Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық стадион" қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) белгіленген тәртіппен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Алматы қаласының әкімімен бірлесіп, Кәсіпорынды заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін.
3. Алматы қаласының әкімі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы реттік нөмірі 178-жол алынып тасталсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. "Орталық стадион" қазыналық кәсіпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1809 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 511-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі