Арысқұм иiнiнiң Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе және табиғи газдарын кешендi және тиiмдi пайдалану жөнiндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 ақпан N 281

      Арысқұм иінінiң Оңтүстiк Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының iлеспе және табиғи газдарын кешендi және тиiмдi пайдалану, кен орындарының ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту және Қызылорда қаласының халқы мен жылу энергия көздерiн газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Құмкөл-Ақшабұлақ-Қызылорда магистральдық газ құбырының құрылысын жобалауды және салуды "Арысқұм иiнiнiң Оңтүстiк Торғай құламасындағы газ кен орындарының iлеспе газын кәдеге жарату" жобасын iске асыруға олардың қатысу үлесiне сәйкес 2001 жылғы 1 ақпаннан бастап жыл сайынғы қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi қараған және мақұлдаған Арысқұм иiнiнiң Оңтүстiк Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының (бұдан әрi - Кен орындарының) жер қойнауын пайдаланушыларының ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қызылорда қаласының жылу энергетика көздерiн және тұрғын-үй коммуналдық секторын Кен орындарынан келiп түсетiн газды пайдалануға көшiру жөнiндегi инвестициялық жобаны (бұдан әрi - Жоба) әзiрлеудiң және iске асырудың бастапқы кезеңiн қаржыландыру үшiн 2001 жылы Қызылорда облысының жергiлiктi бюджетiнен 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қаражат бөлу туралы Қызылорда облысы әкiмiнiң ұсынысы назарға алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен, оны Мемлекеттiк инвестициялардың 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасының жобасына енгiзу мәнiнде Жобаны қарасын.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қызылорда облысының әкiмi:
      Кен орындарының жер қойнауын пайдаланушыларымен бiрлесiп 2000 жылғы 26 қыркүйекте қол қойылған "Оңтүстiк Торғай иiнiндегi мұнай және газ кен орындарының iлеспе газдарын кешендi пайдалану" Бас келiсiмiн қабылданған мiндеттемелерге сәйкес уақытылы және толық iске асыруды қамтамасыз етсiн;
      жер қойнауын пайдаланушыларының, "Мұнай-газ ҒЗЖИ" институты" жабық акционерлiк қоғамы - бас жобалаушының (Ақтау қаласы) және "Энергетика өнеркәсiбi ҚазҒЗЖИ" институты" жабық акционерлiк қоғамының (Алматы қаласы) басшыларын жүргiзiлетiн жұмыс туралы тоқсан сайын тыңдай отырып, "Арысқұм иiнiнiң Оңтүстiк Торғай құламасындағы газ кен орындарының iлеспе газын кәдеге жарату" жобасын уақытылы iске асырудың барысына бақылау орнатсын.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

 

министрлiгi және Қызылорда облысының әкiмi осы қаулының орындалу барысы

туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын ақпарат берсiн.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады