауарлардың жоғалғаны, зақымдалғаны немесе жартысы кiдiртілiп қалғаны немесе оның құрамындағы кейбiр заттардың жетiспеуi жағдайында тек жүк орнының жалпы салмағы немесе орны қабылданатын болады. Алайда, тiркелген жол жүгiнiң немесе тауарлардың жоғалғаны, зақымдалғаны немесе жартысы кiдiртiлiп қалғаны немесе оның құрамындағы кейбiр заттардың жетiспеуi сол жол жүгi түбiртегiне немесе сол әуе-тасымалдау құжатына кiргiзілген басқа орындардың құнына ықпал етсе, онда осындай орынның немесе орындардың жалпы салмағы да жауапкершiлiк шегiн анықтау кезiнде назарға алынуы тиiс.
      3. Жолаушылар өздерiне қалдыратын заттарға қатысты тасымалдаушының жауапкершілiгi жолаушыға бес мың франкiмен шектеледi.
      4. Осы бапта белгіленген шектер сотқа өз заңына сәйкес сот шығасыларын және сот iсi бойынша қуынушы көтерген басқа да шығыстардың барлығын немесе бiр бөлiгiн сотқа қосымша беруге кедергi жасамайды. Жоғарыда көрсетiлген ереже, егер сот шығасыларын және сот iсi бойынша басқа да шығыстарды қоспағанда, залалды өтеуге сот белгілеген сома тасымалдаушы залал келтiрiлген күннен бастап алты айдың iшiнде немесе ол күн кеш болса, сот iсi басталғанға дейiн қуынушыға жазбаша түрде ұсынған сомадан аспаса, қолданылмайды.
      5. Осы бапта франкiмен көрсетілген сомалар мыңнан тоғыз жүздiк сынама алтынның алпыс алты жарым миллиграмынан тұратын валюта бiрлiгiне жататын ретiнде қаралатын болады. Бұл сомалар дөңгелектелген цифрлармен ұлттық валютаға аударылуы мүмкiн. Алтыны жоқ ұлттық валютадағы сомаларды аудару сот iсi қозғалған жағдайда осындай валюталардың сот шешiмiнiң күнiндегi алтын құнына сәйкес жүргiзiлетiн болады".
 

                                  ХII-бап



 
 
       Конвенцияның 23-бабындағы тармаққа 1-нөмiр берiлiп, мынадай тармақ қосылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағы тасымалданатын жүкке тән кемшiлiгi, сапасы

 

немесе ақауы нәтижесiнде болған жоғалуға немесе залалға қатысты ережелерге

қолданылмайды".


                                  ХIII-бап


     Конвенцияның 25-бабындағы 1 және 2-тармақтар алынып, олар

төмендегiмен ауыстырылсын:

     "22-бапта белгiленген жауапкершiлiк шектерi, егер зиян келтiру

ниетiмен немесе ойланбай және осының нәтижесiнде зиян келетiнiн бiлiп

жасалған әрекеттiң немесе тасымалдаушының не ол қойған тұлғалардың

байқамай қалуы нәтижесiнде зиян келтiрiлгенi дәлелденсе, қолданылмайды;

қойылған тұлғаның осындай әрекетi немесе байқамай қалуы жағдайында ол

өзiнiң қызметтiк мiндеттерi шегiнде әрекет еткенi дәлелденедi деген

шартпен".


                                  ХIV-бап


     Конвенцияның 25-бабынан кейiн мынадай бап орналастырылсын:


                                 "25А-бап



 
       1. Егер қуыным-талап тасымалдаушы қойған тұлғаға осы Конвенцияда айтылып отырған зиянға байланысты қойылса, онда осындай қойылған тұлға, егер ол өзiнiң қызметтiк мiндеттерi шегiнде әрекет еткенiн дәлелдесе, тасымалдаушы 22-баптың негiзiнде сiлтеме жасауға құқылы жауапкершiлiк шектеулерiне сiлтеме жасауға құқылы болады.
      2. Тасымалдаушыдан және ол қойған тұлғалардан алынуы мүмкiн жалпы сома бұл жағдайда көрсетiлген шектен аспауы тиiс.
      3. Егер зиян келтiру ниетiмен немесе ойланбай және осының нәтижесiнде зиян келетiнiн біліп жасалған әрекеттiң немесе тасымалдаушының не ол қойған тұлғалардың байқамай қалуы нәтижесiнде зиян келтiрiлгенi дәлелденсе, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды".
 

                                  ХV-бап



 
 
       Конвенцияның 26-бабындағы 2-тармақ алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:
      "2. Зиян келтiрiлген жағдайда жүктi алуға құқылы тұлға зиянды айқындаған бойда дереу және ең кеш дегенде жол жүгiн алған күннен бастап жетi күннiң iшiнде және тауарларды алған күннен бастап он төрт күннің ішiнде тасымалдаушыға наразылық білдiруi тиiс. Кешiктiрiлген жағдайда

 

наразылық бiлдiру жол жүгi немесе жүк оның иелiгiне берiлген күннен бастап

есептегенде 21 күннен кешiктiрілмей жүргiзiлуi тиiс".


                                  ХVI-бап


     Конвенцияның 34-бабы алынып, ол төмендегiмен ауыстырылсын:

     "3 баптан 9-бапты қоса баптардың тасымалдау құжаттарына қатысты

ережелерi әуеде пайдалану бойынша кез келген қалыпты операциялардан тыс

айрықша жағдайларда жүзеге асырылатын тасымалдар жағдайында қолданылмайды".


                                  ХVII-бап


     Конвенцияның 40-бабынан кейiн мынадай бап орналастырылсын:


                                  "40А-бап



 
       1. 37-баптың 2-тармағындағы және 40-баптың 1-тармағындағы "Мәртебелi Уағдаласушы Тарап" деген сөздер "Мемлекеттi" бiлдiредi. Барлық басқа жағдайларда "Мәртебелi Уағдаласушы Тарап" деген сөздер Конвенцияны бекiтуi немесе оған қосылуы күшiне енген немесе Конвенцияның күшiн жоюы күшiне енбеген Мемлекеттi бiлдiредi.
      2. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "аумақ" деген сөз Мемлекеттің метрополиясының аумағын ғана емес, осы Мемлекет солардың сыртқы қатынастары үшiн жауап беретiн барлық басқа аумақтарды бiлдiредi".
 

                                   II-ТАРАУ



                          ЕНГIЗIЛГЕН ӨЗГЕРIСТЕРIМЕН

                         КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ШЕГI




                                  ХVIII-бап




 

     Осы Хаттамамен енгiзілген өзгерiстерiмен Конвенция осы бапта айтылған

жiберу орны мен жеткiзу орны Хаттаманың Тараптары болып табылатын екi

Мемлекеттiң аумақтарында немесе екiншi Мемлекеттiң аумағында көзделген

аялдамасымен осы Хаттаманың Тарабы болып табылатын бiр Мемлекеттiң

аумағында болады деген шартпен халықаралық тасымалға Конвенцияның

1-бабында анықталғандай қолданылатын болады.


                                  ІІІ-ТАРАУ

                              ҚОРЫТЫНДЫ БАПТАР


                                   ХIХ-бап


     Осы Хаттаманың Тараптары арасында Конвенция мен Хаттама бiрге

бiрыңғай құжат ретiнде оқылып, түсiнiлуi тиiс және олар Гаагада 1955 жылы

енгiзілген өзгерiстерiмен Варшава Конвенциясы деп аталуы тиiс.


                                   ХХ-бап



 
       Осы Хаттама ХХII-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес күшiне енген күнге дейiн ол осы күнге дейiн Конвенцияны бекiткен немесе оған қосылған немесе осы Хаттама қабылданған Конференцияға қатысқан кез келген Мемлекеттiң атынан қол қою үшiн ашық болады.
 

                                   ХХI-бап



 
 
       1. Осы Хаттама оған қол қойған Мемлекеттермен бекiтуге жатады.
      2. Осы Хаттаманы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын қандай да бiр Мемлекеттiң бекiтуi осы Хаттамамен енгiзiлген өзгерiстерiмен Конвенцияға қосылу мағынасын бiлдiредi.
      3. Бекiту грамоталары Польша Халық Республикасының Yкiметiне сақтауға тапсырылуы тиiс.
 

                                  ХХII-бап



 
 
       1. Осы Хаттамаға қол 30 Мемлекет бекiту грамоталарын сақтауға тапсырғаннан кейiн, ол солардың арасында отызыншы бекiту грамотасы сақтауға тапсырылғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi. Ол оны кешiрек бекiткен әрбiр Мемлекет үшiн осы Мемлекеттiң бекiту грамотасы сақтауға тапсырылғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енуi тиiс.
      2. Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн оны Польша Халық Республикасының Yкiметi Бiрiккен Ұлттар Ұйымында тiркеуi тиiс.
 

                                  ХХIII-бап



 
 
       1. Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн оған қол қоймаған кез келген Мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық болады.
      2. Осы Хаттамаға Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын қандай да бiр Мемлекеттiң қосылуы осы Хаттамамен енгiзiлген өзгерiстерiмен Конвенцияға қосылу мағынасын бiлдiруi тиiс.
      3. Қосылу Польша Халық Республикасының Yкiметiне қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүргiзiлуi тиiс және оны тапсырған күннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енуi тиiс.
 

                                  ХХIV-бап



 
 
       1. Осы Хаттама Тарабының әрқайсысы Польша Халық Республикасының Үкiметiне жасалған хабарлама арқылы Хаттаманың күшін жоюы мүмкін.
      2. Күшiн жою Польша Халық Республикасының Yкiметi күшiн жою туралы хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткен соң күшiне кiредi.
      3. Осы Хаттаманың Тараптары арасында осы Тараптардың кез келгенiнiң Конвенцияның күшiн жоюы ешбiр жағдайда осы Хаттамамен енгiзiлген өзгерiстерiмен Конвенцияның күшiн жою деп түсiнiлмеуi тиiс.
 

                                  ХХV-бап



 
 
       1. Осы Хаттама, соларға қатысты осы баптың 2-тармағына сәйкес мәлiмдеме жасалған аумақтарды қоспағанда, осы Хаттаманың Тарабы болып табылатын Мемлекет сыртқы қарым-қатынастары үшiн жауапты барлық аумақтарға қолданылатын болады.
      2. Кез келген Мемлекет өз бекiту грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған кезде осы Хаттаманы тануы осындай Мемлекет сыртқы қарым-қатынастары үшiн жауапты қандай да бiр немесе бiрнеше аумақтарға таралмайтыны туралы мәлiмдей алады.
      3. Кез келген Мемлекет кейiннен Польша Халық Республикасының Yкiметiне жiберiлген хабарлама арқылы ол соларға қатысты осы баптың 2-тармағына сәйкес мәлiмдеме жасаған қандай да бiр аумаққа немесе бiрнеше аумақтарға осы Хаттаманың қолданысын таратуы мүмкiн. Хабарлама осы үкiмет оны алған күннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енуi тиiс.
      4. Осы Хаттаманың Тарабы болып табылатын кез келген Мемлекет оны осындай Мемлекет сыртқы қарым-қатынастары үшiн жауапты қандай да бiр аумаққа жеке немесе барлық аумақтарға қатысты ХХIV-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес күшiн жоя алады.
 

                                  ХХVI-бап



 
 
       Осы Хаттамаға, Мемлекет осы Хаттамамен енгiзiлген өзгерiстерiмен Конвенция осы Мемлекетте тiркелген, билiк орындары немесе олардың атынан барлық орындары резервтелген әуе кемесiнде оның әскери билiк орындары үшiн адамдарды, жүктердi және жол жүгiн тасымалдауға қолданылмайтыны туралы Польша Халық Республикасының Yкiметiне жасалған хабарлама арқылы мәлiмдеуi мүмкiн екендiгiн қоспағанда, ешқандай ескертулер қабылданбайды.
 

                                  ХХVII-бап



 
 
       Польша Халық Республикасының Yкiметi Конвенцияға немесе осы Хаттамаға қол қойған барлық Мемлекеттерге, Конвенцияның немесе осы Хаттаманың Тараптары болып табылатын барлық Мемлекеттерге және барлық Мемлекеттерге - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының немесе Бiрiккен Ұлттар ұйымының мүшелерiне, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымына:
      а) осы Хаттамаға кез келген қол қою туралы және осы қол қою күнi туралы;
      б) осы Хаттамаға қатысты бекiту грамотасын немесе қосылу туралы құжатты және осы тапсыру күні туралы;
      в) осы Хаттаманың ХХII-баптың 1-тармағына сәйкес күшiне енуi күнi туралы;
      г) күшiн жою туралы қандай да бiр хабарлама алынғаны туралы және осындай алу күнi туралы;
      д) ХХV-баптың негiзiнде жасалған қандай да бiр мәлiмдеменiң немесе хабарламаның алынғаны туралы және осы алу күнi туралы;
      е) ХХVI-баптың негiзiнде жасалған қандай да бiр хабарламаның алынғаны туралы және осы алу күнi туралы дереу хабарлауы тиiс.
      Осыны куәландыру үшiн, тиiстi түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол қойған өкiлеттi өкiлдер осы Хаттамаға қол қойды.
      Гаагада 1955 жылдың қыркүйек айының 28 күнi француз, ағылшын және испан тiлдерiнде жасалды және де барлық үш мәтiн де бiрдей тең болып табылады. Қандай да бiр келiспеушіліктер жағдайында Конвенция жасалған француз тiлiнде жасалған мәтiн негiзгi болып табылады.
      Осы Хаттама Польша Халық Республикасының Yкiметiне сақтауға тапсырылады және ХХ-бапқа сәйкес қол қою үшiн ашық қалады, және осы Yкiмет осы Хаттаманың куәландырылған көшiрмелерiн Конвенцияға немесе осы Хаттамаға қол қойған барлық Мемлекеттердiң, Конвенцияның немесе осы Хаттаманың Тараптары болып табылатын барлық Мемлекеттердiң, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының немесе Бiрiккен Ұлттар ұйымының мүшелерi - барлық Мемлекеттердiң үкiметтерiне таратады, сондай-ақ куәландырылған

 

көшiрмесiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымына да жолдайды.

     (Хаттамаға мына мемлекеттердiң атынан қол қойылды: Бельгия, Бразилия,

Чехословакия, Эйре, Египет, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Израиль,

Италия, Лаос, Лихтенштейн, Люксембург, Мексика, Нидерланд, Норвегия,

Филиппины, Польша, Португалия, Румыния, Сальвадор, Швеция, Швейцария, АҚШ,

КСРО, Венесуэла).



     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады