Алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы N 325 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 1999 жылғы 5 маусымда Астана қаласында жасалған Алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес
саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ *

*(2001 жылғы 2 сәуірден бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 10, 60-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Әзiрбайжан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Армения Республикасының Ішкi Істер және ұлттық қауiпсiздiк министрлігi, Беларусь Республикасының, Грузияның, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының, Түркменстанның, Өзбекстан Республикасының, Украинаның iшкi iстер министрлiктерi, 
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымы және алкогольдi теріс пайдалану қылмысқа қарсы күрестiң жалпы жағдайына және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге кері ықпал ететiнiн, сондай-ақ азаматтардың денсаулығына елеулi қатер төндiретiнiн сезіне отырып, 
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттiлiгін назарға ала отырып, 
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күресте бір-бiріне қажеттi жәрдем көрсетуге талпыныс бiлдiре отырып, 
      төмендегiлер туралы келiстi: 

1-бап

      осы Келiсiмнiң мақсатында төменде аталған терминдер мынадай мағына бередi: 
      "алкогольдiк өнiм" - Тарап мемлекеттерiндегi стандарттар мен техникалық жағдайларға сәйкес қолданылатын алкогольдік өнiмге жататын этил спиртi, алкогольдiк iшiмдiктер.
      "алкогольдiк өнiмнің заңсыз айналымы" - алкогольдiк өнімдi заңсыз өндiру, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткiзу, оның iшiнде импорттау немесе экспорттау.

2-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде өз мемлекеттерiнiң заңнамалары мен халықаралық шарттарын сақтай отырып, алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымының алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ алкогольдi терiс пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтардан сақтандыру мәселелерiнде iс-әрекет жасайтын болады.

3-бап

      1. Ынтымақтастық осы Келiсiмнiң шегiнде, атап айтқанда, мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
      ақпарат алмасу;
      жедел-iздестiру шараларын өткiзу туралы сұрау салуды өзара орындау;
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың, оның iшiнде сауда маркаларының, сауда белгiлерiнiң және өнiм шыққан жердiң географиялық атауларын заңсыз пайдаланудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөнiндегi үйлестiрiлген iс-шараларды өткiзу; 
      жұмыс тәжiрибелерiмен, оның iшiнде семинарлар және конференциялар өткiзу арқылы алмасу;
      мамандардың тағлымдамадан өтуiн ұйымдастыруды қоса алғанда кадрларды дайындауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
      бiрлескен ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      тиiстi нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ оқу, әдiстемелiк және арнайы әдебиеттермен алмасу;
      заңсыз айналымнан алынған алкогольдiк өнiмнiң сараптамасын жүргiзуге жәрдемдесу.
      2. Осы Келiсiм ұстап беру мен қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелерiн қозғамайды.

4-бап

      Тараптар өзара түсiнiстiк негiзiнде бiр-бiрiне, атап айтқанда, мынадай ақпараттарды ақысыз беретiн болады:
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымға түсу көздерiн анықтау нысандары мен әдiстерi және оның жолын кесу жөнiндегi шаралары туралы; 
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз өндiрiлуiн және оны есепке алудан жасыруды ұйымдастыру тәсiлдерiн анықтау туралы; 
      осы өнiмдi өткiзушiлердi анықтау жөнiндегi жедел қызметтi жүзеге асырудың тактикасы туралы; 
      алкогольдiк өнiмдi жалған жасау және оның Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына немесе аумағынан заңсыз өтуi, сондай-ақ акциздiк маркiлердi қолдан жасаудың анықталған фактiлерi немесе оқталу туралы; 
      алкогольдiк өнiмдi тасымалдау кезiнде оны жасыру тәсiлдерi туралы; 
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қатысты адамдар мен ұйымдар және мұндай өнiмнiң заңсыз тасымалдануы анықталған бағыттар, оның iшiнде шекарааралық бағыттар туралы; 
      алкогольдік өнiмнiң заңсыз айналымынан алынған кiрістердi заңдастыру (тазарту) немесе болжану жағдайы туралы; 
      алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрестiң ұлттық бағдарламасы туралы; 
      алкогольдiк өнiмдi өндiруге және өткiзуге байланысты қызметтi лицензиялау және салық салу практикасы туралы; 
      алкогольдiк өнiмнiң импорты мен экспортын реттейтiн Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамалары, алкогольдiк өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес және қылмысқа қарсы күрес жүргiзудiң жалпы жағдайына жағымсыз әсердiң алдын алу және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету практикасы туралы; 
      мемлекеттiк органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және басқа да бiрлестiктердiң, сондай-ақ осы саладағы жеке адамдардың қызметтерiн үйлестiру тәжiрибелерi туралы; 
      алкогольдiк өнiмнiң айналымымен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу нысандары мен әдiстерi туралы; 
      алкогольдік өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес проблемаларын ғылыми-зерттеу нәтижелерi туралы.

5-бап

      Тараптар заңсыз айналымда болған алкогольдiк өнiмге қатысты бақылауға алынған жеткiзулер әдiсiнiң немесе басқа да ұқсас әдiстердiң өзара қолдану мүмкiншiлiктерiн өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес қарайтын болады.

6-бап

      1. Осы Келiсiмнiң шегiнде ынтымақтасу көмек көрсету туралы мүдделi Тараптың сұрау салуларының негiзiнде немесе мұндай жәрдемдесу басқа Тараптар үшiн мүдде бiлдiретiндiгiн болжайтын Тараптардың ынтасы бойынша жүзеге асырылады. 
      2. Жәрдем көрсету туралы сұрау салу жазбаша түрде жiберiледi. Ерекше кiдiртуге болмайтын жағдайларда сұрау салулар ауызша берiлуi мүмкiн, бiрақ олар 24 сағаттың iшiнде жазбаша түрде, оның iшiнде мәтiндi беретiн техникалық құралдарды пайдалану арқылы расталуы тиiс. 
      3. Жәрдем көрсету туралы сұрау салу мыналардан тұрады: 
      - сұрау салушы және сұрау салынған Тараптың құзыреттi бөлiмшелерiнiң атауы; 
      - iстiң мәнiн мазмұндауы; 
      - сұрау салудың мақсаты мен дәлелдемесi; 
      - сұрау салынған көмек көрсетудiң мазмұнының баяндалуы. 
      4. Жазбаша түрде берiлген немесе расталынған жәрдем көрсету туралы сұрау салуға сұрау салынған құзыреттi бөлiмнiң басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және осы бөлiмнiң елтаңбалы мөрiмен куәландырылады.

7-бап

      1. Егер сұрау салынған Тарап сұрау салу оның мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне зиян келтiретiн болса не заңнамаларына немесе халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келедi деп ойласа, осы Келiсiмнiң шегiнде жәрдем көрсетуден толық немесе жартылай бас тартылады. 
      2. Сұрау салушы Тарап сұрау салудың орындалуынан толық немесе жартылай бас тартылуы туралы себептер көрсетiлiп жазбаша хабарланады.

8-бап

      1. Сұрау салынған Тарап сұрау салуды тез және мүмкiндiгiнше толығырақ орындауды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. 
      Сұрау салушы Тарап сұрау салудың орындалуына кедергi келтiретiн немесе оның орындалуын елеулi кешiктiрудiң мән-жайлары туралы дереу хабарланады. 
      2. Сұрау салушы Тарап, оның пiкiрi бойынша сұрау салуды тиянақты орындау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтердi сұратуға құқылы. 
      3. Егер сұрау салынған Тарап сұрау салудың дереу орындалуы қылмыстық қудалауға немесе оның мемлекетiнде жүзеге асырылатын өзге де іске кедергi жасауы мүмкiн деп есептесе, ол сұрау салуды орындауын кейiнге қалдырады немесе оның орындалуын сұрау салушы Тараппен кеңесулер өткiзгеннен кейiн қажеттi деп белгiленген жағдайлардың сақталуымен байланыстырады. Егер сұрау салушы Тарап оған ұсынған жағдайларда жәрдем көрсетуге келiсiм берсе, ол осы жағдайларды сақтауға тиiстi. 
      4. Сұрау салушы Тараптың өтiнiшi бойынша сұрау салынған Тарап сұрау салудың түсу фактiсiнiң, осы сұрау салудың және iлеспе құжаттардың мазмұнының, сондай-ақ жәрдем көрсету фактiсiнiң құпиялығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қабылдайды. 
      Құпиялығын сақтамай сұрау салуды орындау мүмкiн емес жағдайда сұрау салынған Тарап бұл туралы сұрау салушы Тарапқа хабарлайды, ол осындай жағдайда сұрау салуды орындау қажет пе дегендi шешедi. 
      5. Сұрау салынған Тарап мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде сұрау салудың орындалу нәтижелерi туралы сұрау салушы Тарапқа хабар бередi.

9-бап

      1. Әрбiр Тарап басқа Тараптан алынған ақпараттар мен құжаттардың құпиялығын, егер олар жасырын сипатта болса немесе берушi Тарап олардың жария болуын қажетсiз деп санаса қамтамасыз етедi. Мұндай ақпараттар мен құжаттардың жабықтық дәрежесi берушi Тараппен белгiленедi. 
      2. Сұрау салуды орындау кезiнде алынған мәлiметтердi берiлген Тараптың келiсiмiнсiз олар алынған немесе берiлген өзге де мақсаттарда пайдалану мүмкiн емес. 
      3. Осы Келiсiмнiң негiзiнде бiр Тараптан алынған мәлiметтер үшiншi Тарапқа беру үшiн осы мәлiметтердi берген Тараптың алдын ала келiсiмi талап етiледi. 
      4. Осы баптың ережелерi егер сұрау салынған Тарап мемлекеттерiнiң заңдарымен мұндай үлгiмен жасау мiндетi көзделген болса, сұрау салуды орындау нәтижесiнде алынған ақпараттар мен құжаттарды пайдалануды немесе жариялауды жоққа шығармайды. Сұрау салушы Тарап мұндай ақпараттар мен құжаттарды пайдалану немесе жариялау мүмкiншiлiгi және болжамы туралы сұрау салынған Тарапқа алдын ала хабар бередi.

10-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн үйлестiру мен арттыру мақсаттарында осы Келiсiмнiң негiзiнде екiжақты және көпжақты кеңесулер мен жұмыс кездесулерiн өткiзетiн болады.

11-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi орындау кезiнде егер әрбiр нақты жағдайда өзге тәртiп келiсiлген болмаса болған шығыстарды дербес өтейтiн болады.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң негiзiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде орыс тiлi пайдаланылады.

13-бап

      Ынтымақтастық осы Келiсiмнiң шегiндегi Тараптардың құзыреттi бөлiмшелерi арқылы тiкелей жүзеге асырылады. Тараптардың әрқайсысы мұндай бөлiмшелердiң тiзбесiн осы Келiсiмге қол қою немесе оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдерiн орындағаны туралы хабарламаны немесе осы Келiсiмге қосылу туралы хабарламаны депозитарийға беру кезiнде бередi. Тараптар өздерiнiң тiзбелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы осы Келiсiмнiң депозитарийге хабарлайды*.

14-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуге немесе қолдануға байланысты болған келiспеушiлiктердi Тараптар кеңесулер мен келiссөздер арқылы шешедi.

15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерiнiң басқа халықаралық шарттардан шығатын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

16-бап

      Осы Келісiмнiң депозитарийi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi болып табылады.

      ___________________________
      * Ресей Iшкi Істер министрлiгi жағынан шетелдiк серiктестермен тiкелей байланыс құқығы Министрлiктiң орталық аппаратының бас басқармаларына, басқармаларына, Ресей Федерациясы субъектiлерiнiң IIМ-IIББ-IIБ, Ресей IIМ-нiң ҰҚКБШ және КIIБ берiлетiн болатындығын болжайды. 

17-бап

      1. Осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарий алған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн осы Келiсiм күшiне енедi. 
      2. Осы Келiсiм басқа мемлекеттердiң iшкi iстер министрлiктерiнiң қосылуы үшiн ашық. Келiсiм қосылған iшкi iстер министрлiгiне қатысты қосылу туралы құжаттарды депозитарий алған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. 
      3. Әрбiр Тарап депозитарийға жазбаша хабарлау арқылы, осы Келiсiмнен шыға алады. Шығу туралы шешiм шығу туралы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап алпыс күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      1999 жылғы 5 маусымда Астана қаласында бiр данада орыс тiлiнде жасалынды. Түпнұсқалық дана Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнде сақталады және ол оның куәландырылған көшiрмелерiн осы Келiсiмнiң басқа да қатысушыларына жiбередi.

      Әзiрбайжан Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Армения Республикасының
      Iшкi iстер және ұлттық
      қауiпсiздiк министрлiгi үшiн

      Беларусь Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Грузияның
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Молдова Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн     

      Тәжікстан Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Түркменстанның 
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн     

      Өзбекстан Республикасының
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн

      Украинаның
      Iшкi iстер министрлiгi үшiн     

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады